Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!

Қытайдағы сапарымыз Сианьнан Инчуанға қарай ойысты. Екі лек боп ұжымдасып, Нинься-Хуэй автономиялық округінінің (немесе жай ғана Ниньсяның) орталығына жетіп алдық. Қала «Күміс ағыс» деген мағына береді екен.
Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!Географиялық жағынан аймақ орталықта орналасқан деуге болады. Әрине, қытайлар үшін бұл — батыс, солтүстік-батыс. Біраз территория тау шалып, игерусіз жатыр.
Иньчуань Хуанхэ өзені мен Хэланьшань таулы қыратының арасында орналасқан. Жуық маңда Гоби шөлінің де бөлшегі бар. Қала екіге бөлінген: батыстағы Сися (күлу жоғынан) және шығыстағы Ескі шаһар.
Қаланың негізгі бөлігін, әрине, қансулар құрайды. Бірақ автономия атауы хуэйлерге тиесілі. Шынымды айтсам, кеткенге дейін хуэйлер — қысық көзді мұсылман халық екенін білсем де, олардың дүнгендер екенін кейні бір-ақ барып білдім! Бәсе деймін-ау…
Біздің біраз жастарға тамақ жақпағанын айтып ем ғой, былай қарай әлі шөп-шалам көп болғанымен, мұсылман тамағы да сирек емес болып шықты. Тек етке, басқа асқа қосатын иісті соустары болмаса…
Жалпы, күтіп алушылардан әдеттегідей ыстық ықылас пен қонақжайлық байқалады. Театр — гардеробтан, қала — әуежайдан басталады (Өзім ойлап таптым деп ойлап тұрмын) демекші…

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Әуежайға түскелі мынадай sleepboxтарға тап болдық. Арзанға, қонақ үй жалдамай-ақ, ұйықтап, демалып, теледидар қарап жата тұруға болады. Кәдімгі дәу жәшіктер, әуежай дәліздерінің бірін бойлай орналасқан.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Әкеп орналастырған қонақ үйі — бесжұлдызды. Бұлай күткен — тек осы қала. Иә, атауы — Юхай. Бірінші қабаттағы кең дәлізіне жиі жиналып, сан ұлт боп бас қосушы ек (ойын ойнаушы ек, ішуші ек — саналарыңа қарай әрқалай оқуға рұқсат — ред.).

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Алғаш боп экскурсиялаған орындардың бірі — Хэйлань ауданының агромәдени паркінің аймағы. Атауы — Ксинпинг заманауи құралдар агромәдени аймағы екенін айтқаннан не өзгереді дейсің?

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Бізге көрсеткені — помидор теплицалары. Басқа жерде жүгері, картоп егетіндеріне сенімдімін. Томатпен бүкіл ауданды қамтамасыз етіп отыр. :)

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Дешенг индустриалды аймағын да қарап көрдік. Зауыттар, түнерген зауыттар.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Халал тамақ өндірісіне де келіп қалдық. Тегін, ала беруге болады. Кәмпиттер, тұзды, тәтті жаңғақтар, асбұршақ, тағысын тағы ауқат таптық.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Қасқыр жидегі, уолфберри бұл жақта өте кең таралған. Годжи деп атайды, емдік қасиеттерге ие. Шетелдік әріптестеріміз үйлеріне біраз сатып алып кетті.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Нингвейлоу мейрамханасының аңында бірнеше қазақ суретке түсуді кәсіп қылдық. Айтпақшы, осы жерге келгенде бір әріптесіміздің айфоны жоғалғаны (бұған дейін, базар жақта) мәлім болды. Содан жолда геопозицияны анықтап қойғаным өзімше.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Қаладағы түрлі шенеунікия, комиссия, комиттеттермен кездесу барысында ушуист келіп өнер көрсетіп кеткен еді.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Адамдар, адамдар… Дүнген халқының өкілдері. Ал қызыл көйлекті қыз…

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Кешкі отельдегі банкеттен бір порсы. Дастарқан басында бізге бір әдемі келіншек жақындап, танысты. Қазақ екен. Есімі — Жәмилә. Қытайша есімі — Мей Хуа. MeihuaZheng сияқты емес, Аты — Мей, тегі — Хуа сияқты. Біраз әңгімелестік, ел жайлы, осындағы өмір, қазақтар жайлы. Экономика Ұлттық мектебінің Бейфанг университетінің доктор, профессор.
Әр делегация өнер көрсететін тұста жиылып алып, «Көзімнің қарасын» айтып бергенбіз. Сол кезде о кісі де келіп қатарымызға қосылды.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Қала бедерінен бір үзік.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Өмір ғой. Базар жақта түрлі жидек пен жеміс көп. Еңку қызығы Сианьдағы репортажда, оған жаңа суреттер қосып қойдым, оны да бір қарап кетіңдер.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Линву, Нингдонг секілді өндіріс аймақтарын да шолған болатынбыз. Менің түсінуімше, мынау — карта түрінде электр жіне көлік желілерінің макеті.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Нингдонг энергетика және химиялық өндірістік базасының құралдары.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Кешкісін қалаға шығамыз ғой енді. Жастықтың ісі демекші. Таксиде осылай алдыңғы һәм артқы орындар оқшауланған. Түрмедегі құрсау дерсің… Қауіпсіздік және беймазалықтан арылу мәселелерін шешеді.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Инчуан, кешкі қала. Ванда Плаза жақ аудан ше, білесіңдер ғой? :)
Әзірге бойдақ болғасын осындай кәләскі ұстай тұрамыз енді. Неге Daniar-Alan есіме түсіп отыр? Осындайға ұқсайтын суреті бар ма еді?

