Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань

Қазақ елінің бір топ жастары қарашаның екінші жартысын Аспан астында өткіздік.
Таза визуалды түрде барлық ел аспан астында өмір сүретіні хақ болса да, дәл осы мемлекет өзіне осы лақап атауды иемденіп алғалы қашан? Бұл — контрасты алуан Қытай.Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Қысқаша айтсам, ҚХР Төрағасы былтыр Назарбаев университетінде "Ұлы жібек жолын" жаңғыртуды ұсыныпты. Әрине, қазіргі заман тенденцияларына сай, экономикалық байланыс, көлік-құбыр тараптары, мәдени жағынан дегендей. Біздің бару себебіміз де сол — Еуразия елдерінің жас көшбасшыларының достастық кездесуі, атауы — "Ұлы жібек жолы арқылы — арманға".
Жалпы, сапар барысында үш аймақта болдық. Бүгін соның біріншісі туралы. Менің саусағымның пернетақтаны ұрғылап жағаласқаны болмаса, негізінен, суреттер сөйлейді.
Сиань. Үрімжі арқылы ұшып келдік. Сиань — Қытайдың ірі қалаларының бірі, біз барған аймақтардың ішінде ең қытайи, ішкі Қытайға жақын шаһар, Шэньси провинциясының орталығы. Көптеген тарихи династиялардың маңызды шаһары, аса ірі қала. 8 миллиондай халқы бар, индустриалды-тарихи-мәдени орталық.
Бұл жақта ұшақтан түскен беттен ұйымдастырушылар алақандарында ұстап, жақсы қызмет етті. Жақсы пікірде қалсын деген ниет барлық жерде білініп тұрды. Сондықтан елдің көптеген теріс тұстарын көрмей кеттік қой деймін.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Қытайлар (ханьдықтар, қансулар) — еңбекқор халық. Көшедегі тал-шыбықтың өзін күзеп, әсемдеп, реттеп отырады.
Сондай-ақ, мегаполистегі кептелістің тығыздығы төмен болуы таңғалдырды. Жоғары жылдамдық жоқ, бірақ бәрі зыр-зыр етіп тез өтіп кетеді. Бұл жақта жаяу жүргінші — басты рөлде емес, көлік басып кетсе, өзің кінәлі. Тыпыр-тыпыр етіп, машинадан қорықпайды сосын өздері.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Қаладағы зәулім ғимараттар көз тартады. Байкерлер көп. Ал электр және тағы басқа желілердің көптігі, қаладағы сымдардың шырмалған жиынына таңғалғаным-ай.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Шэньси провинциясының тарихи музейі мен Таң империясының Батыс базары. Тарихи жерлер. Дәл осы жерде Ұлы жібек жолының бастау алған нүктесі.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Бұл аудан — тарихи жәдігер. Бірақ қазір өмір сүруге де қолайлы мекен.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Музейдің кәдімгі ежелгі қалашықта орналасқанын көріп отырсыздар. Аралай жүріп, еденге қарасаңыз, әйнектен сол ескі мекен көрінеді. Әйнексіз ашық қазылған орындар да бар.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Жалпы қалашық осындай болған. Қала нобайы музейде тұр. Ал мына экспонаттардың бірін біздің тоғызқұмалақ ойынына ұқсаттым.
Музейде әлем халықтарының валюталар бөлімі де бар екен, әзірге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осы тойғанымызбен қайтып, қонақ үйге орналасу керек.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Ертеңгі күн Пэйхуа Институына экскурсиядан басталды. Ірі оқу орындарының бірі. Ректоры өзі күтіп алды. Зыр жүгіріп жүр, өте қарапайым. Біздің ректорлар демала алмай жүреді ғой осы. Ал мынадай қарапайымдылық сыйлатады.
Ал мына тақташаға тілек жазып кеттік.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Ресми іс-шарамыз басталды. Ұлы жібек жолы, достық, байланыс — әдеттегі ресми жырымыз. Сендерге қайбір қызық дейсің…
Мына кісілердің бірі — үлкен ғалым, Ұлы жібек жолымен қазіргі күні сапар шеккен экспедиция басшысы. Келесісі — Қытай комсомолының басшысы. Ол жақта комсомол — күш, партия — жалғыз ғой. Үлкен кісінің комсомолды басқаруы — жас иерархиясы қатаң сақталуында. Осы қызметке дейін қанша межеден өтті десеңізші!
Тік бұтақ деп ойламаңдар ана бір мүсінді, одан да құттықтаңдар, "Ұлы жібек жолын" зерттеу институты ашылып отыр! :)

