ҚАЗАҚСТАНда жасалған көліктер
♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒♒
Елімізде — жеңіл және ауыр көлік құрылғыларын жасап шығаратын, құрастыратын бірнеше зауыттар бар, солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамын.
Елімізде — жеңіл және ауыр көлік құрылғыларын жасап шығаратын, құрастыратын бірнеше зауыттар бар, солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынамын.
ШКОДА | |
КИА |
ТАЛЬГО |
КАМАЗ |
КИА АВТОКӨЛІКТЕРІ
2009 жыл
«БИПЭК АВТО» компаниясы «KIA»ның «Қазақстандағы эксклюзивті дистрибьюторы» статусына ие болды. Кореяда жасалған «KIA» автокөліктері Қазақстанда жаппай саудаға салына бастады.
«АЗИЯ АВТО» компаниясы мен «KIA Motors corp.» арасында KIA автокөлігінің үш түрлі: Mohave, Sorento және Cerato модельдерін құрастыру туралы келісімге қол қойылды.
2010 жыл
Мамыр айында ортакөлемдегі KIA Mohave жол талғамайтын көлігі, KIA Sorento кроссовері, гольф-класс KIA Cerato автокөліктерінің алғашқы сериялық көліктері шығарылды.
2011 жыл
Мамыр айында «АЗИЯ АВТО» зауыты «KIA»ның біршақты автокөліктері: Soul шағын кроссоверлері, Sportage жол талғамайтын көлігі, Optima бизнес-седаны және Cadenza седандарының алғашқы сериялы көліктері жарыққа шығарыла бастады.
2012 жыл
«АЗИЯ АВТО» компаниясы субкомпактты қалалық KIA Picanto қалалық автокөліктерін, үш есікті стильді KIA Cerato Koup купесін жасап шығарды.
Қараша айынан бастап жаңартылған KIA Sorento FL кроссоверлерінің құрастыру жұмыстары қолға алынды.
2013 жыл
«АЗИЯ АВТО» зауытында KIA Cerato New гольф-класс автокөлігін, KIA Quoris седанын, KIA cee’d хэтчбегін, KIA Carens, KIA Cadenza FL седаны құрастырыла бастады.
Тамыз айынан бастап зауыттан жаңа шыққан 5-есікті KIA Rio мен KIA pro_cee’d хэтчбегтері эксплуатацияға қойылды.
2014 жыл
Зауыт KIA Soul оригиналды кроссоверлерінің 2014-2015 жылдарға жасалған сериялық моделдерін жарыққа шығарды.
✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄ ✄
«ТАЛЬГО» ВАГОНДАРЫ
2010 жыл
«Қазақстан темір жолы» ҰК» Акционерлік Қоғамы мен Patentes Talgo, S.L. (Испания Корольдігі) компаниясы бірігіп, Астана қаласында пассажирлік темір жол вагондарын жасап шығаратын және техникалық қызмет көрсететін кәсіпорын салу туралы келісім шартқа қол қойды.
2011 жыл
Желтоқсан айында, Астана қаласында «Тальго» заманауи жылдам жүретін пассажирлік вагондар жасап шығаратын «Тұлпар Тальго» ЖШС зауыты іске қосылды.
Зауыттың қуаттылық жобасы бойынша жылына 150 вагонға дейін жасап шығару көзделген, бастапқы жылдары – 30 дан 140 вагонға дейін.
Вагондардың конструкциялық жылдамдығы — 200 км/с.
Жұмысшылар саны – 366 адам.
Орташа есеппен зауыттағы 1 қызметкердің жұмыс өнімділігі – 98 000 АҚШ доллары.
2015 жылға таман, зауыттың Қазақстанда қамтылу көрсеткіші (локализацияландырылуы) – 56%.
2012 жыл
17 және 35 вагоннан тұратын ең алғашқы вагон құрамы жасақтап шығарылды.
Алғашқы вагондар 2012 жылдың 01 маусымында — Алматы-Қызылжар (ара қашықтық – 1834 км, жол ұзақтығы – 19 сағат) бағытымен жүргізілді.
2013 жыл
Астана-Ақтөбе (ара қашықтық – 1411 км, жол ұзақтығы — 14 сағат),
Астана-Атырау (ара қашықтық – 1839 км, жол ұзақтығы – 19 сағат),
Алматы-Атырау (ара қашықтық – 2695 км, жол ұзақтығы – 27 сағат) бағыттарына аталмыш зауытта құрастырылған «Тальго» вагондары қойылды.
2014 жыл
Алматы-Ақтөбе (ара қашықтық – 2258 км, жол ұзақтығы – 23 сағат) пен
Астана-Қызылорда (ара қашықтық – 1931 км, жол ұзақтығы – 22 сағат) темір жол бағыттарына вагондар қою жоспарланған.
☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛☛
КАМАЗ АВТОКӨЛІКТЕРІ
2003 жылы «КАМАЗ» ААҚ (Ресей) және жеті қазақстандық ұйымдар арасында «Қазақстан-КАМАЗ» консорциумын құру жайлы келісім шартқа қол қойылды.
Консорциумның негізгі қызметі – Қазақстанда шағын және ірі автобустар мен КАМАЗ шассиына автокөлік техникаларын өндіруді ұйымдастыру боп бекітілді.
Осыған орай, 2005 жылдың 31 мамырында, «КАМАЗ» ААҚ мен «Казахстан Инжиниринг» ҰК» АҚ арасында, Көкшетау қаласынан ресейлік-қазақстандық бірлескен мекеме «КАМАЗ-Инжиниринг» ЖШС құрылды.
Осы жоба аясында, автокөліктердің (автобустар, жүкті өзі түсіргіштер) құрастырушы бөліктерін өндіруді ұйымдастыра отырып, кейіннен түгелдей автомобиль шығаруды Қазақстан жеріне локализациялау мақсаты көзделген.
2005 жылдың 05 тамызында ең алғашқы жүкті өзі түсіргіш және автобус жасап шығарылды, ал 10 тамызда бастап, олар қолданысқа берілді.
Қазақстандағы бірінші сериялық КАМАЗ жүкті өзі түсіргіші мен автобусы:
Қазіргі таңда, Ресейлік «КАМАЗ» ААҚ на қарасты, Қазақстанда КАМАЗ автомобильдерін сататын 18 дилерлік компания (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Өскемен) мен 26 қосалқы бөлшектермен айналысатын дилерлік компания және авторластырылған 19 сервис орталығы бар.
2005-2013 жж. аралығында аталған компания арқылы елімізге 20 000 ға жуық КАМАЗ автокөлігі сатып алынған.
2013 жылдың қорытындысы бойынша «КАМАЗ-Инжиниринг» ЖШС — 7000 автокөлік құрастырып шыққан.
✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈✈
жалғасы бар...
Ең болмаса, бір жазбаның шеңберінде сызықпен бөлудің біреуін қолдану стильдірек көрінетін сияқты, меніңше. "Ұшақтар" туралы жазба жазғанда, "ұшақшаларыңмен" бөлсең де, жынды кетер еді.
Осынау патриоттық һәм салмақты ақпаратты оқушының анкетасындай асыра сәндей беру автордың html кодтау фокустарына тоймаған бала екенін білдіріп, тым жақсы жазбаға опасыздық қылып тұрған сияқты.