Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары

«Суалған су миым одан сайын суалып, сумиланып тұрғанымды көрмеймісің!» © KILYZAMAN

Хуиметсіздер ме, херметті охуйрмандар, саламатсыз ба, Назғұл апай, қал қалай. Сені — жақсы, Алматыда деп естідім. Уау, уау, уау. Іхе-іхе, ойын ғой.
«Айтулы аламан болып жатыр, азулы билер отыр» дегесін қозып сала берді. Одан кейін делебем қозсын кеп. Ойлана келе, «Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары» деген фотореп ұсынуды жүн көрдім. Сонымен, назарбтарыңызға 19.05.2014 күнгі күнімді ұсынамын.


Сағат 08:45 АМ
Ояндым. Көзімді аштым да, келесідей бұлыңғыр бейнені көрдім:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Бейненің қанықтық коэффициентінен, жарық әлемді сол күйі қабылдауға дайын емес екенімді түсініп, жата тұрайын деп шешім.


Сағат 11:17 АМ
Ояндым. Көзімді аштым да, келесідей бейнені көрдім:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Аса хердірменді билер алқасының назарын, бұл картинаны мен — етбеттеп жатқанда көргеніме аударғым келеді. Яки, халымның мүшкілдігін әлден шырамытып отырсыздар.


Сағат 11:19 АМ
Санама бірден келген ой: кешеден міндетті түрде бірдеңе қалу керек. Бірақ қайда тығып қойдым? Тығып қойған себебім — осы күнгі бөтелкелестер ішін сарқып, бөтелкесіне дейін жеп кететін болған. Сондықтан ертеңгі күнге деп, бір жерге тығып қоямын. Қытай соққанда табыла қойсайш!


Сағат 11:19:01 АМ
Алдымен, бөтелке тығатын классикалық қуыс қолтықтарды қарауға беттедім:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Ескерте кетейін, «көп ішетін адам — ергежейлі болып қалады» деген — бос сөз. Бұл жерде мен тек төртаяқтап бара жатырмын, хал мүшкіл.


Алғашқы күдікті — унитаздың багі:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Қызық: соның ішінде жоқ екенін; соның ішіне тықпайтынымды беске білсем де қарап тұрмын. Сірә әлі де зерттеуді қажет ететін адам псиқалогиясының қараңғы тұстары бар ма деймін.


Келесі күдікті — раковинаның астындағы жәшік:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
«Анау дихлофосты тартіжверіп, өзімді әлемнен, әлемді өзімнен құтқарсам ба екен...»


Одан кейін — балкондағы қожайынның боқтықтарының қуыс-қолтықтары:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Кілемін қараш лібәдтің, өзі сияқты! Маған «жайып алмайсың ба, еден жылы болады ғой» деп жейтінін қайтерсің! Неткен талғамсыздық осы кілем, а?


О! Басты күдікті! Осының артына тықтым, дәл солай!
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Бәлкім ішінде…
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Менен шығад: мынабір вентиляциялық хуйндырғыға сүңгітіп жіберген болуым мүмкін:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Тоңазытқыш пен шкаптың екі ортасы:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Тоңазытқыштың арты:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Кафканың әңгімесіне бергісіз, жөндеуі ешқашан бітпейтін мына бір опырылған жер:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары
Status! Хех, мұны мен 17.05.2014 күні ішіп қойғам. Және тыққаным Parlament негізі.


Кеңсірікті қысқашпен қысып тұрып, қожайынның қыс етігіне де қол жүгірттім:
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары


Шаршадым(((
Өткенде, суық тиіп хуяк келген кезде, көңілдесім Аққолтық Бірімжарқызы өзінше күткен болып, қасымда жатып алған. Антибиотик егіп, тұрғызып (мені — ред.) алды әйтеуір. Содан әптек спирті қалуы керек! Дереу дәрілер шкафын ашып қалдым да…
БЛОГИАДААРАЛЫҚ САЙЫС: Алқаштың бір күні. Үйдің қуыс-қолтықтары

Ом манэ падме хуум! Сатирлер мен нимфаларға, Исаға, Олимптегі барлық бұтақбас құдайларға, тіпті қытайларға — мың да бір мадақ! Аллилуйя! Ешқайда тықпаппын ғой! Өмір жалғасады!!! Кеттім!!!
Бөлісу:

34 пікір

Marco
Кафканың әңгімесіне бергісіз, жөндеуі ешқашан бітпейтін мына бір опырылған жер:
   
Aya
енді қалайсыз кәзір? Тәуір боп қалдыңыз ба?
nurbergen_makym
Уффф! Таптың-ау, әйтеуір!
AKA
AknietTanirbergenkyzy
Сөз тапқанға қолқа жоқ, дегенмен, көзіңізді дұрыстап ашып-ашпастан бірден беріліп іздеп кеткеніңіз қызық екен................
Ispek92
 AKA ханым ішпейді, тек шегетіні болмаса…
Aya
Кілемін қараш лібәдтің, өзі сияқты! Маған «жайып алмайсың ба, еден жылы болады ғой» деп жейтінін қайтерсің!
осы жері өте шынайы шығыпты әхәхәхә
ken
Соңғы түзету:
abzalsariyev
Соңғы түзету:
Arys_arlany
ішкім кеп жүр менің де, осы афтырмен пелай соғыстырсам ба деп қоям, сол жаққа жетіп алған соң)))
MamaAya
мені де ертіп кетш(
OrkenKenzhebek
8,5!
Сатыбалды дегеннен-ақ, оқымай жатып он баллды қоюға қолымыз ыңғайланып тұрғаны бар. Оның суланған жүннен тікенекті сым суырғандай жан-жүрегіңді шымырлатып кететін жазбаларына осымен қанша жыл… тамсанып келеміз. Бірақ, мына жазбасын 3 қайтара оқып шықтым. Оқитын несі бар, қарап шықтым деген дұрыс болар.
Бұл — Блогиададағы фоторепортаж жанрына пародия. Солай түсіндім. Үйдің ішінде болса да, еңбек бар. Алқаштық бояны болса да, креативтың жарықшағы бар. Бірақ, блогиадааралық сайысқа Сатыбалды жазды дейтіндей ерекше дүниені көре алмадым. Қанша жерден құрметім тасып тұрса да
dark_nazgul
Үш. Псевдосатыбалдылық жазба.
Gastarbaiter
Екіншіден, мынадай форма мінсіздігін сақтау «менмін» деген блогерлердің өзіне арман.
Үшіншіден, «Етпеттеп жатып төбедегі шамды көрдім» — деген қазнеттің тұрақты тіркестер сөздігінен орын алуға тұрарлық мем һәм бір жылға дейін жұртты қыран-топан қылу үшін қолдануға болатын эпитет.
Төртіншіден, бұл пародия. Демек, бұны тек сол жанр шеңберінде қарап, одан халықтың мұңы мен наласын іздеп, тас қатырмауға да болады.
Бесіншіден, дедукция))
Алтыншыдан: жазбаның версткасы мен тазалығына бір уқалап алуға болады.

10 ғой, қысқасы.
Соңғы түзету:
Zhan
Соңғы суретте баланың дәрілері тұр екен. Иә, баланың ыстығын түсіру үшін арзандау арақ алып қоятынымыз өтірік емес)))))))) Бүгін түсте баламның педиатры кеп кетті. жақсылап арақпенсылаңыз, ыстығы түседі деді…
sammita
сыламайсың, шылайсың))
AKY
Біздер сылаймыз.
sammita
арақты сіңіру үшін сылайсың ба? мақтамен шылқытып шылау керек.
MamaAya
Біз де сылаймыз… Шыла! емес Сыла!" Сылап-сипау" деен дұрыс сияқты мааа?! мүмкін, екеусі де дұрыс?!
sammita
үлкендердің әңгімесінде нағып жүрсің
қәрәғім, сөздің мәнін түсінеміз, мәселе сөзде емес, процесте: шылқытып жағып қояды арақты.
аһ, иісін-ай
Соңғы түзету:
MamaAya
не ғой  мен де үлкенмін былай))) бізше Арақты сылап жағады,,, Ал шылқытып деген кеуіп, ұшып кететін арақтан қарағанда шылқылдаған, сіңбейтін майға келетін сияқты… ӘРкімнің бұл сөзді әрқалай пайдалануында шығар мәселе, біздің үлкен-кішілігімізде емес…
AKY
Сылаймыз бәрібір.
bizbike
Сыламаңдар, ысқылаңдар арақпен ))))))))
sammita
тым езіп жібердік. менің айтпағым арақты сіңіріп сылауға болмайды. мақтамен шылқытып жағады тек. ол жайлы Комаровский мысалы бүй дейді (әр дәрігердің өз пікірі бар десек те, осы кісіге көп жүгінемін өзім): "Вы даже представить себе не можете, какое количество детей поплатилось жизнью за эти растирания! Если уж ребенок пропотел, то температура тела снизится сама. А если вы растираете сухую кожу — это безумие, потому что через нежную детскую кожу то, чем вы растираете, всасывается в кровь. Растерли спиртом (водкой, самогоном) — добавили к болезни отравление алкоголем. Растерли уксусом — добавили отравление кислотой"
Соңғы түзету:
bizbike
онда мүлдем арақты қолданбау керек пе?
sammita
әркімнің өз шаруасы ғой енд білмеймін))))
арақты қолданбау
тыныштығы керек деп, сылау мен шылауға жақсы синоним тауыпсың
AKY
«Айтулы аламан болып жатыр, азулы билер отыр» дегесін қозып сала берді. Одан кейін делебем қозсын кеп
AKA
Мына соңғы бағалау-кәменттері сұмдықкен
MERmukhanov
сайыстың баға-комментері ғо  жюрилер ғо
AL-ASTER
Ескерте кетейін, «көп ішетін адам — ергежейлі болып қалады» деген — бос сөз. Бұл жерде мен тек төртаяқтап бара жатырмын, хал мүшкіл.