Интернет журналистика деген не?

Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?
Жалпы, «Журналистика» ұғымын өз басым:
«тұрмыста болып жатқан жәйттар мен қоғамдағы актуалды мәселелерді шығармашылық тұрғыда өңдеп, оның жиынтығын бұқаралық ақпараттық құралдар (телевидение, баспа, интернет, радио) арқылы көпшілікке тарату» деп түсінемін.
Ақпараттың өңделу мен таралу барысында қолданылған технология мен жабдықтардың түр-сипатына қарай журналистиканың санаты да анықталады. Бүгінгі таңға, бізге журналистиканың 5 түрі мәлім:
○ Мерзімді басылымдар;
○ Фотожурналистика;
○ Радиожурналистика;
○ Тележурналистика;
○ Интернет-журналистика.
❝ ________________________________________________________________________________________________ ❞

Енді осыларға жеке-жеке, қысқаша-қысқаша тоқталып өтсек...
Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Мерзімді басылым — журналистиканың ең ежелгі, дәстүрлі санаты. Ақпаратты газеттер, журналдар, ғылыми орталықтардың шығарылымдары, информациялық бюллетендер және т.ю. с.с. құралдар арқылы тарату. Бұл санаттың негізгі атқаратын міндеті: түрлі тақырыптарға байланысты қоғамдық ой-пікір жайында ақпарат беру немесе құрастыру/қалыптастыру болып табылады.
Мерзімді басылымның өзі үшке бөлінеді: газеттер, журналдар және шығар-машылық орталықтардың уақытша шығарылымдары.
Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Радиожурналистика — журналистиканың ақпаратты радиохабар құрыл-ғылары арқылы тарататын түрі. Өзгешелігі: ақпараттың шұғыл жеткізілуі және тыңдаушы аудиторияға эмоционалдық әсер етуі. Классификациясына қарай, радиожурналистика 3 жанрға бөлінеді: информациялық жанр (радиохабар, сұқбат, басылымдарға шолу); сараптамалық жанр (корреспонденция, коммен-тарийлер, радиошолу); документалды-көркемдік жанр (радиоочерктер/фельетондар/баяндаулар, документалды драмалар, радиокомпозициялар).
Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Тележурналистика
Журналистиканың бұл түрі — бүгінде жер жүзіне кеңінен таралған, қоғамға ықпал ету күші өте зор әрі ақпаратты ең көп тарататын құрал. Тележурналистикадағы мол мүмкіндіктер – журналистік шығармашылықтың дамуына жол ашады.
Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Фотожурналистика
Негізгі көрініс құрылғысы фототүсірілімдер болып табылатын журналис-тиканың ерекше түрі. Санаттың басты әрі міндетті шарттарына: объективтілік (суреттердің болған жайтты дәл беруі) және баяндаушылық хронологиясы (түсірілімдерді қараушы аудиторияға әсерлі сәттердің барысын бере алуы).
Жеке өзімнің дәл осы салаға қызығушылығым және жетістіктерім бар


Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Интернет журналистика
Соңғы онжылдық көлемінде Әлемдік интернеттің дамуымен қатар танымал-дылық пен жаппай қолданысқа ие болған журналистиканың жаңа, тың бағыты. Өзін журналист рөлінде сынап көргісі келетін кез-келген тұлғаға шексіз мүмкіндігі бар, ерекше санат. Азаматтық журналистика, индивидуалды журналистика, гонзо-журналистика, блоггерлік — мұның бәрі осы интернет журналистиканың бағыттары.

Интернет журналистика саласы біздің де елімізге ғаламдық үрдіспен келіп жеткен ең жас, әрі тың бағыт. Аталған сала ЖОО да пән ретінде оқыту-ағарту істері енді-енді қолға алына бастады.
Осы тақырыпқа орай, еліміздегі интернет журналистика саласында тәжірибесі бар өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп жүрген бірқатар журналистерден сұқбат алған едім. Білгім келген сауалдардың легі келесідей:

1. Интернет-журналистика деген (Сіздіңше) не?
2. Журналистикадағы бұл жаңа саланың рөлі/тиімділігі/маңыздылығы неде?
3. Сайттағы материалдарыз қай тілде(рде) таратылады?
4. Авторлардың еңбегі қалай төленеді?
5. Сайтыңыздың басқалардан айырмашылығы/артықшылығы/ерекшелігі неде?


1. Интернет журналистика – өткен ғасырдың аяғына қарай, интернет аудитория қалыптасқаннан кейін шыққан ұғым. Журналистиканың бір түрі. Интернет дәстүрлі ақпарат құралдары – телеарна, радио, газеттерден аудиориясын әлдеқайда тез қалыптастырды. Мысалы радио алғашқы 50 млн-дық аудиториясын 38 жылда, ал телеарна 13 жылда жинаған екен. Ал, интернет небәрі 4-ақ жылда осындай көрсеткішке ие болған. Интернет журналистиканың жылдам дамуын оның күрделілігімен байланыстырады. Яғни, бір мезетте дыбыс, видео, мәтін, түрлі инфографикалар, суреттер бере аласыз. Дәстүрлі ақпарат құралдарында осыларды жеке-жеке небір командалар жүріп жасайды. Ал, интернет журналистиканың тағы бір ерекшелігі ол – бір адам – бір БАҚ. Оған дәлелдер де көп. Біздесалалық сайттар көбейіп келеді. Өзінің қызығушылығы бар адамдар белгілі бір салада жеке сайттар ашып жұмысын жүргізіп отыр. Бәсекеге қабілеттілігін де байқап отырсыздар. Дәстүрлі БАҚ-пен күресте жеңіске жетті де. Өйткені интернетті алғашқы кезде өсек-аяң ортасы деп қабылдайтын телеарналар, радио, газеттер еріксіз жеке сайттар ашуға бел буды. Тіпті арнайы веб-редакциялар ұстап отырғандар бар.
2. Тиімділігі өте көп. Мысалы менің жеке сайтым бар. Түнде интернетте отырып, шетелдік түрлі сайттардан ақпараттар мен мақалаларды оқу әдетіме айналып кетті. Сонда, Батыс жер шарында күндіз болып жатқан оқиғалар, тіпті алыс-жақын елдердегі жаңалықтарды бізде дәстүрлі БАҚ өкілдері сол уақытта көрсе де бере алмайды. Ол үшін редакциясына бару керек дегендей. Ал маған аударуға ғана уақыт кетеді. Орыстілді сайттар тіпті сақал-мұртын күзесе күзеді, күземесе ол да жоқ, қоя салады. Нәтижесінде бізде әлі де орыстілді ақпарат құралдарының оперативтілігі жыр боп айтылып жүр. Яғни, уақыттан ұтасың. Рөлі ерекше болмаса, бұқаралық ақпарат құралы ретінде қарастырылмаған күйі қалатын ба еді? Қазір дені дұрыс сайттар мемлекеттік тіркеуден өтеді. Мысалы Saigez.kz сайтына ақпарат таратуға құқық беретін уақытында агенттіктен алған куәлігі бар.
3. Тек қана қазақ тілінде. Қазақ тілінде тек қана саясат жазатын сайт жоқ десек те болады. Басында қоғамдық-саяси болып ашылып, кейіннен эмоциялық сайт боп кеткендері аз емес. Иә, саяси мақалалар ешкімге қызық емес, оқырмандар шектеулі. Ал, танымалдылық пен рейтинг үшін күрескісі келетіндер еріксіз сақал, хиджаб, Қайрат Нұртас, Мейрамбек деген тақырыптарды қосады.
4. Осы мәселені қолға алып, фрилансерлер іздеп жатырмын. Ол енді мақалалар мен сұхбаттардың сапасына қарай төленеді. 6-7 беттік сұхбат алып келіп, онысы сылдыр сөзден ғана тұратын болса оған төлемек түгілі тегін де алмайтын едім. Әр мақалада, сұхбат берушінің сөзінде идея болмаса оны бағалай алмаймын.
5. Айырмашылығы да, ерекшелігі де тек қана қазақ тілінде, тек қана саяси тақырыптар туралы жазатыны.
Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?

Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Саясаткер,
ҚР Президенті жанындағы Жастар Кеңесінің мүшесі,
SAIGEZ.KZ жобасының жетекшісі
Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?



1-2. Интернет журналистикасы не деген сұраққа жауап іздеген адамға мәлімет көп. Бүгінде интернетке қолжетімді адамдар өте көп, сондықтан теледидарды үзбей қарап, радионы үзбей тыңдап, газетті жібермей оқығаннан гөрі олардың веб-сайтымен таныса салу тиімдірек. Интернет журналистикасының өзім байқаған артықшылықтары мен кемшіліктеріне тоқталып бірінші, екінші сұраққа қатар жауап бергім келіп отыр. Жалпы газет, тв, радио журналистикасының бір-бірінен айырмашылығы бар. Ал, интернет журналистикасы соның барлығын да қамтуға тырысады, сондай-ақ, дәстүрлі медианың мүмкіншілігін арттырады. Ақпарат беру жылдам, оның үстіне «эфирге сыймай қалды, газет толып кетті, келесі санында шығады» деген түсінік болмайды. Қандай контент салсаңыз да интернет жұта береді. Ал контенттің сапалылығы, сапасыздығы ол контент тудырушы адамға байланысты. Интернет журналистикасында контентті жан-жақты етіп жеткізуге болады. Мәселен, бір мақаланы жазу барысында оқырманның сенімінен шығу үшін, сөзіңіз дәлелді болу үшін мүмкіншілігіңізге қарай видео мен фотоларды, тіпті аудионы (мультимедиа) пайдалана беруге болады. Сіз бір мақала арқылы газеттің де, ТВ-ның да, радионың да миссиясын атқаруыңызға болады. Қай газетті алып қарасаңыз да, бір тақырыпқа байланысты ары кетсе 2-3 фото береді. Ал, интернетте фотоРЕП жасап, қанша сурет саламын десеңіз де өз еркіңіз. Сондай-ақ, интернет журналистері өз контенті үшін оқырманмен тікелей контакт орната алады. Мақаласына пікір жазушылар немесе әлеуметтік желідегі аккаунттары арқылы оқырманмен өз контенті төңірегінде ой бөлісе алады. Мұның барлығы артықшылықтары деп айтар ем. Ал, кемшілігіне келсек, көптеген сайттар бүгін бар да, ертең жоқ. Демек, сайт болмаса ондағы контент те құрдымға кетеді. Сондай-ақ, әртүрлі сайттарда жарық көретін материалдар газеттегідей сүзгіден өтпейді.
3. Мен өзім «El.kz» дейтін интернет-жобада редактормын. Мұндағы контент негізінен үш тілде жарық көреді (қазақша, орысша және ағылшынша). Әрине, негізгі басымдылық қазақ тіліне беріледі. Шетелдегі қазақтармен де байланыс орнату үшін латынша және төтеше нұсқалары да жұмыс істейді.
4. «El.kz»-тің штатында жұмыс істейтін бірнеше контент-менеджерлер бар. Олардың әрқайсысына берілетін тұрақты жалақысы белгіленген. Қосымша авторлармен жұмыс істеу мәселесі қаралмаған.
5. Әрине, өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушыларға арналған ҰБТ сұрақтары (9 және 11 сыныпқа арналған), компьютерлік сауат ашу курстары, достар табу, сауықтыру ойындары. Сайтта ақысыз онлайн курстар бар. Онда сіз қазақ тілін, интернет негіздері, HTML негіздері, photoshop негіздері, интерактивті қазақ тілі курсы, Abobe After Effects негіздері, Adobe Dreamweaver негіздері және Windows Server негіздерін үйренуге болады. Әрине, мұның барлығын болмысы бөлек, ерекше деп қарастыруға келмес, алдағы уақытта көптеген жобалар іске қосылады деп күтіп отырмыз.
Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?

Жандос БАЙДІЛДӘ

журналист,
прозашы, әуесқой комментатор,
EL.KZ әлеуметтік желісінің бас редакторы
Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?





1. Мәліметтерді барынша қысқа, әрі нұсқа етіп беруге негізделген журналистиканың бір тармағы деп есептеймін. Қазір ірі қалаларда тұратын адамдардың қайсысына қарасаңыз да асығыс. Таңертеңгі 9-дағы жұмысқа бару үшін кемі 8-де үйден шығу керек. Кешке үйіне 8-9 шамасында жетеді. Сондықтан, мұндай жандарға газет оқып, телеарна көруден ақпаратты интернеттен алған тиімді.
2. Тиімділігін жоғарыда атап өттім. Жалпы, алдағы бірнеше жылда қағаз болып басылып шығатын газеттердің орнын түгел электронды басылымдар алмастыратынына сенемін. Газетті шығару үлкен шығын. Ертең шалғай ауылдар түгел интернетпен қамтылып біткеннен кейін ауыл тұрғындарының көбі газеттен бас тартуы мүмкін. Өйткені, ақпараттың барлығы қолындағы смартфонда тұр. Интернет журналистиканың маңыздылығы сол кезде артады.
3. Қазақ тілінде ғана.
4. Белгіленген мөлшерде жалақы алады, оның көлемін айта алмаймын.
5. Аймақтардан шығатын барлық қазақтілді басылымдарға порталдың базасында тегін интернет-парақша ашып береміз. Барлық қазақстандық БАҚ сайттарының ортақ алаңы бар. Алыс-жақын шетелдерде тұрып жатқан қазақ ағайындармен тығыз қарым-қатынас ұстап, олардың тыныс-тіршілігін ақпараттандырып отырамыз. Блогерлерге арналған алаң бар. Күнделікті 50-70 ақпарат жарияланады.
Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?

Серғали БАЛАЖАН

журналист,
BAQ.KZ ақпараттық агенттігінің бас редакторы
Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?Блог - abzalsariyev: Интернет журналистика деген не?



Бөлісу:

7 пікір

Abylai
посттың версткасы
patick
Өте әдемі энциклопедиалық материал!
asaubota
Сегіздікке қалғаныңа қуаныштымын. Ысылдың әбден. Жарайсың!
AKA
Жазбаның сұлулығына сөз жоқ, бірақ жазбагер емес, көбіне ұйымдастырушылық байқалады.
zholantai
әж-лердің значогі белсенді сілтеме екен, сонысына разы болып отырм
zholantai
интернетке арнап видео түсіру ерекшеліктерін дырылдатып алып шығуға не кедергі болд?
abzalsariyev
Бауыреем, осы жолға да сәбетің керек… #садақа