Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы

Қоғам деп тұтас адамдардың бірлестігін, жиынтығын, бір-бірімен байланысын айтамыз.Қоғамда ең басты рөлде адам тұратыны даусыз.Адамдардың әр түрлі болуы, мысалы:
1)Жынысына байланысты — ер мен әйел
2)Жас өлшеміне байланысты — балалар, жастар, егде адамдар,қарттар
3)Материалдық игіліктерге байланысты-жоғары тап, орта тап, төменгі тап болып бөлінуі;
4)Біліміне байланысты — орта біліммен шектелген не жоғары білімі бар,ғылым жолына бағыт алғандар;
5)Қызметіне байланысты — жұмыссыздар мен жұмысшылар;
6)Мүмкіндігіне байланысты — дені сау, он екі мүшесі түгел жандар мен мүмкіндігі шектеулі жандар
және осылай бөлініп кете береді.
Ал мен бүгін қоғамдағы өз орны бар және мемлекет пен қоғамның қолдауын аса қатты қажет ететін мүмкіндігі шектеулі жандардың, соның ішінде қос жанарынан айырылған зағип жандар тұрмысын қозғамақпын.Себебі 13 қараша " Халықаралық зағип жандар" күні болып бекітілген, бұл жыл сайын атап өтіледі.Сол себепті Астана қаласынан зағип жандар барып тұратын қоғамдық орындарды іздедім.Астанада зағип жандарға, яғни зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған мамандандырылған кітапхана жұмыс істейді екен, мекен-жайын алып, сабақ біте салысымен құрбым екеуміз жаяулатып Таха Хусейн көшесі 2/1 мекен-жайына жол тарттық.Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Жол-жөнекей адамдардан сұрастырып, кітапхананың қайда орналасқанын білмек болып едік, кездескен адамдардың барлығы жақын маңда кітапхананың жоқтығын, тіпті біз айтқан мекен-жайдың барын білмей шықты.Адасып жүріп үйлердің арасынан әзер дегенде кітапхананы тауып алдық.Біз күткендей биік ғимаратта орналасқан, жаңа кітапхана болып шықпады.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Жұмыс кестесі - дүйсенбі-жұма таңғы 9-дан 17:00-ге дейін жұмыс жасаса,сенбі,жексенбі күндері демалыс
.
Кітапхана ішіне кірдік, бізді осында жұмыс атқарып келе жатқанына 4-5 ай шамасы болған кітапханашы — Ғалым Нұрланов деген кітапханашы қарсы алды.Біз өзіміздің не себепті келгенімізді түсіндіре кетіп, кітапханашыдан кітапхана тынысымен таныстыруды сұрадық.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Кітапханада 29 000-нан аса материалдар бар.Бұл материалдарға арнайы «брайль» жүйесі бойынша жазылған кітаптар, аудиокітаптар, дискілер және газет-журналдар жатады.Кітапхана бір оқу залынан, және екі бөлмелі абонементтен тұрады.Мұндағы кітаптардың көп бөлігі «Брайль» жазу жүйесімен жазылған кітаптар болғанымен, көпшілігі орыс тіліндегі кітаптар.Ғалым мырзадан қазақ оқырмандары мен орыс оқырмандарының айырмашылығын сұрағанымызда, екеуі де бірдейкітапханаға келетіндігін айтты.Алайда біздің аңғарғанымыз,«Брайль » жазу жүйесінде қазақтың төл әріптерінің жоқтығы еді.Сіз өз Отаныңызды жазу үшін "Қазақстан" емес «Казакстын» немесе «кітапхана» емес «китапхана» деуіңізге тура келеді.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Ғалым мырза бізді кітаптармен қатар арнайы аппараттармен де таныстырды.Мұнда арнайы
шетелден кітап қаріпін үлкейтіп көрсететін аппараттың барын, оның қалай жұмыс жасайтынын көрсетті.Сонымен бірге арнайы лупалар, жазу құралдары, сонымен бірге А4 форматындағы қағазға кәдімгі әріппен көрсетілген мәтіндерді оқитын аппаратпен таныстырды.Кітапханада оқырмандарға арналған екі компьютер жұмыс істейді, интернет желісіне қосылған, дегенмен біз тексеріп көргендей интернет желісі нашар жұмыс істейді екен.Зағип және көзі нашар көретін адамдарға арналған кітапханада арнайы қысымдарын өлшеуге арналған құралдармен қамтамасыз етілгендігін атап өткім келеді.Және кітапханаға келген оқырмандарға шахмат ойынын ойнауға да мүмкіндіктер қарастырылған.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Кітапхана қызметкерлерінің жалпы саны 7-8, олар келген оқырмандарға қызмет етумен қатар, тыңдағысы келген кітаптарын оқып береді, мұндағы оқырмандарды тыңдайды емес, оқиды деп айту керек екен.Сонымен қатар арнайы бір бөлме зағип жандардың шығармашылықпен айналысуына арналған екен.Бірақ та заманауи техника мен жаңа жиһаздардан құр қалған бұл кітапхана шырайына көлеңке түсіріп тұрған секілді көрінді.

(Төмендегі фотолар кітапхана мұрағатынан алынды)
Кітапханаға студент жастарда келіп тұрады, мысалы 12 қараша күні колледж студенттері келіп, зағип жандардың қалай кітапты оқитындығымен,қандай аппараттардың барын және қалай жұмыс жасайтындығымен танысып кеткен болатын.
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Біз барған күні оқырмандарды көре алмадық, оның себебін Ғалым мырза былай деп түсіндірді:
— Қыс мезгілінде оқырмандар сирек келе бастайды, себебі оларға мұнда келу оңайға соқпайды.Бірақ бізде сол жандардың үйіне арнайы кітап апарып беру немесе оқып беру қызметі қарастырылған.Және де зағип жандарға арнайы көлік те қарастырылған,-деді.
Шағын ғана кітапхана оқырмандары 1000-ға жуық екен.Бірақ та мамандандырылған кітапхана жағдайы көңілімізден шықпады.Себебі:
1)Кітапхана тым ескі, жөндеуді соңғы рет қашан көргені белгісіз
2)Тым тар, мүмкін жаңа ғимаратқа көшу керек те шығар
3)Есіктері де кішкентай, мұнда арбамен келетін жандар да бар
4)Пандустың жоқтығы, бұл үлкен проблема
5) «Брайль» жүйесінде қазақ қаріпінің болмауы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Керек тілші: Зағип жандарға арналған кітапхана тынысы
Бұл қоғамдық орынның бақылау көрмегені көзге ұрып тұр.Жихаздары да, аппараттары да ескі.Кітапхана аумағы тар, орналасқан жері де ыңғайсыз.Зағип жандардың бәрібір көзі көрмейді ғой деген сияқты, бұл кітапханаға жоғарғы орындардан ат басын бұрып, тіршілігін көріп жатқандар жоқтың қасы секілді.Кәдімгі көзі көретін, дені сау адамдар егер де осындай олқылықтардың барын көрсе, дер кезінде басшылыққа шағымданатын еді.Бұған кітапхана қызметкерлерін кіналаудан аулақпыз, себебі олардың қолдарынан өз қызметтерін жасаудан басқа ештеңе келмейді.Жаңа аппараттар сатып алуға үлкен қаражат керек,ғимарат орнын ауыстыру мәселесі де бар.Біз мүмкіндігіміз бар бола тұрып, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдаудан тыс қалып жатамыз.Олар қоғам көмегіне зәру, сол себепті осы кітапхананы басшылар өз көзімен көріп, көмек көрсетсе деймін.Өйткені зағип жандар демалатын қоғамдық орындардың санаулы екені, соның бірі осы кітапхана екенін айтқым келеді.
Бөлісу:

