Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)

Кхм… бұл тақырып та келді… :)

16 жасқа толған жастарға ата-анасымен бірге отырып оқуға рұқсат етілген жазба


Үш жылға жақындап қалды, өзім қолға алған aikarakoz.kz сайтында жыныстық қатынас туралы айдар бар. Ол айдарды жүргізгендегі мақсатым — титтей де болса жыныстық сауаттылыққа үлес қосу.
«Жұрттың бәрінің бұл саладағы сауатын жапырып арттырып жатырмын» демеймін. Орысша-ағылшынша сайттарды аралай бермейтін қыз-жігіттерге аз ғана ақпараттың да пайдасы тие ме деген есекдəме…
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)
Айқаракөз сайтындағы ең көп оқылған ТОП-10 жазбаның жетеуін жыныстық қатынас тақырыбы алып тұр. Гугл арқылы ең көп ізделетін сөзді де ішіңіз сезіп отырған шығар. «Төсек төңірегіндегі әңгіменің бәрі халықты қашанда қызықтырған, қызықтыра да береді». Алайда, осы жазбалардың әрқайсысының астына түскен 300-350 пікірді, жолданған сұрақтарды қарап отырып, мұндай ақпараттарды қызыққаннан емес, өзі білмегеннен іздеді деген тұжырымға келдім.
Өйткені, ана қызына, әке ұлына дамып келе жатқан мүшелердің алғашқы белгілерінен бастап, оның атқаратын қызметтерін бір-ақ сөзбен түсіндірген: "ҰЯТ БОЛАДЫ!"

Есімде, қыз болып, етекті қымтап ұстауымыз керек екенін алғаш рет сынып жетекшімнен есіткем. Онда да, гинекологтар келіп, қыздың ағзасында болатын алғашқы белгілер туралы арнайы сабақ өтті. Анам да айтқан, тек кейін… есейіп қалғанда. Сол баяғы "ұят боладымен" қысқа қайырған. Жо-жоқ, аналардың бәрі ондай демеймін, баласына бәрін жіті түсіндіретіндері де бар, бірақ, аз.
Мектепте ер мен əйелдің ағзасы туралы түсіндіретін бір ғана сағат бар. Оған қатысқың келсе, сол күні ауырып қалмай, мектепке келуің керек.Бірақ, бізде сəл басқашалау болды. Дəл «интимді» тақырыпқа келгенде анатомиядан беретін Қуат ағайымыз ауырып қалған))).
Қазір баяғы "ұятсыз" видео кассеталардарды, дисктерді жалға алып, оны үйде ешкім жоқта тығылып көретін заман емес. Қыздар анасынан сұрауға қорқатын, жеңгесімен сырласуға ұялатын тақырыптарды дереу интернеттен іздейді. Тіпті болмай жатса, сұрағын қояды.

Айқаракөздің жыныстық қатынас туралы жазылған кез келген жазбасын ашып қарасаңыз, жазба астында «пышырлап» тұрған сұрақтарды көресіз. Оқырмандардан келген. Сол сұрақтар арқылы біздің жастарға қай жағынан ақпарат жетпей жүргенін білуге болады.

Бойжеткенге ой жетпей жүр


Қыздарды, оның ішінде 15-20 жас аралығындағы бойжеткендерді жиі мазалайтын сұрақтың ең көбі — пəктік белгі. Оның қалай орналасатыны, қалай бұзылатыны, қандай жағдайдың қауіпті екені туралы көп сауал қойылады. Тіпті өзіндегі пəктік белгісінің бар-жоғын анықтау үшін салдары өкінішке əкелетін əрекеттерге барып жатады.

Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)

20-23 жас аралығындағы нəзік жандарды толғандыратын сұрақтардың екіншісі — пəктік белгісінің бар-жоқтығы. Жігітінің «сыртынан, жанынан көремін» дегенінің шын-өтірігін айыра алмай, дал болады. Əрине пəктік белгінің не екенін білмеген адам оған төнетін қауіпті де білмейді.
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)

Қыздарды мазалайтын сұрақтардың үшінші сатысы пəктік белгінің қалпына келуі жайлы. Білместіктің салдарынан туындайтын олқылықтың орнын толтырғысы келеді, бірақ, қалай?
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)

Айқаракөз — қыз-келіншектердің сайты болғанымен, жігіттер туралы жазбалар жарияланып тұрады. Жігіттердің де жөн сілтер ақылшысы болмай, интимді мəселесіне жауап берер жан іздейді екен.

Азаматты қай сұрақ мазалапты?


