Facebook жұмысқа 100 молда қабылдамақшы

Менде бір керемет сюжет бар...: Facebook жұмысқа 100 молда қабылдамақшы
Танымал Facebook әлеуметтік желісі мамыр айынан бастап Amin атты жаңа қызмет қоспақшы. Арнайы бұл қызмет үшін 100 молда жұмысқа алынады. Amin қызметінің ерекшелігі әлеуметтік желіде жазылған тілектерді бір қайтара оқып, соңында ең болмаса бір Фатиха сүресі оқылуында. Компания басшылығы кеше Facebook Azerbaijan офисінде жаңа қызметтің демо-нұсқасын таныстырды.

Менде бір керемет сюжет бар...: Facebook жұмысқа 100 молда қабылдамақшыМарсель Цукерберг (Facebook Дін істері және діни жамағаттармен байланыс департаменті директоры)
— 2012 жылдан бергі зерттеулерімізге қарасақ Facebook әлеуметтік желіден гөрі Құдайдың үйіне, Имандылық ордасына, Шапағат эпицентріне, Мейірім фестиваліне айналып бара жатыр. Ал оффлайн қоғамда пәлендей өзгеріс байқалмайды. Еркектер бұрынғыдай ішулерін, біреудің әйеліне көз салуларын, өсек айтуды, жасырын педофилдікті, порно қарауды жалғастыруда. Желідегі қыз-келіншектердікі де сол бұрынғыдай секс жетіспеушілігі, қызғаныш, өсек. Өзгерген түк жоқ. Facebook-ымызды мұндай маскалы балмаскарадқа айналдыра бергіміз келмейді. Сондықтан өтірік болса да жазған тілек, дұғаларын Құдайға жеткізіп тұру үшін 100 молда бекітуді жоспарлап отырмыз. Осылайша ең болмаса Құдай алдында біз-ақ шыншыл бола қояйық, арымыз таза болсын деген ой.

Менде бір керемет сюжет бар...: Facebook жұмысқа 100 молда қабылдамақшыКэтрин Цукерберг-Көшімханова (Facebook Балқан, Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша координатор)
— Әзірше 100 діни қызметкердің 70-і Қазақстан үшін қызмет ететін болады. Қалған отызын басқа елдерге бөлеміз. Біздің сараптамамыз бойынша Facebook-та дұға, тілек, алғыс, қарғыс бойынша қазақ тілі басқа тілдерге қарағанда анағұрлым алда. Мысалы бір танымал кісі қайтыс болады, оның қайтыс болғаны туралы 100 адам жазады, 10 мың адам лайк басып, пікір жазады. Бірақ бірде біреуі сол кісіге арнап ең болмаса Фатиха дұғасын оқымайды. Біздің жаңа қызметіміз осындай оқиғаларға арналмақ, Фатиха мен Ықылас сүрелерін жүйелі түрде оқып беріп тұратын боламыз. Қазақстанда ұшақпен ұшатындар көп, олардың аман-сау қонулары үшін де дұға ететін боламыз. Жалпы қайырлы таңнан бастап, қайырлы түнге дейін көптеген құттықтау, тілектерге ие халық. Соның бәріне біз Amin демекшіміз.

Элеонора Көшімхан
«Сыр ақшамы» газетінің Бакудегі арнайы тілшісі
Бөлісу:

10 пікір

qonyrbai
Қап, дінтанушы мамандығын оқуым керек еді? Facebook-те жұмыс істейтін едім. :(
ademi_alem
)))))))))))))
Facebook әлеуметтік желіден гөрі Құдайдың үйіне, Имандылық ордасына, Шапағат эпицентріне, Мейірім фестиваліне айналып бара жатыр. Ал оффлайн қоғамда пәлендей өзгеріс байқалмайды.
шындық
Madi
Рафаэлло, құлақтан теуіііііп жатыр
zholantai
«Ислам мемлекетінің» демеушілігімен" дегенді де қосып қою керек ед :)
qonyrbai
Фейсбук кеше өзіне 100 дін мамамын әлеуметтік желісіндегі діни мәліметтерді реттеп отыру үшін алатындығын мәлімдеген еді. Негізі дұрыс. Өз басым қолдаймын. Бізде әлеуметтік желіде діни мәдениет қалыптаспаған.
Ұлықбек Алиакбарұлы
VKM
фб-дан енді бәрі қашып, керекке келетін шығар.Мында 1-ақ молда бар, оның өзі әйбәәәәәәәәт кісі))))
ruben
ху из керектің молдасы?
VKM
Кәрім ағаны танымайсыз ба?
ruben
Мысалы бір танымал кісі қайтыс болады, оның қайтыс болғаны туралы 100 адам жазады, 10 мың адам лайк басып, пікір жазады. Бірақ бірде біреуі сол кісіге арнап ең болмаса Фатиха дұғасын оқымайды. Біздің жаңа қызметіміз осындай оқиғаларға арналмақ, Фатиха мен Ықылас сүрелерін жүйелі түрде оқып беріп тұратын боламыз. Қазақстанда ұшақпен ұшатындар көп, олардың аман-сау қонулары үшін де дұға ететін боламыз. Жалпы қайырлы таңнан бастап, қайырлы түнге дейін көптеген құттықтау, тілектерге ие халық. Соның бәріне біз Amin демекшіміз.
мынау деген жақсы болды ғой. соңғы кезде өлім туралы да көп ойлана бастап едім. оның үстіне, ұшақпен де жиі ұшам.
Dana
"дұғаларын Құдайға жеткізіп тұру үшін 100 молда бекітуді жоспарлап отырмыз. Осылайша ең болмаса Құдай алдында біз-ақ шыншыл бола қояйық"

))))) ООО, ендіше адам мен Алла арасына көпір салғалы жатыр ма?