Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдарыБір ел ішінде белгілі бір топтар арасында өзара жек көрушілік тудыру, сол үшін ақпаратты барынша бұрмалау— басқыншылық саясаттың сүйікті амалы. Украинадағы жағдай жалпы елдегі алаңдаушылыққа оң әсер етпеді. Ақпараттық соғыс майданында жақтасты анықтаудан бұрын шындықтан алыстамау мақсат болса, сіз бен біз ескеруге тұрарлық біраз жайттар бар.


Осыдан жарты ғасыр бұрын Қытай коммунистері тұтқынға түскен АҚШ жауынгерлерінің миын шаю үшін мына бір әдісті жиі қолданған-мыс:
«Алдымен, Америкаға қарсы өте жұмсақ сынды мойындатады. «АҚШ— мінсіз емес», «Социалистік елдерде жұмыссыздық болмайды» деген ойды мойындау бәрінен де оңай ғой. «АҚШ— мінсіз емес» деген адамға, «Неге мінсіз емес?» деген сұрақ қойылады. Содан кейін, одан АҚШ қоғамының өзекті мәселелерін тізіп жазу талап етіледі. Сөйтіп, астына қолын қойдырады...»
Әрі қарай, миы шайылған америкалық еліне қайтады да, елінде коммунистік ойларды тарата бастайды, сәйкес ұйымдарды жақтай бастайды.


Таныс жағдай ма?

Меніңше, тап қазір елімізде дәл осындай «ми шаю» әрекеттері жүріп жатыр. Мен әрине, саясаттанушы емеспін және ондай арандатудың аяқтары қайдан өсіп шыққаны туралы айта алмаймын. Бір білерім — араздықтың өршуі үнемі ақымақтардың алаңдаушылығы мен арандатушылардың айла-шарғысына жүгінеді. Бірі бастаса, екіншісі қостайды. Осылайша, тарихи реніштер, дәстүрлік айырмашылықтар мен дүниетанымдағы қайшылықтар интернетте және шын өмірде қақтығысқа әкеп соқтырады.
Араздықтың ушығуына аңғал адамдардың стереотиптері мен үрейлері, сондай-ақ логикалық қателері себеп боп жатады.



Логикалық қателер

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
Логикалық қателердің түрлері көп, интернеттегі саяси үгіт-насихат пен полемикалардан жиі байқауға болатындары мыналар:

1. «Есеп білмеген — есек»
Себеп-салдарлық байланысқа қарағайдың қалың бұтағын қойып, өзіне ыңғайлы қорытынды жасағысы келгендердің жиі ұрынатын қателігі. Мысалы:
«Сен Ресей қайғысына қуанбайсың — демек, сен нағыз патриот емессің!»
Шикілік қайда? Шын мәнінде сенің Ресейдің қайғысына қуанбағаның ештеңе білдірмейді. Яғни, сенің Ресей қайғысына қуану-қуанбауың таза күйінде өз еліңнің өркендеуіне ешқалай да әсер етпейді.

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары

Ұқсас қате — адамның жеке басының кемшілігіне қарап, оның пайымына баға беру.
«Алкоголь — зиян» деп жүрген Жалғастың өзі кеше сыраны сылқытып жатыр. Демек, «алкоголь зияны» — оттаған әңгіме.
Солай ма?
Жоқ, әрине.
Себебі, Жалғас сыра ішсе, алкогольдың зияны азайып кетпейді.
Түсінесіз бе, адам зиянын өзі мойындай тұра істейтін әрекеттері бар. Бұл сәйкессіздікті екіжүзділік деңіз, адам бойындағы ішкі арпалыс деңіз, шындығы сол, әрекет пен түсініктің бір жерден шығуы — ой дұрыстығының не бұрыстығының өлшем бірлігі емес.

