Көгілдір көктем еді

Көгілдір көктем еді...
Жә, тұра тұрыңдар. Осы жылғы көктемде біздер әдеттегідей тоғыз едік. Хмм, неге едік деп жатырмын? Әлі де тоғызбыз. Тек бұрынғыдай емес. Едік делік…
Ерназардың тоғызы болмасақ та, ел назарын аударған тоғыз едік. Біздің ортақ қызығушылығымыз болған. Үлкен бір қозғалыс, жастар көп жүреді. Қай-қайсымызда сол салада жетістікке жеткен жандармыз.
Осылайша, университет кезінен жақын дос болдық. Төрт ұл, бес қыз. Менен басқасының бәрі орыстілді. Жалпы, орыстілділердің арасында өзімді біршама комфортты сезінемін. Жасым жас (тавтология, пшик!) болса да, әлі күнге дейін ауқымды уақыт кеңістігінде олардан жақын достарым бар екеніне күмәнданам.
Бәріміз оқу бітірдік. Ортақ қызығушылықпен басталған тамырлық жалғасын таба берді. Қызметтерге орналастық, магистратураға түстік. Демалыс сайын жиналып тұратынбыз.
Темірбай (шын аты басқаша, әрине, оны сіз бұл дүниеден білмей аттанасыз) — арамыздағы ең белсенді, креативті достардың бірі. Онымен әзіл түсіну қабілетіміз, қалжың бағытымыз ортақ еді. Оның айтқан қылжақтарына мен қолдау білдіріп, менікіне ол қататын. Қазір бұның өзі маған күлкілі. :*))
Караоке деген біздің тақырып еді. Бір демалыс күні кешке кафеге жиналдық. Билейтін жері бар, даңғырлаған музыка, сөздерді естіртпейді. Саңырау шалға сөйлегендей айғайлап, құлаққа тақап кеп базарласып жатырмыз. Бір кезде Темірбайымыз бір маңызды нәрсе айтып жатқаны түсінікті болды.
Мен де отырдым. Көптеп-көмектеп жеткізді маған. Сондағы айтқаны: «Я — гей».

***
Блог - MERmukhanov: Көгілдір көктем еді
О, шешшшше, мені осыны естісін туып па ең жатырдан?
Жоқ, стоп! Оқиға алды дерек: әрине, ол қыз мінезді, даусы созылыңқы, майысқандау жігіт еді. Бірақ біз қанша жыл жүріп, ол тек жаратылыс ерекшелігі екенін аңғардық қой.
Енең болғыр-ау, сенің екі бірдей жүрген қызыңды білуші ем ғой…
… Жасы 24-ке кеп қалған бұл быратым 17 жасынан белсенді көгілдір болып шықты.
«Сәби кезімнен қарапайым еместігімді түсіндім,»-дейді епті. Епті шығар енді.
Мен танитын бастапқы курстардағы қызы оның сондай екенін білгесін тыныш қана кете қойған. Дұрыс қыз, жарықтық.
Екіншісі жай досы болған, типі нақ, «прикрытиесі». Бәсе, кейін маған несіне қырындап жүр мына қыз деп ойлап ем.
Сонымен… Біздің реакцияларымыз, әрине, шокты болды. Тоғыздықтағы екі қыз ертеректен біледі екен — бір топта оқыған қыз бен бір командада өнер көрсеткен қыз.
Қалған қыздар үйтіп-бүйтіп қабылдады. Тағы бір жігіт екеуміз сол күні іштік. Мен енді мүлдем ішпейтін адаммын, сол себепті бір саптыаяқ сіміргенімді де нәтиже көріп отырмын.
… Отырмын. Сабырлы қабылдадым. «Шамамен, білген, ұқсатқан шығарсың, шамасы» дейді байсалды реакцияма таңғалып. Ал мен философиялық тұрғыда ойланып отырмын. :-?
«Сенің тыныш қабылдағаныңа таңғалып отырмыз» дейді бәрі. Әрине, типажым қазақы, діни, ересек көрінетін оларға.
Біздің ішімізде ең ауыр қабылдаған — оның жан досы болды. Онымен бірінші сыныптан бірге, бір аулада, бір университеттік топта, бір ортақ қозғалыста болған «наглый», тікелеу жігіт. Оған кейін айтылды. Тыңдағысы келмепті.
Кейін дұрыс араласпай кетті. "Қанша рет балдарға ондай емес ол деп дәлелдедім, сол үшін қанша рет тірестім, төбелестім" деп кейиді. Мен де сатқындық деп қабылдар ем.
Темірбай әке-шешесіне де айтыпты. Шешесі "Әкең естімесін" депті. Кейін әкесі естігенде, ол да сабырлы қабылдапты. Білмеймін, қазақы емес отбасы болғасын шығар.

***

Не болсын? Өмір жалғасты. Ол тоғызымызда бұрынғыдай бәрі бір-бірімен етене жақын дос болып тұра алмады. Мен ғана бәрімен шүкір араласатын секілдімін. Бұған да үйреніп кеттік. Бір күні онсыз бір 3-4 адам боп қыдыра қойып едік, анау қиғылық салды. «Шеттесіңдер мені» деп. Тым белсенді боп, еркін пікірін айта бастады. Уатсаптағы ортақ тобымыздан мінез көрсетіп шығып кетті. «Скатертью дорога!» деп жазып жібердім.
Кейін оралды ғой. Тікелей бетіне басып қалжыңдай беретін болдық. Өзінің хикаяларын жазады. Жігіт те ауыстырып үлгеріпті. «Блеать, жазбаш нақ» деп ақырамыз.
Жақында Еуропаға демалысқа кеткен еді. Жігітпен, әрине. Уатсапқа: «Парижде ақшаларым мен төлем карталарымның бәрін жоғалтып алдық» деп жазады. Колдадық, жұбаттық. Бірақ бәрібір «Это все Боженька» деп жазып жібердім.
Жоғалтып алған, негізі, жұбы екен (жұбы, фу :-<). «Ээээ, может, это… девушку попробуешь, они, как правило, ответственные, аккуратные :d» деп жазып тұрмын. «Попытка засчитана» енді. Кім тыңдасын бірақ мені…

***

Көп жыл бұрын Рикки Мартиннің гей екенін естіп, таңғалғаным бар. Олар өмірде жоқ, сирек секілді көрінетін. Тіпті шетелдегі жұлдыздардың ондайы да таңырқататын. Қазір бәріне бей-жай қарай салатын болдық… Көгілдір досымыз да бар. Әрине, осы кезеңде айтқаны — сатқындық шығар. Бірақ өзі де оған келуі керек болған секілді. Неткен кешірімшіл… және шарасыз едік?.. Өкінішке орай, адам үш күннен кейін оларға да үйренеді. Бірге моншаға барып көрмегеніме, достық ниетпен қатты қапсыра құшақтамай өткеніме шүкірлік еттім енді. Ондайлар 30-ға таман дәстүрлі отбасын құрады деп жатады. Мен де сенем, бәлки, ықпал етем.
Өмір жалғасады.
Көгілдір көктем еді…
Бөлісу:

85 пікір

Daniar-Alan
құдай сақтасын… лібә жаныңда жүрген досың бір күні гей болып шықса
Не ғо Мерей, әлбетте баняға да барған шығарсыңдар ә бірге?
MERmukhanov
соңын дұрыс оқымағансың, қатаң сөгіс саған!
Ispek92
Уаз Патриоттың пікірі қалай болар екен, жүректен кетпесе болды
PatriotKZ
мен де голубоймын
aikarakoz
Көгілдір жігітті танитындығың ешкімді селт еткізбейтін боп кетті қазір  
Жазбаң күшті-ақ, бірақ, басты рөлдегі көгілдірдің емес, өзіңнің портретің салмақтырақ шыққан. Салмақты деп мінезіңді айтып тұрғам жоқ, назар соған басым болған. Саған біреудің қызы қырындайды, сен ішпейсің, сен тым салқынқандысың, бәрін пензесс түсінесің, русча керім сөйлейсің, достыққа адалы сен ғана, ощм мачо-мучачо, супер-пупер жігітсің
Иииии, мақтаншақ құрдасым-ай
Соңғы түзету:
MERmukhanov
 мүмкін.
ааа, даже гей жайлы постта да мен эгомды жеңе алмайатрм ба?
жазба менікі, шамасы, менің эмоцияларым — басты болса керек, менімен байланысты нәрселер  бәрі шын бірақ, сондықтан басқаша, ақпараттық тұрғыдан қарауыңызды сұраймыз.
Соңғы түзету:
Nodar
Мерей, сен діншіл ме едің?
Пост тұнған «скрытый мактану мен оз-озиме ода»
Сатыбалдының жазбалары қанша интеллектке күш түсіретіндей деңгейде болса да, одан мақтанудың иісі де сезілмейді
Сені көп адам таниды, группанды, жақын адамдарынды да біледі Тым болмаса, керекте қазір анонимно емессің
Кезінде жақын болған адамыңды жамандамасаң да, осындай «ерекшелігін» айтуға бола ма екен
Бола ма, болмай ма?
Маған болмайтын сияқты
MERmukhanov

Ну, в целом, Керім, маған өмір сабақтарын үйрететін адамға зәру емеспін.
Қай жерде қалай жазам, не айтам, шаруаң болмасын, жалпы
MERmukhanov
Білмеймін, күнәһар шығармын. Оларға анық діншіл көрінем.
Сатыбалды — ол гений, мен өркөкірек, менмен автормын.
салыстырма)
айтуға бола ма, болмай ма, ол шешімді де мен қабылдайм. Танысаң, барып, бетіне бас. Керекте ортақ таныс болса, бір мысқал шығармас ем. Сондықтан, артық ақылыңды сіңлілеріңе ұсынғайсың.
Соңғы түзету:
MERmukhanov
сен постты оқымағансың да((( группамда оқыған деп тұр ма? қазақтілді деп тұр ма?
саусағым бар екен деп жаза бермексің бе?
MERmukhanov
пы.сы. қыз қырындамай қайтед, ешкімнің қызы емес екен ғо. басқалараға да қырындаған щығар
пы.сы. орысша акцентіме күлетіндігім жазбай кетем ғо енді, кәнеш, образым солғын шықпас үшін )
Соңғы түзету:
Aya
ҮлЪкендер аңгімесіне жазу керек пе осыны да.
MERmukhanov
қумаш, көЗіңді ашып қарасиш
Aya
Қумаш, тырым-пырым дерден бұрын адам өз ісіне мұқиятты болса керек-ті: Мен поштамнан көрдім де, тез-ақ пікір қалдырып кеткен едім. Артынан келіп оны өңдеп, басқа бөлімге ауыстыратыныңызды кім біліпті.
MERmukhanov
принтскриндеген саусақтарыңнан айналдым
Aya
кешірім сұрай ма десем.
Anar70
Патриоткз не дид?))) ужс))))
MERmukhanov
тудың түсін айтқан шығар
MamaAya
«Чистосердечное признание, облегчает понимание» боватқан шығар?!
Негізі жақсы түс қой
satibaldi
«Чистосердечное признание, облегчает понимание»
Пензесс сталинистпін дейсің ғой
MamaAya
мына бір просрочный урод әр сөзді аңдып өлді ғой, байғұс! Кәртеміс ет жейтін тісі жоқ арпылдаған ауыс Ит)) Қатынмен де қалашпен де сөз жарыстырған ЧМО! ЧЕРТ, Мешающий Обществу
qonyrbai
ЧМО! ЧЕРТ, Мешающий Обществу
Anar70
оййййй))))))))))))))))))))))))
bizbike
Алла, Алла енді не істейміз а? Жұмыста бар қыз сияқты сызылып сөйлейтін жігіт, жігітке ұқсаған қыз бар, бәрібір оларға күмәнмен қараймын. Олар да адам ғой, бірақ, тіпті не ойларымды да білмеймін, шынымды айтсам.
AKY
Қапсыра құшақтамағаның жақсы бопты    Бірақ құлағына ауызды тақап сөйлепсің ғо караокеде
MERmukhanov
 талай рет алған жүлдесімен құттықтадық қо… со кезде құшақтадық ау...
не ғо, ештеңе етпид, меніңше, ондайларды ондайлар ғана қызытырад
AKY
Ой қайдан білесің))) Гастаның бір әңгімесі бар ед осы тұрғыда, гей танысым сөйлесіп отырсам сүйіскісі кеп өліп отырғаны байқалад деген
Aya
Жалпы, Мерей бұл жазбаны жазудағы мақсатыңыз не болды? Жұрттың улап-шулаған реакциясын көргіңіз келді ме, әлде шынымен сол досыңызға деген қимастық сезім бе алабұртқан, қайсысы кәне?
AKY
 алабұртқан
ой, іщегеммм
досы екеуінің арасында шамалы не болған сияқты, ұшқын ба бірдеңе.
MERmukhanov
далбан
AKY
Мен сені асексуал деп жүрсем, мәселе одан күрделірек сияқты
MERmukhanov
сен просто басыңа келмегесін түсінбейсің((((( досың сөйтсе,…
AKY
сен де сүйтер ең дейсің бе
MERmukhanov
я же отомщу, стерва
AKY
кекшілдік ол да бір жаман қасиет
ути, пупсик! дауай, достасайық қайта?
MERmukhanov
каншне. сенің келесі постыңа дейін ресми доспыз!
Соңғы түзету:
AKY
Өй, постыңның көрігін қыздырып отырсам қайта, интрига қосып тұздықтап. Рахмет айтпайс па
MERmukhanov
сол ғо, рах қо! сенікіне де қайтарам деватқаным
Aya
әхәхәхә, екеуіңіздің быриголдарыңыздың тамыры тереңге кеткен екен, не кұлЪалмай, не жлЪяй алмай отырм тек)))
AKY
просто поп-корныңды әкеп жайғас
MERmukhanov
Менің бұл сұраққа жауабым жоқ.
бәлкім аралас шығар бәрі.

Тек анық білетінім — мәселе өте маңызды, және ОЛАР біз ойлағаннан көбірек.
AKY
Негізі гомофобия — жаман қасиет. Толеранттылық қайда?!
MERmukhanov
қойш, как будто менмендік, дөрекілік, эгоизм — жақсы қасиет, дә?
полюбас, құдай сүйер қылығым аз екен, толеранттылықты тасқа атқаным бар! Онсыз да өткір тілмен қажай бергенім болмаса, анаумен әлі араласып жүрм ғо.
Соңғы түзету:
AKY
Онсыз да өткір тілмен қажай бергенім болмаса, анаумен әлі араласып жүрм ғо.
 ішегеммммь
Aya
аа, былай расымен қайғырып отырсаңыз жақсы екен. Кей жұрттар болады өтірік ойдан пере беретін. Анау жұрттың улап-шулағанын көргісі келетіндер ғой, бірақ бұл тема әлдеқашан сіңісті болып кеткендей маған, Таңқалмайм да, қайғырмайм да, Бірақ өзім және маған қымбат адамдарымның мұндай болғанын қаламас едім.
AKY
маған қымбат адамдарымның мұндай болғанын қаламас едім.
әбден жіләп алдым
MERmukhanov
Енді мойында Аятайға
AKY
Ая араласпай қашып кеткен дисің
MERmukhanov
или наоборот, бұрыннан айтпайсың ба деп кеп тұрса

пы.сы Шулық небір абыройлы быраттардың жүрегін неге жаралап жүргенің белгілі боҚалд
AKY
Бәрің соны айта берестер, ал ол Шулық өзі менсіне қоймады ғой мені
Aya
жө шіли оларға қырын қарайды деп ойлақамаңыздар. Мен олармен джақсыыыы доспын, тіпті Алматыда жүргенімде Қызылордалық екеу бізді етке шақырған үйіне. Қолымыз тимей бара алмай қалған едік. Былай олармен жақсы сырлас болдым. Өтірік қызым болып ата-анама танысып берші дегендей де айтқаны есімде қалыпты. Мен бастартқан жоқпын әрине, тек реті келмей қалды.
MERmukhanov
қызылордалыыыық?

біткен екенбіз(
Aya
Сосын тағы бір досым гей екенін мойындамайтын. Көзімізше оларды өлтірівстағыс келіп, өтірік жек көріп дегендей)) Бірақ жүріс тұрысы мен сөзі ұстап береді ғой бәрібір. Ұстап береді дейтіндей ұры болмаса, жаман адам емес қо. Қоғам шеттеткен соң жасырады да.
Соңғы түзету:
MERmukhanov
меніңше, бұл ауытқудың бір түрі. Ауру сияқты, кароч.
Aya
кенет кей болып кету мүмкін ба? Қалай сонда, әлде бір дәмін татып көрген соң аяқ асты гей болып кете ма? Досыңыз не дид.
AKY
«Боль мояя не утихаеееетт» дид досы
MERmukhanov
 дос болмай кетуге болад, негізі.

Қойсайш, жылайтын тақырып қо, күлетін емес)
AKY
«Жду тебя и понимаююююю»
bazuka
кенет нетіп кетпид шығар)) бұрын солайде сайтында біреу жазып еді, бір үлкен кісі бала күнінде зорлаған бір жігітті, содан өскен соң қыздарға желаниесі ашылмай қалған))
Aya
жө сіз алдымен дұрыстап айтсаңыз, зорлаған ба, зорлаНған ба? Зорлаған болса қайсысы үлкен кісі, бала күні жігіт. Түсінбедім)))))))))
bazuka
үлкен кісі жігітті кішкентай кезіңде зорлаған
MERmukhanov
досымыз бала күнінен түсініпті сондай құдыіретті күші иесі екенін, елден ерек екенін. Впрямь аж детсад школдан
AKY
 бар ондайлар, бар
AKY
Бовты, мен де етке шақырам бір күні   
Anar70
қаяқтағы толеранттылық, қыздарға жігіт жетпей жатса?)
AKY
Жетіватыр ғо жігіт деген, пішен-пішен қып шауып келдім жаңа ғана
Anar70
пішендетіп қай жақтан шауып жүрсің? әдресін айта салшы, бізде бір қора қыз отыр)))))))
AKY
Жауап жазу батырмасын пайдаланбасаңыз, мынаны көрмей қалады екем )))
Әдресін айтсам өзіме не қалад сосын бір қора қыздан?
bazuka
Анар апа қыздарңыз не чыгар тексеріп көрңіз
MERmukhanov
Есіме түсіп кетті, Мына жерде Эльвираның саяхаты бар еді
zholantai
гомосексуализм темасы табу болудан қалды

қазір гомиктер көбейіп кетті дейд ғо, дос деп жүрген, араласып жүрген азамат өзінің гомик екенін мойындап, мәлімдейтін болса, ары қарайға аралас-құраластығымыз қалай болатынын білмеймін,
гомиктер көбейіп бара жатқандықтан, мұндай мәлімдемелермен ұшырасу ықтималдығы да жоқ емес
ну, біртүрлі жағдай екен,
VKM
қандай толерантты болайын десем де,қыз сияқты жігіттерді ұнатпаймын.«Көгілдір» досым болған жоқ)