Islam.kz сайты шағын әңгімелерге бәйге жариялайды

Құрметті қаламгерлер!

Islam.kz порталы жазушылар арасында шағын әңгімелерге шығармашылық байқау жариялайды. Әдебиет – ар мен адамгершілік, иман мен ізгілік құралы, бүгінгі күннің айнасы. Ыбырай Алтынсарин, Бейімбет Майлиндер секілді шағын әңгіме жазудың шеберлері өз заманының ащы шындығын, қатпар-қатпар көрінісін көркемсөзбен төгілте суреттеген болатын. Бүгінгі күннің бейнесі де қазіргі жазушыларымыздың қаламынан туып, әңгімеге арқау болып жатса құба-құп. Бәйгеге түсер шағын әңгіме аз сөзбен көп ой айтса, қазақы мінезді сомдаса, ататанымымызды өзек етсе, жастардың жігерін жанып, жан дүниесін адамгершілікке баулыса, елін, жерін, дінін, ділін сүюге үндесе, жаманшылықтан жирентсе, тіпті қоғамда көрініс тауып жүрген қате діни түсініктерді түзесе деген үмітіміз бар. Әңгіме мазмұнының тікелей діни сарында болуы шарт емес. Өмірден алынған, ғибратты оқиға желісімен жазылған, тіпті қиялдан қиылған ақиқатқа айна болатын көркем әдеби дүниелерді күтеміз.

Бас жүлде – 300 000 теңге

Толығырақ...
Бөлісу:

6 пікір

satibaldi
Қатысам. Жүлдемді Chase Manhattan Bank-тің Онтариодағы бөлімшелерінің біріне рәсімдей беріңіздер, әйтпесе мен ұтқан кезде — төлем ұзақ боп кетед.
satibaldi
Қабылда бауырым алғашқы жазбаны!

… Оның иманжүзділігін бір имамға тілесе де болғандай. Тұнық көздері сенің оған күмәндана қарағаныңның өзін әшкерелеп қалғандай қысыласың. Ал әуезбен сөлейтін әдеті елітіп әкететінін сөз қылғаннан бұрын сезген дұрысырақ болар.

Міне, онымен межелі жерде тағы ұшырастық. Ассалаумағалейкүмның астына алып ізет танытқан соң, күлімсіреп қарап тұрып:

— Пәкістандағы тендерге қатысыватрым, Наваз Шариф осы жылы да сайтқа ақша алып берем деп отыр. Енді билікті бұрынғыдай тиіп-қашып жамандау жоғынан: нақты-нақты есімдер, лауазымдар мен фотолар болуы керек. Айтпақшы мә, мынау саған Раббаниден сәлемдеме, — деді де, пұшықауыз «Береттаны» ұстата салды. Сосын қапсыра құшақтап, ендігәрі көрмейтіндей шәһидке қарағандай қарап, көзінің жасын сығып-сығып алды да, теректердің арасына кіріп жоқ болды…
sansyzbai1990
Мына әңгімеңнің бірінде түсінбедім!!! Сатыбалды не айтып кеттің өзің?!