«Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдау үздіктері анықталды

Астанада «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды
Блог - asaubota: «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдау үздіктері анықталды
Елордада «Нұр Отан» партиясының ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау құрметінің рәсімі өтті.

Тұңғыш рет байқау қорытындысын шығару рәсімі өңірлермен бейнеконференция байланысы арқылы өтіп, оған партияның өңірлік және аумақтық филиалдары қоғамдық қабылдауларының жетекшілері қатысты.

Жеңімпаздарды анықтауда мынандай өлшемдер есепке алынды: өтініштің қаралу мерзімінің сақталуы, өтініш білдірушілердің қоғамдық қабылдаулар жұмысына қанағаттануы, оң шешілген өтініштердің үлес салмағы, ағымдағы жылдағы азаматтармен өзекті мәселелерге орай өткен тақырыптық қабылдауларды салыстыру, азаматтарды қабылдау мен өтініштердің «электрондық қоғамдық қабылдау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне дер кезінде тіркеу, «электрондық қоғамдық қабылдау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтердің толық және орынды енгізілуі.

«Партияның қоғамдық қабылдауларында жұмыс істеудің жаңа жүйесі енгізілетін болады. «Электрондық партия» жобасы шеңберінде жазбаша өтініштер мен азаматтарға ауызша кеңес беру бойынша есеп бөлімі енгізілмекші. Кеңес берулер біздің партиялық жобалардың тақырыбы бойынша жүргізіледі. Меморгандардың азаматтардың өтініштерін қарауын қадағалау партиялық бақылау комитеті мен «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және мәслихаттардағы фракция мүшелерінің қатарынан тағайындалған партиялық кураторлар арқылы іске асырылатын болады. Бүгін біз қоғамдық қабылдаулар жұмысының рейтінгін жариялап отырмыз. Қоғамдық қабылдауларды бағалаудың негізгі өлшемі – ақпараттардың нақтылығы мен жергілікті жерлердегі мәселелердің тиімді шешілуі», — деп атап өтті марапаттау салтанатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Құрамына партияның орталық аппаратының өкілдері, «Нұр Отан» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Фракция мүшелері енген Орталық комиссия, байқауға қатысушылардың ұсынған материалдарын қарап, өңірлік және аумақтық қоғамдық қабылдаулардың арасынан шыққан жеңімпаздарды анықтады.

Қаралған өтініштердің қорытындысы бойынша партияның өңірлік филиалдары арасынан «Нұр Отан» партиясының «Ең таңдаулы қоғамдық қабылдауы» республикалық байқауының жеңімпаздары атанғандар:

I орын — «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы;
II орын — «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы;
III орын — «Нұр Отан» партиясының Батыс-Қазақстан облыстық филиалы.
Партияның аумақтық филиалдары арасынан:
I орын — «Нұр Отан» партиясының Атырау қалалық филиалы;
II орын – Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара аудандық партия филиалы;
III орын – Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар аудандық партия филиалы;

Анықтама үшін::
«Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдауларының жұмыс істеу механизмі:
— республикамызда барлығы 241 қоғамдық қабылдау бар;
— 2013 жылы республикалық қоғамдық қабылдаудың арқауында Бірыңғай үйлестіру орталығы құрылды;
— 2014 жылдың қаңтары мен қарашасы аралығында партияның қоғамдық қабылдауларына 560 мың азамат келді.
2014 жылдың қаңтарынан қарашасына дейін партияның қоғамдық қабылдауларында 82 713 өтініш тіркелді;
Партия жетекшілері, ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері, мемлекеттік органдардың жетекшілері өткізді:
— 20 678 жеке азаматтардың қабылдауын (2014 жылдың қаңтарынан бері), бұл 2013 жылғы осы кезеңдегімен салыстырғанда 5 есе көп;
— 325 «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция мүшелерінің қабылдауы;
— 62 орталық мемлекеттік органдардың жетекшілерінің қабылдауы;
— 1 808 барлық деңгейдегі әкімдер мен олардың орынбасарларының қабылдауы;
— 10 140 аумақтық меморгандардың жетекшілерінің қабылдауы;
— 8 343 барлық деңгейдегі мәслихаттардағы «Нұр Отан» партиясы Фракциясы мүшелерінің қабылдауы;
— 2014 жылдың басынан өте өзекті мәселелер бойынша 2,2 тақырыптық қабылдаулар өтті.
— 2014 жылдан бастап адвокаттар мен заңгерлік компаниялардың заңгерлері 1 412 адамға тегін кеңес берді.
— азаматтардың қоғамдық қабылдаулар қызметіне қанағаттануының бағасы енгізілді (тексеру құралы: жасырын (Mystery Shopping), телефондық сауалнама, партия порталындағы электрондық сауалнама).
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше