Жылжымайтын мүлікке инвестиция салу: артықшылығы мен кемшілігі

Менде дәл қазір үй, көлік, дүние-мүлік, киім-кешек алуға ақша пайда бола қалса… және дәл сондай сома артылып қалатын болса… Артық ақшамды қайда жұмсар едім? Бизнеске! Жеке кәсіпке! Ақша құрдан-құр жатпау керек, ол айналымда болып, маған пайда әкелу керек.
Бес-он сомым артыла қалса, бизнеске жүгірерім сөзсіз. Алайда, қай түріне? Осы уақытқа дейін караоке, кофейня ашуды да армандадым, қолөнер бұйымдарымды ұлттық брендке айналдыруды да қиялдадым. О-о-ой, мен жасағым келмеген бизнес қалды ма өзі?)))) Жеке кәсіпке сүңгіп кету үшін алдымен тәуекел керек, одан кейін шыдам, еңбек, төзім, тағысын тағы жалғасып кете береді.
Басымды қатырмай-ақ, бірнеше пәтер алып, оны жалға беріп қоямын деп шешіп отырмын. Иә-иә, тиімдісі осы, түбі іске асырамын.
Рахат емес пе, 2-3 пәтерді 150-200 мың теңгеден тапсырып қоясың да, өзің үйде «потологқа түкіріп жатасың»))). Жүйкең де орнында, артық жүгіріс те жоқ.
Үйге инвестиция салмастан бұрын оның қандай артықшылықтары мен кемшіліктері барын біліп алғаным дұрыс болар деп шештім.

Блог - aikarakoz: Жылжымайтын мүлікке инвестиция салу: артықшылығы мен кемшілігі

Артықшылықтары

Тұрақты табыс көзі
100 мың АҚШ долларына сатып алған үйіңізді айына 150 мың теңгеге жалға беріп қойсаңыз, сабылып жұмыс істеп те қажеті жоқ. «Жұмысымнан айрылып қалмас па екенмін» деген қорқыныш та мазаламайды. Ай сайын жайдан-жай түсіп тұрған ақшаны тиіспестен жинасаңыз, тағы бір жылжымайтын мүлікті болуға мүмкіндік бар. Қысқасы, жылжымайтын мүлікке инвестиция салу — айсайынғы кірістің сенімді әрі тұрақты көзі.

Баспана құнын жоймайды
Қазақстанда соңғы он жылдықта баспана қымбаттамаса, арзандаған емес. Құны мен өзектілігі артып жатыр, артып жатыр. Қазір үйі бар адам ауқатты жандардың қатарына ене бастаған секілді, меніңше. Әсіресе, Алматы мен Астанада.
Артық үйіңіз болса, киім секілді «мезгілі өтіп кетеді-ау, сәннен қалып кетеді-ау», тағам секілді «сақтау мерзімі өтіп кетеді-ау, жарамсыз боп қалады-ау» деп еш қорықпайсыз.

Алып-сату арқылы табысты ұлғайту
Ертерек арзанға алынған үйді өз бағасынан қымбатқа сатуға да болады. Өйткені, баспана бағасы күннен-күнге артуда. Тіпті бір үйді алып, сәл-пәл жөндеуден өткізіп, бағасын өсіріп өткізуге де мүмкіндік бар. Көзін тапса, бұл процесс те жемісті.

Балаға мұра
Көзді ашып-жұмғанша балаңыз ержетіп, қызыңыз бойжетіп қалады. Бірнеше жыл бойы жалға беріп, әбден нанын жеп аласыз да, соңында пәтерді өз алдына отау құрған ұл-қызыңызға сыйлап жібересіз. Керемет емес пе, сіз де мәз, балаңыз да мәз.

Блог - aikarakoz: Жылжымайтын мүлікке инвестиция салу: артықшылығы мен кемшілігі

Кемшіліктері

Бастапқы шығындар
Жылжымайтын мүліктен түсер пайдаға күмп етпестен бұрын қомақты қаржыны шығару керексіз. Дайын үйді Астанадан өлдім дегенде 50-60 мың АҚШ долларына аласыз. Онда да жағдайы мәз емесін, шаршы метрі азын.
Ал, қымбат үйді қымбатқа жалға беретініңіз әу бастан-ақ белгілі. Ол үйді алған күннің өзінде ішін жиһазға толтырып, жөндеу жұмыстарын жүргізу керексіз. Ай сайынғы коммуналды төлем ақысы бар. Жалға беріп отырған объектіңіз үшін төлейтін арнайы салықты ұмытпаңыз, табыс салығын да еске салайын. Ой, тізе берсе, шығын деген шаш етектен.

Жалға алушыны іздеу
Қазір пәтерді жалға алушы да көп, беруші де көп. Оған қоса, риэлтор да көп. «Күріштің арқасында кұрмек су іштінің» кері келіп, ортадағы алып-сатарлардың дәурені жүріп тұр. Қызметіне сұрар құны да аз емес, жалға берілетін пәтер құнының 10-20 пайызы. Пәтеріңізді жалға алушылар жылдап тұрса жақсы, ай сайын бірі кетіп, бірі келіп жатса, риэлторларға «жем боласыз». Үйіңізге тұрғын іздеу де оңай жұмыс емес, қанша уақыт пен жүйкені қажет етеді. Енді… күніне соғылған пәленбай қоңырауға жауап беріп отыру керек қой. Таңдау өзіңізде: алып-сатардың ақысы не өз энергияңыз, уақытыңыз, жүйкеңіз.

