Динара Әлімбекова - Беларусьтағы қазақ биатлоншы
Беларусьта биатлоннан жастар және жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Кеше қыздар эстафестасында Беларусь құрамасы сапында 19 жасар қазақ қызы Динара Әлімбекова спорт карьерасында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Бұл туралы кеше Фейсбукта алғаш болып биатлон фанаты TERISKEI хабарлады, өз парақшасында.
Бүгін Динара туралы мәлімет іздеп қайттым интернетті шарлап:
05 қаңтар 1996 жылы Қазақстанда туған. Әкесі қазақ, шешесі орыс. 3 жасында отбасысымен Беларусьқа көшіп келген. 11 жасынан бастап шаңғы спортымен айналысқан, сонымен қатар музыка мектебінің фортепиано сыныбын аяқтаған. Қазақстан құрамасынан ешқандай шақыру алмаған Динара жалпы басқа ел атынан шығуды ойламайды. Қазірден бастап Дарья Домрачеваның ізбасары ретінде қаралуда. Беларусь құрамасының болашақтағы басты жұлдызы болады деп күтілуде.
Биылғы маусымдағы көрсеткіштері:
Сұхбаттар:
15 жасындағы сұхбаты
23 ақпан 2015 күнгі сұхбаты
Спортшы профилі:
biathlon.com.ua
Әлеуметтік желілерде:
ВК
(Суреттер әлеуметтік желідегі профилінен алынды)
Белорусь елінде мықты жетістіктерге қол жеткізіп, олимпиада алтындарын алатындай жағдайда болса, онда Қазақстанға келмегені жөн деген ойдамын,