Тағы басқа нұсқалары:
  • «Көше жаргонын қолданатын адам салмақты ой түйе алмайды» (Еш байланыс жоқ. Сөз ой білдіру құралы. Сигналдық жүйе ғана. Адамның әлдебір сала не құбылыс жайлы біліктілігі оның тікелей сол саламен қарым қатынасына, тәжірибесіне және ол туралы оқыған түйгеніне көбірек байланысты. Қолданатын жаргон не диалектіне емес).
  • "Ұлтшыл адам — фашист" (Шын мәніндегі фашизм өзінің атасы Бенито Муссолинимен бірге өлген болатын. Содан кейін «фашист» сөзі жай «оңбағандар» деген мағынада қолданылады). Мәселе нацизм жайлы болса, ол да қате. Ұлтшылдық әртүрлі көріністе жүзеге аса алады: демократиялық жолдардан бастап, авторитарлық жүйеге дейін. Ал фашизм мен нацизм — әрдайым тоталитарлық, күштеуге, өзге ұлттарға деген өшпенділік пен кемсітушілікке негізделген.
2. Атақты адамдардың айтқаны — ақиқат
Бұл да алдыңғы қатенің бір түрі.
Айталық, «Жомарт Төреханұлы «Темекі тартпаған, тәлібті атпаған қазақ — қазақ емес» дейді. Жомарт он жерден спорт шебері, он бес жерден «батыр» атанса да, бұл жайт бәрібір, оның айтқан сөзіне қисындық салмақ бермейді. Бірақ, көбісі пірінің харизмасына иланып, оның сөзіне еш күмән келтірмейді. Сондықтан, қарапайым адам тұрмақ, бұл қате пайымның қақпанына ғалымдар да жиі түседі.
Атақты спортшылар, беделді әнші-ақындар, қандай да бір салада жетістікке жеткен тұлғалар арқылы партияның не белгілі бір ұйымның мүддесін насихаттау да адам санасының осы бір кілтипанына сүйенеді.

3. Жалқы мысалдарға сүйеніп, жалпы заңдылық шығаруға тырысу немесе «көпке топырақ шашу»

Топтың бір-екі жеке өкілінің әрекетіне сүйеніп, бүкіл категория туралы қорытынды жасау.
«Егер Хомо Сапиенс өкілінің бірі қоймен жыныстық қатынасқа түскен болса, онда әлемнің барлық адамдары шеттерінен — қойсіг… кешірерсіздер, зоофил».
Саған күлкілі шығар, ал ақпараттық кеңістігімізде осы пішіндес лапшаны дәлірегі «вермичленді» шайнамай жұтып, әрі қарай тарататын кеңкелестер көп. Қауесеттердің 90 пайызы осындай жалпыны жалқыдан айыра алмаудан шығады.
«Еуропа — гейлер мекені»
«Сақал — террорист»
т.б.



Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
Арандатушы "қажетті" жауап алу үшін, сұрақтың құрылымына «вирус» тығып жіберуі де мүмкін. Былайша айтқанда, софизмдерді.

Мысалы:
««У» елінде үнемі қысым көргенді қалайсыз ба, әлде емін-еркін «Х» елінде тұрғыңыз келе ме?»


Сұрақтың қулығы мен сұмдығын көрдіңіз бе? Ал әрі қарайғы сценарий арандатушының бұрмалаушылық шеберлігіне байланысты. «Ортақ тұстарын ұмыттыр, айырмашылықтарына екпін қой — мінекей, өмірінде бірін-бірі көрмеген Вася Пупкин мен Әбдразақтың арасында жеккөрудің оты жанды да қалды. Ал жек көру бар жерге жанжал өсіру де сөз емес. Небары бұл екеуін бір жерде түйістіретін үлкен шара керек.
Ендеше, сәл қыртысқа күш салып, арандатушыға қарсы сұрақ қоюға болады ғой? ««У» еш қысым көрмей-ақ, емін-еркін тұра берсек болмай ма?!» деген сияқты немесе "Өзімізге қажет қоғамды ешқайда қосылмай-ақ, біртіндеп соға берсек болмай ма?" деген сияқты.


Таңдау аясын арандатуға ыңғайлы етіп шектеу.
««А» тарабына қарсысыз ба, «Б» тарабына қарсысыз ба?!»
Екеуімен де дос болу мүмкіндігі көтімен ойлайтындардың назарынан тыс қалады да, өлім мен өмір мәселесі болатындай жағдай туындамаса да, айдың күні аманда екі тараптың біріне қарсы болуына тура келеді.

Біреуден осындай сұрақтарды естігенде, «Сен голубрй екеніңді мойындайсың ба?» деген бала кезіміздегі қағытпа сұрақ есіме түседі. Бұған «иә» десең де бәлеге қалдың, «жоқ» десең де келеке боласың. Сондықтан, сұрақтан бір шикілік көрсеңіз, қарсы сұрақ қойып, сұрақ қоюшы сізге анық, түсінікті нұсқалар ұсынбайынша жауап бермеңіз. Әлгі Голливудтағы киноларда полицайлар айтпақшы: «Сотта үндемеуге хақыңыз бар. Айтқаныңыздың барлығы сізге қарсы қолданылуы мүмкін».

Өкініштісі, қоғам ішінде өмір сүргендіктен миыңызды ақпараттық шабуылдан толық оқшаулаудың жолы жоқ. Ал ықпалын азайтқыңыз келсе мынаны байқап көріңіз:
Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
1. Күмән келтіру. Құлағыңа жеткен әрбір хабардың шын-өтірігіне күмән келтіру. Газеттегі мақалалар мен кешкі жаңалықтардан бастап барлығын — досыңның пікіріне дейін, сүйікті әртісіңнің, ақыныңның, депутатыңның пікірі, туған әкең, тіпті өз пікіріңді де күмәнға алу.


Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
2. Құр күмәнданып қоймай, ақпаратты объективті деректерге, өмірлік тәжірибе және арнайы эксперименттерге сүйене отырып терістеу/негіздеу .

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
3. Логикалық сауаттылығыңды арттыратын кітаптарды, мақалаларды оқып тұру.

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
4. Рационалды ойлау дағдысын қалыптастыру. Атынан шошымаңыз. Қысқа қайыратын болсақ, рационалды ойлау дегеніміз — мәселенің ең оңтайлы шешімін таба білу ғана. Ол үшін жоғарыда айтылғандарға қоса психикамыздың түрлі кілтипандарын да ескере жүрген дұрыс.
Мәселен, адамның әдемі ұйқаспен, поэзиялық көркемдікпен айтылған ақпаратты шындыққа балайтыны бар ғой. Сондай-ақ, адамдар білмеген тұсын қиял-болжаммен толтыра салуға, "өмірде кездейсоқтық пен әділетсіздік болмайды" деп ойлауға, түсінбейтін нәрсесін жек көруге бейім. Одан әрі, астар жоқ жерден астар іздейтіні, ыстық күні жылы киімнің, суық күнде салқын сусынның рахатын түсінбейтіні тағы бар. Міне, осы сияқты толып жатқан «багтарымыздың» барын ұмытпаған дұрыс.


Гуманитарларға жоғарыдағы тізім тым күрделі һәм ұзақ мерзімдік талап көрінcе, мыналардан бастап көруге болады:
Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
5. Әр қабылдаған шешіміңді толық бақылауыңа алу. Әрбір шешімнің саналы таңдау нәтижесінде қабылданғанына көз жеткізу. «Бүгін ертерек ұйықтаудан» бастап « фейсбуктағы наразылар тобына қосылуға» дейін. Шешіміңізге көңілжықпастық әсер етті ме? Қолайсыздық па? Көпшілікке еру ме біреуге еліктеу ме? Мотивтерің қандай?

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
6. Әр айтылған пікірге жан-жақты оң және теріс пікірмен, қосымша дереккөздер ұсынған ақпаратпен танысу. Бір мәселеге келіспей жатқан екі жақтың да келісетін, келіспейтін тұстарын анықтап алмай, ой қорытуға асықпау. Иә, айтпақшы теледидардан көрген, интернеттен көрген видеодәйектер бәрібір өз көзіңізбен көргенге жатпайды.

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
7. Ара-тұра өзіңе «бұл маған қойыма керек?» деген эгоистік сұрақ қоюдың да еш сөлекеті болмаған.

Сана мен сезім: Алаңдап жүріп арандап қалмау жолдары
8. Ақпарат тұтыну кезінде көңіл-күйіңді бақыла. Саяси-әлеуметтік мәселені қозғайтын қандай да бір жаңалық сені кенет ерекше қуантса, ашуландырса, аяушылық не үрей тудырса, көңілің саябырсып, тынышталғанша үзіліс жасап жіберуден ақылды шешім жоқ. Сабыры қашқан, ашулы «ақкөздің» ақиқатты қабылдауы да көмескі.


Ал егер әлдебір өзекті мәселе бойынша өз жеке көзқарасың жоқ болса, менің шопырым Нұрмат сияқты «Қой знает...» деуге болады… «Неге?» деп жағаңнан алған адамға, «әлі қалыптаспады» немесе тап сол Нұрматша «онда өзім болғам жоқ — айта алмаймын» десең, ешкім «тасыңды шауып» алмайды.
Бөлісу:

27 пікір

asaubota
толық түсінбедім. таңертең тағы оқимын :)
bizbike
Қазір ешқандай жаңалық тыңдағым келмейді.
ken
Таңдау аясын арандатушыға ыңғайлы етіп шектеу.
«Қазақтарға қарсысыз ба, орыстарға қарсысыз ба?!»
Екеуімен де дос болу мүмкіндігі көтімен ойлайтындардың назарынан тыс қалады да, амалсыздан екеуінің біріне қарсы боп шыға келеді.

Өкініштісі, бұлардан мәңгі және біржола құтылудың бірден бір жолы жоқ. Ақпараттық кеңістігіміз ешқандай соғысқа дайын емес. Бірақ, алдағы уақытта, шетел пропагандасы мен ми шаюларының ықпалын азайтқыңыз келсе мынаны байқап көріңіз:
Хехехе. Өзі шетел (яғни Ресей) пропагандасы мен ми шаюының ықпалында жүрген адамның сөзі сияқты ғой мынауың.
Қазақстан ресейлік ақпараттық кеңістігі ықпалында. Жұрт ақпаратты ресейлік Россия24, НТВ, РБС тб арналардан алады. Ал отандық ақпараттық құралдардың өзі мәселелерді про-ресейлік көзқараспен таратады. Тек тар шеңберді ғана қамтитын қазақтілді ақпараттық ресурстар ғана ресейлік БАҚтардан дербес шолулар жасауы мүмкін. Оның өзінде барлығы емес, кейбірлері ғана. Интернеттегі отандық ресурстарымыз НурКз пен ЗаконКЗлер де ақпаратты про-ресейлік көзқараспен таратады.

Мысал ретінде әдейі топас сұрақты таңдап алдың ба?))) Жо-жоқ, мен орыстарға қарсы емеспін. Неге мынадай мысалды орналастырмадың: Сен біржынысты некелерді заңдастырып қойған шайтани ЕОға жақсың ба, әлде ондай заңды заңдастырмаған Ресейге жақсың ба?
Ал әлгі зомбиге сондағы "қай жағындасың?" деген сұрақты туындатып тұрған мәселе — Ресейдің Қырымды Украинадан тартып алуы еді.))))
Gastarbaiter
Хехехе. Өзі шетел (яғни Ресей) пропагандасы мен ми шаюының ықпалында жүрген адамның сөзі сияқты ғой мынауың.
Дұрыс, күмәндану керек. Бәлкім ықпалында шығармын. Қазір вакуумда өмір сүру мүмкін емес болған шығар. Сұраққа келсек, топас сұрақ болған соң алып отырмын, иә. Мысалды қалай өзгертсең де, қисын тұрғысында формуласы қате. Адамға таңдау аясын қасақана шектеп, ультиматум қояды. Ондай сұрақтар әлемді тек ақ пен қараға бөлетін шектеулі адамдарға өтетін шығар, немесе экстремал жағдайда, яғни қалған варианттың барлығы өлімге тең болғанда.
Мә, музыка тыңдай отыршы одан да))
Gastarbaiter
И, не ғой сосын, біздің вагончикте телевизор жоқ нақ)))), төрт жыл болды. Қайдағы НТВ))) Үйде де телевизор қарамаймын. Жаңалық порталдарынан leaveleaks, cnn, bbc ғана қарайм. Ал іштегі жаңалықтарды фб достарымнан біліп отырам.
GALEKE
Айтып отырғаныңмен келісуге болады. Оның бір емі басқа да ақпарат көздерінен мәлімет алу. Ол үшін шет тілдерін білу еркін меңгерген қатып кетер еді. Ал авторда ондай мүмкіндік бар. Сондықтан ықпалында болу ықтималдығы басқалармен салыстырғанда шектеулі ма деймін. Бұл әрине панацея емес. Бірақ, жан-жақты, түрлі көзқарастар мен пікірлерді ескере отырып қорытынды жасауға жақсы мүмкіндік.
ken
Келісемін. Дегенмен кейде бар мүмкіндікті де пайдаланбайтынымыз бар. Сондықтан аутырдың асаясилігін ескерсек, оның шетелдік түгілі отандық ақпараттық құралдардан да саяси жаңалықтарды бақылап жүретініне күмәнім бар. Ондайлар әдетте әлемде не елде болып жатқан жаңалықтардың шет жағасын айналасындағылардан (еріксіз) біліп жүреді. Осы жазбасында өзі жазып кеткен мәселеге көзқарасы сол айналасындағылар арқылы қалыптасқан болса керек.
Gastarbaiter
Сондықтан аутырдың асаясилігін ескерсек, оның шетелдік түгілі отандық ақпараттық құралдардан да саяси жаңалықтарды бақылап жүретініне күмәнім бар.

