Аңшылық ұмыт қалып бара ма?

Бұрынғы ата-бабаларымыз аңды қалай аулаған? Жеті қазынаның бірі жүйрік атты ерттеп мініп, соңына құмай тазыны ертіп, иығына берен мылтықты асынып, қолына қыран бүркітті қондырып шықты емес пе? Ата-бабамыздан келе жатқан бұл дәстүрді қаншалықты дұрыс жалғастырып, дәріптеудеміз?..Блог - KerimAyankyzy: Аңшылық ұмыт қалып бара ма?
Жалпы, аңшылық өнері Қазақ жеріне сонау ежелгі Полеолит дәуірінен қалыптасып келе жатыр. Алғашқыда жануарларды аулау қорек негізі болып табылды. Мүйізінен, сүйегінен ине, басқа да құрал-саймандар жасаса, терісінен киім тігуді үйренді. Келе-келе бұл ұрпақтан-ұрпаққа аң аулау дәстүрі болып жетті.

Аңды қалай және немен аулаған?

Дәстүрлі аңшылықтың тәсілдері сан алуан болған: құм қақпан, тас қақпан құру, орға жығу, індету, қысаңға қамап, сойылмен ұру, тұзақ, абақ, шаншу, атқы, баспа, ау, тор, ат үстінен сойыл-шоқпармен соғу, құс салу, итпен қуу, ату құрылғыларымен (мылты, садақ) және т.б.
Осыған байланысты аңшылықты жақсы меңгерген мамандар– аңшы (аңды аулаушы);
аңкөс (аң аулаудың сырларын жетік меңгерген аңшы);
құсбегі (қырандарды түрге, топқа жақсы ажырататын);
бүркітші (бүркітті баптай алатын) және
қағушы (бүркітшілерге қолғанат болатын), — деп бөлінеді.
Мылтық ұстаған аяғына сүйеніп атып алады,
Бүркіт салған қызығына батып алады.
Ит жүргірткен шалқасынан жатып алады,
Қақпан салған сілесіне қатып алады,
-деген өлең жолдары аң аулау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктерін айтып өтеді.

Аңды бүркітпен аулау

Бүркітпен аң аулау, саятшылық құру – қазақтың көнеден келе жатқан байырғы дәстүрі. Блог - KerimAyankyzy: Аңшылық ұмыт қалып бара ма?Бүркітпен аң аулаудағы ең қызықты әрі қиыны-түлкі аулау болып табылады. Себебі: түлкі басқа аңдардай емес дыбыс, иіс, дүбірді алыстан сезеді, дереу жасырынады. Бүркітті көрген түлкі шамасы келсе қыранның тасасын сығалап, қараған-бұтаны аралай қашады. Түлкінің бұлай жықпылдата бой тасалауын құсбегілер «жабыттап қашу» дейді. Ал, жасырынған түлкінің үстіне қағушы немесе ит барып қалмаса, жатқан жерінен тыпыр етпейді. Көбінде бүркітті алыстан байқап, осылай бұғып қалады.
Қорғалауға мұршасы келмей, сасқан түлкі дереу тұра қалып, бүркітке қарай арсылдап үреді. Тісін қайрап ырылдайды, айбат шегеді. Көктен сорғалап, тақап қалған бүркітке құйрығын көлденең тартып, алдағысы келеді. Мұндайда өзіне-өзі сенген бүркіт болмаса, көп ретте сәтсіздікке ұшырайды да, түлкі құтылады.
Түлкі мен қыран арасындағы арпалыста қызық сәттер өте көп кезігеді. Бүркіт қашқан түлкіні қуалап, тегеурінімен артқы таңынан іле бергенде, түлкі кенет қайырыла қарманып, ауыз салады. Сол кезде бүркіттің екінші аяғы көз ілеспес шапшандықпен аузын аштырмай ноқталап ұстап, таңындағы екінші аяғын ауыстырып, өкпесіне шершеулей салып, тырп еткізбей басып қалады. Бүркіттің жыртқыш аң ұстаудағы көбірек қолданатын тәсілі осы.Блог - KerimAyankyzy: Аңшылық ұмыт қалып бара ма?

