ЖАЙДАРМАН, Жоғары Лига, жартылай финал, 2 - күн, 6.10.2014

Жоғары лиганың бірінші күнгі ойынында жүргізуші Есен ЕЛЕУКЕН «биылғы финалда тек үздік 4 (!) команда ғана ойнайтын болады» дегенде «ооу» десіп қалғамыз. Амал не, кейде Есен ЕЛЕУКЕННІҢ де дегені болмай қалатын кездер болады…
… Өзі көрермен мен қазылар алқасының пікірі үнемі қайшы болатын әр ойында анық байқалады. Және әр ойында жазықсыз жапа шеккен де бір команда болады, міндетті түрде. Кеше «Сағыз» құрамасы «жанып» кетті. Неге «Күлтегін» өткен финалға Атыраудың құрамасы өте алмады? Есен Елеукеннің өзі қазыларға бір, залға бір қарап, пұшайман болғанын көз көрді. «Байланыс жігіттерінің» финалда өнер көрсетерін басынан болжаған ек. Айды аспанға шығарған «АЭСА» болды… Жекелеген сайыстар бойынша ойымыз төмендегідей.

Сәлемдесу
Тұңғыш астана
… Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан… Абаймен бастады. Аса бір сәтті шықты дей алмас ек. Сәлемдесу үшін жоғары балл алған құрама осы болды. Жалпы, "Қызылорда облысы әкімінің құрамасы" дегенді мен бұл командаға бере салмас едім. Жайдарманның паспорттарына айналған қызылордалық «Арал АС», «Тереңөзек» құрамасы, "Қорқыт" құрамасы да облыс әкімінің құрамасы дегенді айта алмаған. Облыс әкімінің атына лайық болуы үшін кішкені тер төгу керек секілді. Әкімдіктің, әкімнің атымен өтетін команда болғаннан гөрі, команда әкімдіктің атын шығарғаны тәуір ғой.
Күлтегін
ЕҰУ дың студенттері сауатты. Әзілдері салмақты. Тек жеткізу жағынан ақсады. Сәлемдесуде өте жақсы әзілдер болды. «Ресейліктердің фантазиясына өзгеріс енгіземіз» дегені үшін риза болдым. Осынша үлкен тақырыпты соншалықты нәзіктікпен өткізе білді. Ойнату жетіспеді.
АЭСА
Жаңа кескін! Жаңа дауыс! АЭСА бір адамға ойнайтын команда еді. Жаңа шешімге риза болдым. Сосын баскесерлік стильді жұмсартып тұратын бір деталь керек деп ойлаушы едім. (БІР САРЫНДЫЛЫҚ ШАРШАТАДЫ, ШУ-ЧУ ҚҰРАМАСЫН ЕСКЕ АЛАЙЫҚШЫ) Мынау тың шешім қуантты! Соңғы сөзін айтсайш: Өзге тіл ТІРЛІК үшін, Өз тілің БІРЛІК үшін деді-ау, қайтейін!!!
Байланыс жігіттері
Бірінші маусым, және финал! Еңбектенді, жетті. Әділ, төгілген термен жеткен құраманың бірі осы. (Бірі — Ұлттық Құрама:)), айтпақшы, бұл маусымның финалы алматылық финал болатын түрі бар… Байланыс жігіттері Мұқанға көбірек арқа сүйейді, әзілдің бәрі соның ауызымен, қатысуымен жасалады. Бір адамдық команда болып кетуі мүмкін, КОМАНДИРЛЕРІНЕ СӘЛЕМ
Сағыз
Қайда барсаң да 81 лер, блә:))) «Сағыздың» сәлемдесу ерекше ұнады. Биді келістірмеді.

Жамбы ату
Жартылай финалдық ойынның екінші күні (жалпы, екі күні де) осы сайыспен есте қалды. Командаларға… білмеймін, ризалықты қалай жеткізуге болады… СУПЕР! Әсіресе, АЭСАмен САҒЫЗ! Не ддеген әзілдер анау?! Біреуін күліп үлгермей жатып, екіншісі домалатады:) Айтпақшы, қазылар алқасының бағалауына көңілім толмады. Неге бір біріне жалтақтайды?
Үздік әзілдер (менің ойыммен, қағазға түсіріп үлгергендерім)
Ат құлағында ойнайтын бір балаға ат "қарағым, әрі ойнаш" депті АЭСА
Бәйгеде соңғы келген аттың иесі: «Шауып келген аттың еңбегі бар емес пе, құрығанда мақтау қағазын беріңшиш» депті:) САҒЫЗ
Тойота Ярис Лимузиннен: Аға, қалай ұзарып кеткенсіз деп сұраса, Турникке тартылып жүрмін деп жауап беріпт:) САҒЫЗ
Шифоньердің ішінде тұрған костюмдерге шифоньер айтат дит: Жігіттер шыға тұрасыңдар ма, киініп алайын деп едім деп:) САҒЫЗ
Кілең, Сағыз боп кетіпті ғой:)

Бір әуен аясында
Сағыз: Әркім өзінің осал жерін білгеннен ұтылмайды. «Сағыздың» биі артық болды. Бағаны түсірген де сол ма дейм. Сосын, музыка тым қатты, микрофонның дыбысы төмен, сөз естілмейді (бұл барлық командаларға ортақ кемшілік)
АЭСА: Михон — тамаша ойыншы. Бірақ, әнші емес! Командада екінші, үшінші дауысты ұстап тұрған тым тәуір әншілер бар ғой. Солисті неге солардың арасынан таңдамаған? Сөзін жаттамаған, тональность туралы мүлде айтудың қажеті жоқ. Дайындық болмаған ғой, тірліктермен жүріп:)
Тұңғыш астана
Мықты! Сөзсіз толық жоғары ұпайға татырлық өнер көрсетті. Бірақ, қазылар төмен қойды бағаны. Вокал бар ма, БАР! Көп дауыстылық бар ма, БАР! Әзіл бар ма, БАР! Ой бар ма, БАР! Жоғары ұпай… НЕГЕ ЖОҚ, Нұрлан?!
Байланыс жігіттері
Сайыс «Бір әуен аясында» деп аталады. Яғни, әнмен әрленуі тиіс. «БЖ» қателесті, әннің орнына залға ғана өтетін арзан романтика ұсынды. Ал, қазылар «Тұңғыш Астанаға» қоймаған балдарын осы жігіттерге бере салды… Парадокстау…
Күлтегін
Кешірмеймін: Жасыл микрофонның істемейтінін басқа басқа ежелден сахнада жүрген әккі жігіттер білуі тиіс еді. Жооқ, бұлар дәл сол мүгедек микрофонды солистке беріп қойса қалай?! Тым жақсы ән, әдемі дайындық, техникалық қателіктер үшін ұпайдан қағылу деген…

Үй тапсырмасы
Тақырыпқа кіріспес бұрын, мына суретке назар аударыңыздарш:
Блог - aza: ЖАЙДАРМАН, Жоғары Лига, жартылай финал, 2 - күн, 6.10.2014
Командалардың бәәрі «маңырады» ғо осы сайыста:)
Байланыс жігіттері
Бір адамдық ойын. Бір адамдық команданың иісі шығады… Мұқан, сен неге ортада тұрып, жалғыз сөйлей бересің? © «Байланыс жігіттері» құрамасы
Сағыз
«Назар аудар» стиліндегі қойылым. Бірақ, Оралдық жігіттер бұл көріністі жетер жеріне жеткізіп кеткен ғой. Өтпеді. Ауылдың баласымын ғой, маған бәрі айқын, күлкілі. Бірақ, залда қалалықтар да отыр ғой. «Сағыздықтар» стильге әдемі өзгеріс енгізді. Жаңа келген ойыншымен жаңа леп келді деп едім, енді неге пайдаланбайды соны?

