Өзім көрген USB-модемдер: Шолу
Алғаш рет «андай»… ну енді кеңселік трафикті санамайтын Интернетке алғаш рет осы USB-модем көмегімен қол жеткізген болатынмын. Асхат «aka Urimtal» Еркімбай ағай берген құрылғының көмегімен көзім ашылған-ды. Айтпақшы, әлі жатыр үйде:)
Кабельді Интернетті қонақта көргенім болмаса әлі күнге пайдаланған емеспін. Қашан қарасаң да сол… компьютердің USB-тесігін кергілеп жатамын. Осы бағытта қызмет түрін ұсынатын қазақстандық компаниялардың бәрімен істес болып шықтым. Сондықтан, тәжірибеммен бөліссем артық болмас.
Айтпақшы, бұл шолуда 3G байланысын ұсынатын негізгі үш оператордың айлық топтамалары туралы ғана жазамын. Әйтпесе, үйде Diji, Jet3g компанияларының модемдері жатыр, бірақ, неге екені ұзақ уақыт пайдалана алмадым, ерте айрылыстық. Айтпақшы, Digital TV да осы бағытта ұсынып еді-ау қызметтерін.
Сонымен, алфавиттік рет бойынша:
Beeline
Бұл оператор USB-модем арқылы 3G Интернет тұтынамын дегендер үшін біршама тарифтік жоспар ұсынады екен. Алайда, жаңартылған сайттарына алғаш рет түскен соң біраз адасып қалдым, ақыры болмаған соң операторына хабарласуға тура келді.
Beeline ұсынатын ай сайынғы лимитсіздіктер (сайтта солай деп тұр):
Интернет жылдамдығы лимиттен ассаң 32 Кбит/сек-не дейін түсіп кетеді. Ал оған дейінгісі тұрған жерің мен USB-модемнің моделіне тікелей байланысты, әрине. Моделі демекші, модемнің өзі бөлек 1 000 теңге тұрады екен.
Абоненттік ақыны дер кезінде төлей алмасаң, әр Мб-ке 20,16 теңге төлейсің (стандартты тариф).
Beeline USB-модемін ұзақ пайдаландым. Кезінде, жеке өзім үшін таптырмас роутер болатын. Кейін, тарифтік жоспарларының басқалармен салыстырғанда қымбаттау шыққанына байланысты бас тартуға тура келді.
Kcell
Kcell Connect модемдері тұтынушыларына екі түрлі тарифтік топтама ұсынады. Құрылғыңыздағы номердің Kcell немесе Activ болуына байланысты төмендегі қызметтердің бірін таңдай аласыз:
Менде үйде екі компанияның да (Kcell, Activ) номері қосылған модемдер жатыр. Біршама уақыт пайдаландым. Жалпы, дұрыс болғанымен (мысалы, бағасы жағынан кезінде көңілімнен шыққан осылар еді), лимиттен асқан соң жылдамдық күрт төмендеп кетіп жүрді. Өздері 64 Кбит/сек дейін түседі дейді, бірақ маған осы жағы ыңғайсыз болды, аяқ асты бітсе, тыпырлайсың да қаласың.
Tele2
Қазір іссапарда сөмкемнен шықпайтын USB-модем осы компаниянікі. "Баға+сапа" жағынан алып қарағанда ұсынып отырған тарифтік топтамалары ыңғайлы деп білемін.
Барлығы үш топтама:
5 ГБ – 1 990 теңге
10 ГБ – 2 990 теңге
12 ГБ – 3 490 теңге
Соңғы 12 гигабайттік жоспар бойынша «Түнгі драйв» қызметі де қатар қосылады, яғни 00.00-мен 09.00 аралығындағы тұтынған «ентерлетің» есептелмейді. Егер көрсетілген топтама көлемінен асып кетсең, жылдамдық төмендемейді, тек негізгі шотыңнан тарифтік жоспарыңа сәйкес бағамен ақы алынады (5 ГБ – әр Мб үшін 0,36 тг, 10 ГБ – әр Мб үшін 0,29 тг, 12 ГБ – әр Мб үшін 0,31 тг). Яғни, лимитсіз деп айтып, бірақ берген көлемінен асып кетсең, төмен жылдамдыққа салып қоятын өзге операторлардай емес, бәрі нақты және баға тұрғысынан арзан. Қазіргі қолымда жүргені USB-модемнің Huawei E3131s-2 моделі, жылдамдығы жап-жақсы, 20 Мбит/сек-нан асыра алады.
Қысқасы, дәл қазіргі жағдай бойынша сөз қорытындыласам, Tele2 ұсынатын тарифтік пакеттерді пайдалануға кеңес берер едім.
Ал сіз қандай Интернет тұтынасыз? USB-модемді айтамын:)

- Лимитсіз 1 ГБ – айына 990 теңге
- Лимитсіз 2 ГБ – айына 1 490 теңге
- Лимитсіз 6 ГБ – айына 2 290 теңге
- Лимитсіз 12 ГБ – айына 3 390 теңге
Интернет жылдамдығы лимиттен ассаң 32 Кбит/сек-не дейін түсіп кетеді. Ал оған дейінгісі тұрған жерің мен USB-модемнің моделіне тікелей байланысты, әрине. Моделі демекші, модемнің өзі бөлек 1 000 теңге тұрады екен.
Абоненттік ақыны дер кезінде төлей алмасаң, әр Мб-ке 20,16 теңге төлейсің (стандартты тариф).
Beeline USB-модемін ұзақ пайдаландым. Кезінде, жеке өзім үшін таптырмас роутер болатын. Кейін, тарифтік жоспарларының басқалармен салыстырғанда қымбаттау шыққанына байланысты бас тартуға тура келді.
Kcell
Kcell Connect модемдері тұтынушыларына екі түрлі тарифтік топтама ұсынады. Құрылғыңыздағы номердің Kcell немесе Activ болуына байланысты төмендегі қызметтердің бірін таңдай аласыз:
- Лимитсіз 1 ГБ – айына 990 теңге (Activ номерге мұндай жоқ, тек 1,5 ГБ деген бар, бағасы 1 200 теңге);
- Лимитсіз 2 ГБ – айына 1 500 теңге (Activ номерге мұндай жоқ, тек 3 ГБ деген бар, бағасы 1 700 теңге);
- Лимитсіз 4 ГБ – айына 1 990 теңге (Activ номерге мұндай жоқ);
- Лимитсіз 6 ГБ – айына 2 500 теңге (Activ номерде де тура осындай);
- Лимитсіз 10 ГБ – айына 3 990 теңге (Activ номерге мұндай жоқ, тек 12 ГБ деген бар, бағасы 4 500 теңге);
- Лимитсіз 15 ГБ – айына 5 000 теңге (Activ номерге мұндай жоқ);
Менде үйде екі компанияның да (Kcell, Activ) номері қосылған модемдер жатыр. Біршама уақыт пайдаландым. Жалпы, дұрыс болғанымен (мысалы, бағасы жағынан кезінде көңілімнен шыққан осылар еді), лимиттен асқан соң жылдамдық күрт төмендеп кетіп жүрді. Өздері 64 Кбит/сек дейін түседі дейді, бірақ маған осы жағы ыңғайсыз болды, аяқ асты бітсе, тыпырлайсың да қаласың.
Tele2
Қазір іссапарда сөмкемнен шықпайтын USB-модем осы компаниянікі. "Баға+сапа" жағынан алып қарағанда ұсынып отырған тарифтік топтамалары ыңғайлы деп білемін.
Барлығы үш топтама:
5 ГБ – 1 990 теңге
10 ГБ – 2 990 теңге
12 ГБ – 3 490 теңге
Соңғы 12 гигабайттік жоспар бойынша «Түнгі драйв» қызметі де қатар қосылады, яғни 00.00-мен 09.00 аралығындағы тұтынған «ентерлетің» есептелмейді. Егер көрсетілген топтама көлемінен асып кетсең, жылдамдық төмендемейді, тек негізгі шотыңнан тарифтік жоспарыңа сәйкес бағамен ақы алынады (5 ГБ – әр Мб үшін 0,36 тг, 10 ГБ – әр Мб үшін 0,29 тг, 12 ГБ – әр Мб үшін 0,31 тг). Яғни, лимитсіз деп айтып, бірақ берген көлемінен асып кетсең, төмен жылдамдыққа салып қоятын өзге операторлардай емес, бәрі нақты және баға тұрғысынан арзан. Қазіргі қолымда жүргені USB-модемнің Huawei E3131s-2 моделі, жылдамдығы жап-жақсы, 20 Мбит/сек-нан асыра алады.
Қысқасы, дәл қазіргі жағдай бойынша сөз қорытындыласам, Tele2 ұсынатын тарифтік пакеттерді пайдалануға кеңес берер едім.
Ал сіз қандай Интернет тұтынасыз? USB-модемді айтамын:)
тамыз айынан бері алтел4джи-демін, айына 4500 теңге, лимитсіздік,
бір айда кемі 150 гб жұмсайд екенмін, арзиды
Мен үйде Мегалайнның старт-пакетін қолданам. 1,5 мың теңге айына. Сыртқы трафикті мысық сигендей қылып береді.
Ютубтан бірдеңе қарау керек болса, Керекинфоға нобай жазба жасап, соған «ембед» қылып, «жазбаны алдын ала қарау» арқылы қазнеттен тартқайндай қылып провайдерді алдаймын.
Киноны мегаторрентстен (қазнетке лимитсіз) сорып алам немесе КЗ-доменіндегі кинотеатрлардан қарайм-тегін.
Вахтада билайнның 6-гигабайт лимитсіз пакетімен шығамын. Немесе екі рет 2 гб-пакетін сатып аламын.
Айына 150 гигабайт жұмсау үшін не деген медиамонстр болу керек?
кино, сериал, ютубтан видео қарау және жұмыста алтелді қосып қойып, жалғыз өзің отыру — кабинетіңдегі басқа әріптестеріңнен ыңғайсыздық туындататыны себепті, алтелді өзімнен өзге тағы үш әріптесім қолданады, сонымен шығып кетеді
Орта есеппен 3-4 гига траффик ғана жұмсаймын айына. Көбінесе мәтіндік ақпарат қараймын, статьялар, кітаптар качать етем әрі кетсе… Видео тек таңдап-талғап, отзыв-мотзывтарды оқып, үш айда бір фильм қарайтын шығармын. Ноутқа әлі бір ойын жазбадым. ))
Қазір Мегалайнның турбосына тапсырыс беріп қойдым. Оны да бір сынап көрейін. Әрі Уай-фай таратқышы тегін екен.
Негізі Мегалайынды Интернеті +кабельдік арнасы үшін таңдап жатырмын.