Блогерлер кітап оқи ма?

Арамызда жүрген блогерлер қазір кітап оқиды ма екен? Оқыса, қандай кітаптар оқиды? Қайдан оқиды?
Жалпы қазір қағаз кітапты оқитын адам сиреп барады, көбісі электронды нұсқасын оқиды. Кітапханаға ғылыми жобаға деректер іздеп баратындар болмаса, ешкім өздігінен көркем әдебиет іздеп баратындар жоқ сияқты.
Мына сауалнаманы көріңізші, кітап оқитындар да азайып барады
Бөлісу:

22 пікір

kaztube
Мында бірнеше керектік жандар бар
MERmukhanov
Ұят екен...
Бірақ өтірік айтсақ, одан да ұят болар еді
zholantai
адамдар болады ғо, «соңғы оқыған кітабың қандай?» деп сұрасаң, өмірінде оқып-тауысқан жалғыз кітабын үнемі айтатын, өйткені оқығаны тек сол кітап ғана,
zholantai
Абылай Әділхановтың талғамы тәуір екен, менің де қызығып жүрген бағытым
zholantai
осы блогердің (Алия Кадырова ) «Читать модно» — сына тәнтімін,, видеоблогын қалыс қалдырмауға ұсынамын,
«Екпін» журналының бар кезінде осындай дүнилер жасап жүретін еді, ұнайтын
zholantai
«кітап оқу» деген әрекет Қазақстанда өтпелі сәтті басынан кешіріп жатыр,
қазақша кітаптар оқудың әлсіреуіне басты себеп, қазақша кітаптар маркетингінің болмауы ма дейм
бұл салаға енді бірте-бірте көңіл аударыла бастады,
демек, қайта гүлдену, жандану басталады,
zholantai
соңғы сөйлеген қара галстукті, костюм киген адам Жасұлан Майлыбай деген жігіт пе? шырамытып отырм,
MERmukhanov
nurbolkhan_
Мектепте сценарийге керек боп Шың деген кітап оқығам
Gastarbaiter
Жолантай:-) Сенің коментарийлерің соңғы кезде голливудтық кинолардағы басты кейіпкердің үзік-үзік, конвульсивті біресе талып қалып, біресе есін жиып, қайта тілге келіп, хал үстінде жатып өмір бойы жиған ақшасын қайда жасырғанын айтып жатқан мықыр әкесінің өсиеті сияқты боп барады.
zholantai
онсызда сөйтіп жүрм, десе де «мықыр» сөзіне сипаттама тастай кетч,
MERmukhanov
тапал, бәкене, тәпелтек
еді негізгі мағынасы біз жақта
zholantai
бәкене бойлы деген де жақсы тіркес ))
Gastarbaiter
«Эй, нақ Көкбөрі өтірікті тігейін деватыр, көзін қараш-көзін қараш, пішінәй салған ыдысқа қолын тыққан күйі ұсталып қалған баланың кескіні сияқты.» дейін деп жатыр едім,
Эльвира да бірден байқапты.

Жеке басым, кітапты аяқтамайтын ауруға шалдығыппын. Жылдың басынан бері төрт-бес кітапты бастағам. Орта жолда қалады.
Соңғы түзету:
VKM
кітап оқымағалы біаз уақыт болыпты.Деградация(
Ispek92
Блоггерлер неге жоғалып кетеді деген сұрақ сізге)))
VKM
мен жоғалған жоқпын. Мен Керекте жүрмін, оқимын көбінесе. Жастарға жолымызды беріп дегендей)))))
Ispek92
Біз ұжы қартайдық па? Зымыраған уақыт-ай десеңші…
asaubota
Өлгендер қайта келмейдіні қайта оқып шықтым смартфонмен
MERmukhanov
Эльвира Ерғалина деген тегті бір рет жазса, эльвиризмге сай болмас еді, ә…