Саяси жаңалықтарды мүмкіндігінше бақылап жүріп те мейілінше асаяси ұстанымда болуға болады және керісінше ештеңеден хабардар болмай-ақ ультрасаяси ұстанымда болуға болады.
Логикалық қате детектед.
ken
Асаяси адам — саяси ахуалға қызығушылығы жоқ һәм ешқандай саяси ұстанымы жоқ адам.
Сен жазған бір-біріне қарама-қайшы адамның екеуі де бұл анықтамаға жатпайды.

Ал егер «мен асаяси емеспін, өйткені саяси жаңалықтарды мүмкіндігімше бақылап жүремін» десең, онда жоғарыдағы сен «асаясилігі» деген жерін қоюлатып қойған пікірімдегі назарбыңнан тыс қалған тұсқа назарбыңды аударуға рұқсат ет:
шетелдік түгілі отандық ақпараттық құралдардан да саяси жаңалықтарды бақылап жүретініне күмәнім бар
Gastarbaiter
Анықтамаңа рахмет, Кенеке. Күмәннің болуы да құптарлық. Бірақ сен маған қандай «кінә» таққың келіп отырғаныңмен өзің үшін анықтап алсаң қайтеді. Алдымен, цитата:
"Өзі шетел (яғни Ресей) пропагандасы мен ми шаюының ықпалында жүрген адамның сөзі сияқты"
дейсің, одан кейін:
«Интернеттегі отандық ресурстарымыз НурКз пен ЗаконКЗлер де ақпаратты про-ресейлік көзқараспен таратады.»
дейсің,
Ал енді келіп, «шетелдік түгілі отандық ақпараттық құралдардан да саяси жаңалықтарды бақылап жүретініне күмәнім бар»
дейсің.
Мақалаға наразылығыңды сезіп отырмын, бірақ дәл маған не претензия қойып отырғаның түсіне алмай отырмын. Осы жағынан сәл ағартып жіберсең.
ken
Алдымен, цитата:
"Өзі шетел (яғни Ресей) пропагандасы мен ми шаюының ықпалында жүрген адамның сөзі сияқты"
дейсің, одан кейін:
«Интернеттегі отандық ресурстарымыз НурКз пен ЗаконКЗлер де ақпаратты про-ресейлік көзқараспен таратады.»
Бұл екі цитатаның қай жерінен бір-біріне қайшылық көргеніңді түсінбедім.
Ал енді келіп, «шетелдік түгілі отандық ақпараттық құралдардан да саяси жаңалықтарды бақылап жүретініне күмәнім бар»
дейсің.
Енді ондайлар ақпаратты айналасынан алады деп отырған жоқпын ба?))) Ал айналасындағылардың қайдан алатынын қайта жазу артық шығар — екінші цитатаға қара))).
Қазір аталмыш отандық ресурстарға кірсең, астындағы каменттерде оқырмандар (яғни, біздің қоғам мүшелері) үнемі екі жаққа бөлініп "қырылысып" жатады. Бірі екіншісін ұнатпай «нацпат» десе, екіншісі оны «роспат» дейді. Екі жақтың да шектен шығып жататын кездері болады. Сен сол екі тараптың біреуін ғана мысал ретінде алып, соларды жағымсыз жағынан көрсетуге тырыпсыпсың, менің түсінгенім бойынша(!). Егер басқаша болса, айт.