«Күлтегін» мен «Аграрка» өткен финалға неге «Сағыз» өтпейді?
Ес ақа, неге жартылай финалдық бәсекелердің қазылар алқасының құрамы өзгерді?
Ойын басталарда залды қыздыруға неге Рүстем шықпайды?
Рүстем боп жүрген ана бала неге "қаттРЕК" дейді?
Сұрррақ жеттед, очм…

Күлтегін
Түйіні тамаша! Сауатты ойын, әринне, әзіл мен жеткізу жетіспейді.
Тұңғыш астана
Түк жоқ қой, жәндерім ааау…
АЭСА
Салыстырмалы түрде жақсы дер едім. Әзіл бар, әзілдің басталуы, шиеленісі, шешімі де бар. Жақсы…

Түйін
Финал: 6 құрама. Ақтық айқас, жаңа және ескі астаналардың айқасы. (Күлкі терапиясы ғана Орталық Қазақстаннан...) Біреулер үшін «арманға деген ақырғы қадам», біреулер үшін «біз бастаймыыыыз»… Кім біледі, түбі қайыр болсын, әйтеуір!
Шіркііін, «Сағыз...»
Бөлісу:

5 пікір

asaubota
кешегі ойынға отчет жазып, ВКдағы пабликтеріне лақтырып едім, 1 кештің өзінде 728 қаралым :)
arshat.kz/?p=112
Gastarbaiter
Біз Альмира екеуміз, балконда ұйқыны сойдық. Жамбы атуда анебір жігіттің «дивайтайддить» деп шиқылдағаны бірінші айтқан кезде жынды өтті. Есімде қалған екі әзіл: «Сақалын қызылға бояған шал» мен «Динозавр моласында аунап түскен шығар»
AKY
дивайтайддить
Ол ылғи солай оқиды жамбы атуда, маған ұнайд сонысы, сүйкімді-ақ :*))
AKY
Байланыс жігіттерінің романтиканы ат қып мініп алатындары түк ұнамайды.
Иә, Тұңғыш Астананың әні жоғары ұпайға лайық еді.
MERmukhanov
Мына жігіт ағынан жарылыпты.

Жюри жайлы ештеңе айтпаймын) Гы
АЭСА — айды аспанға шығарды дегенде, қалыпты ойын ғой. Мысалы, ән айтудағы тиянақсыздық — көзге ұрып тұр. Сол сайысты шайып кетті. Қалғанын жақсы ойнай алатынын өткен жарыстарда-ақ көрсетті ғой.
Жамбыны әділ түрде атып алды. Бірақ жамбы атудың екі финалисі — шынымен ең күлкілі болғанымен, жануарлар туралы әзілдері зайыпты алып болды. Мұндай қалжың — әрқашан күлкілірек, «подачалары» жақсы. Сағыздың абсурдты әзілдері кейде абсурдтығы үшін ғана күлкілі, екіұдай пікірде қалдырады. Негізі, "Ұшақ, қасқыр, анау-мынау деп айтад екен дид" деген сияқты әзілдің мен жүзін шығара алам. "Қоқыс жәшігі диетологқа барыпты, барып, «Мен че то толып кетіппін» деп айтады екен дид ал!
АЭСА да 50пайыздан көп айуаннан аспады. Азайту керек.
Сағыз — ән сайысындағы фишкасы гангамға қатты үміт артып қойыпты. Айқын драйвпен талдырып тастамаса, басқа ештеңе болмаса, жоғары балл алмасы анық еді.
Күлтегін айқын провал жасаған сайыс болған жоқ. Жұмыр команда, примитивті идеяның астынан кілт бұрылыссыз стэм жасай береді. Өткенде де ішкен актер туралы, енді сақалды актер туралы. Жәрәйді енді. Кішкене тиянақтылық, өргәнизөвәннөст керек.
Тұңғыш астана — жартылай финалдың командасы, соған да рақмет. Әні жақсы, өз кәйпі үшін. Патриоттық…
Байланыс жігіттері — әзілдері жиі, бірақ болт емес, зал сәл күледі, бірақ жиі-жиі.
Әскери тақырыптан тыс та көру керек ау сермеп қолды. Бірақ халық әлі тойынған жоқ, в принципе.
Әзілдердің айыру деңгейі онша емес екенін жамбыда білдіріп қойды. Жалпы тартымды команда, зал сүйеді.
Ән айтуда сөздерді айқын айту, және ритммен айтуға үйрену керек. Техника дұрыс па өзі? Кәртіңке пайдалану — ретіне қарай. Пайдаланбай-ақ айырып алуға болады. Үзілістер жасап, мәтіндік әзіл тығып жіберуге болады.
Финалға 6 команда көп. Дауай тағы ЕКІ КҮНДІК САЙЫС? Зорығып өлсін.