Жігіттер қауымынан жолданатын сұрақтардың үздігі — алған жарының пəктігі туралы. Пəктік белгіні көрмесе, мүмкін əйелін ақтап алғысы келер, мүмкін өзіне сенімді болғысы келер, əйтеуір қандай да бір ақпар білгісі келеді.
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)

Жігіттерден келетін "құпия" сұрақтардың екінші орнында жыныс мүшесін үлкейту мəселесі тұр. Өзінікіне көңілі толмайтын жігіттердің қатары едəуір көп екен.
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)

Азаматтарды толғандырып жүрген мəселенің үшінші сатысы жыныстық аурулар жайында. Қандай да бір кеселге ұшырап қалудан қорқатын жігіттер де аз емес…
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)

Кейде езуіңе еріксіз күлкі үйіретін сұрақтар да келеді. Əрине, бізге ғой күлкілі, ал, сұрақ жолдаушылар қандай да бір кеңеске, қолдауға зəру.

Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)
Блог - aikarakoz: Ұл-қызыңызды қандай сауалдар мазалайды? (16+)
Мұның себебі ана мен қыздың құрбыдай сырласпауында, ананың бой жетіп келе жатқан қызының ағзасындағы əрбір құбылысқа бей-жай қарауында; əкенің ұлына салмақты əңгіме айта алмай, «бəрін көше үйретеді» деп ойлауында.
Қайбір жылы депутат Айткүл Самақова: — «Мектептерге жыныстық ағартушылықты енгізген жөн,» — деп жақсы бастама көтерген еді. Оның соңы «ойбайға» ұласып, баяғы "ұят боладымен" аяқталды.
Статистикаға сүйенсек, əлімізде əрбір үшінші отбасы ажырасып жатыр екен. Ажырасуға алып келетін бірден бір себеп — жыныстық сауатсыздық.

Сіз есейіп келе жатқан ұлыңызбен, қызыңызбен ашық əңгімелесуге дайынсыз ба? Балаңыздың табиғат заңдылығын түсінуін өз қолыңызға аласыз ба, əлде өзіне қалдырасыз ба?
Бөлісу:

30 пікір

ken
Мына жерде де неше түрлі сұрақтар бар))
Adiletshu
менин жасым 15 те игитиммен тееккана суйисип кушактастым уйге келген сон еттекрим 5 кун бурун келип койды отнем жауап бернздерши мен катты коркам сонда кушактасып суйискененде жукти болу мумкинбе? жауаптарнзды кутем… )))))))))))))))))))))
Adiletshu
Сәлеметсіздер ме! мен жігітіммен жақын қарым-қатынаста болдым. Бірақ менде қан белгісі блмады. Неге олай? және қандай жағдайларда қан белгілері болмайды? алдын ала рахмет