Наразылығымды тудырғаны осы.
Gastarbaiter
Қазір аталмыш отандық ресурстарға кірсең, астындағы каменттерде оқырмандар (яғни, біздің қоғам мүшелері) үнемі екі жаққа бөлініп "қырылысып" жатады. Бірі екіншісін ұнатпай «нацпат» десе, екіншісі оны «роспат» дейді. Екі жақтың да шектен шығып жататын кездері болады. Сен сол екі тараптың біреуін ғана мысал ретінде алып, соларды жағымсыз жағынан көрсетуге тырыпсыпсың, менің түсінгенім бойынша(!). Егер басқаша болса, айт.
Е-е-е, міне ол қалай, Михайлыч! ))))
Айтпақ ойыңды бес тонна Капитан Көрінеудің тұжырымдарына көмбей, тоқ етерін сұрамайсың бірден. Жауап бермес бұрын, сенің болжамдарыңды анықтап алайын.
Сенің ойыңша, жоғарыдағы мысалдарда кімді жағымсыз етуге тырысқанмын? Роспаттарды әлде нацпаттарды ма?
ken
«Сен Ресей қайғысына қуанбайсың — демек, сен нағыз патриот емессің!»
«Қазақтарға қарсысыз ба, орыстарға қарсысыз ба?!»
Жалпы, жазбаң бұл екі тараптың қарсылығы туралы емес, әрине. Басқа да мысалдарың бар. Тек сен роспат еместерді әуелден «по умолчанию» теріс көзқарастағылар ретінде алып алып, әлгіндей топас (бәлкім, өзің әдейі ойлап тапқан) мысалдарды келтіргенсің. Сосын андағы Гитлер мен үш адам бейнеленген фотоң да оған қараған адамдардың санасында белгілі бір пікір қалыптастыратын пропагандалық фото.
Гитлер кішкентай қыздың жанында күлімсіреп тұр – қазір зұлымдығы талас тудырмайтын Гитлерді «пушистый» ғып көрсетпек болған сол замандағы Германияның өз азаматтарына бағытталған пропагандасы. Ал ол суреттің жанында «халықтар достығына от салуға жол бермейміз» деген ұраны бар үш нәсіл өкілі бейнеленген сурет орналастырылыпты. Былай қарасаң, бәрі дұрыс-ақ: бейбітшілік, халықтар достығы, фашисттер — сукалар, жап-жақсы сурет дерсің. Бірақ айтқанымдай, адамдар санасында пікір қалыптастыратын фото. Қандай пікір? Мынадай: тұншықтырылған тілін дамыту туралы мәселе көтеретіндерге «ұлтшылдар» деген айдар тағылады. (Бұл сонау советтер заманынан бері қалыптасып қалған тұрақты үрдіс). Ал ұлтшылдар дегеніміз өзге ұлттарға толеранттығы жоқ, яғни халықтар достығына іріткі салушылар. Демек, фашисттер… Гитлердің дәл осы суретінің таңдалуы да тегін емес. Іріткі салушы «фашистер» қой терісін жамылған қасқырлар дегендей ой тудырады.

