Шөп салмаймын (Адал еркектің әні)

Блог - MERmukhanov: Шөп салмаймын (Адал еркектің әні)
1. Жаным менің, тек өзіңе осы әнім шын,
Он бес жылдай құдай қосқан қосағымсың.
«Берген өмір — сынақ» деген рас екен ғой,
Өлімді де өзің бірге тосарымсың.
Адалмын мен, сенбейтұғын жайың да жоқ,
Бәрібір де менен басқа байың да жоқ.
Көз дегенің бітеу, әрі сыймайды ғой,
Сондықтан да шөп салу да ойымда жоқ.

Қайырмасы:
Шөп салмаймын, көзіңе мен шөп салмаймын,
Өзге етекке шабуылға оқталмаймын.
Оқталсам мен, әрине еш тоқталмаймын,
Бірақ қорықпа, айттым ғой мен, оқталмаймын.
Шөп салмаймын, көзіңе мен шөп салмаймын,
Өзге етекке шабуылға оқталмаймын.
Оқталсам мен, әрине еш тоқталмаймын,
Шөп салмаймын, шөп салмаймын, шөп салмаймын.

2. Есіңде ме, өткеннен ой тізбелейін:
Бір болсақ деп армандаушы ек жүзге дейін.
Айтшы, бірақ, неге сенің таразыңның
Тілі жүзге жетіп қойды бізге дейін?
Қарар жанмын өмірімнің шамасына,
Екі-ақ рет шөп салғанмын арасына.
Бірінші рет: бала күнде мал жайлағам,
Салғам сонда қой-сиырдың науасына.

Қайырмасы:
Шөп салмаймын, көзіңе мен шөп салмаймын,
Өзге етекке шабуылға оқталмаймын.
Оқталсам мен, әрине еш тоқталмаймын,
Бірақ қорықпа, айттым ғой мен, оқталмаймын.
Шөп салмаймын, көзіңе мен шөп салмаймын,
Өзге етекке шабуылға оқталмаймын.
Оқталсам мен, әрине еш тоқталмаймын,
Шөп салмаймын, шөп салмаймын, шөп салмаймын.

3. Иә, ол рас, қазір сирек дара түнім,
Сонда да сен — мәңгі бірге қалатыным.
Үйленгенде «Ащы-ащы!» деп айтқандар
Қайдан білген өмір ащы болатынын?
Саршұнағың адал саған, атжалманым,
Тағы бір рет әйел емес, от — шалғаным.
Шудағы бір служагымның үйіндегі
Орамаға екінші рет шөп салғаным.

Қайырмасы:
Шөп салмаймын, көзіңе мен шөп салмаймын,
Өзге етекке шабуылға оқталмаймын.
Оқталсам мен, әрине еш тоқталмаймын,
Бірақ қорықпа, айттым ғой мен, оқталмаймын.
Ескере бер желілер мен почтам барын,
Тексере бер смс пен соткам бәрін.
Мен де, жаным, қалаймын ғой отбасымда
Түзу ұшар түтіні бар от жанғанын,
Арамызда аракідік от жанғанын,
Бықсып кеткен шала қайта шоқтанғанын.
Солай, жаным, тәмам әнім, шок болмағын;
Шөп салмаймын, салғам емес, шөп салмадым.
Бөлісу:

2 пікір

satibaldi
Өз дүниетанымы қалыптаспаған жеткіншектің санасы мына өлең арқылы тәңіршілдікпен улануы мүмкін.
MERmukhanov
 
«ищи, ищи, ищейка, подковырные...» ©
Соңғы түзету: