Салауатты өмір салты: Той

Салауатты өмір салты?.. Пффф… Сөз тию және көз тиюмен ғана ауыратын, және оны ұшықтап емдейтін, ауруханаға жедел жәрдем келіп әл үстінде жатқанда алып кетпесе бармайтын типичный қазақ үшін ол туралы айтып жатудың өзі бос әурешілік болар...

Бірақ мен кеше бір тойға асаба болып барған кезде, салауатты өмір салты мен той егіз ұғым екенін байқадым))). Қалай дейсіз ғой? Былай.

Салауатты өмір салты дегеніміз:
1. Жақсы гигиена
2. Дұрыс тамақтану
3. Жақсы көңіл-күй
4. Дене шынықтыру
5. Жаман қылықтардан арылу

Ал осының барлығы тойда бар. Оны ретімен төмендегі репортажым арқылы түсіндіріп көрейін.

1. Тойға барсаң, тазарып бар.

Керек тілші: Салауатты өмір салты: Той

Бойыңды таза ұстау — денсаулығыңның кепілі. Бірақ біз мұны білмесек те, тойға барардың алдында апталап, айлап алынбаған аяқ-қолымыздың тырнағын аламыз(әсіресе еркектер). Егер той болмағанда тырнақтың астынан ауру алып жүре берер едік. Әлеуметтік жерлерде неше түрлі адам ұстаған тұтқаны біз де ұстаймыз, дәретханаға барамыз, қалтафонымызбен ойнаймыз, т.с.с. осының бәрінен тырнақтың астында қаншама микроб жиналатынын білесіз бе? Қолымызды қанша сабындап жуғанымызбен, тырнақтың астындағы паразит кете қоймайды. Содан келіп әртүрлі асқазан-ішек ауруларына шалдығамыз.

Тойға барғанда қолтығыңның астынан жағымсыз тер иісі шығып тұрса немесе шашың май-май болса, қонақтардан(әсіресе құдаша немесе құда баладан) ұят болмай ма? Сондықтан, міндетті түрде монша немесе саунаға барып жуынамыз, тым құрығанда душқа түсеміз.

Адам бір аптада 7 литр терлейді екен. Соның салдарынан іштегі неше түрлі зиянды заттар сыртқа шығарылады. Егер оны жиі жуып тұрмаса, денемізде қауіпті микроорганизмдер пайда болады.

Шашымызды да жуамыз. Сөйтіп басымыздың қан айналымы мен зат алмасу процесін жақсартамыз.

Тойға келген құдашаға барып «Танысайық» дегенде аузың сасып тұрса, құдашаң жарнамадағыдай отырған орындығымен жоғары көтеріліп кетіп, қолың жетпей қалмай ма? Сондықтан, әлбетте, тісімізді жуамыз. Осылайша ауыз қуысын тазартамыз.

Сосын кеше ғана әдейілеп жуып қойған киімдерімізді киіп алып, әдеміленеміз. Айнаның алдына келіп, өзімізді танымай қаламыз))) Неге күнде осылай жасап тұрмасқа?

2. Позитив

Той деген — барлығын ұмытып, таза позитивке енетін тамаша жер. Той иелерінінің қуанышына ортақтасып келіп, көптен көрмеген танысыңды тойда кездестіріп тағы бір қуанамыз.

Тойда адамдардың үнемі позитивте жүруіне жауапты адам ол – жақсы-жаман болсын мен сияқты асабалар.

Біз басында шамалы шоу қосамыз.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Той

Келген қонақтар біртіндеп күйкі тірліктерін ұмыта бастайды.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Той

Әрі қарай ән айтамыз, бір сыпыра анекдоттың басын қайырып, ойындар ойнатамыз.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Той

Әрине, дұрыс өткізе алсаң, қонақтар күледі. Яғни олардың көңіл-күйі жақсарып, әртүрлі аурулармен күресетін иммунитеті жоғарылайды деген сөз.
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Той

3. Тәрелке-тәрелке иммунитет, табақ-табақ ақуыз

Салауатты өмір салтын ұстану — бір сөзбен айтқанда, аурудың алдын алу деген сөз. Яғни кімнің иммунитеті мықты, сол адам беймезгіл келген ауру, вирустарға қарсы күресе алады. Иммунитет мықты болу үшін көптеген витаминдер мен ақуызға толы тағамдар керек. Ал тойда ол жағынан проблема жоқ)))

Керек тілші: Салауатты өмір салты: Той

Алма, алмұрт, банан, жүзім және т.б. жеміс-жидек тоя же де, жетіспейтін витамин қорыңды толтырып ал. Табақ-табақ ет, қазы, қарта, жал, жая, балықтан жасалған түрлі-түрлі салаттар аямай соқ та иммунитетіңді ақуызға байыт. Ал қалғанын «ет етке, сорпа бетке, қалғаны пакетке» деп, ұялмай пакетке салып алып кет. Үйдегі бала-шағаның иммунитетіне керек болады))).

4. Биле! Билей алмасаң, үстелдің үстіндегі 100 граммды тартып жіберіп тағы бір көр. Оған да болмаса, жаңағы айтқанды тағы бір қайталап жібер)))
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Той
Тойға келген соң билеу керек. Кез-келген әнге, кез-келген жағдайда және кез-келген қимылдармен))). Сол үшін тілектен кейін ән айтылады, бір сағаттың әр жақ, бер жағында антрактіке уақыт беріледі.

Билеген кезде:
Адамның барлық дене мүшелері қимылдап, жаттығады.
Буындарға жақсы әсер етеді.
Тыныс жүйесі ашылады.
Қан айналымы жақсарады.
Артық каллорийден арылуға көмектеседі.
Ағзаның шыдамдылығы мен жұмыс қабілетін арттырады.
Қартаюды тежейді. «Өмір – қозғалыстан тұрады» деп бекер айтпаған ғой.
Мидың жұмыс істеуі мен есте сақтау қабілетін жақсартады.


5.Әдеттегіден көп шегу мен ішу
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Той

Өкінішке қарай, бұл — тойдың үлкен минусы. Жоғарыда айтылғандар арқылы денсаулығына жағымды әсерлердің барлығын кейбір қонақтар жаман әдеттері арқылы жойып тастайды. Оның үстіне олар тойға келгенде әдеттегіден көп темекі шегеді және алькоголь тұтынады. Ал спирттік өнімдер ағзаның қауіпті вирустарды анықтайтын қабілетін жояды екен.

Бонус. Тағы бір +
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Той
Керек тілші: Салауатты өмір салты: Той
Басқа салауатты өмір салтының орындарына қарағанда тойға еңкейген қартынан бастап, еңбектеген баласына дейін келе береді. Жасқа және жынысқа шектеу жоқ.

ПыСы: Сонымен той дегеніміз — ақысы әкелген подаркоңа байланысты болатын, шамамен бес сағаттық party-терапия. Келесі бір үндінің телесериялынан «жүр, жүгіріп қайтайық» деп тұрғыза алмайтын қазаққа, «жүр, тойға барамыз» десең өзі-ақ жүгіріп барады. Егер ұлтымыздан дені сау, мықты ұрпақ тусын десек, қазақтың әр күні той болсын ағайын!) Ибо, бұрынғы қазақтың әр тойы мәдениет пен спорттық іс-шараларға толы болған)))
Бөлісу:
  • 20

16 пікір

FaraOn1
керектегі той туралы позитивпен жазған алғаш постым)))
Daniar-Alan
Жоқ жерден жазылған пост :)
6.
yerlanospan
4 ұпай.
Мақала ретінде ұсынғанда 10 да қояр едім. Бірақ қойылған шарттан ауып кеттік.
AydosRymkul
Фареке маған ұнады!!! Жарайсыз!!!
FaraOn1
сенікіне қарағанда менікі қуынды ғой)))
Marco
Тың идея. Сонысымен маған ұнады. Шамалы тігісін жатқызыңқырағанда, тақырыпқа сыйғызыңқырап, әдемі кететін еді. Ну, или мысалға, «Той салауатты өмір салтынан қашықтата түседі» деген сияқты қылу керек пе еді)))
FaraOn1
аяқ астынан «тарс» еткен идеяны, аяқ астынан «тігіп» жібердік)))
«Той салауатты өмір салтынан қашықтата түседі»
мен керісінше айтқым келген, соған қарағанда жәмян тілшімін-ау)))
Gastarbaiter
Оқырман ретінде ризамын. Отдуши, брат! Тың-ң-ң еткіздің ғой. Браво! Ал, тақырыпқа қатыстылығында еш шатағым жоқ.
FaraOn1
Рахмет! Сізден мұндай пікір оқу, мен үшін мәртебе)))
asaubota
табақ тартып келе жатқан жігіт Мағжан Жұмабаев па?
FaraOn1
:V :V :V сіздер оны жайдарман премьер-лигасындағы фотопарат вспышкасындай жарқ етіп өшкен Қызылжар құрамасының фронтмені ретінде танисыздар)))
asaubota
5

пост көңілді, айтар ойы бар. бірақ келесіде салиқалы реп жасасоңғы күнге қалдырмай :)