Қарапайым сусын - ашыған

Біздің жақта ашыған(ашытпа) деп аталатын сусын бар, құрамы қарапайым, дайындалуы жеңіл, денсаулыққа пайдалы, қарапайым өлі суды ауыстыра алатын, шөліңді қандыратын әрі тек қазаққа тән, көнеден келе жатқан сусын.

Құрамы;
1. Қажетіңізге қарай күріш, арпа, бидай, т, б
2. Су
3. Айран, қатық
4. Тұз

Ашыған үй жағдайынд оңай дайындалатын сусын екенін жоғарыда айта кеттім, енді дайындалу жолына тоқтала кетсек. Алдымен қажетті дақылды таңдаймыз, менің таңдауым ақ бидайға түсті.
Блог - Ispek92: Қарапайым сусын - ашыған

Өзімізге қажетті мөлшердегі суды тұз қосып қайнатып аламыз, кейіннен ақ бидайды салып тағы бір қайнатып аламыз, қайнаған соң судың түрі дақылға байланысты өзгеріп кетеді.
Блог - Ispek92: Қарапайым сусын - ашыған

Ендігі мақсат осы өнімді ашыту, ашыту үшін кемінде 1-2 күн қажет болады. Салқын емес жерлерде, күн сәулесі түсетін жерлерде сақтауға кеңес берер едім, ал бұрынғы заманда ашытқы қосып ашықтан деген болжамдар бар.
Блог - Ispek92: Қарапайым сусын - ашыған

Ашыту процесі біткеннен соң қалауыңыз бойынша ағарған(айран, қатық) қосуыңызға болады, айранның мөлшері көп емес, шамамен 100-200 грамм шамасында болса жеткілікті.
Блог - Ispek92: Қарапайым сусын - ашыған

Енді дайын сусынды құйып алу ғана қалды, арнайы құтыға құйып алып, тоңазытқышта сақтап қоямыз. Негізінен басқа сусындар секілді бұны да салқындатып ішкен дұрыс.
Блог - Ispek92: Қарапайым сусын - ашыған

Соңында бізге қазақтың кәдімгі қара көжесі болып ақ бидайдың көжесі қалады, манағы айраныңызды араластырып бидайдың көжесін жеп алсаңыз тоқ жүресіз, ас болсын!
Блог - Ispek92: Қарапайым сусын - ашыған
Блог - Ispek92: Қарапайым сусын - ашыған

.
Бөлісу:

11 пікір

zholantai
екеуміз екі шетте отырып алып, әуреленіппіз ғо, қазан жағалап)))
rakisheva
Ааа! Аппетитті ашып жібердің  Бұұұрын бір кезде Шымкентке барғанмын 2 аптаға, сонда жеңшем осындай пісіріп қояды екен. Оны 1,5 жасар сіңілім 2 апта бойы əлі анық сөйлей алмаса да «Жү көжшеміз» деп асханаға тартқылайтын. Сөйтіп осы көжені екі апта ішкенім бар. Кейін мен кетіп қалғаннан кейін де, жеңшем көже кұйып жатса сіңілім біраз уақытқа дейін компьютер тұратын бөлмеге мен көбіне сонда отыратынмын ғо мені шақырайын деп жүгіріп жүрді дейді ғой
AKY
Мұны бізде «көже» дейді. Әжемнің үйінде ылғи бір бидон сап-салқын көже тұратын. Шөлді күшті басушы еді, жарықтық.
Gastarbaiter
Ашығанды Сексеуілде шұбаттан жасайтын әжемдер.

Ал мынаны көженің суы немесе «көженсу» дей саламыз.

Бір рет пойызбен бір станция өтіп кетіп, оның үстіне ақшасын ұрлатқан, Жаңақорғаннан жаяу жүруге мәжбүр болған әкем, Шиелінің маңындағы постқа келгенде осындай ашытпа сатқан әйел алдынан атып шығыпты. «Ашытпа ішесіз бе?» депті.
— Ішем,
— Мінекейіңіз!

Әкем сіміріп салыпты да, қасындағы балдызына да бір кесе ішкізіпті, сосын ағама ішкізіпті.
Сөйтіп, кетіп бара жатса, анау әйел: «Ақшасы қайда?» депті.

Әкем өтірік аңқау боп:
«Ойбуй, ақшасына екенін бірден айтпадыңыз ба, ішпейтін едік ғой» депті.
sammita
жақсы жазыпсың. Ашымал көже дейді ия.
Ispek92
Әр жақта әрқалай негізі, біздің Қызылорда жақта ашыған деп атайды. Бұл жерде ең бастысы көженің суы, шөлді басар сусыны, көжесі көп жағдайда 2-ші планға кетіп қалады
sammita
біздің жақта бұндай жоқ. Шымкентте базардан ішкем, арпа-жүгері қосылғанды, тамаша. Аңқыма деген де сусын бар, кім біледі?
zholantai
Аңқыма деген сусынның бар екенін сізден біліп отырм, атауы ұнады,
AknietTanirbergenkyzy
Иә, тамаша сусын! Уйге Қызылордаға келгенімде, арасында жасап тұрамын!!! Айтпақшы, көбіне «ашытпа» деп атайды!!!))
araika
Ағарғанның ортасында өскеніммен, ешбір түрін ішпейтінмін. Бірақ осы ашытпа ұнаған-тын.