Аңды ұрып алу – аңшылықтың қарапайым түрі. Тазы ерткен аңшы қолына шойыл, шоқпар, дойыр сияқты ұру құралдарымен қаруланып, жүйрік атқа мінеді.Блог - KerimAyankyzy: Аңшылық ұмыт қалып бара ма?Блог - KerimAyankyzy: Аңшылық ұмыт қалып бара ма?
Аң аулауға өрімі жуан, дойыр, өзегіне қорғасын қосып өрген сабы ұзын бұзаутіс және дырау қамшылар аң ұруға аса қолайлы болды. Балуан Шолақтың дойыр қамшысы«қашқан қасқырды қуып жетіп, онымен жоннан тартқанда, қабырғаларының көбесі, омыртқалары сөгіліп кетеді екен. Қашаған жылқылардың қандайы болса да, қабырғаларын қуалай тартып өткенде етпетінен түсетін көрінеді»,– деп жазды С.Мұқанов. Саятта, ұрыс- соғыстарда қамшымен олжа түсірген қамшыгерге өзіне тиесілі олжаның сыртында«қамшы сыбағасы» деген арнайы олжа берілген.
Атқа мініп, аңға шығудың өзі бір ғанибет меніңше… Аңды аулаудағы бүркіттің, тазының аң аулау ерекшелігін және жыртқыш аңдардың олардан қорғану тәсілдерін білудің өзі қызық. Оны тек аңшы ғана сезініп біле алады. Мысалға, Мұхтар Мағауинның «Тазының өлімін» шығармасын алсақ нағыз тазының аң аулаудағы шеберлігін, және иесімен өзара сырлас болатындығын, оның жай иттерден айырмашылығы басқа екендігін білеміз. Зейтін Ақышевтың «Шынардың шыбығы» атты кітабында Иманжүсіптің өз тазысының ешкім қолға түсіре алмай жүрген аты шулы «Бір ішек» атты қасқырды аулауын оқи отырып, қасқырдың да өз айла тәсілдерін білеміз. Аяғын сылтаң басу арқылы аңшыны алдайтындығын, өз қаншығын ешқашан тастап қашпайтындығын т.б… Ақселеу Сейдімбеттің «Тауға біткен жалбызын» оқи отырып, қасқырлардың өтірік өлген болып жемтігін қолға түсіретінін, қақпан құру арқылы киікті қалай қағатынын т.б көптеген ерекшеліктерді білуімізге болады.

ҚАЗІРГІЛЕР АҢДЫ ҚАЛАЙ АУЛАЙДЫ?
Дәстүр демекші, қазіргі кезде аң­шы­лық жаңаша сипат алған. Өйт­кені қазіргілер аңды дәстүрлі атпен емес, темір тұлпармен аулайтын болған.Блог - KerimAyankyzy: Аңшылық ұмыт қалып бара ма?Блог - KerimAyankyzy: Аңшылық ұмыт қалып бара ма?Және олардың қол­дарында мылтық емес, винтовка, авто­матқа ауыстырған. Және де саятшылдықтың рахатын сезіну үшін емес, бас-көз жоқ жазықсыз аңдарды арам пиғылмен аулайтын болған. Яғни, бағалы мүйізі, терісі үшін.
Осылайша салт-дәстүрімізді жауыздыққа итермелеудеміз… Аңшылыққа деген қызығушылықтан емес, ақшаға деген қызығушылыққа құныққан адамдар қоғамға осылай кері әсерін тигізуде.
Дегенмен бұрыңғының салтын жалғастырып, аңшылықтың қыр-сырын меңгеріп аңға шығатын азаматтарымыз мүлдем жоқ емес. Мысалға, Базарбек ақсақал (бүркітші):
– Ата-бабаларымыздан бастап қанымызға сіңген бұл әдет яғни түзде тазы жүгіртіп, құс салуды әлі де тастаған емеспін. Маң далада осынау сұлу таби­ғаттың нағыз қызығына батып, аң аула­ған кездегі құмарлығымды ешнәрсеге де айырбастай алмаймын. Алайда, ме­нің бар қорқатыным, сан мыңдаған жыл­дар бойы бабамыздан қалған игі дәстүр бізден кейін мүлде ұмыт болып қалып қоя ма деген қаупім бар. Өйткені қазір осы көкше өлкесінде ескі дәстүрде аң аулайтын тек мен ғана, — дейді.

