Қызыл бояулы асығым
Бүгін Асық Party-дің үшінші аптасы басталды. «Асық Party» кубогы екінші рет ойналды. Бірінші кубокты Сәдуақас есімді тоғыз жасар балақай жеңіп алған болса, бұл жолы кубок Бәйтеректің түбінде «Бәйтерек» тобының мүшесі Нүркен Өтеуловқа бұйырды.
Бұл Асық Party-дің алдыңғы екеуінен ерекшелігі Блогиада сайысын ұйымдастырушы Азаматхан Әміртай мен Керектік блогерлердің көптеп келуі болды
Асық ойнауға бұл жолы адамдар өткен екеуінен де көп жиналғандықтан, ойнамаса да қарап тұрған көрермендер де көп болды. Солардың бірі Данияр
Содан көрермендер қауымы құр қарап тұрғанша біз де өзімізше кішігірім шеңбер сызып, қапшықта қалған соңғы асықтарды алып, 1 дана қызыл асықты сақа етіп, ойынды бастап кеттік
Адам көп, асық аз болғаннан соң ойынның шартын Аршат аға бір ғана қызыл асықпен ойнаймыз, сол асық қайда түссе келесі ойыншы сол жерден атады деп бекітті.
Ойыншылардың көбі боялған қызыл асық жеңіл, ол сақа бола алмайды деп қызыл асығымызға бір тиісті, оны өзге асыққа алмастырып жібере тастады, оны жоғалтып та үлгердік...
Бірақ Аршат аға ойынның шарты бойынша боялған қызыл асықтың бекітілгенін айтып, оның жеңілдігі ойынға кедергі емес деп, жеңіл қызыл асықпен ойнаудан мастер-класс көрсетіп жіберді.
Сөйтіп, «боялған қызыл асық» сақа болған топтың жігіттері сенбіде біраз денелерін шынықтырып, қыздар таза ауа жұтып үй-үйімізге тарастық!
10 пікір