Ескендір Литвиновски. "Қастандық теориясы"
Хард-әдебиетімізде өзінің өлімі туралы бірінші жақтан жаза беретін хайуандар бар. Оларды қисын тікпейд. Ал: «Адам өліп қалғаннан кейін өзі туралы қалай жазад?» дейтін оқырмандар — олардың жаназығы деуге де болады. Олай деген оқырмандардың фотоларын әлеуметтік желілерден көшіріп алып, принтерден басып шығарып, бетіне бітіру — өзінің тұзы таусылған сәтін суреттеушілердің әлде хоббиі, бәлкім ауруы. Солардың бірі — Ескендір. Спам жәшігін тазартып жатқанда табылған, осыдан екі жыл бұрын жіберілген мынабір қуындысын жариялауды жүн көріп отырмыз. Шешесстің.
Ескендір Литвиновски. "Қастандық теориясы"
...Қаззақтармен ғылыми тәжірибе алмасуға келген менің армандарым сол күні-ақ опат болған. Жергілікті біреуді «лазерді ашқан» деп таныстырған сәтте бас-көз демей: «Кет-ей шешесс, лазерді баяғыда, 1960 жылы ашқан жоқ па?» деп қалыппын. Қаззақтың ғылыми бомонды сол жерде тырысты да қалды. Беделі мен қарнының мысы басып, адамша сөйлеуден қалған бір мігіт ағасын «сутегіні дейтерий мен тритийге ыдыратқан» деді. «Оу білә, оның технологиясы 30 жылдан бері белгілі емес пе?» деуім мұң екен, әлгі месқарын ғалым-бұтақбас ақырсын:
— Біткен іске сын көп! Өздеріңнің не жетістіктерің бар? Ал айтшы, көрсетші кәні?
Осылай деген месқарын фуршет кезінде қасымнан жанай өтті де, қалтама бір тілім қағаз сүңгітіп жіберді. Қарасам, "Қаззақта ғылым бар! Есет батыр N үй, X пәтер, Әнуардың үсті, ертең сағат жиырмада. " деп тұр екен.
… Үйді оңай тапқаныммен, кіруім қиын болды: аулаға баруым мұң екен, алдымен «Опель Вектра» басып кете жаздады; одан кейін «Жедел жәрдем» езіп кете жаздады да, одан кейін тағы «Опель Вектра» басып кете жаздады.
Месқарын кіреберістен күтіп алып, пәтеріне кіргізді. Стол жасап қойыпты. Алдымен өзіне, сосын маған құйды.
Ал мен бұл кезде қабырғада ылғи 9X15, 3X4 фотолар жапсырылған үлкен плакатқа қарап тұрған болатынмын. Месқарын қасыма келіп, сөйлеп кетті:
— Мынау мысалы, — деді ол кекселеу келген қатынды сұқ саусағымен нұсқап, — Қадиша МакМастер, сутегі емес, су двигателін жасады! Теорияда емес, практикада! Електің құсық суынан екі шелек құйып аласың да, жүре бересің!
— Қойнақ,-дедім мен сеніңкіремей, — бұл деген сенсация ғой…
— Әні, әні! — деді месқарын, — әні! Сынақтан кейін ОПЕК-тің агенттері көзін құртты…
— А? ОПЕК?
— Енді өзің ойлашы, ондай двигатель шыққасын квинтиллион доллар айналып жүрген мұнай саласы не болмақ? Киллерді Shell, Total, BP, Шеврон, Ембімұнайгаз және «Хезболлах» бірігіп жалдаған деп естідім…
— Ал мынау болса, — деді месқарын мұрты енді тебіндеген жігіт інісінің 3X4 фотосын нұсқап, — Кирк Уәли, кәдімгі көшедегі лас топырақтан 119-шы элемент — "қобыландийді" ашты. Аггрегатына көшеден әкелген топырақты салып жіберсең — астынан күмістей металл аға жөнелед!
— Қой білә, тігесің ағасы — дедім мен саңқ етіп, — ондай ғылыми жетістік жерде жатпас еді ғой!
— Сол жерде жата бергені жақсы еді, — деді месқарын, — жерде жатпады ғой! Қобыландий құстың қауырсынынан жеңіл, бірақ хромнан да берік болып шықты ғой! Жап-жас балаға дейін аямады ғой бұл тажалдар! Ұмытпасам, киллерді Рио Тинто, Гленкор, Арселор мен Ақтөбе Ферроқорытпа Зауыты бірігіп жалдаған деп естідім.
— Қойыңызшы…
— Ешкіңізші, қойыңызшы емес! Бөлме менің сөзімді! Ал мына қатын, — деді месқарын күлімсіреген келбетінен шуақ есіп тұрған фотоны көрсетіп, — … бұ қатын… Эхх Айсәулешім менің… Айсәуле Дирак бұ қатын.
-Айта беріңіз…
— Әлемдегі ешкім танымайтын құпия бес биотехнологтың бірі еді менің Айсәулешім. Жыртты ғой, жыртты ғылымды! Очм, Айсәулешім — кәдімгі қара құмырсқаны қырық үш күнде сиырға, қойға, тауыққа айналдыратын әдіс тапты! Аштық мәңгіге жойылды, яғни мен жойдым деп аңқылдап жүретін, құдай-ай… Киллерді Америка Фермелер Қауымдастығы, аргентиндік мафия мен «Тоқмансай» ЖШС бірігіп жалдаған деп естідім…
— Шешесс…
— Әкесс, шешесс емес. Айтып-айтпай не керек: мынаның көзін құртқан — Puma, Adidas және АХБК; мына ағамның түбіне жеткен — IBM, Intel, «1С: Программист» ЖШС; мына інімді жәһаннамдық қылған — Coca Cola, Sweppes, «Көктас ЖШС»… Құрысын бұл шырмалған әлем!
— Шынымен, Ақтөбеге жетіп келе қоятын киллерлер екен… Мен де қорқайын дедім ағасы…
— Сен неменеге қорқасың? Бәлендей жаңалығың бар ма еді?
— Полиэтиленнен ток өткізу әдісін таптым ғой мен! Кедергісі алюминийден де аз!
— Мәссаған! Экономэффект қандай?
— Есептеп көрдім, дөрекі есептегеннің өзінде 1:19 000 000 000 000! Өзіңіз қараңыз: электр бағандары енді керек емес; электронды платалар 90 000 есеге жеңілдейді; мыс/алюминий металлургиясы тасыма да қажет емес…
— Тұра тұршы, мен тағы бір шиша әкелейін...- деп шығып кеткен месқарын дереу «Смит&Вессонмен» оралды да, нақ екі көзімнің ортасынан бір атты. Бәлкім екі рет атқан да шығар, бірақ біріншісінен-ақ Аидке аттанып кеткесін, еске түсіруге онша құлқым болмай отыр…

«Ал кливлендтік, бостондық қаржы топтар тред-юниондарға бірігіп, Юнайтед Фрутс арқылы бүкіл Латын Америкасының жеміс-жидегіне монополия орнатып, үкіметтері мен халқын бопсалап отырғаны қашан. Ендеше, езілген Оңтүстік Америка елдерінде әзірге тасағымның да төңкерісі болмайд, ұсқынсыз қатынымның денсаулығымен ант етейін» © В.И. Ленин, "Іріп-шіріп бара жатқан капитализм"

5 пікір