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Қараңыздаршы, қатардағы 1 және 2 орын ортада орналасады да, тақ сандар солға қарай, жұп сандар оңға қарай ретімен өсе береді. 1 қатар, 1 орын — вип орын! :)

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Бұл жай университеттің дәліздері. Кітап толы, ал студенттер ештеңеге алаңдамай өз сабақтарын оқу үстінде.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Енді Сианьдағы Пэйхуа институында қазақ елінің өз шыршасы бар. Жаңа жылға қарсыларың — ұзақ жасайтын флора өкілі деп санай салыңыздар. Біздің ел де Мәңгі ел болмақ қой.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Үлкен аумақты алып жатқан институтта шай рәсімі (шай ішу-демдеу рәсімі), каллиграфия өнері, династиялық һәм ұлттық киімдерді тамашалау секілді тірліктермен біраз жүріп қалдық. Жақсы, көбіне әдеміше студент қыздар жүрді енді. :) Мына келіншек болса — шай рәсімінің шебері.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
«Прөклятій пәпуләрніс»! Өзім сияқты әшкәрик фанаткаларыммен селфилете салдым енді. Иә, студенттермен де кездесіп, сұхбаттастық. Ұсақ балалар екен, оқушы сияқты. Қой қайтайық, құрсын.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Кешкі, отельдегі банкеттен бір пора сурет. Сөз, сөз, тамақ… Тамақ демекші, қазір уатцапты ашып қарасам, кімге жазсам да тамақ жаман деп жылай беріппін. Шынымен де, шөп-шалам, жын-жыбыр. Соустары ащы, исі жағымсыз, қалай тамақтануға болады мұнда? Ортадағы апельсин сусынын ғана іше беріппін. Қайта мен тамақ талғамаймын салыстырмалы түрде, делегациядағы кей жігіттер қиналып қалды.
Ұлттық би, әсем әнге претензия жоқ. Ал мына аспап жетіген сияқты екен, иә?

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Сыйлық табыстау рәсімі. Сегіз елдің өкілі, әзірбайжандық қыз — жалғыз өзі келген, оның үстіне елінің атынан дегеннен гөрі халықаралық «Жібек жолы» ұйымының атынан келіп отыр. Шапан, қамшы, бас киім, шоколад — біздің тақырып қой. :)

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы СианьКешкісін жыбырлап, тұрмай қалаға шығып келдік. Монша, массаж іздеу ғой сол баяғы тірлігіміз.
Отель жақта базар бар еді, осындай сияқты бәлен-түген сатады.
Жалпы, қаладағы қоламта иіс мұрынды жарады. Жай көшеде өмір бойы мұрынға қол орамал тақап жүре алар ма едіңіз? Базардағы таза ауада пісіре салып жатқан бір түсініксіз тамақтар, күйік пен жағымсыз соус иістері…
Қоқыс жатыр базардың ішінде үйіліп. Оның суреттері қайда екенін білмеймін, не жолдастар фотоға орын сыймай, «мынау не керек?» деп өшіріп тастады, не Қытай қауіпсіздік қызметінің ісі шығар :)
Былай қала таза сияқты, зауыттар, көпірлер, биік ғимараттар. Біздің үйлер — ойыншық екен ғой оның қасында. Бірақ иіс… Жоқ, мына иіс құртып тынады. Бұдан үлкен Шанхай, Бейжің, Гуанчжоуларда қалай екенін елестете алмай отырмын.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
О, мінекей, әріптестерім түсіріп алыпты. Базардағы антисанитария мен антитәбетияны өздерің-ақ шамалай беріңдер.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Бон апетит, мсье!

