OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?

OnePlus One смартфоны туралы Фейсбуктегі бір досымның постынан оқып едім. Кейін видеошолулар арқылы толық білгеннен кейін кәдімгідей қызығып кеттім. Әйеліме дұрыс телефон керек болып жүр еді, туған күніне сыйлық жасайын деп шештім.
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Телефонның сипаттамасы:
Фотокамера — 13 мп
Алдыңғы камера — 5 мп
Видео кеңейтілімі — 3840x2160
Процессор — Qualcomm Snapdragon 801, 2500 МГц
Процессор ядросы — 4
Ішкі жады — 64 Гб
Жедел жады — 3 Гб
Батарея сыйымдылығы — 3100 мАч

Бұл кереметтердің барлығы $349 долларға (шамамен 64 мың теңге)! Жазда жүргізілген тестілеу кезінде, смартфондардың өнімділігін тексеретін AnTuTu бағдарламасы OnePlus One-ға бірінші орын беріпті. Бұдан бөлек, телефонның 16 Гб-тық түрі бар, ол 299 доллар.

OnePlus One брендінің лозунгы: «Смартфондарды өлтіруші». Интернетте оқыған шолуларымның барлығы дерлік бұл лозунгтың растығын алға тартады. Бұндай артықшылықтар соңғы шыққан ірі брендтердің телефондарында да бола бермейді.

Бір ғана минусы бар: OnePlus One смартфоны еркін сатылымда жоқ. Ресми сайтына тіркелген қолданушылар инвайт арқылы сатып ала алады. Оның өзінде инвайтты қанша күтетінің белгісіз.

Инвайт алу жолдары
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?Неге тек қана инвайтпен сатады? Бұған жас компанияның өндірістік қуатының әлі дұрыс жолға қойылмауы себеп болып отыр. Бір жағынан олар жаппай сатылым өзін ақтамай қала ма деп қорқатын көрінеді. Сондықтан, тек шақырулар арқылы сатылып жатыр.

Бірақ жақында жақсы жаңалық естідім: Смартфон енді еркін сатылымға шыға бастамақ. Алғашқыда 20 қаңтарда деген, бірақ уақыт тағы кейінге шегерілген секілді.

Енді инвайтты қалай аламыз? Егер сайтына тіркелген болсаңыз, олар кейде сауалнама жүргізеді. Сервистерін жақсарту мақсатында. Сондай шараларына белсене қатыссаңыз — көп кешікпей сілтеме түрінде инвайт келеді. Сілтемеге өтіп, инвайтты іске қосасыз. Сосын сайттың бастапқы бетінен телефонға тапсырыс бересіз.

Екінші тәсілі — ресми сайттағы форумнан сұрау, соның ішінде Ресейге арналған форумынан. Біреулерге инвайт келіп тұрса және ол өзіне керек болмаса сол жерде бөліседі (біреулер тегін, біреулер ақысына). Мен осы тәсілмен алдым. Сұраншақтар сізсіз де ол жерде көп, сол себепті тегін алу үшін барынша аяушылық сезімдерін тудыратындай себептер келтіріп сұраңыз :)
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Кейін өзіңізге инвайттар келіп тұрса, бөлісуден қашпаңыз. Онсыз да инвайт 24 сағатқа жарамды.
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Ал үшінші тәсілді қолдануды ұсынбас едім: қазір eBay интернет-аукционында инвайт саудасы өршіп тұр. Алғашқыда осы жерден алмақ болып едім, аукционға қатысушылар бағаны өсіріп-өсіріп, бір инвайттың бағасы телефонның жарты құнына дейін жақындады. Оны тастап кеттім де, форумнан сұрастырып тегін алдым.

Қалай тапсырыс береміз
OnePlus One әкімшілігі тапсырысты тікелей Қазақстанға жеткізе алмайды. Сол себепті курьерлік қызметтер көрсететін фирмаларға жүгінеміз. Маған біреулер usa-kaz.com сайтын ұсынған еді. Соның мысалында көрсетейін.
Сайтқа тіркелеміз, тіркелгеннен кейін сізге Америкадағы мекен-жайларын береді:
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Осы мекен-жайды OnePlus One сайтында смартфонға тапсырыс бергенде көрсетеміз. Телефон алдымен соларға жеткізіледі. Ал әлгі фирма тауарды қабылдағаннан кейін Қазақстанға жібереді. Қызмет құны — 1 кг үшін 20 доллар (шамамен 3600 теңге). 0,60 кг болатын смартфонды жеткізу құны маған 13 долларға шықты.

