Қыс. Тондар тартысы

Вуухх, күн суып кетті, ә? Дәл қазір ауа-райы -7 болып тұр. Тоңайын дедік пе. Тонды шығару керек болды енді. Тон демекші, Астананың қысына қалың киінбесе болмайды. Әлбетте жып-жылы пуховик немесе илі тон (дубленка) біздің қысқа дәл-ау, дәл. Бірақ түгі жылтыраған күзен тонды қай қыз қаламасын? Ал олардың бағасы кем дегенде 500 – 700 мың шамасында. Ол тіпті бержағы десем де болады, миллион теңгенің тонын да көріп жүр ғой мына көз. Блогиададан бас жүлде алсам, киюге болады екен, әхәхә. Жарайды енді, әбден ауызды апандай ашқаным несі. Одан да осы күзен тонға арзандау альтернатива қарап көрелік. Осы мақсатпен Гүлайдын екеуміз Астанадағы «Евразия» сауда орталығына бет бұрдық. Тоннан тон қоймай киіп көріп, бағалап тастадық. Фотоға түсіруге рұқсат жоқ, дегенмен арасында білдірмей «сырт» еткізудің сөлекеттігі жоқ деп шештік. Терінің түрі көп десек те, біздің сауда орталығында негізінен кең тараған түрлері төмендегідей екен.



Құндыз (кәмшат)
250 – 300 мың теңге
Күзелген құндыз терісінің жұмсақтығына сөз жетпейді. Оның үстіне салмағы да жеп-жеңіл, өзі болса жып-жылы. Құндыз – суда жүретін жануар болғандықтан, терісі суға төзімді. Сондықтан бұл тонмен жаңбыр астында қалып кетсең де жаураған тауықтай жалбырау ықтималдығың нөлге тең. Ал әсемдігі жағынан қаракүзеннен еш қалыспайды. Бір айыбы, тым нәзік. Оқыс қимылдан-ақ «дырр» ете қалуы мүмкін (бастан өткен). Ұзақ киістен жеңі қажала бастайды. Дегенмен күтсең, кемінде 5 жыл киіс береріне кепілдік беремін. Себебі өзім құндыз тонымды бесінші маусым кигелі жатырмын.
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы

Жанат
250 – 300 мың теңге
Жанат терісінен тонды негізінен күземей тігеді, сондықтан тон көлемдірек келеді. Ол да жылы және жеңіл, ұзақ киіске шыдамды. Табиғи түсі іш пыстырарлық сұр болғанымен, боялған жанат тері – сәннің апогейі. Жанатты гламур тері түрлеріне жатпайды дейді, ал меніңше тіпті де олай емес. Иә, кей фасондарының иықты гүмпитіп жіберуі нәзік қыздарға ұнамауы мүмкін. Дегенмен мұқият іздесеңіз, жарасымдысын таңдап аласыз. Есесіне дене тұрқы ірілеу қыздарға жанат ішік киюге кеңес бермес едім.
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы

Ақ түлкі
250 – 300 мың теңге
Ақ түлкі түгі ұзын болғандықтан оның терісінен тігілген тон көлемді әрі әдемі. Жылы және жеңіл, ұзақ киіске шыдамды. Табиғи түсі ақ немесе сұр болып келеді. Ақ түстісі сирек кездесетін түрге жатады, сондықтан бағасы қымбаттау болады. Кемшілігі – ылғалға шыдамсыздау келеді.
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы

Рекс
150 — 250 мың теңге
Рекс қоянының терісінен тігілген тондар өзінің мамықтай жұмсақ әрі жеңілдігімен жеңеді. Жылылығы да алдыңғылардан кем түспейді. Терінің қара күлгін табиғи түсі ерекше реңк береді. Рекс терісінің әдемілігін шиншилламен тең қояды. Есесіне бағасы әлдеқайда арзан. Рекс тонның кемшілігі — тез тозады. Бір жағынан ұзақ уақыт бір сырт киім киюден жалығып та кетеді адам. Оның ішінде қыздар. Ары кетсе 2 жыл киіп тастаймын десеңіз неге рекс тон алып көрмеске?
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы

Қаракөл
250– 300 мың теңге
Қаракөл өңделген қозы терісінен тігіледі. Үстіңізге құйып қойғандай жараса кетеді, әрі толықтау тұрпатыңызды жасырады. Салмағы жеңіл, бірақ аса жылы емес. Негізінен еліміздің оңтүстік аймағында тұратын және жеке көлігі бар аруларға таптырмас сырт киім дер едім.
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы

Мутон
100 – 200 мың теңге
Мутон тондар өңделген қой терісінен тігіледі, сондықтан жоғарыда айтылған тері бұйымдардай мамық емес. Жылылығына еш дау жоқ. Бірақ салмағы ауырлау. Есесіне бағасының әлдеқайда арзан екенін көріп тұрсыз. Дегенмен осыдан 5 жыл бұрынғы мутон ішіктермен қазіргілерді салыстыруға да келмейді екен. Өзге аңдардың терісімен әдіптеп, фасонын да нәзіктеу пішетін болыпты. Сондықтан артық шығындалмай көрнекті әрі келісті көрінгіңіз келсе – мутон сіздің тон.
ОҒМ жазбалары: Қыс. Тондар тартысы



Әлбетте, бағада шек болсын ба, түрліше әдіптелуіне байланысты бұлардың да қымбаттау түрлері бар. Біз көрген тондардың орташа бағасы шамамен осындай. Бәріңіз бірдей қаракүзенге жүгіре бермей, жастау кезде басқа тері түрлеріне де назар салып қойыңыздар, арулар! :)

Гринпис, мені кеше көр! :(
Бөлісу:

23 пікір

asaubota
отбасылылар әйелдерімен бірге қарауға болмайтын қымбат пост :)
ademi_alem
Қанша қымбат болса да маған тон жараспайды. Бойым қысқа болғандықтан ба білмеймін. Бойы қысқаларға қандай тон жарасатыны туралы кеңес бере кетсеңіз. ))
Erkekyz
Көлемді, ұзындығы ұзын болмаса болды-ау. :)
Gastarbaiter
Байғұс хайуандар. :(
ГП-дан емес, Табиғат Мақаннан кешірім сұрау керек шығар :v Экожүйесінс…
patick
Мұғалімдер «ақша жоқ-ақша жоқ» деп жүріп, қымбат ішіктер киіп қояд дейсің.

ПыСы: бала кезімде балық аулайтын сеткімен құндыз ұстамақ болған әрекетіміз есіме түсіп кетті. Ұстай алмағанымыз қандай жақсы болған деп ойлаймын қазір.
satibaldi
AKY
Осы сіздікі-ақ бітпейтін жырқыл екен )))
satibaldi
Күшті екен, тек жанат ішікті — Жанат деген қызға; құндыз тонды — Құндыз деген қызға; мутонды — KILYZAMAN ға кигізгенде тіпті қатып кетер еді
bazuka
қызықпаймын, жалко ищщо тонға бола жарты миллионымды қиып.
satibaldi
Жарты миллион деген — 500 мың, сіңлім
bazuka
солай ма, қарындасым?
satibaldi
Ренжіме сіңлім, мүмкін 250 мыңың бар шығар деп жатқаным ғой
bazuka
әпше миллиондарым бар, 500мыңның да тоны бар деватрғо, бірге шопинг жасайҚ
bazuka
көк түсті «Жанат» тоны құрбына жақсы жарасып тұр екен!
satibaldi
Дегенмен күтсең, кемінде 5 жыл киіс береріне кепілдік беремін.
Тон шыдар ғой, бес жыл бойы бір нәрсені кие беруге модель ханум көнер ме екен
Anar70
құндызың әдемі)))))) құндыз алыңдар, жеп-жеңіл, шарашамайсыңдар.
merekeee
Қымбааат! Өткенде Аша Матай бір бағдарламада осылай тон таңдап, қымбатын алғанда ішім ашып кеткен)
Айлығымыз жарты бағасына жетпейтін біз пақыр «Ысырап» дегеннен басқа не айта аламыз? ))))
zholantai
гринпис кешірмейд,