Киевтегі оқиғалар орын алып жатқан кезде Ресей арналарының жүргізуші комментаторлары, оларға сондай нұсқау болды ма, жоқ па – білмеймін, әйтеуір политкорректілік дегенді лақтырып тастап, ресми жаңалықтарынан бастапқыда Украинадағы жаңа билікті «фашистер» деп атап жүрді. Бірақ кейін сабаларына түсті. Енді сол «фашистік» билікпен кездесулер өткізіп, қол алысып, келіссөздер жүргізуде)))))

Сонымен сеніңше, түсінгенім бойынша(!), нацпаттар елдің миын шаюда екен. Ал шындығында кім-кімнің миын шаюда?..
«Еуропа — гейлер мекені»
«Сақал — террорист»
— деген қауесетерді кейін қостың ба? Бастапқыда жоқ сияқты еді.
Gastarbaiter
Сонымен сеніңше, түсінгенім бойынша(!), нацпаттар елдің миын шаюда екен.
Нацпаттар елдің миын шаяды деген ой сенде туса, бұл сенің өзіңнің қиял-болжамдарыңның нәтижесі ғой. Оған мен қалай түсінік беремін.))))
Нацпат — дегеннің де түр түрі болады, ИГИЛ мен ханафиттердің мұсылмандығы бірдей емес ғой.
Ал әңгіме арандатушылық және оған еріп кету туралы.
Екіншіден, мен нацпаттың бәрі анандай, мұнандай дегенді жазған да, айтқан да жоқпын. Дегенмен, «нацпат» — ұғымын теріс интерпретациялаушылар көп. Бәлкім, мені солардың қатарына «по-умолчанию» тығып жіберген шығарсың.
Одан бөлек, сенің ойыңша, ұлтараздықты тек нацпаттар ғана өршіте ме?
Мына мысал қалай назарыңнан тыс қалған:
«Қазақстанда үнемі қысым көргенді қалайсыз ба, әлде емін-еркін Ресейде тұрғыңыз келе ме?»
Осы сұрақты түрлі вариацияда қойып, аңқаулау не өмірде орнын таппаған кез келген қазақстандық орысты Роспатқа айналдыруға болады.
Бұл да арандату.
Өз елін сүйетін адам туыстары, бала шағалары тұратын елде ұрыс-жанжалды ушықтырып, тұрақтылықты шайқауға саусағының ұшымен болса да көмектеспейді. Елін ондай араздық пен арандатушылықтан барын салып қорғайды.
Ол роспаттарыңа да, нацпаттарыңа да, мұсылманыңа да, христианыңа да қай-қайсысына да қатысты. Тек өзіне, өз туған туыстарына ешқандай қауіп төнбейтін, яғни «моя хата с краю деген адам ғана ұлттар арасына от салып отыруға мүдделі.
Және соңғысы, мен бұл жазбаны нацпатты жамандап, роспатты мақтау үшін жазған болсам, неге орыс блогосферасына жазып, қолдауына қарқ болмаймын?

Бірақ айтқанымдай, адамдар санасында пікір қалыптастыратын фото. Қандай пікір? Мынадай: тұншықтырылған тілін дамыту туралы мәселе көтеретіндерге «ұлтшылдар» деген айдар тағылады. Гитлердің дәл осы суретінің таңдалуы да тегін емес. Іріткі салушы «фашистер» қой терісін жамылған қасқырлар дегендей ой тудырады

Дегендей ой туады емес, тап солай екенін ашық текстпен айтып отырмын мен саған. Әңгіме арандату туралы болғанда Гитлер тұрмағанда, кім тұруы керек пе сеніңше? Адамның өз тілінде сөйлеп, өз тілінде ақпарат алуға деген құқығын қорғау бір бөлек, ал сол үшін оны басқа ұлтқа қарсы қою басқа әңгіме.
Егер Гитлерді дәріптеушінің нағыз өзі болмасаң, меніңше бұл әңгіме саған тіпті де қатысы жоқ. Ашулануың да бекер.
ken
Нацпаттар елдің миын шаяды деген ой сенде туса, бұл сенің өзіңнің қиял-болжамдарыңның нәтижесі ғой. Оған мен қалай түсінік беремін.))))
Онда «Сен Ресей қайғысына қуанбайсың — демек, сен нағыз патриот емессің!» деген сұрақты кім кімнен сұрап отыр?))))

Дегендей ой туады емес, тап солай екенін ашық текстпен айтып отырмын мен саған. Әңгіме арандату туралы болғанда Гитлер тұрмағанда, кім тұруы керек пе сеніңше?
Ия, солай екен. Мен осы жазбаңның алғашқы жариялалануындағы мәтіні бойынша қалыптасқан ойыммен фотоға баға беріп кетіппін. Сонда да бұл («роспропагандалық» дей салайық)) фотоны анау «Еуропа – гейлер мекені» деген пікірді кейін жазғаныңдай бұны да кейін орналастырдың, солай ма, шоб біржақты көрінбес үшін? Басында жоқ сияқты еді ғой?

«Қазақстанда үнемі қысым көргенді қалайсыз ба, әлде емін-еркін Ресейде тұрғыңыз келе ме?»
Осы сұрақты түрлі вариацияда қойып, аңқаулау не өмірде орнын таппаған кез келген қазақстандық орысты Роспатқа айналдыруға болады.
Біздегі орыстар (арасындағы бір-екі қазақтанып кеткенін есепке алмағанда) по умолчанию онысыз да роспаттар. Жәнеде роспаттар тек орыстардан ғана тұрмайды, араларында қазағы да, басқасы да бар.
Ал мысал-сұрағыңа келсек, "ұлтараздықты тек нацпаттар ғана өршіте ме? Мына мысал қалай назарыңнан тыс қалған:" дегенді жазғаныңа дейін бұл сұрақты кімнің сұрап отырғаны маған түсініксіз болып келген. Өйткені дәл сол сұрақты нацпаттың да аузынан шығаруға болады — "қай елде жүрсеңдер де қысым көрдік деп жылайсыңдар да жүресіңдер. ақыры солай екен, ендеше өз еліңе тай да емін-еркін өміріңді сүр" деген мағынада))