Сәлеметсіз бе, мүмкін жігітіңіздің мүшесі қысқа шығар...
))))))))))))))))))))))
VKM
Казнетте сексопатолог, гинеколог мамандардың сайттары жетіспейді. Сұрақтар үнемі болады ғой, біздің үйде де көп нәрсе ашық айтылмайды, интернетке рахмет, көп нәрсені білдік)
asaubota
осы тақырыпқа қазақша сұрақ-жауап сайт керек уже. басқаша дұрыс метод жоқ сияқты сауаттандыру үшін
zholantai
біздің редакцияның конференц залында психолог, гинекологтар және мектептегі 9-11 сыныпта оқитын оқушы қыздардың қатысуымен семинар өткен, тақырып: жыныстық сауаттылық, қыз баланың бойында пайда болатын өзгерістер, сонда тек әйелдердің қатысуымен өткен семинарда қыздар тарапынан көп сұрақтар қойылыпт, соншалық көп сұрақтар, әйтеуір біздің редакцияның әйел журналистері айтып отырған: тым күрделі, өзекті мәселе екен деп,
MERmukhanov
Айқаракөз, бармысың? ©
DiasBisengali
Негізі Аршаттың атып отырғаны дұрыс қой. Бір арнайы сайт керек. Сұрақ жауап алынатын, болмаса форум етуге де болады. Бірақ жауабын нағыз дәрігерлік мамандығы бар немесе сексологтар бееру керек. Айтпесе школдың кезінде ақ оқып тастағанбыз ол ғылымды :-)
ken
Бар ғой ондай сайт. Жоғарыда мен қойған сілтемеде тұр. Сол жерде медиктер жауап жазады.
Сондағы сұраушылардың өз сұрақтарын қалай жеткізгені қызық — «биз жигитимиз екеумиз котпен сиги*емиз...», немесе «менин кот*гым озинен ози турып кете берет...» деген сияқты.
zholantai
осы сұрақтарға мамандардың жауабын алып, қосып жариялап шыққанда қатып кетер еді,
aikarakoz
Өткен турда маманның пікірін алғанымда қалай болғанын көрдің ғой))) Ощм жюрилер қауымын түсіне алмай өтетін шығармын))))
zholantai
бұ жолы айқаракөзіңдегі сұрақтардың теріп шықтың, жауап қайда десе жарылып кетесің бе :) :)
DiasBisengali
Қорытындыны тағы да қорыту керек пе еді
DiasBisengali
ken ол сайтта сұрағы бар да жауабы анаған барыңыз мынаған барыңызбен шектеледі.
Gastarbaiter
Ата-анамыз біздің не ойлайтынымызды білмейд деп ойлаймыз ғой, Шылғыи өтірік. Жай, бізді көп андай дүниелерге, жаман ойға қиғысы келмейді. И вообще, өтірік байқамағандай болғанды жөн санайды. Тіпті қолынан ұстап алса да, ақтап алады өзінің тыныштығы үшін, баланы ұялтпау үшін. Бойжеткендер "әкемді алдап соқтым, шешем білмей жүр" деп ойлайды. Бәрін біледі олар. Тек фактпен бетпе бет кездеспейінше, мойындамайды. Бірақ бәрібір уайымдайды, сыртымыздан, амандығымызды тілеп ғана жүреді. Өзіміз де ертең сөйтеміз.
Nodar
Iya, асиресе акеге кандай ауыр. Ана, ол айел, кызы турмыска аягы ауыр боп шыкса да жаны ауырмайды. А акеге ше? Турмыс курмай аягын ауыр болса, менин кишкентай кызым деп журген балапаны бир жерде, тыгылып, жыныстык катынаска тусти деген соз го. А папага ол ауыр. Ер адам канша онбаган боп жатса да, папа ролинде олар шынымен де священный жан го.
dark_nazgul
Әй білмим. Өзімізге шешеміз ештеңе айтқан жоқ, мектепте сабақ үйретпеді, қазіргідей Айқаракөз де жоқ. Бірақ, әйтеуір, бәрін біліп жүретінбіз, анадай джынД сұрақтар қоймайтынбыз.
dark_nazgul
Он оқып жүргенде, класқа біреу «Все о женщине востока» деген кітап алып келді. Соны по кругу жіберіп, кезек кезек қыздардың бәрі оқып шықты. Мен алып оқып жүргенде шешем көріп қойып "ұялмайсың ба?" деді. Содан кейін көрсетпеуге тырысатын болдық.
DiasBisengali
ең алғашқы жыныстық сауат бойынша кітапты 7 класымда оқығанмын. «Гармония семейных отношений» деп аталады. сосын Спид инфо газеті болды :-)
asaubota
Спид-инфо біраз сауат ашты негізі. әлі де оқып тұрамын
zholantai
осы спин-инфоның тартатын бірдеңесі бар, не бәлесі бар екенін
Gastarbaiter
Ештемесі де жоқ. «Алтын босаға» сияқты әр жерден ұрлап не қиялдап дәлелсіз бірдеңелерді тігістіре беретін сары газет.
Gastarbaiter
Суреттеріне бола алатын көбісі.
zholantai
мені тақырыбы тартады ма дейм, киоскілерді тұрад ғо, алғым келіп тұрады дағыны, қойш нах, инетте те бар ғо деп алмай кетемін, бірақ алғым келіп кетіп бара жатамын :)
asaubota
алғашқы болып шыққасын ба деймін танымал болуы
zholantai
бір журнал болған екен, қазақ тілінде шығатын, кілең осындай жыныстық жетілулер туралы сұрақтарға жауап беретін, үйде подшивкасы болатын, содан оқып алып, бастауышта жүргенде шет-жағасын біліп алған едім, аты есімде жоқ, әйтеуір «білгенге маржан» деген айдары да бар еді,
MamaAya
Мамам гинеколог болса да: Қызым әр нәрсе өз уақтысымен, бойжеттің, жігітпен танысу, жүруді ерлі-зайыптылардың арасындағы қатынаспен шатастырып алма. Ақылың бар ғой, ақымақтыққа бармайсың деп сенем!- дегеннен асып тәптіштеп айтып бермепті, секс тақырыбын қозғағыш жеңгелерім болса да, әрнәрсе сұрап қызықтап, түсініксіз ойлар мазаламапты да. Жалпы табиғи сезім шығар, арасында ұятсыз бірнәрсе болатынын білетінмін ерте-ақ. Жігіттерге сездірмесем де, нагло көрінуге тырыссам да, пц қорқатынмын))))Сөйтіп жүріп ешкімнен ештеме сұрамай-ақ оны уақтысы келгенде көрерміз деп жүріп жетіп алдық қой.))) Бірақ түннен таңға дейін болады деген ойым қате екен, оны да сұрап білмедім, мазаламаса да, осылай ойлайтынмын почему то)))),, сөйтсееем олай емес екен)
Gastarbaiter
смайлдар кері бағытта тұру керек сияқты.))) Ну, соңғысы ең болмаса.
MamaAya
)))) ия, қате кетіпті и «ииих» сөзі қалып қойыпты
Daniar-Alan
Секс десе өре түрегелетін өңшең… )))