Қалың қалай, қазақша караоке?

Көңіліміз түсіп, құлазыған сәтте де, қуаныштан жарылып кетер шақ туса да — ыңылдап әндететініміз бар. Тіпті достарымызбен бас қосып, дауысты кеңге салып ән шырқау үшін караокеге жиі барып жатамыз.

ХХ ғасырдың екінші жартысында Корей елінде пайда болған бұл жап-жақсы дүние талайлардың ішкі запыранын ақтарып, «жынын шығаруға» көп көмектесіп тұрады. Өзгені қайдам, өзім караокеде ән салып қайтсам, іште тұншыққан бүкіл проблемаларымды айқайлап шығарып тастағандай болам.

Астананың барлық караоке-клубтарында болғам жоқ, бірақ, осы уақытқа дейін барған 5-6 клубтың қайсысына кірсем де, жұрт орыстардың әнін шырқап жатады. Өзім де солай. «Караокеде қазақ әндеріне сұраныстың болмау себебі неде» дейсіз ғой?!
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Бас қаладағы адам көп жиналады-ау, бағасын халықтың қалтасы көтереді-ау деген караоке-клубқа бет алдым. Мұнда қазақ әнін айту үшін сізге сыртында «Раша» деген жазуы бар каталогты қолға алуға тура келеді. Бірден соңғы парақтарын аша қойыңыз, қазақ әнін алғашқы беттерден іздеп, сатып алған уақытыңызды текке жоғалтасыз. Тіпті, соңына жетем дегенше кенет ерініп қалып, көзіңізге түскен орысша әнді айта салуыңыз да ықтимал. Бұл бірінші себеп деп қойыңыз.

Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Ақтарып отырған парақтарыңыз таусылуға шақ қалып, каталогты «жабамын-ау» деген тұста қазақ әріптері көріне бастайды. Он шақты парақтағы тізімнің саны 200-дің о жақ, бұ жағында ғана. Әннің аздығы сонша, қазақша барлық әнді лезде айтып тастап, үйіңізге ерте қайтып кетуіңіз мүмкін. Екі. Үшіншіден, кілең ескі әндердің ішінен үнемі «Белгісіз жан» мен «Сүйген жүректі» ғана орындап, ұйықтап жатып та айта алатын дәрежеге жеттім. Өздері көрсетіп қойғандай, 2010 жылдан бері қазақ эстрадасының әндері жаңармаған. "Қызыл өрікті" айтып, достарыңызды қыран-топан билетемін деген жоспарыңыз быт-шыт болады.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Домбырамен әп-әдемі айтып жүрген әнге караокеде дауысыңыз жетпей, шиқылдап қаласыз. Тіпті, қасыңыздағы адамдардан ұялып, көңіл-күйіңіз түсіп кетеді. Дыбысталуы нашар, аражировкасы тіптен жылатып жіберетін әннен гөрі жақсы өңделген өзге тілдегісін айтып, өзімнің "әжептеуір әнші екеніме" қомпаңдап қалғаным артық. Бұл — төртінші себеп. Бесіншісі тіпті күлкілі. Әнді беріліп айтып, дауысыңыз енді ашылып келе жатқанда суреттегі «иман қанаты талған» сияқты сөздерді оқып, еріксіз күліп жібересіз. Дауысыңыз бір жақта, әніңіз бір жақта. Мәтіндегі аяқ алғысыз қателерді көре-көре, сол күйі жаттап, ақындардың қатесіз жазғанына күмәнданатынды шығардым. «Бұл қателерден өздерінің хабары бар ма, неге түземеске» деген оймен бірнеше қатені суретке түсіріп алып, әнді орындаушылар мен мәтін авторларының пікірін білдім.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Мейрамбек Бесбаев, әнші:
— Ой, айтпа, мәтіннің қате берілетіні — бір. Сосын шетелдің, орыстың әндерін алайықшы, аранжировкасының оригиналы шығады, айтуға өте ыңғайлы, сапасы да өте жақсы. Біздікілер осы жағын қолға ала алмай жатқан сияқты, өкінішті. «Сағындым Алматымды»-ның мәтіні әлі күнге түзелген жоқ, аранжировкасын кім жасағанын бір Құдай біледі. Өзім караокеге көп бармаймын, анда-санда барып қалғанда достарым айтып, күліп жатады. Караоке иесіне де, барлық жерге ескерту жасап шаршадық: «иә-иә» деп, шығарып салады. Директорым да айналысты мұнымен, баяғы жартас — сол жартас. Өзім соттасу дегеннен аулақпын, бірақ, қателердің тезірек түзелгенін қалаймын. «Көзіңнің мөлдірін-ай» әні дейсің бе, оны мен айтқан емеспін.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Қалқаман Сарин, «Жібек сезім» әнінің сөзін жазған:
— Анда-санда караокеге барғанда қазақша әндердің мәтінінде қате көптігін жиі байқайтынмын. Бірақ, өз сөзіме жазылған әнде қате барын дәл қазір сенің аузыңнан естіп тұрмын. Караокенің өзінен болсын, әндерін дайындайтын қандай да бір студиядан болсын біреу маған хабарласып, рұқсат сұраған емес. Ол әндерден пайда тауып жатыр, маған гонорарын да берген емес. Ақшасын қойшы, халық игілігіне қолданып жатса — қуаныш. Қазір екінің бірі караокеге барады ғой. Сонда қате толы өлеңімді оқыса, менің репутацияма, ар-намысыма, шығармашылығыма нұқсан келмей ме? «Ой, ана пәленшенің ұйқасы да жоқ, басқасы да жоқ, керемет ақындығы қайда,» деуі мүмкін. Бұл нәрсені бей-жай қалдырмау керек.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Қарақат Әбілдина, «Ал, құрбым» әнін орындаушы:
— Қазақша караокедегі әндердің сөзі де, өңделуі де, дыбысталу жүйесі де, бәрі қате екенін білемін. Маған ұнамайтыны да — сол. Орыстың, шетелдің аранжировкасы ұрып тұрған әндерін айтқанда, ән айтып жатқаныңды сезінесің. Ал, қазақтардікінің барлық жағынан сапасы төмен. Сондықтан ел караокеде қазақша ән айтқысы келмейді, айтуға ұмтылмайды да. Ол да болса әдейі жасалып жатқан саясат па деп қаламын кейде. Менің ғана емес, барлық әнде қате бар, қайсыбірін түзей бересің?! Караокемен айналысатын ұйымдарға сауатты өнім шығару туралы талап қою керек.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?
Назира Бердалы, «Сүйген жүрек» әнінің сөзін жазған:
— Мен караокеге бармаймын. Мұндай қателер туралы бірінші рет естуім. Ешқандай караоке-студиямен келісім-шарт жасасқан емеспін. Бірақ, «Абырой» авторлар қоғамының мүшесімін. Менің шығармаларым караоке, кафе-ресторан, тойларда орындалып жатса, солар жауап беруі тиіс.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Ақбота Керімбекова, "Қош, махаббат" әнінің орындаушысы
— Өзім караокеге бармағандықтан әнімнің мәтіні қате екенін білмеппін, сізден естіп отырмын. Маған біреу келіп, «осылай жасағалы жатырмын» деп рұқсат сұраған жоқ. Қателердің түзелгенін қалаймын, кімдер жасағанын табу керек. Өзім қандай да бір шара қолдануға уақытым жоқ.
Блог - aikarakoz: Қалың қалай, қазақша караоке?Астананың біраз караокесіндегі әндерді ұсынған Ресейлік Studio Evolution караоке-жүйесінің сайтындағы нөмірге хабарластым. Владимир есімді жігіт сұрақтарыма: — "Әнді авторлардың өздері береді, ал, халық әндері үшін ешкімнен рұқсат сұрамаймыз. Мәтінде қате кеткеніне біз жауапты емеспіз, ол — программадан. Программа кейде қазақ әріптерін оқымай қалады. Келесі айда әндер жаңарады. Енді әр ай сайын жаңа әндерді каталогқа қосып отыратын боламыз," — деп жауап берді.