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Жоға, іздесең, жейтін нәрсе мүлдем табылмайды деуге болмайды! «Сникерсте, тежелме!» деген қытайша қалай болады екен?

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Тағы бір таң. Тағы бір кездесулер. Бизнес және технология орталықтарына экскурсиялар. Мына елдің дамуы тегін емес. Шын, қағаз жүзіндегі емес даму.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Техникалық бақылау орталығы, технологиялық зауыт. Мына бір схема пойыздардың жүру картасын көрсетеді. «Фашит» автомобиль зауыты. Жартылай токпен жүретін мәшине ғой. Зарядтап алсаң, 80 км/сағат деген бұйым емес оған.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Оптимус Прайм көмек сұрайды! Оған уақыт жоқ, ұшақ симуляторын сынауым керек. Сосын түскі ас.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Тамақтары осылай айналмалы жиһаздың үстінде. Жейтініңді салып аласың, сосын көбіне неше түрін әкеледі тағамның. Ішінде іліп аларлығы болса…

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Жиын, жиын, жиналыс. Шэньси провинциясының халық қалаулыларының Кеңесі. Провинцияның даму және реформа Комитеті. Осы залда дауыс беріп, галстукты ағалар мәселе шешеді. Біз де манифест қабылдап кеттік.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Мына бір орын — не театрлы мейрамхана, не мейрамханалы театр. Мұндай жоқ Қазақстанда. Шик! Қойылым басталғанша, ішіндегісі нетүрлі мәнтішелер жей тұрайық. Оннан астам түрін алып келді. Оның үстіне, ішінде не бар, соны сыртына безендіріп, салып қояды. Орамжапырақ, шөп-шалам, үйрек, т.б. болды.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Бидің түбін түсіреді. Соншама әртіс тартылған, сондай пластика, сондай акробатика! Таң династиясының стиліндегі би өнері. Мәдени шок!

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Міне тағы бір күн ең ерекше орынға барудан басталды. Императордың терракот армиясы! Қытайдың алғашқы императоры Цинь Шихуандидің қасына ана дүниеде күзетуге өзінің әскерінің тура көшірмелері (бет-жүздеріне дейін дәл мүсінделген) жерленеді. Қазір аты әлемге әйгілі музей.

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы Сиань
Юнесконың қорғауындағы өнер туындыларының ішінде әскерлермен қатар, жылқылары мен арбалары, музыканттар, шенеуніктер, акробаттары да бар. Әлі қазылып жатқан мүсіндер де жетерлік. Жалпы саны 8 мың болып қалады дейді.
Оларды бояп, саусақ, бет-жүзіне дейін дәл салдырған сенім десеңізші!

Блог - MERmukhanov: Аспан астынан фоторепортаж #1: Қияндағы СианьБұл осы қаладағы соңғы экскурсиям болатын. Сианьды — солтүстік-батыстағы қақпа санайтын қытайлар географиялық жағына қол қойып қойғандай көрінді. Әйтпесе, орталықта орналасқан қала ғой. Негізгі өмірі — оңтүстік-шығыста, сонсоң осы аймақ солтүстік-батыс саналады. Одан гөрі батыста, солтүстік-батыста таулар, таулар…
Жалпы, халық қыдырмалау, ластау көрінді. Осындай иістің арасында өмір сүру қиын сияқты — егер қытайлық боп жаралмасаң… Қаланың үсті смог, бірақ жалпы дамуы қарқынды.
Бізді қоршаған қытайлар күліп жүреді, ілтипатты. Біздің елді сыйлайды. Сонда да халық көп жерде еркіндіктің қадірін түсіне бастайды екенсің. :)
Жарайды, топырлап елу адам болып, ішкі рейстердің біріне мінейік. Келесі меже — Инчуан, Нинься, автономиялық мекен. Ал ондай аймақтар — мүлдем бөлек әңгіме…
Бөлісу:

20 пікір

qonyrbai
Коллаждарға сібет қосып, әдемі қылып жіберіпсің. :))
qonyrbai
Біздерде 1-орын шетте ғо. :) Мен көбінесе 10-орындарға билет алатынмын. Қасыңдағы бірдеңе ұстап алған қыз сүйкімді екен. :))
qonyrbai
Шын, қағаз жүзіндегі емес даму.
дегенің поэзияның жолы сияқты.
Tyulpan
қытайлар қытай емес екендіктеріңізді білді ма? шетелдік екендіктеріңіз білінді ма оларға? шетелдерде бізді қытай-пытай, корей-морей де қала береді ғой. оларда қалай деп сол...

