Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?

«Жұлдыздарымыз баяғыдай қол жетпейтін, жұмбақ боп көрінбейді қазір. Өйткені, олар туралы бар ақпаратты жеткізіп отыратын Instagram бар,» — деген сияқты мағынада біреудің жазғанын көзім шалып қалып еді Фейзбуктан.

Иә, Instagram атты әдемі ойыншық пайда болғалы барлық нәрсе оңайлай түсті: жұлдыздардың не істеп, не ішіп-жеп, қайда жүргені көз алдымызда; сауда жасау үшін дүкен ашып, ел аралаудың қажеті болмай қалды; қандай да бір бренд үшін жарнамаға кететін шығын мен уақыт азайды, тағысын-тағы жалғасып кете береді. Бір сөзбен айтқанда, Инстаграм жаңа маркетингтік каналға айналды.

Инстаграм деген не өзі?

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?Кевин Систром және Майк Кригер есімді екі жігіттің жобасы, сурет жүктеуге арналған әлеуметтік желі. 2010 жылы 6 қазанда iPhone-ға арналған қосымша ретінде іске қосылған және Инстаграмға 1 ай ішінде миллион қолданушы тіркелген.

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?Интернеттегі ақпараттарға сүйенсек, Инстаграмда 150 миллион белсенді қолданушы тіркелген (2014 жылдың қаңтарындағы статистика), 16 миллиардтай сурет бар, қолданушылар күніне 55 миллион фото жариялайды және 1,2 миллиард лайк қояды.
Әр секунд сайын Instagramда 8500 лайк қойылып, 1000 пікір жазылады екен.
2013 жылдың қазан айында 35 миллион selfie жарияланған. Ең көп селфи 10,06 млн фолловері бар актриса, модель — Дженнер Кайлиға (аккаунты — @kyliejenner) тиесілі: айына 451 селфи жариялаған.

Иә, бір ай үшін өте көп селфи. Алайда, Инстаграм — тамақ пен селфи түсіруге арналған сервистен де мықты дүние. Ол бизнеске арналған перспективалық әлеуметтік платформалар қатарына кіреді. Яғни, кез келген бренд үшін клиенттеріне тез ақпарат таратуға өте ыңғайлы. Бұл әлеуметтік желіде атағы жер жарған танымал брендтердің де аккаунттары бар.

Инстаграмдағы фолловерлар саны көп 10 бренд:
National Geographic — 3,726,303 / Victoria’s Secret – 3,640,340
The Ellen Show – 3,483,363 / Nike – 3,166,010
Forever 21 – 2,446,839 / Louboutin – 2,062,447
9GAG – 2,024,096 / Starbucks — 1,919,068
MTV – 1,916,114 / NBA – 1,777,980

Фолловерлер санын қалай көбейтуге болады?

Инстаграмға тіркеліп алған соң "қашан қолданушыларым көбейеді екен," деп қарап отырмау керек. Мысалы, менің жеке аккаунтымда (@elvira_ergalina) бар болғаны 1375 follower ғана бар. Бұл — 3 жылдай уақытта жеткен жетістік. Әрине, мен сияқты жәй ғана блогер үшін орташа көрсеткіш. Жұлдыз болсам, Луина (аккаунты — @luinakz) әншіміз сияқты 641 мың қолданушым болар ма еді. Әзірге отандық жұлдыздардың арасынан озып тұрғаны осы қыз.
Жарнамалық үзіліс

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?

Енді әңгімені көп созбай, іске көшейік. Сонымен, фолловерлер санын қалай көбейтуге болады?
Өз тәжірбиеммен бөліскелі отырғандықтан сіздерге құпиямды ашуға мәжбүрмін . Инстаграмда ешкім білмейтін (AKY -ден басқа) фейк аккаунтым бар. Фейк деуге келмес, кейіпкері өзім, посттардың бәрі шынайы, тек өзімді көрсетпеймін деп шешкем дәл осы сәтке дейін. Әңгіме осы аккаунттың айналасында болмақ.

Ескерту: Аккаунттағы ақпараттарды бетіме басуға, мазақтап күлуге қатаң тыйым салынады!