Сосын, не ғой, менде ашу жоқ. Жазғаным өзі солай көрінетіні бар.
Gastarbaiter
Сонда да бұл («роспропагандалық» дей салайық)) фотоны анау «Еуропа – гейлер мекені» деген пікірді кейін жазғаныңдай бұны да кейін орналастырдың, солай ма, шоб біржақты көрінбес үшін? Басында жоқ сияқты еді ғой?

Оларды сенің интерпретацияларыңа дейін, қосқанмын негізі. Жазбаны біржақты етуді о бастан мақсат тұтқаным жоқ. Просто, өз көзіңе сен, арнайы кітап пен телевидение арқылы нешетүрлі альтернативті әлемдер жасауға болады адамның миында.
Арандату кез келген кейіпте келуі мүмкін және сенің ең игі ниетіңді басқа бүлікшілік бағытқа бұрып әкетуі мүмкін.
ken
Оларды сенің интерпретацияларыңа дейін, қосқанмын негізі.
хехехе…
Gastarbaiter
Әңгіме фото жайлы ғой, дұрыс па?)))
a63a1
қараңғы болып қалыппын, жазған жазбаларға түсіне алмай жатырмын.
zholantai
осыған ұқсас бір пост жазып бастап, аяқтаймын деп жүр едім, енді жазғым келмей қалд,
GALEKE
Тоймай қалдым. Тағы бір қырлары, тағы бір нәрселер айтылуы керек сияқты. Бірақ, нақты не екенін өзім де білмеймін. Әйтеуір тойымсыздық бар.
zholantai
не ғо, бар мәселе: объективті ойлауға келіп тіреліп тұр ғо, солай ма?
Gastarbaiter
Пропаганданың екі түрі болады ғой, деструктивті, конструктивті. Осы екеуін ажырата білсең болды. Біріншісі қарапайым кез-келген адамның құндылықтарын насихаттау, оған салауатты өмір салты, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ғылыми-танымдық ақпараттарды тарату т.б. жатады. Ал деструктивті пропаганда әлеуметтік қайшылықтарға май тамызу, демонизациямен айналысады.
Мәселен, Жаңаөзен оқиғасында екі жақта да арандату пропагандасы қарқынды жүрді. Қазақтың бір бөлігіне «Адайлар мәдениетсіз, дөрекі, қанағатсыз оңбағандар» деген ойды жеткізуге тырысып бақса, адайлардың өзіне "Қазақтар сендердің байлықтарыңмен ғана күнін көріп отыр" деген сияқты сепаратистің ойлар таратылды.
"Өскемен Демократиялық Республикасы" деген әңгімені де көтеріп отырғандар солар сияқты.
ken
Жаңаөзенге қатысты ресейлік жаңалықтар арналары былай деп жатты:
Жаңаөзендегі бүлікті басуға орыстілділер тығыз орналасқан Қарағанды облысының полейцейлерінен арнайы топ құрылып, Жаңаөзенге жіберілді.
GALEKE
Ол кезде орыс ақпарат көздерін толық бақыламасам да біршама шолып отырдым. Бірақ, мынадай әңгіме айтылғанын бірінші рет естіп отырмын. Көпшілік тұрақты қадағалайтындай салмақты басылымдар болмаса керек. Ал акулалар арандатуға тым ғашық болса да мұндайды жазбас. Олар соған оншалықты мүдделі де емес. Орыс ақпарат құралдары тек украиндармен қақтығыста ғана толықтай бет бейнесін ашып тастады
ken
Интернетте бар екен:
Подавляющее большинство восставших нефтяников — казахи. А на подавление бунта власти перебросили полицейские части из Караганды — самого «русского» из крупных городов Казахстана
Центразияру беделді ресурстардың бірі. Бірақ мен осы хабарлауды ТВдан естігенмін. Қай арна екені есімде жоқ.
«Коммерсантъ Максим Юсин, обозреватель» деп жазыпты соңында. Коммерсантъ беделді ресейлік газеттердің бірі шатаспасам.