"Жайдарманша" әзілдеу стилі

Блогиаданың осы аптадағы "әзіл" тақырыбы берілгенде — бірден ойыма түрлі әзіл-сықақ театрлар, сосын қазақша КВН ойындары, яғни «Жайдарман» сайыстары еске келеді. Егер әрине Жайдарман алғашқы орынға шығып кетпесе.
Жайдарманның жайдары әзілдері, ондағы ойыншылардың қылықтары, қызықтары, киім киінгендері, ән айтып, би билегендері — біздің қоғамда, оның ішінде жастар арасында кеңінен танымалдылыққа ие болып, «Жайдарманша» әзілдеу стилі тренд тақырыпқа айналғаны қаш-шан.
Тіпті, үйдегі туған інімнің әр жексенбі сайын сағат 21:35 те Қазақстан ұлттық арнасында Жайдарман ойындары басталар сәттегі ессіз қарбаласынан, жан-тәнін беріп, есіл-дертін бұрғызғандығынан — оның феноменалды құбылыс екендігін байқаймын.

Осы орайда, "Әзіл" әлемінің қыр-сырынан бір кісідей хабардар, Жайдарман сайыстарының жүргізушісі — Есен ағамыздың кеңсесіне бардым...
Блог - abzalsariyev: Жайдарманша әзілдеу стилі

Есен Баймұханбетұлы Елеукен

Менің анықтамам:
Туылған күні, айы, жылы: 5 желтоқсан 1973 жыл;
Туылған жері: ҚР, Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылы;
Қызметі: Президент;
Атқаратын орны: Қазақстан КВН Одағы Республикалық Жастар орталығы;
Лақап аты: «Есаға»;
Сүйікті тағамы: Жылқының еті қосылған кез-келген тағам;
Сүйікті түсі: Көк (тудың түсі);
Сүйікті сусыны: Шұбат;
Жұмыс режимі: Аз ұйықтайды, ерте тұрып алып көп жұмыс жасайтын еңбекқор, тым жұмысбасты, өте адал жан.
Әлеуметтік желілерде: facebooktwittergoogle+vkontakteмой мирinstagram




Есен аға, Ассалаумағалейкум.
Әзіл жайлы не айтарыңыз бар? Осы бізде "қазақша стильдегі әзіл", "қазақы әзіл" деген түсінік бар ма?
⋙ Жалпы "әзіл", "әзілдеу" деген қазақтың қанында бар дүние. Ежелден қазақ қазақпен қалжыңдасқан, тіпті реті келсе «атасымен ойнап» әзілін жарастырған. Жалпы әзілдескенді жақсы көретін халықпыз ғой, кенде емеспіз, қалыптасқан қазақы әзілдеріміз бар. Қазақ — сөзге тоқтаған халық. Әзілмен болсын жеткізілген астарлы, ой салар сөздің парқына барған халық.
Алайда, бүгін сол кешегі күнгі әзілмен қалжыңдаса алмаспыз, тіпті, өзіңізге де белгілі болар, Жайдарманның осыдан 2-3 жыл бұрынғы ең ұтымды әзілдерін алып қайта қарасаңыз — "Құдайым-ау, мынаның қай жеріне күлгем? Қай жері күлкілі?" деуіңіз де мүмкін. Яғни, осыдан келе, әзіл сөзінің анықтамасын шығарып алуға болады, сонымен әзіл дегеніміз — уақыт кемесімен бірге жүзетін, актуалды, өз сәтінде дәл тауып айтылған езу тарттырар күлдіргі сөз. Әзіл міндетті түрде күлдіруі тиіс. Әрине, құр күлдіріп қоятын сылдыр сөзден құралған әзілден гөрі титтей болса да мағыналы болғаны мақұл. Дәмді тағайындалған бір порция әзілдің құрамында — ұтымдылық, қырағылық, өткірлілік, интелектиуалдылық секілді «ингредиенттердің» болғаны дұрыс.Блог - abzalsariyev: Жайдарманша әзілдеу стилі

Сайыстағы әзілдерге қойылатын талаптарыңыз бар ма?
⋙ Әрине. Әрбір Жайдарман сайыстары өтер алдында алдын ала редакторлық түзетуден өтеді. Қатаң талаптар қойылады. Сайысқа қатысушыларға арнайы ереже, нұсқаулықтар бар. Ережеде жазалау функциясы да қарастырылған.
Нақты айтар болсақ, әзілге қойылатын басты талаптар мыналар:
  1. Анайылықтың болмауы
  2. Ойын кезінде әзіл мәтінінің редакциялық алқаның мақұлдаған мәтінінен ауытқымауы. Импровизацияға жол жоқ!

