Sorry Seems to Be the Hardest Word - қазақша cover-нұсқа
Элтон Джонның 1975 жылғы бұл әнін білмейтіндеріңіз кемде-кем шығар. Сөзін жазған британдық өлеңші-ақын Берни Топиннің айтуынша, бірде Элтон пианинода әрнені бір ойнап отырып, осы әннің әуенін шығарып, оған тыңдатқан екен. Әуеннің ұнағаны сонша, әннің атауы мен алғашқы жолдары ақынның ойына бірден келе қалыпты. Осылайша керемет хит бір-ақ сәтте жазылған. Ал мен өз кезегімде сіздерге осы әннің қазақша аудармасын ұсынғым келіп отыр. Мағынасын бұзбай, барымша ұқсатуға тырыстым, қабыл алыңыздар!
«Кешір» деуге енді шама жоқ....
Бір оқығанда кейбір сөздер құлаққа түрпідей тиетін сияқты. Дегенмен уақытынан бұрын сынамай, әнді түрлі нұсқаларда тыңдап көріңіздер.
Алғашқы нұсқа — «романтикалық» нұсқа. Орындайтын — студентім Нұржан. Ол енді «вешірлерде» айтатын репертуарын толықтырып алды
Келесі нұсқа — ұлттық нұсқа. Орындайтын өзіміздің Алмас Алтай (aza ). Домбыра-патиде айтылатын әндер қатарын толықтыра ма деген үміт жоқ емес
Соңғы нұсқа — эстрадалық нұсқа. Элтон Джонның Blue тобымен айтқандағы әрлеумен орындаған өзіміздің Мейірбек Нарымбетов (TERISKEY ). Бұл әнмен әлі талай караокені «жыртамыз» ба деген ой бар
Ал мынау — бонус. Джеки Чанның кинолары осылай аяқталады ғой
«Кешір» деуге енді шама жоқ....
What I got to do to make you love me? What I got to do to make you care? What do I do when lightning strikes me? And I wake to find that you're not there? What I got to go to make you want me? What I got to do to be heard? What do I say when it's all over? Sorry seems to be the hardest word. It's sad, so sad It's a sad, sad situation. And it's getting more and more absurd. It's sad, so sad Why can't we talk it over? Oh it seems to me That sorry seems to be the hardest word. What do I do to make you want me? What I got to do to be heard? What do I say when it's all over? Sorry seems to be the hardest word. It's sad, so sad It's a sad, sad situation. And it's getting more and more absurd. It's sad, so sad Why can't we talk it over? Oh it seems to me That sorry seems to be the hardest word. What I got to do to make you love me? What I got to do to be heard? What do I do when lightning strikes me? What have I got to do? What have I got to do? When sorry seems to be the hardest word. | ************** | Қалай ғана сені ғашық етем? Қайтсем маған күйіп-жанасың? От-жалындай кенет шарпып өтіп, Оянсам ғайып боласың. Қалай маған сені ынтық етем? Қалай ғана сені тыңдатам? Өтті енді бәрі, ынжық екем, «Кешір» деумен қалай тіл қатам? Әттең, әттең, Өкінішті сәт неткен? Сандыраққа мүлде дауа жоқ. Әттең, тіптен, Айрылдық па біз тілден? «Кешір» деуге де, «Кешір» деуге енді шама жоқ. Қалай маған сені ынтық етем? Қалай ғана сені тыңдатам? Өтті енді бәрі, ынжық екем, «Кешір» деумен қалай тіл қатам? Әттең, әттең, Өкінішті жайт неткен? Сандыраққа мүлде дауа жоқ. Әттең, тіптен, Айрылдық па біз тілден? «Кешір» деуге де, «Кешір» деуге енді шама жоқ. Қалай ғана сені ғашық етем? Қалай ғана сені тыңдатам? От-жалындай мені шарпып өтсең, Қалай ғана енді? Қалай ғана енді? «Кешір» деумен қалай тіл қатам? |
Бір оқығанда кейбір сөздер құлаққа түрпідей тиетін сияқты. Дегенмен уақытынан бұрын сынамай, әнді түрлі нұсқаларда тыңдап көріңіздер.
Алғашқы нұсқа — «романтикалық» нұсқа. Орындайтын — студентім Нұржан. Ол енді «вешірлерде» айтатын репертуарын толықтырып алды
Келесі нұсқа — ұлттық нұсқа. Орындайтын өзіміздің Алмас Алтай (aza ). Домбыра-патиде айтылатын әндер қатарын толықтыра ма деген үміт жоқ емес
Соңғы нұсқа — эстрадалық нұсқа. Элтон Джонның Blue тобымен айтқандағы әрлеумен орындаған өзіміздің Мейірбек Нарымбетов (TERISKEY ). Бұл әнмен әлі талай караокені «жыртамыз» ба деген ой бар
Ал мынау — бонус. Джеки Чанның кинолары осылай аяқталады ғой
Керекке аударма ән салып отырғаным бірінші рет емес бірақ)
мына аударма неткен сәтті шыққан, ішкім келіп отыр, дукен жабылып калыпт, млин
бізде бар
Осы комментті жазу үшін дым ерінбей компты қостым, әхәхәхә! Бұдан ары қарайғы жарыстарда сізге сәттілік тілеймін, Аққу ханым!!!
керемет!!!
Талант қой тұнып тұрған. Аза, Теріскей жасай беріңдер
осындай адамдарды танитыныма қуанамын
Өкінішті жайт неткен?
Сандыраққа мүлде дауа жоқ.
Әттең, тіптен,
Айрылдық па біз тілден?
«Кешір» деуге де,
«Кешір» деуге енді шама жоқ.
Минусымен айтып көрейін десем, қалып қала берем *lol*
x-minus.org/track/33144/blue-sorry-seems-to-be-the-hardest-word-%D0%BC%D0%B8%D0%BD%D1%83%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%BA%D0%B0.html
Кім айтып көреді?