18 пікір

qonyrbai
Керемет! Ұнады! :)
NazerkeAbibulla
Шын айтып тұрсыз ба?
qonyrbai
Әйтеуір, біреуіне фейкпін, біреуіне өтірікшімін…
NazerkeAbibulla
)))))) шын ұнаса болды, бастысы
qonyrbai
Шын ұнамаса пікір жазбас едім ғо. :)
AydosRymkul
Негізі осы жолы араласпаймын! Бұл жолы кінәлі боп тұрған жоқсыз)))))
qonyrbai
Қазақпыз ғо. © Лермонтов
Daniar-Alan
Тақырып қызық… бірақ… қателерден бастайын :)
Бірінші, 7 минутқа кешіктің. Басқа жюрилер не дейтінін білмеймін. Мен кешірдім. Ойындасың ;)
Екінші, қателер. нуу… үтір, нүктеден кейін пробел қойылады…
сонымен бірге А4 форматындағы қағазға кәдімгі әріппен көрсетілген мәтіндерді оқитын аппаратпен таныстырды.
Қане???
«Брайль» жүйесінде қазақ қаріпінің болмауы
ал бұл мәселе. Үлкен мәселе. Неге деп зерттемедің Ә? :)
Асығыс жазылған пост.
Очм 6 балл
NazerkeAbibulla
ия, асығыс жазылған пост, зерттедім бәрін,үлгергенше жаздым.«Брайль» жүйесіндегі қазақ қарпі кітапханашы айтуына қарағанда Алматыда соны оқитын не жазатын аппарат бар, бірақ ол да қаражат деген болатын.Арнайы аппаратты дұрыс түсіре алмадым, негізі жағдай былай болды, фотоаппаратпен бардық, бірақ фотоаппарат флешкасын ұмытып кетіппіз.Ал біз барған күні жұма болатын, жарайды деп соткамен түсірдім, кітапхана туралы әлі де көп жазуға болар еді, сіз айтқандай асығыс болса да үлгерейін деп едім, сонда да кешіктім.
NazerkeAbibulla
Мұнымен шектелмей тағы да зерттеймін, сіздер де осы кітапхананың жағдайымен өз көздеріңізбенен таныссаңыздар деймін
NazerkeAbibulla
Бұл жарыстың ұйымдастырылып жатқандығы тек керек тілшіні анықтау ғана емес, олар көтерген проблеманы шешу жолдарын қарастыру керектігін ұмытпасаңыздар!
qonyrbai
Дұрыс. Әбден пісіруің керек журналис ретінде.
yerlanospan
Қоғам деп тұтас адамдардың бірлестігін, жиынтығын, бір-бірімен байланысын айтамыз.Қоғамда ең басты рөлде адам тұратыны даусыз.Адамдардың әр түрлі болуы, мысалы:
1)Жынысына байланысты — ер мен әйел
2)Жас өлшеміне байланысты — балалар, жастар, егде адамдар,қарттар
3)Материалдық игіліктерге байланысты-жоғары тап, орта тап, төменгі тап болып бөлінуі;
4)Біліміне байланысты — орта біліммен шектелген не жоғары білімі бар,ғылым жолына бағыт алғандар;
5)Қызметіне байланысты — жұмыссыздар мен жұмысшылар;
6)Мүмкіндігіне байланысты — дені сау, он екі мүшесі түгел жандар мен мүмкіндігі шектеулі жандар
және осылай бөлініп кете береді.

