Блогиада топ ондығы

Бұл блогиада бұрынғысынан басқаша. Стоп! Бұл алғашқы блогиада екен ғой. Иә, талай-талай материалдар жазылды. Аршаттан сұрағам, 300-ден асып жығылды. Ал, алда тағы да турлар бар ғой. Қазір төртеу қалдық. Осы күнге дейін қазыларlfy ең жоғары балл алған 33 жазбаның жиырма бесі финалистерді екен (менікі үшеу-ақ). Ендеше, бұл посттағы топ ондық осы финалистер шығармаларының ішіндегі үздіктерді анықтауға арналмақ.

Үздіктерді анықтау үшін бағалау критерийлерін айқындап алу қажет. Блогер үшін маңызды көрсеткіштерді аламыз. Яғни, плюстелуі, пікірленуі (мұндай сөз бар ма еді?), таңдаулыға қосылуы және көрілім саны. Алдымен, бағалануы бойынша үздік шыққан ондықпен таныс болыңыздар.
______________________________________________ПЛЮС__________________________________________________Блог - Marco: Блогиада топ ондығы
Көріп отырғаныңыздай, Асқар Базарбайдың «Дивани хикметі» оқ бойы озық тұр. Материалдардың оқырман тарапынан бағалану уақыты шектеулі екенін ескерсек, бұл көрсеткіштер енді өзгермейді де. Дегенмен, келесі критерий – пікір саны бойынша Әйгерімнің материалдары дес берер емес.
________________________________________________ПІКІР_______________________________________________________Блог - Marco: Блогиада топ ондығы
Ал, оқырман көңілінен шыққаны соншалық, «таңдаулы» түймесін басуға мәжбүр еткен материалдардың біреуінен басқасы Асқар Базарбайдыкі екен. Қасқыр.
_____________________________________________ТАҢДАУЛЫ___________________________________________Блог - Marco: Блогиада топ ондығы
Көрілу саны бойынша қызу тартыс қайта басталды. Жоғарыда тісін қайрап отырған Эльвира суырылып шықты.
______________________________________________КӨРІЛУ___________________________________________________Блог - Marco: Блогиада топ ондығы
Алайда, тағы да ескерте кету керек, соңғы үш критерийдің көрсеткіштері әлі талай өзгеруі мүмкін. Тіпті, сіз осыны оқып отырғанда да, сандар түрленіп жатқан шығар.

Жә, енді үздіктерді қалай анықтаймыз. Бұл үшін жоғарыда аталған әрбір номинация бойынша ұпай сандары беріледі. Бірінші тұрғанына он ұпай, екіншіге тоғыз, үшіншіге сегіз және осылай жалғаса береді. Кейін бағаларды қосып, ең үздік ондықты анықтаймыз. Дәлірегі анықтадым. Ендеше, осы күнге дейін финалистер жазған топ-10 материалмен таныс болыңыздар.
_______________________________________________TOП_______________________________________ Блог - Marco: Блогиада топ ондығы

Айтпақшы, кейбір материалдардың ақтық ұпайлары тең болып қалғандықтан, бір орынды бөліп беруге тура келді. Оннан көп болып кеткені сондықтан. (Енді, бірақ, ондай топас емессіңдер ғой, өздерің де түсініп отырған боларсыңдар. Осылай қуатыным бар арасында). Иә, айтпақшы. Көріп отырғандарыңыздай, қарсыластарым шетінен сен тұр мен атайын екен. Теңдессіз тәжірибе үшін оларға алғысым шексіз.
Бөлісу:

27 пікір

AKY
Негізі плюс саны жағынан менің «Стрип-пластика» тақырыбым ең алғашқы орында. Көрілімнен Гастаның жыныстық сауаттылық посты алда болу керек. Асығыс және қате рейтинг, әхәхә.
Marco
Күлейін десем күле алмай, жылайын десем жылай алмай
AKY
Неге? Күле бер күлгің келсе))) Қателеспейтін адам бар ма, дым ренжімейм )))
AKY
Ой кешірім өтінем, әңгіме тек 10 баллдық посттар туралы екен ғой.
zholantai
енді қуанып бастап, соңынан ялып
өйстіп, өзінің адам екенін білдіріп қояд ғо :)
AKY
Қуанып емес, жәй прикол ұстағым келген, шынымен байқамай қалыппын басында))))) Шала оқып))))))))
zholantai
"әзілдің "ә"-сін алса да мағына беретін сөз қалад" деп отырсаң со :) :) :)
AKY
Флудер, флудер, флудер!
zholantai
бандап таста :) :) :)
zholantai
«Мәлім жанның беймәлім қырлары» деген пост не туралы ед? оқымаған сияқтымын ба, есімде жоқ
AKY
Марконы таныстыру.
VKM
сонымен, кім қай орында, мына жазбадан дым түсінбедім)
Marco
Соңғы суретте тұр ғой бәрі)
VKM
еееееееееееееееее)))))))))рахмет
zholantai
«Дивани „хикмет“ немесе жәдігердің жаңаруы»
тақырыбы ғажап ғо, ғажап,
merekeee
Күшті. Блогиада жасасын! Ортасынан қосылып, оқып жүрген ем, уақыт тауып, басынан бастап барлығын оқып шығуға мәжбүрлейді екен бұл рейтинг ))))
qonyrbai
Дауысты дыбыстарды үш еселейтін сатаналық емессің бе сен?
merekeee
Сұрағыңды түсініктірек қып қайта қойсаң, жауап беріп көрейін.
qonyrbai
Дауысты дыбыстарды (а, ә, е, и, і, ы) сооозыыып жазааатыыын астаналық емес екенсің.
Gastarbaiter
Тегтерге Маралбек Сағынғанов деп жазуға ұялдың ба?
Marco
Иә, шынымды айтсам, өзімнің материалдарымның ішіндегі он алуға лайықтысы қайрымдылық туралы пост болды деп есептеймін. Оның өзі бұл тізімде жоқ, сосын атымды жазбадым.
Gastarbaiter
Сен басталғанда "Өзім бір бастаған жобамды аяғына дейін жеткізе алатынымды дәлелдегім келеді" дегенсің.
Бірінші кезең біткенде: «Мына амигоны бір рет басып озсам болды» дегенсің. Инвестмент тақырыбын жәукемдесек, екі макстың өлгенін отдуши жуатын боп тұрсың:)))))
Marco
Сонымен бітетін бе еді өзі? )))
Gastarbaiter
Содан кейін бір тақырып. Сдается мне ол естелік, қорытындылау, блогиадамен қоштасып, рахмет айту тақырыбы болады.
VKM
1,2-ші жарайды,3 орынға тең бере салар едім, маған салса. Марко әдемі жазады!