Пара алудан мануал
Пара сұрау жабдықтары
Параны ауызша сұрау қазірде камильфо емес, тренд емес; моветон әм көргенсіздік болып есептеледі. Әдетте 3-5 мың теңгеге ұсталып кетіп жататын ауылдың дым көрмеген директорлары ауызша сұрайды. Адам адамның дыбысын 1915 жылдан бері жазып келе жатыр! Дәл сол уақытта — үндемей сұрау технологиясын табысты парақор мамандар сәтті пайдаланып келе жатыр. Сонымен, кең тараған, «дыбыссыз пара сұрау» құралдарына тоқталсақ.
Калькулятор. Базарға барып, ең жалпағын, үлкенін сатып ал! Себебі көп сұрап қойған жағдайда, мәңгіріп қалған пара беруші: «түсінбедім, 0-ме, 8-бе» деп қаныңды ішеді. Әккі парақорлар әдетте CASIO калькуляторларын пайдаланамыз дейді, сен де сондайдың үлкенін таңдап ал:
Тоғыз құмалақ. Айталық, сіз 100 мың сұрағалы отырсыз. Ол тоғыз құмалақ арқылы былай жүзеге асады: N1 қазанға — 1 құмалақ, одан кейінгіN2...N6 қазандарын бос қалдырып,N7 қазанды сұқ саусағыңызбен басасыз, яки мантиссаның аяқталғанын білдіресіз:
Кейбір дауылбай Пара берушілер шынымен тоғызқұмалақ ойнағысы келіп кетуі мүмкін, ондайда жоғалнақ деңіз!
Телевизор. Пара берушінің көзінше пультпен дыбыс мөлшерін келтіріңіз. Рас, 100 мыңнан артық сұрай алмайсыз:
Валюта
Пара мөлшерін келісіп болғаннан кейінгі жұмыс — валютасын келісу. 100 мың доллар ма, евро ма, теңге ме — қалай білдіресің? Ол үшін жұмыс бөлмеңізге Дүниежүзінің Саяси Картасын іліп қойыңыз. Саусағыңызбен АҚШ-ты нұсқасаңыз — АҚШ доллары; Қазақстанды нұсқасаңыз — теңге; Еуропа елдерінің бірін нұсқасаңыз — евро:
ЕПТІБАЙЫМАЙД! Еуропа картасында Түркияны көрсетіп, Пара берушіні шатастырма: Түркия Еуробұдаққа кіре алмай жүргеніне 15 жылдың қыры болды! Яки, сізден аздап сауаттылықты талап ететін жұмыс.
Алу
Ең алдымен, Пара берушінің есі дұрыстығына көз жеткізіңіз. Алыс-берісті түсінбейтін мал, ит-шошқа, дауылбай Пара берушілердің тура кабинетке ақша толтырылған қапшықпен кіріп келу оқиғалары тіркелген! Ал бірде біреу — жарты қапшық ақшаны акиматтағы күзет бөліміне тастап кетіпті!
Есі дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін, параны алуды ұйымдастыру қажет. Оны қалай аламыз? Ешқашан қолма-қол ақшамен алма!
10 теңгеден 1000 теңгеге дейін. Жұрттың көзінше бірдеңеге бәстесіп, ұтып алған бол. Футбол, ауа райын болжау, мына тасты лақытрсам шеңбердің ішіне түсе ме, сыртына түсе ме — бәстің тақырыбы тек сіздің азғын қиялыңызбен шектеледі.
1 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін. Дүкенге не бензин құятын бекетке ертіп барыңыз. Тұтас он мың теңгеге бір бөтелке кола немесе бір литр бензин алдырып, дүкеншіден артық ақшаны өзіңіз алыңыз! Ептібайымайд! Ешқашан ақшаны Пара берушінің өз қолынан алма!
10 000 теңге және одан жоғары. "Қолданыста болған телевизордың қорабын сатам" деген хабарландыру беріңіз. Пара беруші телефон арқылы ресми хабарласып, сұраған ақшаңызға алып кетсін. Бітті.
ЕПТІБАЙЫМАЙД! Телевизордың қорабына қызыққан басқа адамдарға сатып жіберіп жүрме!
)))))))
Теориясын оқыдық, енді практикада жасап көру қажет