Бай мәдениет айғағы – Алтын адам не себепті қайта жерленді?
Өз музейіммен мен адамдарды өз-өзін мақтан тұтуға тәрбиелегім келеді. Мен көп жерді шарлап, көпті көрген адаммын. Байқағаным, әзірге тек еуропалықтар ғана өздерін, өз мәдениетін мақтан етеді, ал әлемнің басым бөлігінде адамдар өзін танытудан қысылады. Ендеше, бізде ұят сезімін тудыратын нәрселерді музейде көп назарына ұсынсақ, ол лезде мақтаныш құралына айналар еді. Орхан Памук
Зайсан ауданында мұнай, көмір сияқты қазба байлықтарынан басқа, тамыры терең тарихымыз бен ата-бабаларымыздың өнері, мәдениеті туралы сыр шертетін көне жәдігерлер де көптеп кездеседі. Зайсан аумағындағы Шілікті жазығынан 2003 жылы табылған Алтын адам бай мәдениет пен ұлы өркениеттің айғағы емей немене?! Өкінішке орай, қолда барды қадірлей алмай жатырмыз. Аты аталған жерде зерттеу жүргізілген қорымдар ашық-шашық күйінде қалған. Осы және Зайсан өлкетану музейіне қатысты мәселелер төңірегінде музей директоры Әбілмәжінов Әденбек Мәуітқанұлы кеңірек әңгімелеп берді.
– Ең алдымен Зайсан өлкетану музейінің ашылу тарихы туралы айтып өтсеңіз...
– Зайсан өлкетану музейі 1974 жылы, 7-маусым күні ашылған. Бұл ғимарат бұрынғы саудагер Б.Бобкиннің үйі. Архитектуралық ескерткіш қатарына жататын үй 1891-1894 жылдары аралығында салынған. Биыл музейдің ашылғанына қырық жыл болды. Қырық жыл музей үшін аз уақыт. Мұндағы бұйымдарды бірден, екіден тірнектеп жинаймыз.
– Музейде неше бөлме бар?
– 6 зал, 1 қор сақтайтын орын, 2 әкімшілік бөлмесі, 1жылу қазандығы бөлмесі бар. Бөлмелерді музей талаптарына сай жабдықтау жұмыстары өз қызметкерлеріміздің күшімен жүргізілді. Дайын сөрелерді сатып алуға қаражат болмай, қаншама эскиздерді өзіміз сызып, сөрелерді де өзіміз жасадық.
Мәдениетсіздігімізді көрсетпейік…
– 2003 жылы Зайсан маңынан, яғни Шілікті қорымының Бәйгетөбе обасынан үшінші Алтын адам табылды деп жар салдық. Ғалымдар бұл адам бұрынғы табылған Алтын адамдардан бірнеше ғасыр ерте ғұмыр кешкен, сақ жұртының ең алғашқы патшаларының бірі деп болжады. Былтыр зерттеу жұмыстары жүргізілген обаларды барып көрдік. Қазылған қорымдар қазулы күйінде қалып қойыпты...
– Бұл музей қызметкерлері шеше алатын мәселе емес. Ол мемлекет деңгейінде шешілетін дүние. Сол кезде қазба жұмыстарын жүргізгендерден «Неге қазған жерді қалпына келтірмейсіздер?» деп сұрағанда «Бізге тек қазуға ғана рұқсат беріледі. Ал реставрация (қалпына келтіруге) жасауға бөлек мекеме жауапты» деген жауап алдық. Ал ол мекеме Шілікті жазығы алыс екендігін, қаржы көп жұмсалатынын айтып келмейді. Бұл мәселе қашан шешімін табатыны белгісіз. Қазылған обаларға қарап жаның ашиды. Оны қазды, тексерді, мәдениет пен ғылымға жаңалық енгізіп, керегін алды. Олардың мәдениеттілігіне таңдай қақтық, енді өз мәдениеттілігімізді көрсетпесек, елдігімізге сын.
– Музейде тұрған Алтын адам бейнесі туралы не айта аласыз?
– Алтын адамды тапқан ғалым Әбдеш Төлеубаев оны Ресейдегі Герасимов лабораториясына зерттеу жұмыстарын жүргізуге жіберді. Олар Алтын адамның бас сүйек қаңқасы бойынша макетін жасап шығарды. Қарасаңыз, Алтын адам бейнесі кавказдықтарға ұқсайды. Бұған қатысты әлі де зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Алтын адамды өтірік жерледік...
– Алтын адамды алып кеткелі табиғатта «тосын сыйлар»көп болды деген сыбыстар қаншалықты рас? Өткен жылы халықтың қалауымен оны қайтадан жерледіңіздер. Табылған жәдігерді қайта жерлеу жағдайы қаншалықты жиі болып тұрады?
– 2003 жылы оба ашылды. Ал 2010 жылы сол маңдағы ауылдарды қалың қар басса, жазда үнемі су жетпейтін Жалши ауылын су басты. Ауыл тұрғындары өмірінде болып жатқан аяқ сыну, жол-көлік оқиғасы сияқты жағдайдарды да сонымен байланыстырды. Сөйтіп 2013 жылы тұрғындардың қалауымен Алтын адам қайта жерленді. Өз басым оның бәрін тылсым дүние емес, жай сәйкестік қана деп ойлаймын. Ал жәдігерді қайта жерлеуге келетін болсақ, бұл бірінші рет орын алып тұрған жағдай.
– Дегенмен оған дейін Шілікті жазығында ондай табиғат құбылыстары болмағаны рас қой? Жазы шыбынсыз, ал қысы қарсыз болатын.
–Оның рас. Мұны ғылыми түрде зерттеу керек. Негізінде біз Алтын адамды өтірік жерледік қой. Оны табытқа салып алып келді. Табытта жатқан күйінде жерледік. Ата-бабаларымыз табытта жатқан ба? Қалпына келтіруге бел байладың екен, бәрін бастапқы жағдайдағыдай ретпен істеу керек еді. Қайта жерлеген кезде қаланған кірпіштер де пирамида тәрізді болмады. Шілікті тұрғындары оған да риза болар, жеке өз басым көңілім толмайды.
– Ашық музей туралы айтылған сөз сөз күйінде қалды ма?
– Қырық адамдық штатпен ашық музей ашу туралы жоба да жасалған екен. Бірақ жоғары жақта «Бір облыста неге екі ашық музей (бірі Катонқарағайда) болуы керек?» деген сұрақ туындап, қолға алған жоба іске аспай қалған. Шілікті туризмді дамытуға өте қолайлы жер. Қаңтар айының өзінде ауа-райы жып-жылы болып тұрады. Далада осы қазір мен киіп отырған жұқа киіммен жүре беруге болады. Ашық музей болса қираған қорымдар қараусыз қалмас еді. Тіпті жан-жақтан туристер келуші еді. Ол жерде екі жүзден астам сақ қорымдары бар. Бұл бұрын соңды болмаған жағдай. Негізі екі мыңға жуық қорым бар екен, бірақ сан жылдар бойы қаншама егін егіліп, шөп шабылды. Қаншама мал жайылып, қорымдарды жермен жексен етті. Қазір Шілікті жазығына барар жол жаман. Жолда көлігің бұзылса, жөндейтін жер, тамақтанатын және қонатын орын жоқ. Қай адам олай тәуекел еткісі келеді?
– Ал енді Зайсан өлкетану музейі туралы тақырыпқа қайтып оралсақ… Адамдар алып келген көне бұйымдарды сатып аласыздар ма?
– Негізі оны мемлекет қаржыландыруы керек, бірақ қаржыландыруға шамасы жоқ. Біз қазыналық коммуналды мемлекеттік кәсіпорынға жатамыз. Бізге жалақы, салық, отын-суымызды береді, ал қалғанын өзіміз табуымыз керек. Ал біз қалай ақша табамыз? Музейге кіру үшін балалар 50 теңге, ал ересектер 100 теңге төлейді. Содан жыл бойы жиналатыны 500-600 мың теңге. Оған немене сатып алуға болады? Кейбір экспонаттарды сатып алу үшін сатушымен бағасын түсір деп келісеміз, ал келіспесе кәсіпкерлерден көмек сұраймыз.
– Тағы қандай шешімін таппаған мәселелер бар?
– Бізде экскурсия жетекшісі (экскурсовод) жоқ. Ол – музейдің жаны. Жаманды жақсы етіп көрсететін де сол. Бірақ Қазақстанда музейге қатысты мамандарды дайындап шығаратын оқу орны жоқ. Қазір бізде әртүрлі саладағы адамдар жұмыс істейді. Техникалық қызметкерлерді қоспағанда, музейге тікелей қатысы бар штатта төрт-ақ адамбыз. Мен суретшімін, бас маман тарихшы, тағы бір жігіт суретші, енді бірі музыкант. Музейге он адамнан артық адам келсе экскурсия жетекшісі болуы міндетті. Ол міндетті өзіміз атқаруға тура келеді.
– Музейге келушілер мәдениеті туралы не айта аласыз?
– Бізге көбінеки мектеп оқушылары, аудан, қалаға келген қонақтар, әскери бөлім жауынгерлері келеді. Сөрелерде тұрған әрбір тарихи жәдігерлерді көздерімен көрген кезде ата-бабаларымыздың тұрмыс-салты, мәдениеті туралы ой қорытып кетеді деп ойлаймын. Біле білген адамға, музей – өзгеше бір әлем ғой. Қазақстан тарихын музейлерде оқытып, үйреткен дұрыс деп санаймын.
– Музей директоры қызметін атқарып жүргеніңізге жиырма жылдан астам уақыт өтіпті. Алдағы уақытта алға қойған жоспар, мақсаттарыңызбен бөлісе аласыз ба?
– Менің арманым Зайсан ауданына жаңа музей салу. Бұрынғы облыс әкімі Б.Сапарбаев келгенде осы мәселені айтқан едім. «Әзірге мектеп, ауруханаларға басым назар аударып жатырмыз, бірақ кейін бұл мәселені де шешеміз» деген еді. Тіпті музей салатын орын да дайын тұр. Одан кейін музейге кіруді тегін еткім келеді. Көшеде кетіп бара жатқан кез келген адам мұнда ақысыз кіруге мүмкіндігі болғаны дұрыс. Біз үшін биылғы жылдың жаңалығы – музейіміздің қырық жылдығына орай мемлекеттік бюджеттен миллион теңге бөлінгендігі болып отыр. Бір қарағанда қомақты қаржы сияқты, бірақ түрлі-түсті етіп, сапалы кітап шығару үшін ол қаражат көптік етпейді екен.
Музей директорымен әңгімелесіп болғаннан кейін бас маман Фемистокл аға Жүнісов (есімі де, өзі де өте ерекше адам) мені музейдегі әртүрлі залдарға кіргізіп, әрбір бұйымның тарихын айтып берді. Музейдегі жәдігерлер саны – 7000.
Суреттер сөйлейді
Табиғат, жануарлар және палеонтология залы
Қазақ халқы этнографиясы залы
Қолөнер (көрме) залы
Музей директорының, басқа да қызметкерлерінің және Өнер мектебінің оқушылары қолынан туындаған заттар осы залда тұрады екен.
Орыс халқы (қоныс аударушылар) этнографиясы залы
Қазіргі заман залы
Музей ішін аралап жүріп көп ой түйдім. Әртүрлі қазба жұмыстары арқылы табылған жәдігерлерге қарап ұлттық болмыс-бітіміміз, салт-дәстүр, тарихымыз бен мәдениетімізге терең үңіле алады екенбіз. Әр елдің өз тарихы, өз мәдениеті бар екеніне дауым жоқ. Бірақ көшпенділерге мәдениетті біз үйреттік деп ойлайтын кейбір елдерге Алтын адамды және басқа да өркениеттің белгісін білдіретін бұйымдарды көрсетіп «Сендер қасықпен тамақ ішуді үйренгенде, біздің ата-бабаларымыз алтынмен апталып, күміспен қапталып жерленген. Бұл да бір мәдениеттің көрінісі емес пе?!» дегің келеді екен. Еңсені түсіре бермей, құлдық санадан арылатын уақыт жетті…
Мен сұхбат алып, музей ішін аралап болғанша бөбегім жақсылап ұйықтап алды. Осындай ой қорытатын, рухани азық алуға болатын мәдени орындарға жиі барып тұралық, достар!

Тек — орфолық олқылықтар. Бірақ, блогта ол ақырғы көрсеткіш емес. Айтары бар адамды тұтықса да тыңдаймыз.
Семіз 10 ұпай.
Бұларды кейін шығыстан келген ғұндар ығыстырып тастады.
Қандырарлық жауап па?
Он!