Сонымен қоса Семей өңірінің тумасы Мерей Қартовтың аң-аулау дәстүрін әлі күнге дейін жоғалтпағандығын байқаймыз:Блог - KerimAyankyzy: Аңшылық ұмыт қалып бара ма?
— Аңшылық бағзыдан келе жатқан рухани мұра. Саятшылдық өнер. Жүйрік жылқы, ұшқыр тазы, қыран құс жігіттің көркі. Заман дамыды, ел өркениеті өскен сайын баба мұрасы әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мен үшін қансонарда жүйрігін мініп, итін ертіп шыққанға еш қызық жетпес. Аңшы екенмін деп жөн-жосықсыз қыруға келмес. Аңшылық мезгіл болады. Көбейетін уағында зиян келтіруге болмайды. Дала заңы бөлек.
Аңшылық ата кәсіп, аңшылық адам бойына ерекше рух сыйлайды, сананы сергітеді. Алдыңнан қашқан аңды қуу, оның айласымен арпалысудың өзі бір ғанибет. Аңшылықтың түрі көп. Қақпан құрған үйде жатып алады, құс салған қызыққа батып алады, ит жүгірткен сілесі қатып алады. Маған тазы жүгірткен ерекше ұнайды. Табиғи тепе теңді сақталады. Ит жақсысы тазы, ет жақсысы қазы ғой.


Ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрді осылайша қаз-қалпында сақтауымыз қажет. Дәстүр бойынша аң аулаудың ләззәті бөлек екенін ұмытпағанымыз жөн. Құмай тазыңмен, қыран бүркітіңмен, жүйрік атыңмен саятшылдық құрғанға не жетсін?!

PS: Кейбір суреттер ФБ дан "Қазақтың тың тарихы" тобынан алынды
Бөлісу:

12 пікір

qonyrbai
Фию-фию! :) Енді тек сызықшаның орнына дефис қойып үйрен.
KerimAyankyzy
)) Дефис қойсам сызықша бокетет(
qonyrbai
Тастама сөздер арасына пробел,
Сызықша болмайды сонда,
Болады тек NO PROBLEM!
Donatello
Мерей Қартовты танимын. Шын тегі — Қыртов.
KerimAyankyzy
Хм, дұрыс сөйлемейміз-ау осы
MERmukhanov
Керім пост
KerimAyankyzy
Керім пост… ( таааак қалай түсінсем екен?..))
merekeee
Тазының тісі батып, аңнан қан шықса — жеуге де болады, ал, қан шықпай өліп кетсе, арам өлдіге есептеледі дейді. Кішкентайымда атамның қосауыз мылтығына қызығушы ем. Адамға шаппайтын ұсақ аңға шығып көрер ме еді, бір рет болса да. )
Біраз мәлімет жинапсың.
KerimAyankyzy
Сол аңға шығып көруді мен де армандаймын))
MickThatsMyNick
тупо жазықтыққа шығып, снегоходпен бөрілерді ата бергеннен еш қызық көрмеймін, міне мындағыдай:

www.youtube.com/watch?v=4NiQTLBL0tg
KerimAyankyzy
Иәә, аянышты екен((