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Қаладағы мешіт. Мұсылмандардың денін дүнгендер құрайды.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Қатардағы шай дүкеніне бас сұққанбыз. Бір шай алып кеттім, қандай шай екенін өзім түсіне алмадым, сатушы да түсіндіре алмады. Келгесін іштік, қуған жоқпыз.
Жалпы, шайдың алуандығы Қытайға тән. Қызыл, қара, жасыл, сары, шөпті…

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Мынадай таксилер қаннен-қаперсіз өз тірлігін жасауда. Кейде қозғалмалы сауда орынынң қызметін де атқара береді.
Ал мынау жай күл емес екен. Біреуіміз басып кетіп, қатқыл қабақтарға қалғанбыз. Ата-бабаларын еске алатын күн бе, әйтеуір қансулардың көшеде өртеп отыратын дәстүр екен. Сондай сенім…

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Шенгтинсай технологиялық компаниясы мен жастардың бизнес-инкубаторында да болдық. негізі, қазір мұнда мультипликациялық өнімдер шығарып жатыр екен. Мультфильмдерінің алған жүлделерін де көріп кеттік.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Ағайынды жігіттер университетте ұстаз боп жүрген жерінен қолды бір сілтеп, жеңді түріп, осы бизнес-инкубаторды, үлкен кешенді ашыпты. Тәуекелшіл азаматтар!

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Нинься Солтүстік Ұлттық университетінде қазақстандық студенттер оқып жүр екен. Бұл жолғы түскі асымызды қатардағы студенттік асханадан іштік. Қазақстандық жігіттермен әңгіме тарқаттық. Көбі — Алматының іргесінен.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Негізі бұл азаматшаларды Сианьнан да көргем. Синхронды, тым жақсы көшеде, алаңда билеп тұрған әйелдер кімдер? Зейнеткерлер! Кәдімгі зейнетке шыққан апайлар үйде құр отырмай, көшенің көркін қыздырады. Денсаулығын шыңдап, өздеріне ермек тапқан. Ал, ойыншық па саған зейнеткер? :)

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!
Қала халқы тамашалап, біз де қарайлап, ақыры делегациядағы тәжік сұлуы билерінің ішіне ортақ қойып кетті дейсің. Сосын еркектер, өздерінің білетін шығысша стильдегі билері, сөйтіп-сөйтіп, қаумалаған қалың би, көшенің қақ ортасында тосын флеш-моб мереке болып кетті. Түрлі ұлттар ыржиып билеп жүр.
Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #2: Ах, хуэй, бауырым!Бұл шаһардағы сапарды осылай аяқтадық. Жалпы Ванда Плазаның маңына сауда жасауға келген едік. Ал оқыстан биге ұласты.
Бұл күн — біздің келесі аймаққа жол жүретін күніміз болатын. Осы қалада біз, 9 елдің өкілі әріптестік туралы меморандум қабылдадық.
Ал айфон оқиғасы сәтті аяқталды. Бірер айдан соң, елге келгесін біздің жігітке (шымкенттік!) ұрланған айфонын салып жіберді. Кім болса да, бір қол шабылды-ау дедік те қойдық.
Хуэйлердің автономиясында үш күн қонақ болдық. Біраз жер көрдік. Бұл кезде олардың мұсылмандығына таңырқап жүріп, дүнген екенін білсемші! :) Кейін барып, Үрімжіде, былай негізі қазақтар мен дүнгендердің қатынасы онша емес екенін білдім. Ол қаланың да, Шыңжан аймағының өз қызығын да көрдім. Бірақ ол — мүлдем бөлек әңгіме…
Ал әзірге, тағы да таулар асып. темірқанат құсқа мінейін…

Фоторепортажда ортақ қорымыздағы кей шетелдік достарымның суреттері де пайдаланылды.
Сианьдағы #1 фоторепортажға жаңа суреттер қосылды.
Бөлісу:

13 пікір

MERmukhanov
Персоналды блогқа жазба ішінде сілтеме бергізбейді екен.
Алғашқы реп — мұнда.
zholantai
+18 оқиғаларың жоқ па?
MERmukhanov
Бар болған күннің өзінде, жанр — фоторепортаж екенін ескере отырып, материалдар салынуы мүмкін емес екенін атап өткім келеді.
:)
zholantai
жабық топ бар, ес чо :)
VKM
мен де, Алла қаласа, ақпанның аяғында Қытайға барамын
MERmukhanov
мезим ала бар) десең)
VKM
1 жыл сонда тұрғанмын, мезимсіз тамақтана аламын деп мақтансам))) фрукты арзан,әйтеуір
ademi_alem
Қызығып отырмын. Жалғасы бола ма?
MERmukhanov
Шыңжан ғана қалды. Иә, болатын шығар, асықпай салам ғо.
merekeee
Бойдақ болғасын кәләскі ұстап? Сонда, оны бойдақ еместер ұстамай ма? Әлде, мына жағында тұрсаң, бойдақтығыңа күмән туа ма? )
Бірақ, сол сурет былай биылдыққа жақсы жаңалықтың нышанындай. Әумин, айтқаным келсін! )))
MERmukhanov
Ниетіңе рақмет.

Бірақ сауалдарың жауапсыз қалады :) Мына жақ, ана жақ дегенді мүлдем түсінбедім.
Әзірге бойдақ болғасын осындай кәләскі ұстай тұрамыз енді.

Әлбетте, сөйлемдегі мағыналық екпін «осындай» деген сөзге түсіп тұрғанын аңдамасаңыз керек. Мүсін-кәләскі, жасанды кәләскі деген мағынада. :)
ZhuliabekPrankbay
Қытайлар қағаз ақша өртейді ғой өлгендеріне арнап, соның күлі болса керек басып кеткеніңіз…