Бұл абзацты өмірде жоқ деп есептелік, көп нәрсе айтып — ештеңе айтпау деген осы болады. Әрі репортаж жанрында ой толғау, оның үстіне мынадай — жанамағылыми стильде ой толғау — абырой әкелмейді. «Тездетіп айтшы енді!» деп тыпыршитын құрбы-құрдасыңыз бар болар? Оқырман да сүйтіп отыр ма деймін.
Жиһаздардың түрлі сапада әрі ракурста түсіріле беруі де мезі етті. Оргтехникамен «жағдайлары шүкір екен» дегіңіз келді дейін десем, PC/принтер/сканер бүгіндері әлеует көрсеткіші болудан қалған сияқты.
Брайль әліппесі тұсында іліп аларлық әлдене пайда боп келе жатыр еді, шорт кесіліпті.
Фотолардың орналасуында сценарий жоқ. Кез келген кадры алтынға татитын фотолар болады, мысалы — соғыс даласынан. Заман тиыш — заң тиыш шүкір заманда мынау фотолар ештеңе айтпады.

6 ұпай
bake
Жазбаңды оқып отырып, баяғыда, бірінші курс студентті болғанымда, көшірме аппараттың тапшы кезі есіме түсіп кетті. Бірде қажет құжаттың көшірмесін жасатпақ болып мекемелерді кезіп жүріп Өскемен қаласындағы зағип жандарға арналған кітапханаға қалай тап болғанымды өзімде білмей ішіне еніппін. Сұрастыра келе құжатымның көшірмесін істеп беруге келіскен кітапхана қызметшісіне тап болдым. Құжаттың көшірмесін істетіп жатқанда балаларға арналған ескі журналдардың тігілген жинағы көзіме түсті. Бала кезімде қызығып оқыған журналдың бетінде көрген комикстің көшірмесін қоса жасатып алдым. Сол кезде «зағиптарға» арналған кітапхана деген жазу маған еш мәнсіз жазу еді, кәдімгі қатардағы кітапхана тап болдым деп қабылдағанмын. Қазір ойландым: жазуды оқиды ғой, комиксті ше? Комиксті қарап оны қызықтамайды да, балалар денсаулығындағы түзетілмес ақауы бар соны түйсігім қабылдағанда денем тіркеніп, жаным қысылды. Сыйға тартуға алынған 1000 теңгелік қорапша шоколод. Оған ақшамды қиыппын ойланбастан. 1000 теңгемді бір рет болсын көмекке зәру науқас балаға қимаппын.
asaubota
суреттермен біраз жұмыс жасауың керек. көлемдері әр түрлі, мейлінше бірдей өлшеммен беруге тырыс. ал сапасының нашарлығын арнайы эффекттер арқылы жабуға болады. qonyrbai көмектес келесіде

8
Gastarbaiter
Мына сөйлемге дейінгі абзацты, сіздің орныңызда болсам, пешке аямай лақтырар едім:
Себебі 13 қараша " Халықаралық зағип жандар" күні болып бекітілген, бұл жыл сайын атап өтіледі.Сол себепті Астана қаласынан зағип жандар барып тұратын қоғамдық орындарды іздедім. Астанада зағип жандарға, яғни зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған мамандандырылған кітапхана жұмыс істейді екен, мекен-жайын алып, сабақ біте салысымен құрбым екеуміз жаяулатып Таха Хусейн көшесі 2/1 мекен-жайына жол тарттық.

Адамдар «тірі» және "өліп қалғандар" болып та бөлінеді айтпақшы.

Ойыңдағы сөйлемдерің бірінші лік пен маңыздылық үшін таласып, ақыры жамырап жазбаға бәрі шығып кеткен сияқты.
Мен былай өңдер едім:
«13-қараша „Халықаралық зағип жандар“ күнін қаламыз жыл сайын түрлі шаралармен атап өтеді. Ал біз, құрбым екеуміз, бұл күнді зағип жандарға арналған кітапхананы барлап қайту арқылы атап өткіміз келді. Мекен жайды да біліп алдық. Таха Хусейн көшесі 2/1. Сабақ біте салысымен, жаяулатып сонда тарттық.»
Салыстырып көрші. Бәрібір өзіңдікі ұнап тұрса, елеме.