ЖАЙДАРМАН, Жоғары Лига, ФИНАЛ, 29.11.2014
Әні-міні дегенше "Әдебиет маусымы" мәреге жетті. «Жайдарман» тағы бір жасқа есейді. 29 — қарашада Конгресс Холлда өткен ойында көрген де арманда, көрмеген де арманда. Негізі, Жайдарманның Жоғары Лигасының (бұдан әрі — ЖЛ) финалы ерекше, өзгеше болуы керек еді… Былтырғы жартылай финалда «Назар аудар» залды төңкеріп, алайда финалда…
… биылғы финал солғындау болды. 6 команда финалға көп екен. Бұрын ойыналды ұйымдастыру жұмыстарын Жайдарманның өз жігіттері атқаратын, кеше залда бір галстук тағып, бір біріне зекіп жүрген басқа жақтың жігіттері көп болды. Нұр Отанның (быдан әрі — НО ) жігіттері екен… Ммм… Еркін күле алмайды екенсің, қасыңда біреулер қабақ түйіп жүргенде:) Хош, сонымен ойынның өзіне ойысайын.
Мен Ұлттық Құрама мен АЭСА дан бұдан әлдеқайда жоғары ойын күткем.
Күлтегін мен Аграркадан бұдан әлдеқайда төмен ойын күткем…
Күлкі терапиясы өз деңгейінде.
Байланыс жігіттері… Жас қой әлі.
СӘЛЕМДЕСУ ЖӘНЕ БЕЙНЕ САЙЫС
Күлтегін бастады: Сәтті сәлемдесті! Өте жинақы! Піскен, дайындықтан нешше рет өткізілген. Астаналық командалардың массовкасы әдемі болмаса кешірмес едім. Өте ұтымды қатыстырылған массовка, биі қандай! Бірақ, осы команда осындай әдемі сәлемдескені үшін тым төмен баға алды. Әттең, ол қорытынды есепке әсер етті…
Аграрка: Массовканы сәтті пайдалансаң ғана әдемі, болмаса сахнада сапырылысқан адамнан тез жалығасың. АЛ, былай әзілдері тым жақсы. Максим аман жүрсе, келесі маусымдарда осы команданы әлі де биік тұғырлардан көреміз-ааау… Эфирден берілмейтін, саяси цензураға ілігіп кететін әзілдер көп болды сәлемдесуде. Несі бар, әдемі, Астаналық командаға жарасымды:)
Күлкі терапиясы: Махаббат бүгін тағы қарамады.
Қарамады жанымды жаралады,
Шәміл-ау, білесің бе, шын махаббат,
Осылай қарамаудан ЖАРАЛАДЫ! Басталады емес, Жаралады! Жігіттер, Әдебиет маусымында бұнай қателіктер жіберуге болмайды. Айдаладағы мен кешірмей отырмын, Айбек Қалиев қайдан кешірсін… Сәл жерден қателестің бе, біттің… Финалдың жауапкершілігі де сол… Онда залды «оһ» дегізген: Қар тазалап үлгермей жүрген Астана әкімі, бақсы балгерге түнегенше НО ға барып түнеп шығу керек еді деген әдемі әзілдердің өзі көмектесе алмай қалады. Оның үстіне, қазылар құрамында НО ның інісінің бастығы отырса:)
Самат, қазыларға ойнаймын деп, жұртқа жек көрінішті болмашы, өтінем. Кеше Нұрлы жол деп, тіпті келмейтін жерге қыстырдың… Әйтеуір, тапырақтап барып, Абай жолы есіңе түсіп, әрең құтылдың… Ел Жайдарманға келгенде риясыз, ақтарыла күлуді қалайды. Ызаланып, амалсыз күлуді емес…
Байланыс жігіттері: Билегің келсе, Альянс Семей құсап билеу керек деп ойлаймын:) Болмаса, әскердің саптық жүрісі, қарумен ойын деген секілді жұртқа таңсық нәрселерін көрсетсін. Жоооқ, билегісі келеді:) Әрине, сәтсіз! Сәлемдесуде ойыннан гөрі сөз көп болды, жігіттер, жұртқа ақыл айтудың түбі жақсы болмайды екен. Бір әзілін де түртіп алмаппын. аа, жо жоқ, Әскери дискотека деген әзілі ұнапты:) Жақсыыы, жақсы!
Ұлттық құрама: Әдемі сәлемдесті. Нұрсұлтан:) Бейнесайысы мықты!!!
ЖАМБЫ АТУ, БЕС ЖАҢАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАЙЫМ АЙТЫС
Мараттың (қысқа, нұсқа, толық Қамбарұлы Достаев) "әдебиеттегі кейіпкерлерден маған кімді лайық көресіздер" деген қарапайым сауалына жауап еш бір команда жауап таппады. Әр командада 10 шақты жігіт бар… 60 қа жуық жігіт… Жауап жоқ… Күлкі терапиясы Мақта қызды ұсынды, АЭСА Маратқа лайық әдеби кейіпкер тумағанын айтты, білмедім…
Екінші сұрақты Марат қойды. Оралғазин. «Астанаға арнағн мақал-мәтелдеріңіз бар ма?»
Жігіттер састы:) Есте қалғаны: Максим Жораұлының «Астанада үйлену оңай, үй алу қиын» деген жауабы болдыыы…
Айбек Қалиев қайым айтыс жасағысы келген. Осы қайым айтыс дегенді Жайдарманға араластырмаған дұрыс-ау деймін.
«Нұр Отан айтысты да, Жайдарманды да алып қойды да, екеуінен бір сайыс шығарғалы жүр» деп ойлап қалар халқымыз.
Жігіттер ештеңе айта алмады. Абырой керек қой, бір екі ауыз өлең құрай алмау масқара ғой, расында.
Бес Жаңалықта алматылық АЭСА мен Ұлттық құрама ойнады. Керемет! Әсіресе, Бекзаттың «Отан Нұрдан басталады», «Жаңа Жылды алғашқы боп қарсы алатындар ауылдағы ағайын, өйткені олар Елбасының қазақша құттықтауын тыңдап ап, орысша құттықтауын күтпестен тойлап кете береді» дегені… Эфирде болмай қалуы мүмкін деп айтып қойып жатқаным ғо:)
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ ЖӘНЕ СОҢҒЫ ӘН
Күлкі терапиясы: Өте нашар… Әні ғана. Оның да сазы есімде жоқ…
АЭСА: Үй тапсырмасынан алға шығады-ау деген үмітімді олар да ақтамады. Әнді келістірмейді ғой енді бұл жігіттер. Әуелден солай:)
Күлтегін: Жайдарманда бәрін Назар аудармен немесе Ұлттық құрамамен өлшейміз ғой, былтырғы Назар аудардың жартылай финалдық үй тапсырмасындай ерекше жұмыс болды. Айтып жеткізу қиын, Ұлттық арнаның режиссерлері жақсылап түсіре алса, көру керек, тек көру керек! Маддец!
Аграрка: Жұмбақ ойыншының, бақсының ойыны қатты ұнады! Мектеп көргені көрініп тұр дағы… Саясатты өте жоғары деңгейде айта білген бір команда болса ол осы АГРАРКА! Қазіргі күні өте өзекті боп тұрған, барлық жерде айтыла беруі тиіс, насихаттала беруі тиіс тақырып — Қазақ Хандығының 550 жылдығы! Оны да кеш бойы ешкім айтпай кете ме деп отқанда жалғыз мәрте болса да атап кеткен осы АГРАРКА. Рахмет саған, Күрішбаев Максим Сахария!
Ұлттық Құрама: Үш жылда көрген ең солғын үй тапсырмасы. Таза инерциямен, стилмен, атақпен алды соңғы сайысты. Әні әдемі. Қоштасулары тебірентті…
Қысқаша есеп осы. Жалпы, Жайдарманның деңгейі өсті. Командалар қара судан қаймақ айырардай әккі әзілдеуді, жұмсақ қана ымшып өтуді, сынай кетуді үйренді. Ес ақама рахмет айтам. Жыл бойы қызмет көрсеткен Қазылар алқасына алғысым бар. Әрине, сосын жайдарманшыларға ерекше РЕСПЕКТ!
Солай… Ааа, айтпақшы, биылғы финалдың ең, ең, ең деген жерлерін тізіп көргеміз, шаршамасаңыз, оны да қарап шығыңыз:
… Биылғы финалдың ең ерекше есте қалған тұсы: ЖЛ ның 6 бірдей командасы ойнағаны.
Биылғы финалдың ең толқытар тұсы: ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ Жайдарманмен қоштасуы;
Биылғы финалдың ең үздік ойыншысы: Нұрсұлтан, ҰҚ
Биылғы финалдың ең үздік сәлемдесуі: Аграрканың сәлемдесуі, көп тұсын, әринеее, эфирден қиып тастайды:)
Биылғы финалдың ең үздік бес жаңалығы: біліп отырсыздар ғой:) Әринее, Ми Хон:)
Биылғы финалдың ең үздік үй тапсырмасы: Күлтегін орындаған үй тапсырмасы
Биылғы финалдың тақырыбы: жооооқ, әдебиет емес, САЯСАТ!
Биылғы финалдың өкініші: Байланыс жігіттері… Мұқан… Көп сөйлеп кетті бала.
Биылғы финалдың ең жұмбақ ойыншысы: Аграканың үй тапсырмасын орындаған БАҚСЫ:)
Биылғы финалдың қазысы айтқан ең қызықты фраза: Бүгінгі ойында күлкі болды, саясат болды, ойын күлкілі болды, саясатты болды, іхіхіхіх:)
Биылғы финалдың көрермені айтқан ең үздік фраза: іхіхіхіх, Саясат күлкі болды:))))) © Нұрлыбек, Қорқыт құрамасы
… Ендііі саясатты бастап қалдық қой… айта кетейінші, мына бір қызықты статистика: Нұр Отан деген сөзді Ес ақа 8 рет айтты. Жалпы ойында жайдарманшылар 34 рет, қазылар алқасы 5 рет, қонақтар 7 рет, жиыны 54 (!) рет айтылған!
Сооол…

Мына әзіл бір күн бұрын тв да (орысша квн финалында) ойналған еді.