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
1. Аватарды дұрыс таңдау
Инстаграмда ең бірінші көзге түсетіні — аватар. Кез келген адам басты суретіңізге қызығып, аккаунтыңызға өтеді. Суреттеріңізді ақтарып отырып, фолловеріңіз боп қалып кетуі мүмкін. Аваға әдемі суретіңізді қойыңыз.
Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
2. Хэштег жазу
Хэштег деген дүние 2007 жылы Твиттерде пайда болған. Оны Инстаграмдағы әрбір фотоға қолдану керек. Әсіресе, сауда-саттыққа ашылған аккаунттар үшін өте маңызды: адам сатып алғысы келген затын хэштег арқылы іздейді. 1 фотоның астына 30 ғана хэштег жаза алатыныңызды білесіз бе? Мынау — Инстаграмдағы танымал хэштегтер бестігі. Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
3. «Бір сағатта бір фото»
Инстаграмға жариялайтын әр фотоңыздың арасы кем дегенде 1 сағат болу керек. Күніне оннан артық фото жүктемеңіз, тіпті онның өзі тым көп. Бір күнде шамамен 4 сурет жетіп жатыр. Лентаны қоқыс жәшігіне айналдырмауға, «оқырмандарыңызды» сыйлауға тырысыңыз. Әйтпесе, анфоллоу жасай салу түк те емес. Аккаунтыңызда фото жаңармаса — сәйкесінше, фолловерлер көбеймейді.Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
4. Уақыт таңдау
Ұйқыдан ояна сала, Инстаграмды қарап шығамыз. Түскі асқа барарда тағы қараймыз. Түнімен Инстаграмды ақтарып барып ұйықтаймыз. Желіде адам көп отырған уақытта фото жариялау керек. Өйткені, оның басқан лайкы басқа адамдарға да көрінеді. Simply Measured аналитикалық сервис мамандарының айтуынша қолданушылар белсенділігі артатын уақыт — кешкі 17 мен 18 арасы.

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?5. Конкурстар ұйымдастыру Инстаграмда «share» батырмасы жоқ болғандықтан суретіңді не өзің жайлы ақпаратты басқаның парақшасына орналастырудың/бөлісудің тиімді әдісі — конкурстар ұйымдастыру. Әсіресе, Инста-дүкендер үшін қажет дүние. Мысалы, «Сая» суши барының (аккаунты — @saya_sushi_astana) иесі досым болғандықтан SMM қадамдарын жасап беруге көмектестім, қазір өздері жүргізеді. 2 айға жуық уақытта үш мыңдай фолловер жиналды. Аптасына 2-3 конкурс ұйымдастырып жүрдім. Инстада қызметін енді бастағандарға жиі конкурс ұйымдастырып тұру керек.Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
6. Бартер
Мұндайда фолловері көп адамдарға жүгінесіз. Сіз оған тегін тауар — ол сіздің тауарды мақтаған пост  Бізде фолловері көп жандар — жұлдыздар. Мысалы, Баян Есентаевада 203 мың, Әли Оқаповта 100 мың, Айқында 113 мың қолданушы. Мен бірнеше жұлдыздың көмегіне жүгіндім, соның ішіндегі 61 мың фолловері бар Айнұр Тұрсынбаеваның жарнамасына назар аударыңыз. Бәрі шынайы шыққан, тек менің номерімді жазып қойғаны болмады  SMM жағында жүргенімді қайдан білсін, суши барды менікі деп ойлады-ау  Әлі күнге суши сұрап звондайтындар көп.Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?
7. Клиенттермен кері байланыс
Клиентіңізге тауарды беріп тұрып, өз аккаунтында пікір мен сурет қалдыруын (мақтау ма, даттау ма, маңызды емес) сұраңыз. Оның қалдырған суреті мен пікірін өз аккаунтыңызға салып қойыңыз (суреттегідей). Оны көрген басқа клиенттеріңіз сіздің парақшаға шыққанша асығатын болады  Әрине мақтау сөздер жазады. Жұрттың оң пікірі — керемет жарнама емес пе?  Мына фотоны SMM жалғастырушы жариялаған, мен емес
8. Спамдату
Спамдату — фолловер көбейтудегі ең маңызды, ең басты жол, меніңше. Құпиям осы сәтте ашылады енді
Инстаграмда күнделік жүргізушілер қатары (әсіресе, орыстарда) күннен-күнге көбейіп келеді. Мен де солай Инста-күнделік жүргізуді жөн деп шешкем. Тақырыбы -арықтау, салмақ тастау. Диетаны не спортты бастамас бұрын неше кг болғаныңды; күнделікті не ішіп, не жегеніңді; тағысын-тағы жаза бересің — нәтижеге қол жеткенде бәрі көз алдыңда тұрады. Оған қоса, қолданушылардың жазған пікірлері мен Инста-күнделіктің өзі — мықты мотивация. Арықтау тақырыбы ең өзекті болған соң, тек қазақша жазатын Инста-күнделіктердің бірі болған соң және біраз спамдатқан соң 1 ай ішінде 2600-ден аса фолловер жиналды. Мысалы, бірнеше сағат ішінде фолловерлер саны қалай өскенін көріңіз.

