Жігіттер, не киеміз?
Осы сайттың кейбір резиденттері мені метросексуалдар қатарына жазып қойған. Неге екенін өзім де түсінбеймін. Шындығын айтсам, метросексуалдың кім екенін білу үшін сөздікке үңілуге тура келген. Е, болсам, бола қояйын. Бірақ, бұл үшін киіну өнерінің (иә, бұл да өнер екен) қыр-сырын меңгеру керек қой. Ал, мен болсам кезінде мамам алып бергенді кие салатын қасиетімнен әлі арылғам жоқ, жампозым әкеп бергенді іліп алып жүре беремін.
Хош, не керек. Осы жуырда ғана нағыз метросексуалмен танысудың реті келді. Жұмыс бабымен әрине. Алдымен таныстыра кетейін. Елдос Алтаев. Стилист-имиджмейкер. Бұл тек суретке түсу үшін ойлап тапқан бейнесі емес. Күнде осы. Дәлірегі күндегі киген киіміне міндетті түрде көз тоқтатып, қарап өтесіз.
Жөн сұраса келе, Елдостың Париж (Balmain) бен Мәскеудің сән мектептерінде білім алғанын білдім. Кезінде балет бишісі болған жігіт бір жарақаттан соң сахнаға жарамай қалады. Қолынан өзге ештеңе келмейтін болған соң, сән салондарының біріне әкімші болып жұмысқа тұрған. Сол жерде маникюр жасауды, шаш қиюды үйреніп, өмірін сәнмен байланыстыруға шешім қабылдапты. Әрине, біздің қазақ жігітке тән емес кәсіп дейтіндер де табылар, бірақ, нөлден бастап, биікке көтеріле білгеніне қарап, қол соғуға ғана болады.
Жә, енді киімге келейік. Елдостың айтуынша, киім әлемінде қатып қалған қағидалар жоқ. Тіпті, соңғы кездері бұрын үйлеспейтіндей көрінетін стильдерді араластырып, әлем-жәлем бірдеңе жасағандардың өзі мэтр деген атақты иеленіп жүр. Дегенмен, стильдерді араластырғанмен, әр адамның өзіне ғана жарасатын, әдемі жерін асырып, кемдеу жерін жасыратын киімдер мен түстер болады. Ең бастысы, соларды таңдай білуді үйрену.
Киім алмас бұрын, алдымен өзіңізге қандай түс жарасатынын біліп алу керек. Бұл тұрғыда адамдарды шартты түрде төртке бөлуге болады: қыс, көктем, жаз және әрине күз. Әр түрді тағы да шартты түстерде бөледі. Қыс – зәйтүн түсті, көктем – қызғылт, жаз – көк пен көгілдір, күз – алтын мен қола түстес.
«… жоғарыдан жарық түсіп тұрғанда, шықшыттың айналасында көзге көрінер-көрінбес реңк пайда болады. Бұл қиын болса, терінің, көз бен шаштың түсіне жүгінуге болады. Айталық, шашыңыз бен көзіңіз зәйтүн түсіне жақындау болуы мүмкін. Демек, сіз қысқа жатасыз...»
Түріңіз бен негізгі түсіңізді анықтап алғаннан кейін, оған сәйкес келетін реңктерді таңдап үйрену керек. Бұл жері оңайлау. Жаттап алуға да болады. Бір қағида бар – қара, ақ және боз түсті киімдер аталған төрт типтің бәріне де келе береді.
«… адам көркі шүберек десек те, бәрібір бірінші назар бетке түседі. Сондықтан төменгі жақтан көрі үстіңізге киген киімнің түсі мейілінше үйлесімді болғанын қадағалау керек...»
_______________________________________________________________________________________________________

Түстерді түсініп болғаннан соң, дене пішінін анықтау керек. Бұл жерде адамдар негізгі үш түрге бөлінеді: құмсағат, алмұрт және шаршы.
Құмсағат – идеал. Әлгі 90-60-90 дейтініміз осылар. Бұл тек әйелдерге қатысты екен деп ойлап қалмаңыз. Жігіттердің де «құмсағаттары» болады.
Алмұрт – еліміздегі еркектердің басым бөлігі. Қарны мен бөксесі иығынан әлдеқайда үлкен адамның барлығын осы катеогрияға жатқызамыз.
Шаршы – қазақ бұларды төртбақ дейтін сияқты. Шаршылардың иығы, белі, бөксесі шамамен бірдей болып келеді.
«… құмсағаттың пішінін айқындай түсу үшін итальян стиіліндегі костюмдер кию керек. Олар әдетте белдің тұсын әдейі тарылтып тігеді. Алмұрт ең қиын пішін. Иығы келсе, бел келмейді, белі келсе иығы салбырап қалады. Мұндай жігіттер кең пішілген ағылшын костюмдерін кигені жөн. Онда да костюмнің лацканына ерекше мән беру керек. Жуан қарынды жасырып қоя алмайсыз, бірақ, көзді алдауға болады. Лацканның иық тұсы жалпақ болып, белге қарай қатты жіңішкірсе алмұрттың пішіні құмсағатқа ұқсай бастайды. Костюмнен басқа киім таңдағанда, иық тұсында көлденең сызықтары барына басымдық берген жөн. Көлденең сызықтар нысанды үлкейтіп көрсетеді. Шаршылардың да проблемасы жетерлік. Олар киімдегі басты екпінді белге бұруға тырысуы тиіс. Сондықтан тағы да итальян костюмдерін ұсынамын. Ең бастысы сән солай екен деп белі жамбастың тұсынан басталатын шалбарға жүгіре бермеу керек...»
Елдостың және жалпы стилистердің айтуынша, адамның үстіндегі киімдердің түсі үшеуден аспау керек. Алайда, бұл бірыңғай бір түсті киім кию керек деген сөз емес. Бұл қағида принттердің түсіне жүрмейді.
«… жеті жылдан бері стилистпін, оның үшеуінде Қазақстанда жұмыс істеп жүрмін. Соңғы кездері тек әйелдер ғана емес, еркектер де киімге мән бере бастады. Оның үстіне еркектер әлдеқайда кірпияз болып келеді. Әсіресе аксессуарларға келгенде қырсығып, өз дегенін істетуге тырысады...»

Түстерді болдық, қандай пішіндегі киімдерді таңдау керектігін де түсіндік. Енді өмір бойы бір-екі киіммен жүре бермейтініміз анық қой. Сондықтан, реті келсе әйтеуір бір шүберек алып жатамыз. Алайда, оның қаншамасы киілмей жетімсіреп тұра береді. Мұның алдын алу үшін Елдос гардеробты жаңалаған кезде «21» принципін ұстануды ұсынады.
Бұл 21 түрлі киім мен аксесуарлардың жиынтығы. Тақырып жігіттерге арналғанмен, бұл тізімнің ішінде әйелмен еркекке ортақ заттар да, тек әйелге немесе тек еркекке арналған бұйымдар да бар.
1. Тренч. Қарапайым тілмен айтқанда плащ – «… «burberrу» болмаса басқа тренчтерді алмай-ақ қойыңыз, олардан басқасы тіге алмайды...»
2. Қисық замокты тері күрте (косуха) – «… бұларды «авиатор» деп те атайды...»
3. Ұзын жағалы жейде (водолазка)
4. Классикалық ақ көйлек
5. Джинс шалбар (классикалық пішін)
6. Қара классикалық шалбар
7. Футляр көйлек (әйелдерге)
8. Қарандаш белдемше (әйелдерге)
9. Ақ майка – «… Коко Шанель «алкоголичка» деп ат қойған кәдімгі іш киім...»
10. Пиджак (ерлерге)/жакет (әйелдерге)
11. Кардиган
12. Туфли – «… ерлерге қара түсті, әйелдерге қара немесе боз өңдісі керек...»
13. «Авиатор» көзілдірігі
14. Мойыншалма (ерлерге)/орамал (әйелдерге)
15. Бәтеңке (ерлерге)/ етік (әйелдерге)
16. Сөмке (ерлерге)/ клатч (әйелдерге)
17. Балетка
18. Үлкен көрінетін қол сағат (ерлерге)
19. Алыстан көрінетін алқа (әйелдерге)
20.
21. *
«… қара, ақ және сұр түстер кез-келген өзге түспен астасып, үйлесіп кете береді. Сондықтан жиырма бірдің тізімін осы үш түспен жинау керек. Гардеробта осылар болса, басқа киімдермен біріктіріп, мың түрлі комбинациялар жасауға болады...»
Бұл постты оқып алып, бірден дүкен аралай жөнелмейтініңіз анық қой. Стилистің жарнамасы болып кетпес үшін, оның еліміздегі танымал адамдарға жасаған образдарын әдейі көрсетпей отырмын. Алайда, ескерте кетейін, келесі аптадан бастап, менің эфирлік киімдерімді осы жігіт реттеп отырмақ. Бір бас аурудан құтылғаныма мәзбін өзім. Егер ұнап жатса, өзіңізге образ жасаймын десеңіз, хабарласарсыз.
* Иә, иә, барлық құпияны жария етуге болмайды

Айтпақшы, осы жігіт реттейін деп жатқан эфирлік киімдеріңізді алматылық адам қай арнадан тамашалап, бағалай алады екен?
жаңа стилистпен бірге стиль де өзгеред дейсің ғо, айта жүр, не өзгеріс болғанын
«Боз, өң» деген адамға байланысты ғой, аяқ киім мен киімді «ашық түсті» дейді.