Ескірген киімді лақтыруға асықпаңыз!
Тойға не мерекелік кешке жарқ-жұрқ еткен, көздің жауын алатын әдемі көйлекпен барғымыз келеді, ә, қыздар? Той тұрмақ, күнделікті жұмысқа киетін киімнің өзінде көз тартатын әдемі әшекей не жалтырайтын тастар болғанын қалаймыз.
Мұны біз емес, қазіргі сән талап етуде. Соңғы екі жылда киімді бағалы тастармен көмкеру трендке айналып, сұрапыл сұранысқа ие боп жатыр. Былай айтқанда,«Сваровски» тастары басқа да, аяққа да «шығып бітті»))). Жо-жоқ, мұны жаман деуден аулақпын. Керісінше, әдемі. Өте әдемі.
Бұл «сұлулықтың» пайдасы көп: киіміңдегі жымың қаққан тастар әдемі көңіл-күй сыйлайды; көп ару осындай бұйымдар жасап, қолөнермен айналысып, табыс табуда; сыйлық таңдау көп бас қатыруды қажет етпейтін болды; жыртылып қалған киімдерді «білдіртпей» жамауға тағы бір мүмкіндік; ескіріп, өң бере бастаған киімдерге екінші өмір сыйлаудың өте сәнді әрі тиімді жолына айналды. Осылай тиімді тұстары жалғасып кете береді.
«Киімге екінші өмір сыйлайды» демекші, былтыр Бейбіт Сарыбайдың(танымайтын қазнетші жоқ шығар деген сенімдемін) Фейсбуктегі парақшасына жариялаған жазбасы есіме түсіп кетті. Ол: — «Инстаграм, Фейсбук, ВК, барлық әлеуметтік желідегі суреттерімді өшіріп жатырмын. Биыл тағы былтырғы киімдерімді киетін болдым» — деген мағынадағы постымен әбден күлдірген еді. Рас қой, әлеуметтік желілер киіміміздің тез тозуына септігін тигізіп жатыр, қашанғы бір киіммен суретке түсе бересің?))
Қыздар түсінер, бір киімді айлап-жылдап ұзақ кие алмайсың — дымы жоқтай көрінесің, бір жағы, әлі тозығы жетпеген киімді лақтырып тастауға да қимайсың. Мұндайда тығырықтан шығатын бір жол ұсынғым келеді — көзге жауыр болған, көнерген киімді тастармен әрлеу. Арзан әрі сәнді. Дәл ондай киім сізден басқа ешкімде болмасы анық ;).
Киімге әшекей тастарын тігудің ең қарапайым жолын ұсынбақпын. Осыған қолыңыз жаттықса, әрі қарай түрлі сызба, фигура, суреттер салып тігуді де тез меңгеріп кетесіз.
Мына трикотаж кофта менің гардеробымда жақында пайда болса да, бір өзгеріс енгізгім келді.
Ол үшін талғамыңызға сай тастар, кофтамен түстес ине-жіп және қайшыны алдым. Тастардың дәл мен таңдағандай болуы — шарт емес, құр бисерді де, «сваровски» тастарын да, маржан тастарды да, суреттегідей, тау хрусталін да тігуге болады.
Алдымен тастарды қалай орналастыратынымды жоспарлап алдым. Мойын тұстан төмен қарай шашыраса, әдемі көрінеді екен.Мынабір қалтаның кедергі келтіріп тұрғаны… ай, ештеңе етпес.
Тастарды тығыз орналастырып, қандай да бір жүйеге бағынбастан тіге бастадым. Астына қарай «шашыратуым» үшін бірте-бірте арасы сиреу керек. Түстердің үйлесуіне назар аударуған жөн.
Инеге бір сабақталынған жіп соңына дейін тігіледі. Әр моншақты әр жерге жеке-жеке тігу өте қауіпті — түйінделген жіп тез ажырауы мүмкін. Сондықтан суреттегідей жақын орналасқан моншақтарды бір-біріне жалғай бердім.
Максимум бір сағат уақытымды алған «жаңа жемпірімді» қайда болса да, ұялмай киіп бара беруге болады :). Бастысы — сәннен қалып жатқам жоқ.Төмендегі сапасыз фотом үшін кешірім сұраймын, негізі тастар керемет жарқырайды ;)
Осылай. Бәрі оп-оңай. Ынта болса, болғаны… Дәл қазір «жаңаруы тиіс» киімдеріңізді жинап келіп, іске кірісе беріңіз ;)
Мұны біз емес, қазіргі сән талап етуде. Соңғы екі жылда киімді бағалы тастармен көмкеру трендке айналып, сұрапыл сұранысқа ие боп жатыр. Былай айтқанда,«Сваровски» тастары басқа да, аяққа да «шығып бітті»))). Жо-жоқ, мұны жаман деуден аулақпын. Керісінше, әдемі. Өте әдемі.
Бұл «сұлулықтың» пайдасы көп: киіміңдегі жымың қаққан тастар әдемі көңіл-күй сыйлайды; көп ару осындай бұйымдар жасап, қолөнермен айналысып, табыс табуда; сыйлық таңдау көп бас қатыруды қажет етпейтін болды; жыртылып қалған киімдерді «білдіртпей» жамауға тағы бір мүмкіндік; ескіріп, өң бере бастаған киімдерге екінші өмір сыйлаудың өте сәнді әрі тиімді жолына айналды. Осылай тиімді тұстары жалғасып кете береді.
«Киімге екінші өмір сыйлайды» демекші, былтыр Бейбіт Сарыбайдың
Қыздар түсінер, бір киімді айлап-жылдап ұзақ кие алмайсың — дымы жоқтай көрінесің, бір жағы, әлі тозығы жетпеген киімді лақтырып тастауға да қимайсың. Мұндайда тығырықтан шығатын бір жол ұсынғым келеді — көзге жауыр болған, көнерген киімді тастармен әрлеу. Арзан әрі сәнді. Дәл ондай киім сізден басқа ешкімде болмасы анық ;).
Киімге әшекей тастарын тігудің ең қарапайым жолын ұсынбақпын. Осыған қолыңыз жаттықса, әрі қарай түрлі сызба, фигура, суреттер салып тігуді де тез меңгеріп кетесіз.
Мына трикотаж кофта менің гардеробымда жақында пайда болса да, бір өзгеріс енгізгім келді.
Ол үшін талғамыңызға сай тастар, кофтамен түстес ине-жіп және қайшыны алдым. Тастардың дәл мен таңдағандай болуы — шарт емес, құр бисерді де, «сваровски» тастарын да, маржан тастарды да, суреттегідей, тау хрусталін да тігуге болады.
Алдымен тастарды қалай орналастыратынымды жоспарлап алдым. Мойын тұстан төмен қарай шашыраса, әдемі көрінеді екен.
Тастарды тығыз орналастырып, қандай да бір жүйеге бағынбастан тіге бастадым. Астына қарай «шашыратуым» үшін бірте-бірте арасы сиреу керек. Түстердің үйлесуіне назар аударуған жөн.
Инеге бір сабақталынған жіп соңына дейін тігіледі. Әр моншақты әр жерге жеке-жеке тігу өте қауіпті — түйінделген жіп тез ажырауы мүмкін. Сондықтан суреттегідей жақын орналасқан моншақтарды бір-біріне жалғай бердім.
Максимум бір сағат уақытымды алған «жаңа жемпірімді» қайда болса да, ұялмай киіп бара беруге болады :). Бастысы — сәннен қалып жатқам жоқ.

10 пікір