Авторлар «рұқсат бермедік» дейді, әнді пайдаланғандар «алдық» дейді. Әй, екінші тараптың айтып отырғаны жалған-ау. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңның 16 бабы, 5 тармағында:
Автордың немесе өзге құқық иеленушiнiң туындыны пайдаланудың әрбiр түрi үшiн сыйақы алуға құқығы бар, оның мөлшерi мен есептелу тәртiбi авторлық шартпен, сондай-ақ авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдармен жасасатын шарттармен белгiленедi,
делінген.
Өз авторлық құқығын қорғаймын деген өнер иесіне бәрі түсініктірек болу үшін Зияткерлік меншік құқығы комитетінің маманынан кеңес алғанды жөн көрдім.
Зияшова Райкен, Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру басқармасының сарапшысы:
— Егер автордың рұқсатынсыз әндері қолданылса және одан қандай да бір қателер табылса, сот арқылы мәселені шешуге болады. Ол үшін автордың қателерге дәлелі болуы керек. Егер арыз келіп түссе, біздегі арнайы бөлім караоке өнімдерін дайындаған студиялардың рұқсат алған-алмағандығын тексереді. Бұл іспен айналысуға әнші, ақындардың уақыты жоқ болса, сенім өкілдері арқылы шеше алады.

Құрметті әншілер, ақындар, композиторлар, қазақ өнерін жасап жүрген майталмандар!
Еңбегіңіздің еш кетуіне жол бермеңіз! Караокедегі қазақ әндерінің тағдыры сіздердің ғана қолдарыңызда, сіздер ғана түзей аласыздар. Талап күшейсе — сапа да артады. Халық сапалы ән айтсын десеңіз, авторлық құқығыңыздың бұзылмауын қадағалаңыз. Бұл барша караоке тұтынушыларының атынан айтқан үндеуім болсын
Қазақша ән айтқым келеді!
Бөлісу:

11 пікір

AKA
 Дұрыс, талап ету арқылы ғана нәтиже болмақ. «Караоке такси» бағдарламасындағы әндерде де қателер өріп жүреді.
MamaAya
Елдер сияқты қазақша әннен жеркенбей, қатесінен жеркенгенің керемет екен! )))) Ия, орындап отырып қатесін оқып отырып дұрыс вариантын ойланып отырғаныңда әп-әжептеуір талай әннің быт-шыты шығып кеткен кездер болып тұрады. Сосын амалсыз,, аранжировкасы да сапалы, тексті де қатесіз орысшаларды айтып жайыңа кетесің…
Әдеттегідей көп ізденіспен көпті тек сол караокеде ғана мазалап ары қарай естен шығып кететін өзекті мәселені қозғапсың. Рахмет, мүмкін осы сенің ізденісіңнің арқасында ары қарай «Біреу қазған құдықтан мың адам су ішеді» деген сияқты бұл проблема қолға алынар, түзелер и қатесіз сапалы қазақша ән айту бұйырар?! Жалпы, ақылды қызсың!
Aya
Елдер сияқты қазақша әннен жеркенбей
patick сізді түйреп өткендегісі ма сонда? ыхыхыхы
Abylai
иман қанаты талған
))))
серьезный тақырып!
Соңғы түзету:
Aya
Мықты, Эльвира. Қалай алып шығады екен деп алаңдап жүр едім. Көңілден шықтыңыз
ken
Неге дәл Эльвира үшін алаңдауыңның себебін білуге бола ма?
Aya
Оның ешқандай құпиясы жоқ. Осы тақырыпты жазардан бұрын тіл қатысып қалған едік. Сол кезде маған өте қиын тақырып сияқты көрінген еді. Сол себепті сұрадым. АйтпақЧ, Павлодар қалай?
zholantai
Авторлар «рұқсат бермедік» дейді, әнді пайдаланғандар «алдық» дейді. Әй, екінші тараптың айтып отырғаны жалған-ау.
заңмен айдап алуды қолдаймын,

респект, салмақты пост салмағы ауыр пост, иә, иә тым салмақты пост)))
айтпақш, караокеге барған емеспін, ән айтпайтын комплексім бар))
Madi
Мен Алматыда қанша оқып жүрсем де караокеге бармаппын. Қазір Талдықорғандамын, осы жақта караокеге жиеніммен бірге баратын болдым. Соңғы рет 8 наурызда барған едім, таңғы 6ға дейін ән айттық. Иа шынында да қазақша әндер каталогта аздығына жының келеді, келген қыз келіншектер ылғи виаграның әндерін айта береді. Қайта соңғы барғанымда каталогты жаңартыпты қазақша әндер қосылыпты.
VKM
осынша қате жібергенде, текстін қайдан алады екен. Эльвира, посттарыңның бәрі суперски