Журналист-блогерден жас журналист-блогерге кеңес
Жаңа медиа дәстүрлі журналистиканы ауыстырады деген әңгімені алғаш естігелі бері төрт рет министрлер кабинеті алмасыпты. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай Қазнет секілді қолданушысы аз ортада блогосфера ТВ мен газет-журналдарды ауыстыратын емес, қосымша құрал ретінде ғана пайдаланылуда.
Блогосфера, дәлірегі, қазақ блогосферасы қазақ журналистикасының қателіктерін қайталап келеді. Журналистика қоғамның айнасы десек, бетіңнің қисықтығына шынымен өкпелей алмайтын күйге кезігіп отырмыз. Блогинг журналистикадан көрі сапалырақ болғанда ғана жағдай өзгеруі мүмкін. Ендеше, екі салада да аз-кем тәжірибесі бар адам ретінде бірнеше кеңес.
Әуелі өзің таңдан
Жазылатын материалда міндетті түрде ақпарат болуы тиіс. Ол әуелі өзіңізді таң қалдырған болса тіпті құба-құп. Жалпы, көрермен/оқырманды төрт рет таңқалдырған репортаж/мақала/постты ғана эталон санауға болады. Мысалға, Гастарбайтердің «Туберкулез. Төртінші деңгейлі күрес» постын алайық: 1. Асқар туберкулезбен ауырған, 2. Жылға жуық емделген, 3. Жазылып шыққан, 4. Ақмарал мен Жеңіс.
Ғалам проблемасын шешуді мойныңа алмай-ақ қой
Жазуды енді бастаған блогер де өзгеге ұқсамайтын соны стиль ұстанғысы келетіні ақиқат. Алайда, бұған жазушылық машығы түгіл қарапайым өмірлік тәжірибесі жете бермейтінін ескермегендіктен, әрекеті тым күлкілі көрінеді. Қызық емес, әйтпесе, баяндауыштан соң бастауыш қойған. Теңеулермен де абай болған жөн. Әсірелеймін деп әуре болғаннан пайда аз. Тақырып таңдағанда да сол. Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлаймын деп шойырылып қалғанша білетініңді қаузай бер. Мысалға, Данияр Аланның «Шәпкідегі Қазақстан» атты жазбасын қарастырсаңыз болады.
Кім екеніңді ұмытпа
Журналистика бұл кәсіп. Эмоция мен субъективтіліктен жоғары тұрам деп робот болып кетуге де болады. Әрине, егер журналистиканың канондарын бұлжытпай сақтауға тырысатын болсаңыз. Ал блогинг өз пікіріңді тықпалаудың тамаша құралы. Тек мұны керісінше қолданып жүрмеңіз. Оның үстіне блог шын бағаңды білу үшін таптырмайтын құрал. Редактор түземеген мәтініңді өз блогыңда жариялап тұрсаң өзің туралы біраз жаңалық ашып қалуың мүмкін.
Тавтология басты жауың
Тавтология емделетін ауру. Бастысы ерінбеу керек. Тәжірибеден өтуге келетін студенттердің кейбірі бұл терминнің мағынасын да білмейтініне қарап, университтер оқытпайды деген тұжырымға келдім. Сондықтан, толығырақ мына жерден танысуға болады.
Сілтеме
Қазақ журналистикасының ең басты қатесінің бірі сілтеме бермеу және сілтеме беру. Сілтеме бермеуді түсінген шығарсыз. Ал, сілтеме беру дегеніміз, мысалға, «Бұл үйдің тұрғындары әбден тоңғанын айтып отыр» деу. Осы жерде сілтеме орынсыз. Көзімен көріп келген блогер болса «Бұл үйдің тұрғындары әбден тоңған» дер еді. Айтпақшы, «Орыстарда осылай жазулы тұр екен» деп сілтеме жасап ақталуды мүлде ұмытқан жөн. Әйтпесе тәуелсіздігімізге 20 жылдан асса да Жайықты Орал деп жүрген журналистер бар.
Жұлдыз болуға асықпа
Жұлдыз болу шындығында ауыр жұмыс (бұдан Маралбек өзін жұлдыз санайды екен деп ойлап қалмауыңызды өтінемін). Өйткені жұлдыз әрбір ісін жұлдызға лайықты деңгейде атқаруы керек. Қисынды түсініп отырсыз ба? Бұл деген тамұқтың отын қайта тұтатқанмен бірдей. Егер бір жазбаңыз жақсы бағаланып, талқыланғаннан кейін келесісіне шартты түрдегі Сатыбалды келіп «құсып» кеткенде асау аттай тулап шыға келмесеңіз ғана сіз шын жұлдыз болуға жақындай түсесіз.
Көп тілділік
Журналистиканың нағыз ақсақ тұсы осы. Сенетіні орыс. Ал блогер өзін журналистен артық санайтын болса немесе артық санағысы келсе кемі ағылшын тілін білуі керек. Әйтпесе, жоғарыдағының бәрін қатырып тұрсаң да алысқа бармайсың.
Сонымен, қазақ блогосферасы қазақ журналистикасын алмастыратын деңгейге қашан жетеді? Әзір емес. Өйткені, біздің блогерлігіміздің журналистика көтерген мәселелерді қамтуға күші жетер емес. Экономика, бизнес, өнеркәсіп саласында айтарымыз да, жазарымыз да жоқтың қасы. Блогингке тек гуманитарилер емес, жоғарыдағы саланың мамандары бұрылғанда ғана блогосфера журналистиканы басып оза алады. Әзірге, мен сияты журналистикадан нан, блогингтен ләззат тауып жүре тұруға тура келеді.

Ақырғы кезде пайдалы посттар көптеп жазылып жүр,қуантады
наушниксырға!