Multispace - Астаналықтар үшін идеал коворкинг орталық
Коворкинг деген не?
Коворкинг — бірге жұмыс істеу. Бір алаңда бірнеше адамның жұмыс істеу моделі. Фриланс пен офис арасындағы бір құбылыс деуге болады. Еркін, тәуелсіз адамдардың бір жағынан фриланс режимінде, бір жағынан офисте жұмыс істеуі.
Кімдер үшін қолайлы?
Фрилансер дизайнерлер, программашылар, контентпен жұмыс істеушілер, аудармашылар, жеке кәсіпкерлер, сырттай қызмет ететін SEO, SMM немесе басқа да веб, ІТ қызметкерлер үшін ыңғайлы жер. Астанаға іссапармен келгендер үшін де 1 күндік офис қызметін атқара алады.
Коворкинг орталық не береді?
Тұтынушы өзі қалаған формада жұмыс істей алады. Отырып істей ме, гамак немесе дивандарда жатып істей ме өзі біледі. Түрлі жағдайлар жасалған. Ұйықтау бөлмесі, сөйлесу алаңы, кітап оқу бөлімі, темекі тарту орны (сигара тартатындарға да бөлек бөлме бар) кофе-сусын сататын жер де қарастырылған. 6-8-12 адамға арналған жиналыс өткізу орындары бар, үлкен жиындарды конференц залда өткізуге болады, ал кішігірім жиын, сабақтарға арналған кіші зал да бар. Өз техникасы жоқ тұтынушыларға компьютері бар арнайы үстелдер де бар, егер әрине Macintosh ұнайтын болса. Интернет тегін.
Амфитеатр туралы айтуды ұмытып кетіппін ғой, презентацияларыңызды шағын амфитеатрда жасауыңызға болады. Жайлы орындықтар, жұмсақ жиһаз да «видеоблог, интервьюлерді осында жасашы» деп сұранып тұр.
Қанша тұрады?
Ең төменгі тариф: айына 30 мың. Офис жалдағаннан әлдеқайда арзан, иә? Иә, шынымен бұл тариф тек тыныш жерде компьютермен жұмыс істеушілер үшін қолайлы. Ал егер айына бірнеше рет тренинг, жиналыс, сабақ, келіссөздер өткізетін болсаңыз голд карта алғаныңыз дұрыс, мұндай сервис үшін айына 150 мың төлейсіз. Кәсіпкерлер үшін арзан деп ойлаймын. Егер тек бір күнге офис керек болып жатса 2000 теңге төлесеңіз болғаны. Конференц-зал, жиналыс бөлмелері, амфитеатрды да 1 сағатқа жалдасаңыз қалтаңызды көп ұрмайды. Бағалары сағатына 5000 — 15000 теңге.
Қайда орналасқан?
Тәуелсіздік көшесі, 34. Ажар ОСО, 3-қабаты.
Сайттары: multispace.kz (Әзірше тек визитка түрінде тұр, жаңа сайттарын шетелдік компания жасауда. 36 тілде болады деді, тек бұл туралы ешкімге айтып қоймаңыз, жарай ма?)
Фотолары бар ма?
Қарапайым жұмыс үстелі
Салиқалы жиналыс өткізуге болады, салиқасыз да, тек қатты шуламаңыз. (Мафия ойнауға да болады, ешкімге айтпаңыз)
Конференц зал осындай. Әлбетте проектор мен тақтаны өзіңізбен бірге әкелмейсіз, бәрі бар мұнда
Мына жерлерде келіссөздер, интервьюлер жүргізуге болады
Демалыс аймағы (Қызыңыз немесе жігітіңізді шақырып, қандай керемет жерде жұмыс істейтініңізді көрсетіп, салмақты понт ұстай аласыз)
Бұл сигара бөлмесі. Бұған кіріп көру үшін жақында сигара аламын
Кофе ішеміз бе?
Смартфонының қуаты бітіп қалған қонақтарыңыз осы жерлерде отыра тұрса болады
Бұл мен. Шамамен осы постты дайындап отырсам керек
Фотолар аз десеңіз мына видеоны қарап көріңіз
besmart.kz/event/kvrk/