Қызметін қалай төлеймін
Usa-kaz.com сайтында «Мой баланс» бөлімінде жеке профиліңізге ақша енгізу тәсілдері көрсетілген. Мен жалақы картамды PayPal сервисіне жалғадым да, сол сервис арқылы өз профиліме аудардым. Ал профилдегі ақшаны төлем кезінде өздері шешіп алады.
«Мои посылки» бөліміне тапсырысты салғаннан кейін, оның жүру жолын, қай статуста екенін бақылап отырамыз:
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?
Өздеріңіз көріп тұрғандай, посылканы 10.01.2015 ж. енгіздім, араға 12 күн салып 22-сі күні тауар Алматыға жеткізілді. Алматыдағы кеңсесіне хабарласып, 23-і күні смартфонды алып кеттім.

Жоғарыда айтқанымның бәрі OnePlus One смартфонының америкалық (немесе халықаралық) нұсқасына қатысты. Егер бұл процедураларды ұзақ, қолайсыз деп шешсеңіз — Алматыдан қытайлық нұсқасын тауып қалуыңыз әбден мүмкін. Бірақ бағасы әжептәуір қымбат болады, кем дегенде 80-90 мың теңгеге шығады. Ал Америкадан тапсырыс берген телефоным — жеткізу құны, комиссия, қырт-сырттарымен қосып бәрін есептегенде 73 мың теңгеге шықты.

Сосын Қытайда өндірілген OnePlus One-да «глюктер» бар деп жатыр. Әсіресе, аудармасы ақсап жатса керек, жүйенің кейбір жерлерінен иероглифтер көріп қалуыңыз әбден мүмкін.

Алданып қалмаңыз
Егер Қазақстаннан алуға шешім қабылдасаңыз, сізге телефонның Америкадан әкелінгенін айтып, сатушы құлақтан тебуі мүмкін. Ондайда Қытай мен Америкада өндірілген смартфондардың арасында бір сыртқы айырмашылықты естен шығармау керек:
Hi-tech: жаңалықтар, аналитика, шолу, hardware, software, гаджеттер және т.б.: OnePlus One. Ол не және қалай сатып аламыз?Халықаралық нұсқада корпустың артқы жағында Cyanogen деген белгі болады, ал қытайлықта — жоқ.

Қысқаша осы, қосымша сұрақтар болса білгенімше жауап беруге әзірмін :)

P.S. Әйелімді танитындар, оған айтпай тұра тұрыңдар. Туған күні ақпанда :)
Бөлісу:

17 пікір

zholantai
ақысы төленген материалға ұқсап кеткендей ме, қалай өзі :)
patick
жазбаса жазбад дейсіңдер )
zholantai
OnePlus One смартфоны туралы Фейсбуктегі бір досымның постынан оқып едім. Кейін видеошолулар арқылы толық білгеннен кейін кәдімгідей қызығып кеттім.
дәл мына сөйлемдер орыс сайттарындағы платный посттардың басталуына қатты ұқсап кеткені. Енді қалай екен? Ұрып тұр ма? Андройд ғо, иә? Түсірілген фотоларды орижинал нұсқасын фотохостингтер арқылы осында тастасайш :)
patick
Пайдалануға мүмкіндік жоқ. Сыйлық болғандықтан әзірге жасырулы тұр. Андроидтың Cyanogen деген түрінде жұмыс істейді.
zholantai
осы эпплдің ресми сайтынан тауарға тапсырыс беріп, алдырту қалай болады? мүмкін бе?
FaraOn1
Америкадан алғанды орысшаға прошивка жасау керек па?
patick
Андроид қой, тілін таңдай саласың, болды.
AKY
Машақаты көп екен))) Вот это любофф)))

P.S. Әйелімді танитындар, оған айтпай тұра тұрыңдар. Туған күні ақпанда :)
Керекминфоны сенен жасырып оқитын болса ше)))
merekeee
Камерасының мүмкіндіктері ұнап отыр.
Гарантия, сервис, бөлшектер, аксессуарлар жағы біздің елде қалай болады екен?
patick
Бізде ресми өкілдігі жоқ, сол себепті сервиспен мәселе болатын шығар. Аксессуарлар ресми сайтында бар, мен көрсеткен тәсілмен алуға болады.
Serzha
мұнымен картоп қазуға бола ма?
Erkekyz
Болады, экраны 5,5 екен))).
patick
О не дегеніңіз, тек қана көтен шұқуға ғана жарайды
Erkekyz
Ұнап қалд. Құтты болсын! :)
zholantai
бірақ зауыты Қытайда орналасқан қытайлық компания ғо, онда неге АҚШ-тан алдыртып жүрсің, осы халықаралық версиясын Қытайдың өзінен алдыртуға болмайды ма?
patick
Жоғарыда жазғанымдай халықаралық версиясы Америкадан ғана инвайтпен сатылады
zholantai
осы смартфонға обзор видеоларды көрдім, ұнап қалды,
бір смарт алу керек еді, сенің обзорыңды күтіп жүрм :) заряд қуаты мен фото-видео түсіру сапасын білуім керек, обзорында объективі sonyдікі деп айтты, рас-өтірігін.