"Керек тілші" репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды

Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды

КерекИнфо сайтында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен репортаждар конкурсы аяқталды. 4 апта бойы блогерлер өз өңірлеріндегі жаңалықтарды репортаж форматында бөлісті. Сайысқа Астана және Алматы қалалары, Қызылорда, ШҚО, СҚО, Атырау, Қарағанды облыстарынан барлығы 15 блогер қатысты. Блогерлер 1 ай ішінде Салауатты өмір салты, Қоғам, Кәсіпкерлік, Мәдениет тақырыптары бойынша 39 жазба жазды. Репортаждарда қоғамдағы мәселелер, тұрмыстық тақырыптар, түрлі іс-шаралардан фоторепортаждар, сұхбаттар, қала көріністері орын алды. 4 жюри тарапынан бағаланған блогерлердің қорытынды рейтингі мынадай:

  1. ademi_alem — 37,75
  2. Aya — 35,25
  3. tomarlik — 34,25
  4. qonyrbai — 29,75
  5. NazerkeAbibulla — 24,25
  6. Basic — 23,25
  7. AydosRymkul — 21,75
  8. ErbolAliaskaruly — 13,75
  9. tauewki — 7,25
  10. Maqta_qyz — 7
  11. FaraOn1 — 6,50
  12. AlmasNakhypbek — 5,50
  13. Sunshine — 5,00
  14. Kuralayka — 4,00
  15. DinarNahypbek — 1,50

4 турлық Мини-блогиадада ең көп ұпай жинаған жүлдегерлер:

1-орын: Зарина Долатаева (Шығыс Қазақстан облысы)
2-орын: Ая Өміртай (Астана қаласы)
3-орын: Нұрлыхан Қалқаманұлы (Қарағанды облысы)

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

«Керек тілші» сайысының қорытындылау 11 желтоқсан күні, сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясы ғимаратында өтеді. Жарыс жүлдегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады, белсенділік танытып ондыққа кірген блогерлерге арнайы диплом және естелік сыйлықтар беріледі.

Керек тілші репортаждар сайысының жеңімпаздары анықталды
Астана, Д.Қонаев к., 12/1
Бөлісу:

25 пікір

qonyrbai
Оо, Нұрлыхан, жарайсың! Жеңіс құтты болсын! :))
AydosRymkul
4 орын да жақсы сияқты! Менің 7 орыным бәрінен күшті ма дедім ғо! ЖЕҢІМПАЗДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТҚТАЙМЫН!!!
qonyrbai
Рақмет, Айдос! Құтты болсын! :)))
tomarlik
Рахмет Қоңырбай көке )))
qonyrbai
Өткенде Алматыға келдің, енді Астанаға барып қайт смартфон үшін. Сосын осында блог етіп жазасың ба іс-шараның қалай болғанын, әсеріңді? :)))
asaubota
Астанаға барып қайт смартфон үшін

:)
AKY
Сен де байқап қалдың ба? ;)
asaubota
айқайлап тұр ғо. тәжірибесіздігіне, жастығына бердім
asaubota
негізі көп нәрсе байқадым :)

жұлдыздыққа ерте салынбағанда жүлдегер болатын еді ;)
bake
О, жарайсың Шығыстың қызы!
ademi_alem
Алақай! Мен үшін күтпеген қуанышты жаңалық болды бұл! Айтпақшы фамилиям өзгеріп кеткен. Қазір құжат бойынша Абильмажиновамын.
bazuka
круто! женімпаздарды құттықтаймын!
Ispek92
Жеңімпаздар жұлдыз боп кетпеңдер, тек бәйгеде жазатындар ұнамайды өзіме))
Gastarbaiter
Жеңістеріңнің басы осы болсын. Құттықтаймын!
ademi_alem
Біздерге Сіздің жолды берсін. ))))))
merekeee
Барлығыңды құттықтаймын! Алар асуларыңның алды осындай болсын!
asaubota
ондыққа кіргендер толық аты-жөндерін жекеге жазып жіберсін
asaubota
марапаттауға кімдер келе алады? келетін адамдардың аты-жөндері керек
Aya
Зарина келмейтінін білемін, ноутбугын маған ала салшы деді) Мен бұйырса баратын шығармын :)