Балалық шағымның 5 фильмі

Балалық шағымның 5 фильмі

Блог - abzalsariyev: Балалық шағымның 5 фильміӘлі де қартайып бара жатқанымыз шамалы… Естеріңізге алыңыздаршы… Біз де бала болдық… Біздің «балалық шақ» қалай өтті? Біз қандай фильмдер көріп өстік?
Бір айтарым, қазіргі балалардан гөрі мәндірек өмір сүрген секілдіміз. Сенбесеңіз бүгінгі бүлдіршіндер тамашалап жүрген түрлі атыс-шабыс кинолары мен 1990 жылға дейін түсірілген, тіпті одан жарты ғасыр бұрынырақта көгілдір экранға жол тартқан туындыларды таразылап көріңізші?!
«Кім ұтты?», «Кім ұтылды?» деген сауалдың жауабын бірден табасыз...
Әрине қазіргі кездегі Отандық жетістіктерді дәріптеп, егемендігімізді насихаттайтын балалар фильмдерін баршаңыз қолдайсыздар. Алайда, осы Тәуелсіздіктен кейін өмірге келген кинолардың ешқайсысының көркемдік жағынан, болмаса әртіс балалардың шынайы сезіммен, фильмнің ішіне кіріп ойнап тұрғанын сезіне алмайтынымыз рас қой?!
☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁☁
Мысалы, «Менің атым Қожа» (реж. А.Қарсақбаев, 1963 ж.) туындысындағы кез келген әртістің өз образына кіре отырып, әрбір қимылын шынайы, әрі табиғи түрде жеткізуі баршамызды әлі күнге дейін тәнті етпей қоймайды. Оны әр көрген сайын қайталап тамашалаудан жалықпаймыз. Сонымен қатар бұл фильмнің жастарға берер тәрбиесі де жоқ емес.
Блог - abzalsariyev: Балалық шағымның 5 фильміБлог - abzalsariyev: Балалық шағымның 5 фильмі
Иә, барлығымыз да осы Қожаны көріп өстік. Қожаның сотқарлығын жасасақ та, оның оқу озаты болғандығын меңгеруге тырыстық. Қожа секілді әрбір күніміз қызыққа толы болуын армандадық.

Блог - abzalsariyev: Балалық шағымның 5 фильмі
Тіпті «Алты жасар Алпамыс» (реж. А.Қарсақбаев, 1976 ж.) секілді оқуға жасымыз толмай тұрып, "Қожадай" боп түрлі «оқиғалар ортасында» жүруге асықтық. Содан болар көбіміз Алпамысқа еліктеп жасымыз толмаса да мектепке қарай жүгірдік. «Мұнар» атамыздың ақылын тыңдап, "Қалиханмен" талай тентектікке барып. Ағаларымыздың, Әпкелеріміздің қағаз, қарындашына таласып, дәптерлерін шимайлайтын болдық. Қазіргі інілеріміз бен қарындастарымыз мектепке қарай баруға асығудан гөрі, ғаламторға, соткамен ойнауға асығады. Көпке топырақ шашудан аулақпын, дегенмен қазіргі метеп жасындағы оқушылардың көбісі сондай екенін әркімнің іші сезеді…
***
Иә, қазіргі ата-ана балаларының барлық өнерді игеріп, жан-жақты болғанын қалайды. Тіпті, жастайынан «полиглот» болып өскенін армандап түрлі тілдік үйірмелерге апаратындар да бар. Мұның барлығы заман талабынан туындаған қажеттілік деп қарауға болады. Дегенмен, өзі күніне 5-6 сағат сабақ оқып, үйге келер келместе түрлі үйірмелерге жетелеген жеткіншектің санасына тыным болмайтыны анық.
Мұндайда барлығымызға жақсы таныс «Жас аккордеоншының өмірбаяны» (реж. С.Нарымбетов, 1994 ж.) фильміндегі кішкентай Ескіннің өз өмірінің бастауын арқау еткен сырнайын көз алдымызға әкелуге болады. Бір ғана өнерді үйреніп, соның шыңына шығуға талпынып, сол өнерден нәтиже шығара білуге талпындырады.

Блог - abzalsariyev: Балалық шағымның 5 фильміОсындай санадағы сансыз жүктен арылып, балалығымен, өзін бір сәт еркін сезінер еркелігімен оңаша қалмауы — бүгінгі жас балалардың ең басты кемшілігі. Олар кешегі Құрмаш секілді Көксерегін жетелеп қой жаймай-ақ қойсын. Бірер сәт өзді өзімен, балалығымен оңаша қалдыруға мүмкіндік беріп отырған жоқпыз. Алайда, қазіргі балалар қолы босай қалса сарылып ғаламтордың алдында отыруға құштар.
Бос уақытында өзі қалаған істерімен өткізсін дейтін ата-ана балаларының табиғатпен етене араласып, қатал да, мейірімді жер ананың өзі секілді еркіндік пен бостандыққа жаны құмар жануарларымен танысқанна не жесін. Әрине, барлығы Құрмаш («Көксерек», реж. Т. Өкеев, 1973 ж.) пен Самат («Адамдар арасындағы бөлтірік», реж. Т.Теменов, 1988 ж.) секілді қасқырдың күшігін асырамай-ақ қойсын. Тек табиғатпен жақынырақ танысып, қазақы болмысымызға тән дүниелермен айналысса дейміз. Осы екі фильмді көріп отырғанда қазақы тұрмысымызды, әсіресе ауыл өмірін көз алдымызға келтіреміз. Және оған әртістердің жас әртістерінің шеберлігін қосыңыз…
Блог - abzalsariyev: Балалық шағымның 5 фильмі
Жастық шағымыздан есте қалған, дәл солардай ерлік жасауға, бүтін бір ауылды апаттан құтқаруға, тіпті ел алдында «ерлік» жасауға ұмтылдыратын туындылар
Кішкентай жүрегімізді өжеттілікке, қиындықпен күресе білуге, өмір сүруге деген құштарлыққа үйрететін бұл фильмдердің де шынайылық деңгейі өте жоғары. Бүгінгі бүлдіршіндерге түрлі қырып-жоюға ғана құрылған құбыжық кейіпкерлерді көрсеткеннен гөрі осындай киноларды, өмір сүруге бейімдеуші фильмдерді тамашалатса қандай жақсы болар еді.

Міне, Менің балалық шағымның «праймтаймы» осы фильмдерді көрумен өткен.
Кешегіні аңсап, бүгінгіге тас атудан аулақпын. Тек қана бүгінгі ұрпақтың санасына сәуле түсірер фильмдеріміз көбейсе екен, сол арқылы ұлттық болмысымызды жас жеткіншектің рухани тамырына нәр берсек деген ой.
Бөлісу:

2 пікір

Gastarbaiter
«Жас аккордеоншының өмірбаяны» (реж. С.Нарымбетов, 1994 ж.


Мына фильм балалық шағымның емес, бозбалалық шағымның фильмі болған. Жыныстық қатынас көріністері бар фильм))
dark_nazgul
Аха, «Жас аккордеоншыдағы» Аспазия Талалаевнаның ыңқылдағанының аса тәрбиелік мәні бар