ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері

Жұлдыздарымызды тойға шақыру үшін «ақшасын төлесек болғаны» деп ойласаңыз, қателесесіз. Олардың сыйақысымен қоса, «каприздерін» де көтеру керексіз. Дәл қазір той-бизнестің көшін бастап тұрған әншілеріміздің райдері қандай? Олар басқа қаланың тойханасында ән салу үшін нендей талаптар қояды?
Дженнифер Лопес секілді «тек қана ақ түсті жиһаздар мен ақ раушанға толы қонақ үй бөлмесін», Бритни Спирс сияқты "қонақ үй қызметкерлерінің бәрі ақ түсті киіммен қарсы алғанын, өзі ертіп жүретін бас аспазының ғана тамағын" сұратпаса да, Қазақстан әншілерінің өзіндік талаптары бар екен.
Сонымен… күн сайын әр қаланың тойын қыздыратын, дәл қазір қызу сұраныста тұрған райдерлі әншілеріміздің ондығы.

10. Ғалымжан Молданазар

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдеріБиыл ғана өнердегі жұлдызы ерекше жарқыраған Ғалымжан тойға шақырса, ешқандай талаптар қоймайды екен. Мұны той-бизнестегі тәжірбиесіздігі дегеннен гөрі, тым қарапайымдылығы деген дұрысырақ болар. Ғалымжан үшін ұшақтағы орнының қай класқа жататыны маңызды емес, діттеген жерге жетсе болғаны. Қонақ үйдің де жұлдызын санап әуре болмайды, тамақтың да ұсынылғанын жейді. Үнемі тек жанды дауыспен айтатындықтан микрофонның сапалы болғанын қадағалап отырады. Тойға шақырушыға айтар бір ғана талабы бар: тапсырыс беруші жақын танысып, жақсы араласу үшін Молданазарды әңгімеге шақырып, мазасын алмау керек. Жалпы ешкім тиіспегенін қалайды.


9. Серік Ибрагимов

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдеріСерік те дәл Ғалымжан сияқты ұшақтың эконом класымен де, ұсынып жатса, бизнес класымен де ұша береді. Күтіп алушылардың Жигули сияқты көлікпен келмесіне сеніп, «мынадай машинамен қарсы алыңдар,» деп те айтпайды. Қонақ үйдің таза болуын ескерткенімен, жұлдыздарының санына бас ауыртпайды. Алайда, Серік жанынан администраторын тастамайтындықтан жол шығындардың бәрі екіге көбею керек. Серіктің қояр ерекше райдері: ән арасында қолындағы аспабымен, яғни, саксофонымен әуен тартатындықтан микрофонның тіреуіші болуы шарт.


8. Айгүл Иманбаева

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері
Ұшақ билетінің класы (бизнес/эконом) міндетті емес, бірақ, Air Astanaмен ұшқанды қалайды. Қонақ үйдің люкс номері, тазасы, қолайлысы болу керек. Көбіне әр қаладан өзі ұнататын қонақ үйді таңдауға тырысады. Айгүл өте-өте тоңғақ адам болғандықтан жататын жердің жылы болуын қадағалайды. Әрине, қымбат көлікпен қарсы алу керек.



7. Ақылбек Жеменей


Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері
Ақылбек тек қана бизнес класпен ұшады. Қымбат көлікпен қарсы алып, бес жұлдызды қонақ үйге жайғастыру керек. Жанында үнемі көмекшісі жүретіндіктен оның да шығындарын көтеру міндет. Музыкалық аппараттардың сапалы болғаны да өте маңызды. Осының бәрін орындап, 5 мың АҚШ долларын төлесеңіз, Ақылбек Жеменей тойыңызда антрактіге дейін болады.



6. Айқын

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері
Ұшақтың бизнес класымен ұшпаса болмайды. Қонақ үйдің жұлдызы маңызды болмаса да, таза отельдің люкс номерінде жату өте маңызды. Қымбат болмаса да, құнарлы, дәмді тамақтан 3 мезгіл нәр алу керек. Қай қалада болса да, үнемі көмекшісімен жүреді. Ерекше райдері: жанды дауыспен ән айтатындықтан дауыс колонкалары 3 кВт-тан төмен болмауы керек.



5. Бүркіт пен Аиша

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері

Міндетті түрде ұшақтың бизнес класындағы орын, міндетті түрде 5 жұлдызды қонақ үй. Ұшақтан түскенде қымбат көлік күтіп тұруы керек. Тойхана емес, тойдағы адамдардың саны өте маңызды: адам аз болған сайын Бүркіт пен Аиша алатын сыйақы құны қымбаттай береді. Оны «адам азайған сайын олармен жұмыс істеу, көңілін көтеру қиындай береді,» деп түсіндіреді Бүркіт.



4. Қыдырәлі мен Қарақат


Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдеріБұл жұп тек бизнес класпен ұшып, тек бес жұлдызды отельге қонып, тек қымбат көлікпен алып жүргенге үйреніп қалған. Тойға тапсырыс алмас бұрын тойхананың аппаратурасын тәптіштеп сұрап алады. Өздерімен бірге микрофондарын алып жүреді. Ерекше райдері: тойхананың тым биік болмауы. «Тойхана өте биік болған сайын акустика нашарлап, дауыс шашырап кетеді, ән дұрыс шықпайды,» — дейді Қыдырәлі.


3. КешYOU тобы

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері

КешYOUдың сылқымдарының тек бизнес класпен ұшатыны бесенеден белгілі. Әрине, алты жұлдызды қонақ үйлер пайда болса, бірден соны таңдар еді. Айдана жақсы көретін жеміс-жидектер, Кәмшат жақсы көретін балық та сұраған уақытта лезде дайын болуы керек. Бұл герлз-бендті қай қалаға барса да қара джиппен алып жүру — ең басты да, ерекше райдері.



2. Қайрат Нұртас


Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдеріҚайрат: "- Шетелге шықсам, райдерімді аямастан үйіп-төгемін. Өз елімде көп еркелемеймін," — дейді. Қайратты тойыңызда көргіңіз келсе, 7 мың АҚШ долларынан бөлек, бизнес кластың билет құны, 5 жұлдызды қонақ үйдің люкс бөлмесін, өте қымбат көліктің алып жүруін қадағалау керексіз. Міндетті түрде бірнеше таза орамал болу керек. Қайрат қай қалаға барса да, таныс-паныстың үйіне бас сұқпай, тек қана қонақ үйде жатқанды жақсы көреді. Сондықтан бөлмесінің жайлы болуы — ең басты талап.


1. Асхат Тарғын

Блог - aikarakoz: ТОП-10. Той-бизнестегі әншілер райдері

Талапшыл жұлдыздар ондығын «Мария Магдалена» хитін орындаушы Асхат Тарғын бастап тұр. Асхатты тойыңызда көрем десеңіз, ұшақтың бизнес класынан орын әперіп, S-класты көлікпен қарсы алып, әппақ төсегі бар, бес жұлдызды қонақ үйге орналастыру керексіз. Бөлмесінде шоколад, жеміс-жидек және газсыз су міндетті түрде болу керек.




Ақпарат әншілердің өзінен, продюсерінен және администраторынан алынды.
Бөлісу:

69 пікір

zholantai
млин, Асхат Тарғын дегенді тойға шақыратындарға таңмын, ужсс
Қыдырәлі мен Қарақат және КешYOU тобы тойға шықпайд деп ойлап келіппін
жалпы, тойыма мына ондықтан тек Ғалымжан Молдазарды ғана шақыруым мүмкін екен, онда да халявкі ақша болса ғана, а так тойға сумма төлеп әнші шақыртуды дебилизм деп есептейм, что за люди,
zholantai
фуу, блин, аноу Асхат Тарғын дегеннің талапшылдардың ондығын бастап тұрғанын қабылдай алар емеспін, ну адам бір әні уақытша хит болып шыға келед, онда да жанын қинап шығарған туынды емес, сөйте тұра талапшыл ондықты бастайд, әділетсіздік ғо бұ деген
aikarakoz
Узбагойся)))) Қолыңнан келсе, қонышынан бас деген бар))))
zholantai
Ғалымжан Молданазар мен саксофоншының қоюына болатын талапты қай-қайдағы Асхат Тарғын дегеннің қоя алуы ешбір рамкіге сыймайд ғо, ужссс,
Anar70
Ұлым үйленгенде, керектің жұлдыздарын шақырсам, келе ме екен?)
aikarakoz
Барады ғой))) Райдер болмайтын шығар біздің жұлдыздарда)))
zholantai
айтпақш, мұндайды райдер атайтынын білдім, рахмет
aikarakoz
Айтпақшы, барлық райдер әншінің өзінен, продюсерінен не администраторынан алынған. Оны жазба соңына жазу керек пе, жоқ па, білмедім.
zholantai
вульгарный райдерлер жоқ екен дә, әлде жазбай қойдың ба,
aikarakoz
Бір кісі әзілдеген болып айтты. Оны тізімнен алып тастадым мүлде))) Бар рейдерін айтып алып, соңында «мүмкін мені қоспай-ақ қоярсың, а» дееееп қарап тұр. ОК дедім. Ол кейінге запаста тұра берсін десең, ә әхәхәхә
zholantai
сонда да айта салш, не райдер екенін, кім айтқанын емес, қызық та прості
zholantai
aikarakoz , айтш, не райдер? күлейікЧ, :)
aikarakoz
Ят болад))))
zholantai
Жоғарыдағы Асхат Тарғынның райдерімен ондықты бастағанынан-ақ ят деген шегіп кетті, уж
nurbergen_makym
aikarakoz
Нье күлес? O_o
nurbergen_makym
«ақшасын төлесек болғаны» деп ойласаңыз, қателесесіз.

zholantai
Ернар Айдар қайда? Ернар Айдар? Тойға көп шақырылатынлардың бірі сияқты ғо
aikarakoz
Ой, ол бар екен ғой((( Мұткетіппін. Басында онға жеткізе алмай әлек болдым ғой)
Райдерін жариялауыма қарсы болғандары да болды. Мысалы, Музарт, Заттыбек.
asaubota
пезд*с шығар мыналар :)
zholantai
Ерекше райдері: тойхананың тым биік болмауы.
мына райдер ақылға сыймайд екен, сонда потолок биік болса келмей қояд па, әлде келе беред ме?
aikarakoz
Келмейді ғой. Қалай болса, солай салынатын тойханалар көп қой, расында. Оны сен шымкенттік болмағасын білмей отырсың)))))
zholantai
шымкенттік болмағасын
қалайша? шымкенттікпін — мен :)
aikarakoz
ойвай, шымкенттік болғасын дегім келген)))) Шымкентте керемет қылып соғады ғой тойханаларды)))
zholantai
ал, мен әлі жыным кеп отырм, мыналарға, Ғалымжан мен саксофоншыдан басқасына
zholantai
кезінде Лопесті Үндістан елі өздерінде өткен гольф турнирге шақырғанда ДжейЛоның райдері үшін оған «пошла на ...» деген жоқ па ед :)
qonyrbai
Жәкенің білмейтіні жоқшш. :)
zholantai
білмей қалатын нес бар, со кезде жалқау сайттардың өзі соны жазып кетті ғо: «көтенбай Лопеске сауап болд, сауап болд, со керек оған, Үндістан елі мәдес, атақ-матағына қарамад, „келмесең, жоғал“ деді» деп,
qonyrbai
«Ал біздің қазақтар Астана күнінде Ресейден, шетелден әншіні шақырад қыруар ақшаға», — деп жылады сонда дейсің ғо? :)
zholantai
үнем жылайд ғо, өйтіп, :)
xsanatos
бәрінің талабы бір ғой, а? рейтингті түк түсінбедім. неге дәл осылай орналасты? болмановтар мен тарғынның талаптарынан айырмашылық байқай алмадым.
zholantai
сізге рейтинг деген дүниені түсіну мүлдем жат па дедім, түсінуге тырысып қайтесіз :)
xsanatos
мына жердегі критерилері бірдей ғой енді, бизнес класс, бес жұлдыз қонақ үй тағысын тағы. ерекшелік тек болмановтарда ғана бар сияқты
nb22
zholantai , саған қосыламын! Біріншіден, бір әнге бола соншама кергитіндей несі бар Асхаттың? Өзінше бола қапты. Екіншіден, оның бір ғана әнін ХИТ деуге қалай ауыз барады? Бапше ұнамайды сол ән! Тойларда билемей қоям ))) aikarakoz , мына топты осы ұзынынан тұрған бойында есептейікші? Яғни, Ғалымжан Молданазар рейтингті бастап тұр, ал Асхат аяқтап тұр деп?
zholantai
… мына топты осы ұзынынан тұрған бойында есептейікші? Яғни, Ғалымжан Молданазар рейтингті бастап тұр, ал Асхат аяқтап тұр деп?
олай етуге болмайд,
satibaldi
Асхатты тойыңызда көрем десеңіз, ұшақтың бизнес класынан орын әперіп, S-класты көлікпен қарсы алып, әппақ төсегі бар, бес жұлдызды қонақ үйге орналастыру керексіз.
Мынау мұрттыбайымайд па? Бесіктен белі, микрофоннан үні шықпай жатып па? Велосипед жіберсек жақсы десін, нақтың.
bazuka
Тойда ән салатын братішкелерім аман болсын!)) Енді тамадалардың райдерін жарияласаңыз қызықты болар еді))
satibaldi
Молданазарды әңгімеге шақырып, мазасын алмау керек.

— Ғалымжан, барлығы жақсы өтті, мынау орамал — сенің еңбегің…
— Жоқ бол нақ сукі лібә дүрдараз, ой, ақша ма мынауыңыз, хершіріңіз…
VKM
Жұлдыз шақырмаса да түк етпейтін сияқты.Текке ақша шашпай.Әр қаланың өз жұлдыздары жетерлік, мысалы Өскеменде «Найман» тобы бар,әншілері де, бишілері де, фокусниктері де бар.
satibaldi
бишілері де
«Бьют по мешку, имея ввиду осла» — француз мәтелі
VKM
Сатеке, я давно не танцую.Кляяяяяяяяяяянусь
zholantai
тек наймандар ғана шақыруға болатын топ па, сонда?
VKM
жоқ, кім шақырса да бараберет:)))
zholantai
аттас емес рулар шақырмай қоятын шығар :)
satibaldi
жоқ, кім шақырса да бараберет
Как бэ намекаете
VKM
наймандарда шаруам жоқ, мен кереймін.
satibaldi
наймандарда шаруам жоқ, мен кереймін.
Aya , она как бэ намекает
satibaldi
Өскеменде «Найман» тобы
Что символизирует
ken
Бізде өз-өзін жарнамалайтын екі ру бар. Бірі батыста, екіншісі шығыста.
— десем руаралық қақтығысқа айналып кетпес пе екен?..
merekeee
Өзін қадірлей білетін әншіге райдер керек-ақ дүние. Әнеу әншілердің "қандай класс, қонақ үй, қандай мәшине екені бәрібір" деуі жарамады. Сапалыны, жақсыны талап ете білген дұрыс. Әйтпесе, Жигули жібермейтінімізге ешкім де кепіл емес.
Асхаттыкі райдер емес шығар, жай ғана талап. Райдер деген заңдастырылып, мөр қойылатын кәдімгі документ. Шақырушыға алдын-ала жіберіледі және қол қойылады. Орындамағандар жауап береді. Райдердің мерзімі де бір хиттің өмірімен өлшенбейді. Оныкі (Асхат) «темірді қызған кезінде...» немесе уақытша «еркелік».
Anar70
Бүгін күні бойы Ғалымжан Молданазарды тыңдадым, «Ақпен бірге», Кім ол""… жүректі шымырлатты)
qonyrbai
Жүректі шымырлатты,
Домбыраны дыңғырлатты...
edige
Тарғынның ондай кісілігі тек баспасөзде жүреді ау… Ел оның атын да білмей «Чик чик келді» деп жатады.
Айтатын әндері «Магдалена», «Даурия» әндерін тіпті енді микрофон ұстаған той аппаратурасының егелері де айтады…

Сараптау дұрыс емес сияқты мен үшін…
Tyulpan
«кезінде мен де әртістің жолын қуғанда» деп қиялдап қояйын))
ArailymKalen
Асхат Тарғын көш бастап тұрады, деп ойламаппын. Кеше ғана шығып алып. Мəрия Магдалена болмаса қайтер екен )
qonyrbai
Ол болмаса, «Моя мать Тереза тик-тик-тик» деген әнді орындап, қит болар еді.
Gastarbaiter
Маған дым қызық емес тақырып болса да, сүрінбей зырылдап оқып шықтым, Асхат үнемі іздеп жүретін интідига да, дідің-дідің да бар сияқты лидыңда.
Сосын, күйбең тіршілікке жақын, біреуге практикалық пайдасы болуы мүмкін нәрселер, біздікіндей теориялық болжам емес.)
Қазақстандық «Лиза» мен «Космоның» аналогтарына сатып жіберуге болатын құрылымы жұп-жұмыр, айтары анық, Эльви стайл пост.
omarbirat
Тура үйлерінің жанындағы тойханаға шақырса, барар ма екен?
Beytanis
Білімқорыма «райдер» деген ұғымды қосып алдым, бұқақақақақақақа
omarbirat
Бүкіл жағдайын жасап, сұраған ақшасын беріп, ән айтуға келгенде «сылақшыларға раствор тасып беріп тұршы, негізі соған шақырып едім» деп тұрсаң*

* Шіреніп жүретін әншілердің бір-екеуіне крутой біреудің үйінде баланың велосипедін құрастыртып қойыпты дегенді сахих ақпарат көздерінен естігенім бар еді
edige

Мынау 1 тойдагы коллаж
канша $ кетті екен сурамаппын