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?

Спамдату дегеніміз — фолловері көп адамдар, әсіресе, жұлдыздар фото жариялағанда астына "Қыздар, бірге арықтайық! Қосылыңыздар!" деген сияқты пікір қалдырасыз. Тақырыбыңыз қызық болса, аккаунтыңызға жазылған жұрт топырлайды
Бірақ, спам деген бәле бәрінің жынына тиіп бітті. Сондықтан кей жұлдыздар бірден ақылға басып, спам таратушыны бірден банға жібереді. Жоғарыдағы суретте оң жақтағы өзгерген цифрларды көрдіңіз бе?
Менің «Сұлу мүсініме» жазылыңыздар, бірге арықтайық!  
Осы Инста-күнделіктің арқасында 3-4 кг лақтырғанымды айта кетейінші

Айтпақшы, спамдарыммен ығыр қылған жанның бәрінен кешірім сұраймын!


Есіңізде болсын! Инстаграмдағы пісіріп сатқан тамағыңыз, тігіп сатқан киіміңіздің қалай дайындалатыны клиентіңіз үшін өте қызық. Олардың сеніміне кіру үшін ара-тұра дайындалу процесінен де фотолар жүктеп тұрыңыз. Сол мақсатпен жоғарыда мысал келтірген «Сая» суши барында тапсырыс қалай дайындалып, клиенттің үйіне дейін қалай жеткізілетінін суреттермен көрсеткім келеді. Сая суши арқылы есігіңізге дейін суши алдырта аласыз және мейрамханасына да баруға болады. Жарнама емес, мен үшін Астанадағы ең керемет суши осыларда  Барлық ақпарат сайттарында.

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?

Блог - aikarakoz: Instagramда фолловерлер санын қалай арттыруға болады?

Бөлісу:

17 пікір

bizbike
есің ауысып кетеді екен бұл инстамен, жоқ, тіркелмеймін
rakisheva
Суши жегім келіп кеттііі
MERmukhanov
Ооооу!
Тыйым салған біздерге Сұлу мүсін,
Білесің фолоуер көп қылуды шын.
Мен берейін жаныңа жылуды шын:
Хрен пойми, сұлумысың, ұлумысың?
Соңғы түзету:
ken
Көп фоллоуер жинаудың приколы неде?
aikarakoz
Жалпы əлеуметтік желінің приколы сол көп адаммен «араласу»: көп коммент, көп лайк, көп шейр, жалпы жеке бастың жəне брендтің жарнамасы. Кез келген ісіңді дөңгелетіп əкетуге таптырмас құрал. Ол үшін көп фолловер керек
AKY
Сулу Мусиннің сырын аштым деші
Соңғы түзету:
aikarakoz
Сұлу Мусин десеңші
Korkem
Миии десе)) мен өзіме жақпаған, кірмей кеткендер болса міндетті түрде өшіріп отырады екенмін)) фейсте страницама нравится бастырып, артыншы ұнамай қалса оны да құртам  ендігі мыңға жақындап қапты, көбейтіп көрейін мен де)))
aikarakoz
Дауай, сəттілік!
asaubota
мақсатқа байланысты ғой. біреулер ешкімге жазылмай тек бөлісу үшін кіреді, біреулер басқалардікін қарау үшін кіреді, біреулер фоллоуер санын көбейткісі келеді. көп адам жинап, сосын жарнама арқылы ақша табатындар бар.

мен өзім танитын адамдарды қосып қойғам, басқалардікін сирек қараймын, тіпті қызықпаймын да. Твиттерде де солай, оқымаймын пәлендей, мені оқитындар бар бірақ
Gastarbaiter
Қыздар сонша көтәуремен фоллоурерлерді жинап жүргенде, хуякс, аккаунты күйіп кетсе байқаусызда. Асылып өле ғалад шығар
Соңғы түзету:
zholantai
жаңа кейпің ұнады,
AltynayBitmalieva
инстаграмм калаи восстановить етуге болады??? пжл аитындарш
qonyrbai
Аһілай-мәһэлай! Трахтебедох! Іңғстғрәм бАСТАНАбіләбай!
Gastarbaiter
Своеобразный юмор. Но юмор іхххеіхееехіхе