Жақсы көру ұнату екі бөлек!

Барлық жанды жақсы көру бір бөлек,
Жалғыз жанды, ұнатқаның ол ерек.
Жақсы көру, ұнату бір болғанмен,
Шындығында мағынасы екі бөлек.
Автор: С. Сансызбай
Бөлісу:

31 пікір

MERmukhanov
Соңғы түзету:
ken
қаламыңа гүл бітсін
satibaldi
Автор: С. Сансызбай
Көкем-ау, мынау Жарылғасын Бәкеновтың шумағы ғой, ұрлап алып, өз қолтаңбаңды қоюға ұялмайсың ба?
Ispek92
Менің жазған өлеңдерім хит қой мынаның қасында…
sansyzbai90
Сатыбалды, Жарылғасын Бәкенов деген кім ол? Оның өлеңдері тұрмақ өзін де танымайды екенмін!!! Ал, өлеңге келер болсақ, мен әлдекімдер сияқты біреудің өлеңін ұрлап өз атымнан жазатын адамдардан емеспін. Және де олай жазбаймын. Менімше сіздің жаңағы айтқан Жарылғасын Бәкеновтің өлеңдерін өзіңіз бір қайта қарап оқып шықсаңыз екен. Әр нәрсенің байыбына бармай аузым бар екен деп, нені болса соны оттау ер азаматтың қылығына жатпайды. Ең, соңғы айтарым сын айту керек, бірақ сыныңыз шындыққа жанасу керек. Нені болса оны айтқан шындықсыз сыныңыз үшін адамзат баласы тым болмаса ұялу қажет… Мен сізге тек айтарым ұятыңыз болса осы сөзіңіз үшін ұялыңыз...!!!
Marco
Тапсырысқа жазып тұрасыз ба? Әлде ондайға шабыт шаппай ма?
satibaldi
Сатыбалды, Жарылғасын Бәкенов деген кім ол?
Масқара, бұлай айтатын өзің кімсің сен?
sansyzbai90
Испек 92 Өлеңдеріңіз хит болса, жақсы екен… Сізге шығармашылық табыстар тілеймін!!!
Соңғы түзету:
sansyzbai1990
Marco, men tapsiriska jazip kormegem… Shabit kunde kele bermedi goi… Men tek olendi keide wabit kelgende gana jazip turam…
Ispek92
Бауырым, бұл жерде жауап жазу деген функция бар. Үйреніп ал…
danakyz
иомайоооо, уялып кеттім…
sansyzbai1990
Данақыз сіздің қаншалықты ұялғаныңызды сөздеріңізден байқап тұрмын…
Ispek92
Охо, жауап жазуды үйреніп келесің, енді өлең жазбауды үйреніп алшы, кӨтініш…
Armanjan
Сансызбай аға, өлеңдеріңізді жылдың қай мезгілінде көбірек жазасыз?
sansyzbai90
Арманжан шабыт келсе жылдың кез келген мезгілінде өлеңді көбірек жазып тұруға тырысамын!!!
MERmukhanov
Плюс қойып жүрген қай антұрған?
satibaldi
Шәует — шабыттан бұрын келетін жағдай осы болса керек…
Rozatai
Сансызбай, сіздің троль емес екендігіңізге қалай көз жеткізсек болады екен?
Жарайды, оны қоя берш, талантыңызға басымды иемін!
Өлеңдеріңізді оқып, өзімнің бірінші сыныпта жазған өлеңім есіме түсіп кетті ғой:
Бұзау, бұзау, бұзау,
Қайда кеттің ұзау?
Анаң келер кешке,
Кешкі сағат бесте
Aya
Ехехей Сансызбай, атыңыз неткен керім еді және ибалы! Құпия болмаса мына бітімі бөлек жаралған жыр жумақтары кімге арналған? Неткен бақытты жан еді деп отырмын.
Gastarbaiter
Барлық жанды жақсы көру бір бөлек,
Жалғыз жанды, ұнатқаның ол ерек.
Жақсы көру, ұнату бір болғанмен,
Шындығында мағынасы екі бөлек.
Автор: С. Сансызбай


Аң мен көттің екі арасы бөп-бөлек,
Аңға шықсаң, көт қалады өкпелеп
Көт-ау! Сенің маған өкпелейтін жөнің жоқ!
Аңдыкіндей жан-жағыңда жүнің жоқ!
Соңғы түзету:
Tyulpan
комменттер өрт.
Жарылғасын Бәкенов
 

Сансызбай, өлең жазуды кімнен үйреніп жүрсіз? ұстазыңыз, еліктейтін ақыныңыз кім?