содан кейін бір қыз айтып еді азияға бармайм, азияттардан айырмашылығым жоқ, ешкім таң қалмайды. европалыққа күйеуге шығам деп ))
MERmukhanov
Мен қытайларға ұқсамайтын қазақпын. Шүкір, пхахаха, жасыл көзді, сары, ұзын бойлы шелобекпін)))))
VKM
Қытайдың биі туралы: мен хореография училищесінде жаттықтым.Көрсеңдер ғой, тренерлер қалай балаларды ұрады.Аяғынан,қолынан таяқпен сатырлатқанда, гибкий болмай гөр, синхронно істемей көр. Сосын, шаршау дегенді білмейді, жаттыға береді, жаттыға береді.
MERmukhanov
спортта да солай) мхм, 1,5 млрд ішінде мотивация да зор, тыпырламай гөр.
Біздер ғо 17 млн салбырап...
Жалпы Қытайда своебразные нравы///былай адам тұлғасы қатты қадірлі емес :)
VKM
аха, байқадым, мені қытаймен жұпқа қойды, ал оның бұрынғы партнершасы бізбен бірге конкурстарға барып жүрді, маған прическа жасайтын.Бірде латина билегенде, прическам құрып қалды, шыққанда ол ана қызға айқайлап,қол жұмысап жіберді.Сосын түк болмағандай, маған қарап күледі.Сонда ана қызды адам деп санамады, оның да жүрегі, сезімі бар ғой. Құрысыншы солар, жаман ұлт олар(
Tyulpan
ВКМ, балаларды ұрғанда травма алып қалмайды ма?
qonyrbai
2014-ті қалай өткізгеніңді жазбайсың ба?
zholantai
Тыпыр-тыпыр етіп, машинадан қорықпайды сосын өздері.
мына суреттеу мен баяндауға респект,
zholantai
2011 жылдың тамызында Құлжа мен Үрімжіні қосқанда, екеуінде 15 күн болғанмын.
бір пост қылып жазуға жарарлықтай күндер өткен еді,

онда да халық көп жерде еркіндіктің қадірін түсіне бастайды екенсің. :)
дәл осы көңіл-күймен қайттым.
Жаркентке жеткенде «уфф» деп терең тыныстадым. Ауа жұтқандай болдым.
zholantai
Құлжаға барып, ары қарай Құлжаға қатысты бір Нылқы деген ауылға өткізбей қойғандары не сән?! Құлжа қаласынан шыға беріс бекетте полицейлер мені автобустан түсіріп тастап, е тіл білмеймін, е жанымда ешкім жоқ, жалғыз өзім қайда барарымды білмей сандалғаным, ужсс күндер болған еді, қазір есіма алсам, сонда қалай жүргенмін деп ойлаймын, и қорқамын
zholantai
Қытайда тұратын қазақ достарым: менің Қытайға баратыныма сенбеген ғо, өтірік айтып жатыр деп ойлаған, Қытайға барып, сол жақтың телефондарымен хабарласқанда ғана барып, сенді
asaubota
шетелге шыққандардың жиі айтатындары: сервис және қарапайымдылық. біз де жоқ нәрселер да
ademi_alem
Жалғасы қашан болады?!!!
MERmukhanov
2015 жылы ғой деймін :)
omarbirat
Арасында Жұмабек Тұрсын бар, Қытайда ММА-дан жарысқа қатысып жүрген қазақ жігіттердің көбі осы қаладағы дене шынықтыру институтында жаттығады.
nurbergen_makym
Рас болса, Қытайда 50 млн пианист бар дейді ғой… Ипааать дейм да, тек пианистердің өзімен-ақ жаулап ала алады екен ғой, бздің елді.