Шұғыл түрде қаржы алу мүмкін емес
Салым объектіңізден шұғыл қажет болған қаржыны суырып алу мүмкін емес. Төтеннен ақша қажет бола қалса, пәтеріңізге сенім арта алмайсыз. Өйткені, сіз қойған бағаға келісетін сатып алушыны сарыла күту керексіз. Ол бірнеше айға, тіпті жылға созылуы мүмкін. Жылжымайтын мүлікті жедел сату үшін құнының нарықтағы бағадан бірнеше пайызға төмендейтініне келісуге тура келеді.

Комиссиялық төлемдер
Жылжымайтын мүлікті сату/сатып алу барысында кездесетін ең атаулы мәселе. Үйді сатсаңыз да, сатып алсаңыз да кәсіби бағалаушылардың, заңгерлердің, риэлторлардың комиссиялық төлем ақысынан қашып құтыла алмайсыз. Оларға беретін қаржыңыздың орны үйірейіп қалуы да мүмкін. Риэлторлар 1 пайыздан кем ақша алмайды.


Мен бәрібір ойымды өзгертпеймін: ақшамды жылжымайтын мүлікке салам :)
Бөлісу:

10 пікір

asaubota
Астанада көп адам осылай отыр. ақшаны қайдан табатындарын пәленбай үйге
zholantai
иә, одан кейін ұядай бөлмелері бар екі-үш қабат коттедж салып, соны жалға берудің де табысы мол,
20 бөлме болса, әрқайсысын ең арзаны кемі 35 мың теңгеден береді, айына 700 мың кіреді, коммуналкасы бөлек төленед
көбі кредитке алынған ақшаға жер алып, коттедж соғады,
болмаса, жерді кепілдікке қойып кредит алады, сол ақшаға жатақхарна коттедж соғады, жалға алушылардың ай сайынға төлемін мол-мол қылып кредитіне құйып, жауып тастайды дағыны ары қарай тағы жер сатып алып, жатақхана коттедж соғады,
жилой комплекстен те пәтер алып отырады,
опшым, крутой бизнес
сол жылжымайтын мүлікті жалға берушілер бюджетке неше салық төлейді, меніңше көбі төлемейді, айналып өтеді,
asaubota
Эльвира универсал. Кез келген тақырыпты сындырады. Жақсы көрем!
Gastarbaiter
Бітуге таяғанда күрт махаббатың ашылып кетіпті ғой. )))))
patick
Совет құлаған кезде кейбір пысық алматылықтар арзанға пәтерлер алып алған. Рақат, өздері қала сыртындағы дачада өмір сүреді. Қаладағы 3-4 пәтерден пайда көріп отыр кәдімгідей.
MamaAya
Жарайсың, Эльвира!!!
Менің өз практикамнан, біз де пәтерді жалға беріп қоямыз. Тойымызда сыйланған пәтер, ол кезде не үшін қаланың сырт жағындағы Бекжан базарға жақын пәтер екеніне басым онша жете қоймаған болатын. Түсінбегем. Неге орталықтан емес??? Сөйтсем, оның себебі бар екен. Себебі, Бекжан базарында сауда жасайтын қырғыз ағайындар базарға жақын жерден пәтер іздейді екен. Тем более жастар емес, көбінесе ес тоқтатқан, мамалар қатарлы апайлар болады.Айлық төлемақысын да уақтылы беріп отырады, өз елдерінен алыста табыс табу үшін жүргендіктен олар ішімдік ішіп, әркімді жинап пәтеріңді сауық кешін өткізетін орынға айналдырмай таза ұстайды. Барып тексеріп те тұрамын, 2 жылдан астам тұратын апайлармен жақсы таныс болып кеткенбіз.
Жалпы алғанда, күн-түн аяғынан сабылып жүріп жұмыс істеп бір кісілердің табатын ақшасы үйде отырып-ақ табатының рас. Бірақ, Астанада қаншалықты екенін білмим енді.
satibaldi
Тойымызда сыйланған пәтер
Как бэ намекаете
zholantai
Бекжан базарға жақын маңда көпқабатты үйлер бар ма? білмейд екенмін,
еще неше теңдеден жалға бересіңдер?
MamaAya
)))Қазіргі Автонур жақ қой. Екі бөлмені 60-қа. Астаналықтар үшін өте арзан шығар. Бірақ бізде норма былай. Бекжанға тиіп тұрған жоқ, бірақ алыс та емес. Ол үйде, көбісі квартирант ұстайды, тұрғындардың көбісі сол базарлардың саудагерлері.
Ottegin
Өткен жұмада бір пәтер сатып, түскен ақшаға үстеме ақша қосып дүкен сатып алдым. қосқаным 8 мың доллар, пәтерді 33 мыңға саттым. Ол пәтерді жалға беретінмін, айына 55 мың теңге төлеп тұрды, ал қазір дүкенді 150 мыңға жалға бердім.

Риелтор-миелтор дегенге жақындама миыңды еліртіп жіберед, газет-сайттарды асықпай қарап, іздеп, саралап таңдау керек. Келісімшарт жасағанда нотариусқа бару да қажет емес қазір, оны өзің асықпай отырып жасайсың, содан соң БТИ-ға барасың да тіркейсің, келісімшартты нотариустың растауы кем дегенде 22 мың теңге
Айтайын дегенім: жылжымайтын мүлік сатып алу — қаражатты өсіруге өте тиімді әдіс.