  3. Сайыс болатын жерге ол басталардан бұрын 3 күн бұрын келіп жету. Белгіленген уақытта белгіленген жерде болу
  4. Ізденістің болуы. Соңғы жаңалықтарға, трендтегі тақырыптарға қатысты болуы
  5. Тәрбиелілік мәні
Жайдарман — өзінің ойыншыларына болашақта қандай мүмкіндік бере алады?
⋙ Осы күні Жайдарман сахнасында өсіп-өркендеп, түлеген біраз ойыншының бағын ашып берді. Нақты кепілдікпен берілетін дүниелер жоқ әрине, бәрі де сол ойыншының өзіне байланысты. Жігіттер, қыздар қандай да бір жетістікте жеткен болса — ол оның өз еңбегінің, сахнаны алғаш басқандағы мақсаты мен ниетінің арқасы деп айта аламын. Жайдарманның сахнасынан шыққан жандар еліміздің түкпір-түкпірінде өз қызметтерін атқаруда. Арасында танымалдылар, мемлекеттік қызметшілер, әкімшілік қызметшілер бар. Мысалыға квн жұлдыздары:
Тұрсынбек Қабатов — бұрынғы Жайдарманшы, Астананың «Аграрка сарбаздары» құрамасының ойыншысы болған, қазір "Әзіл әлемі" театрының жетекшісі.
Еркебұлан Мырзабек — бұрынғы «Жарайсыңдар жігіттер» командасының ойыншысы, қазіргі бірнеше тележобалардың авторы, «БАС продакшн» орталығының қызметкері.
Ерлан Айтбаев — «Ералаш», бұрынғы «Көз тимесін» командасының ойыншысы, қазір ОҚО жастар орталығының директоры.
Перизат Мырзахмет — "Ұлдар емес" квн командасының мүшесі, бүгінде «АДАМ продакшн» орталығында бас редактор қызметінде.
Алдан Жылгелді — «Алға Ақтөбе» командасының белді мүшесі, қазір мемлекеттік қызметте… тізе берсек көп.

Байқап отырсам, өзің қатысып отырған Блогиаданың айналасында жүргендердің біразы — осы Жайдарман сахнасында тер төккендер. Қатысушылардан: Алмас Тоқабаев — «Көзілдіріктілер» квн командасында ойын көрсеткен; сегіздіктегі серігің Маралбек Сағынғанов та Жайдарманда ойнаған. Ол — Ақтөбе қалалық чемпионатта «Батыс Ұландары» командасының атынан шыққан.
Әділқазы алқасының дені осы сахнаның саңлақтары. Нұрғиса Асылбеков — атышулы "Өзіміздің жігіттер" командасында ойнаған. Тимур Бектұр — Ақтау қалалық квн ойындары чемпионатының қатысушысы. Асхат Еркімбай — Жезқазғанның «Сегіз сері, бір пері» командасының ойыншысы. Міне, солай.

Әңгімелескеніңізге рақмет. Сөз соңында, тақырыпқа орай, өзіңізге ұнайтын, өзіңізге қатысты бір әзілді айтып беріңізші...
⋙ Қызылорданың "Қармақшы" квн командасы айтқан бір әзілі есіме түсіп отыр:

«Көре-көре көсем болғанша, бұрышта тұрып Есен бол» ツ

Блог - abzalsariyev: Жайдарманша әзілдеу стилі
Бөлісу:

10 пікір

abzalsariyev
Техникалық келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймын
qonyrbai
Иә, «Жайдарманның» жастарға пайдасы мол.
sammita
Қызметі: Президент
қаззақтар-ай
Соңғы түзету:
abzalsariyev
??
sammita
қызметі Президент деп жазылмайды ғой))
мыс. Н. Назарбаев — ҚР Президенті
немесе Бәленшеев — АҚ президенті
бұл болса: Қазақстан КВН одағының президенті
abzalsariyev
Менің Шымкенттегі бастығымның лауазымы — «N» ЖШС Президенті тұғын…
Жалпы, заңды тұлғаның басқару формасы 2ге бөлінеді: жеке-дара & алқалы (единоличный и коллегиальный).
Жеке-дара басқару формасында мекеме басшысының лауазымы — Директор, Бас Директор немесе Президент боп бекітулі мүмкін.
Ал, шынына келгенде солай жазуымның себебі интрига тудыру болатын
Соңғы түзету: