Сабина Алтынбекова - Instagram жұлдызы

Блог - asaubota: Сабина Алтынбекова - Instagram жұлдызы
Сабина Алтынбекова — 19 жасар ақтөбелік волейболшы қыз. 19 жасқа дейінгі Қазақстан Ұлттық Құрамасының ойыншысы. Тайпейде өтіп жатқан турнирде оны байқап қалған қытайлықтар әп сәтте интернет жұлдызы қылып жіберді. Танымал 9gag.com сайтына суреттері қойылған Сабинаның жаңа фанаттары кейін волейболшы қыздың Инстаграм фоллоуерлары санын көбейтіп жіберді. Дәл қазір 150.900 (23/07/2014 15:24) фоллоуеры бар. Фанаттары оны ойыннан кейін де күтіп, түрлі сыйлықтар беруде. Интернетте де оның түрлі аниме суреттері шықты. Сондай-ақ Сабина турнирдің ең әдемі қызы атағын да алып үлгерді.

Болашақта спорт жұлдызы бола ма белгісіз, бірақ қазір Қазақстандағы ең көп Инстаграм қарарманы бар жұлдыз Сабина шығар? Жарнама жұлдызына айналуы да оңай бұдан кейін.

Бөлісу:

23 пікір

ken
күшті спортшы қыз
ken
жапон мульттарындағы қыздар сияқты — жіңішке, көзі бақырайған, шашы ұзын, аяқтары ұзын, аппақ, жап-жас.
Қытайлық фанаттарының көбеюі содан болар.))
Соңғы түзету:
asaubota
содан ғо, түрі сондай болғасын

инстада оған жазылған пікірлер көп, қытай қазақтарын да көп байқадым
MeiirZHan
19 емес 17 жаста дит
bizbike
сосын олардың анимелеріндегі қыздар өңкей қысқа киеді ғой ))))
ardakkatarbayev
қазақтар қазақтарға ұқсамай барады. Аниме қыз))))))
MickThatsMyNick
қазақтар егер әдемі боп баратса, өздеріне ұқсамай-ақ қойсын.)
VKM
әдемі қыз,әрі спортсменка.Админнің қарындасы ма екен?)
bazuka
Сабинаға жарнамаға түсіп ақша жасавалу керек тез)))
MeiirZHan
Қазақстан бойынша инстаграмда ең көп подписчигі бар Баян Есентаева.
Abay
17 жастағо қателікті түзеулеріңізді сұраймын
Utik
Жұлдыз дегенге түсінбедім… Не, жерде де жұлдыз пайда болды ма? Әлде тағы да құлады ма...әрине аспаннан…
Gamk
Танымал боп кетсе фотошоппен жалаңаштап тастайтындар болатын еді ғой. Абыройды түсіретін суреттер шықпаса екен.
ken
Бұл қыз туралы енді америкалық БАҚ та жазыпты.
Соңғы түзету:
Dzhonsaken
Сұлуға жау көп. Қатер толы. Абайлау керек. Сұлу болу оңай емес. Сабинаға бұдан былай ел көзіне көп түсе бермеу керек. Ит бар, қасқыр бар дегендей…
MamaAya
Әдем қыз екен! Тіл көзім тасқа!
bizbike
Соның арқасында жалауымызды танитын болды ғой жұрт.
asaubota
қазақша өтірік қате сөйлеп тұрған сияқты
www.azattyq.org/media/video/25477280.html
ofnur
Қазақстан бойынша Луина болуы керек ең көп подписчигі бар, ал Сәбина спортшылардың ішіндегі ең көп подписчигі бар спортшы.