АЛКОГОЛЬДІ СУСЫНДАР жайлы...
Гуглдың іздеу жолағына «алкогольді сусындар» деп терген ізденімпаз жандарға арналған — елаузында жүрген бірқатар танымал алкогольді сусындардың қыр-сыры жазылған блогымды ұсынамын...
Шығу тарихы:
Ең алғаш абсент сусыны Швейцарияда XVIII ғасырдың аяғында барлық ауруға ем болатын панацея ретінде жасап шығарылған. Кейіннен оның танымалдылығы артып, күллі Европа тұтынатын сусынға айналды.
Абсент пайдалы:
Негізі, абсенттің зияны мен қаупінен гөрі пайдасы мол.
Оның құрамындағы түрлі өсімдіктердің қоспалары мен сығындылары нешебір дертке дауа болатын емдік қасиетке ие.
• Жусан мен оның тұнбасы: сары ауру, ревматизм, қан аздық секілді және әйелдердің жыныстық ауруларына шипа екендігі бұрыннан мәлім.
• Бронхитпен ауырғанда 100 мл сүтке бір шәй қасық бал мен 30 г абсент қосып ішсе жақсы көмектеседі. Ол үшін аталған ингредиенттерді жақсылап араластырып, астан соң бір-бір қасықпен ішіп отыру керек. Бұл қоспаның тамақты жібітетін және бронханың жоғарғы жақ қақырығын түсіретін әсері бар.
• Буын сырқырағанда 100 мл жылы суға 50 г абсент пен ерітілген қойдың майынан бір шәй қасығын қосып компресс жасаса болады. Пайда болған сұйықтыққа дәкені шылап, сырқыраған буынға қойып тұрып сыртын полиэтиленмен (пакет) және матамен орап 30 минуттай қалдыру керек. Сондай-ақ, мұндай компрессті жарылған табанға да қолдануға болады;
• Абсенттің құрамы өткір, күшті ингридиенттерден тұратындықтан оны антиоксидант ретінде де пайдалануға болады: дененің қанаған не көгерген жеріне немесе жара мен іріңнің бетіне залалсыздандырғыш ретінде қолдануға болатын таптырмас құрал;
• Дене қызуы көтерілгенде және тұмаудың алғашқы белгілері біліне бастағанда жылытылған 30 г абсентті ішіп жіберуге болады.
Абсент зиян:
• Абсент — алкогольдіктен бөлек наркотикалық тәуелділікке тартатын әлемдегі ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі;
• Абсент — алғашқы стақанын қабылдағаннан кейін-ақ адамды бірден масаң күйге ұшырата алады.
• Абсенттің құрамындағы «туйон» – кей адамдарда қояншық ұстамасын тудырып, денені құрыстырып, тырыстырып, елестетушілік (галлюцинации) сияқты күйге ендіріп жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Абсентті қабылдағаннан кейінгі «айығу» кезінде де ұйқысыздық, бас айналу, лоқсу, тітіркену, тоқырак мен және психоздың симптомы байқалуы мүмкін.
Жоғарыда аталған симптомдардың кез-келгені байқалған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.
Шығу тарихы:
Арақ, қай жерде екендігі нақты белгісіз, осыдан 300 жыл бұрын шығарылған. Көптеген Шығыс елдері оны өзінің ұлттық сусыны деп таниды.
Арақтың дүниеге келуінің алғышарты – «жүзімді» қалдықсыз тұтыну боп табылады. Бастапқы кезде арақты тек жүзімнің жомына қантты қосып, түрлі иістендіргіш заттармен қайнатып жасайтын болған.
Ал, қазір, өңірлік ерекшеліктерге байланысты арақты — күріштен, інжірден, құрмадан, сірнеден, алша және басқа да жемістерден жасай береді.
Жақсы бапталған арақтың түсі алтын сары түске ие.
Әдетте арақты қолданар алдында оны азғантай көлемдегі сумен араластырып ішеді. Нәтижесінде арақтың түсі ақшыл сүтті түске өзгереді. Өткірлік қасиеті мен түсіне қарай Ливида арақты «арыстан суы» деп атайды.
Шри-Ланка мен Үндістан, Бангладеш елдерінде арақ ұлттық сусын болып табылады. Алайда, бұл елдерде оны кокос шырыны мен пальма шәрбатынан жасайды. Шри-Ланка — әлемдегі ең көп көлемде «кокос арағын» өндіруші ел.
Моңғол мен түрк елдері арақты — ашытылған бие немесе сиырдың сүтінен жасайды. Сірә, дәл осы арақ әлемдегі күштілігі төмен ең әйгілі сусын болса керек. Арақты көбіне астың алдында аперитив (тәбет ашар) және астан кейінгі дижестив (ас қорытқыш) ретінде кішкене кофе қосып тұтынылады.
Арақ пайдалы:
• Арақтың адам ағзасына пайдалылығы оны жасауда пайдалынылған шикізатқа байланысты келеді. Орталық Азияда әніс пен оның тұнбасынан жасалатын арақты шәйға қосып тұтынғанда жоғарғы тыныс жолдарына, асқазан ауырғанда және бұзылғанда жақсы көмектеседі. Шығыс елдерінің бірқатары, арақты — еркектің бойына күш бітіретін «сиқырлы» сусын деп біледі.
• Қымыздан жасалған арақтың да пайдасы өте көп. Ашыту кезінде оның құрамында түрлі пайдалы дәрумендер, мысалы: антибиотикалық заттар, мен аминқышқылы және ДНҚ мен РНҚ түзуші триптофан, лизин, метионин түзіледі. Өт қабы жұмысы бұзылған, гипертония, атеросклерозбен ауырған бар адамдарға жақсы көмектесе алады.
• Жүйкесі тозып шаршаған адамдарға 30 г арақ жақсы дәрі. Тұмау, бронхиттің алдында иммунитетті жоғарылататын дәрі ретінде де қолданылады. Ол үшін 30 г араққа жылы су қосып ішіледі немесе ингаляции жасалады.
• Кокос арағының да шипалық қасиеті көп. Аз мөлшерде қолдангылған кокос арағы адамның қан қысымын түсіруге, қантамырлардың созылмауына, ондағы майлардың азаюына, қан айналымның жақсаруына көмектеседі.
• Ас қорыту жүйесін жақсарту мақсатында арақты апта бойы күніне 3 рет ас қасықпен ішіліп отырса көмегі зор. Арақпен бетперде жасау да беттің жасаруына зор ықпалын тигізеді. Оны дайындау үшін 100 мл сүт пен 50 мл арақты араластырып, оны дәкемен малып ап бетке 20 минуттай бастырып қояды. Уақыты өтіп дәкені алып тастағаннан соң теріні құрғақ мақта тампонымен сүртіп, крем жағып қою керек. Бірнеше рет осылай қайталап жасалғанда терінің түсі, құрамы жақсарып табиғи, әдемі қалыпқа келмек.
Арақ зиян:
• Арақтың күштілігін жоғарылату үшін қолданылатын «метанол» элементінің 10 мл – адамды соқыр қылатын, ал оның 100 мл – өлім жағдайға дейін алып келетін зардабы бар.
• Асқазан-ішек жолдарының ауруы асқынған жағдайында, төзгісіз аурулар кезінде, жүктілік және бала емізу кезінде арақты қолдануға қатаң тыйым салынады.
Бренди атауымен нақты бір сусынды атау қиын, себебі бренди атауы оның дайындалу ерекшелігіне беріледі. Бір сөзбен брендиді «байытылған», «қоюландырылған» шарап деп атаса болады.
Оны тағайындауда жүзім шарабы қолданылады. Әлемге ең танымал жүзім брендиін Францияның Коньяк пен Арманьяк өңірлерінде өнідіріледі. Сондай-ақ Испанияның оңтүстігінде, Грекияда, Америкада, Арменияда, Әзірбайжанда, Молдавияда, Болгарияда өндіріледі. Әр елде брендидің өзіне лайық өзгеше атауы бар.
Сосын брендидің түрлі жеміс-жидектерден: алма, алмұрт, алша, шие, шабдалы, таңқурайдан жасалатын түрлері бар.
Оның сапасын анықтау үшін айрықша классификация қолданылады: С – коньяк, V – өте, S – өте керемет, Х – жоғары, О – ескі, F – керемет, Р – ашық (түс), Е – айрықша.
БРЕНДИ ПАЙДАЛЫ:Брендидің пайдасын атап айтқанға келмес, дегенмен оның ондай қасиеті бар.
• Брендидің басқа алкоголь сусындары секілді сергіткіш қасиеті — стрессті алуға, ауыр жұмыс күнінен кейінгі жүйкені тыныштандырғыш болып табылады. Аперитивтік, дижестивтік те қызмет атқара алады.
• Әдетте, брендиді қыс мезгілінде қолдану ұсынылады. Себебі оның құрамындағытанин – суықта тоңып қалу мен терінің жылуды сақтап тұратын С дәруменінің күшін арттырады.
• Алмадан жасалған бренди антиоксидант қызметін атқара алады.
• Құрамындағы кәріптас пен эллагия қышқылы иммунитетті жоғарылатып, тіннің түзілуі мен қандағы оттегін реттеп, қан қысымын қалыпқа келтіреді.
БРЕНДИ ЗИЯН:
• Әрине, логикаға сай, брендидің зияны, оны кез-келген алкогольді сусын секілді мөлшерден тыс қолданғанда білінеді.
• Қатаң тыйым: жүктілік және бала емізу кезінде, балаларға, жасөспірімдерге, бауыры, бүйрегі ауыратын адамдарға салынады.
• Ұзақ мерзімді және шамадан тыс қолдану түрлі аурулар мен емі жоқ дертке душар етуі мүмкін.
Пайда болған орнын дәл айту, міне көптеген жылдан бері мүмкін емес болып отыр. Әзірге, «Вискидің негізін салушы – Біз» дейтін екі елдің аты анық, олар: Ирландия мен Ұлыбританияның бір бөлігі – Шотландия еді. XVII ғасырда виски халықаралық көлемде кең өндіріске қойылған өнім түрі еді. Нанның қоры бар кез-келген елдімекен виски өнідірсімен айналысқандығы, сол үшін де қымбат салық салынып отырылғандығы белгілі. Алайда бұл жағдай вискидің сапасын одан әрі арттыра түсті. Бас-аяғы вискидің 500 жылдық таризы бар деуге негіз бар.
Әлемде виски өндіретін компаниялар өте көп, ал ең танымалдылары: Jameson, Connemara, Black Velvet, Crown Royal, Auchentoshan, Black & White, Hankey Bannister, Johnnie Walker, Scottish Prince және т.б.
Вискидің пайдасы:
• Күнделікті вискиді қолдану инфаркттің алдын алады. Шотладықтар өз тағамының барлық түріне осы вискиді қосып тұтынатын көрінеді.
• Косметология саласында лосьондар мен бетперде жасауда кеңінен қолданылады.
• Өт айдағыштық, сергіткіштік қасиеттертерге ие.
• Қан қысымын түсіру үшін грек жаңғағы мен вискиді қосып пайдаоану ұсынылады. Ол үшін 100 г уытылған жаңғаққа 500 мл виски құйып, қараңғы ыдыста күн астына 2 аптаға қалдырылады. Күн сайын оны жақсылап шайқап отырады да дайын тұнбаны ас қасықпен күніне 3 реттен тамақтан соң ішіп отырады.
• Дәл осы тұнба бронхаға қарсы шәйге бал қосып қолданса пайдасы бар.
ВИСКИ ЗИЯН:
• Шамадан тыс қолдану ағзаның интоксикацияға ұшырауына, ал ұзақ уақыт жүйелі түрде пайдалану алкоголизмге душар етуі мүмкін.
• Психикалық ауытқушылыға бар, жүктілік және бала емізу кезінде, балаларға қолдануға тыйым салынады.
Ғаламат танымалдылыққа Лондонның базарларында төменгі сападағы бидай өнімі саудаға қойылған кезден бастап ие бола бастаған. Сол кездегі үкімет тарапынан ешқандай салық пен тыйымның болмауы, джин өндірісінің XVIII ғасырда қарыштап дамуына алып келді. Соның арқасында қалаларда мыңдаған джин сататын дүкендер ашыла бастаған. Джин өнідірісі сыра өндірісінен 6 есеге дейін озып кеткен.
Басты компоненті болып табылатын – бидай спирті, тұндырма жемістермен қосылып жасалғанда қайталанбас құрғақ дәм береді. Бекітілген халықаралық сусынның көлемі 37 ден кем түспеуі тиіс. Ақылшындық джиннің үш түрі бар: London Dry Gin, Plymouth Gin және Yellow Gin.
Джин пайдалы:
• Пайдасы мен профилактикалық қасиеттері оны аздаған мөлшерде қолданған кезінде білінеді.
• Джин әу баста өт айдағыш дәрі ретінде жасалынған болатын. Оны дәріханаларда аздаған мөлшерде сататын болған.
• Классикалық коктейль «тоникті джин» Үндістанда пайда болған және безгекке қарсы дәрі ретінде кең қолдаста болған.
• Егер 2 ас қасық джинға пияз шырын мен бал қосып пайдаланса бронхаға қарсы әр 3 сағат сайын қолдануға болатын емдік қасиеті бар.
Джин зиян:
• Шамадан тыс қолдану жүрек қантамырлары жүйесінің ауырлауына ықпал етеді.
• Аллергиялық реакция беруі мүмкін.
• Бүйрек ауруы бар және гипертониктерге қолдануға болмайды.
• Сапасы төмен немесе қолдан жасалған джин денсаулыққа орасан зор қауіп әкелуі мүмкін. Сондықтан джиннің атақты брендтерден алған жөн.
• Джин дәмінің тәтті болуы оның сапасы нашар екендігінің белгісі.
Егер жазбамды қызық деп тапсаңыз жалғасы бар...
(Келесі блогымда оқитындарыңыз: Сыра, шарап, коньяк, мартини, ром, сакэ, шампан және т.б.)
АБСЕНТ
(фр. absinthe – жусан) – жусаннан және басқа да шөптерден жасалатын өткір, күшті (көлемі 70тен 86ға дейін) алкогольді сусын. Абсенттің ең басты компоненті, наркотикалық зат: туйон – жусаннан өндіріледі. Түсі: жасыл, сары, көк, қызыл, қара не қоңыр, тіпті түссіз де боп келуі мүмкін.Шығу тарихы:
Ең алғаш абсент сусыны Швейцарияда XVIII ғасырдың аяғында барлық ауруға ем болатын панацея ретінде жасап шығарылған. Кейіннен оның танымалдылығы артып, күллі Европа тұтынатын сусынға айналды.
Абсент пайдалы:
Негізі, абсенттің зияны мен қаупінен гөрі пайдасы мол.
Оның құрамындағы түрлі өсімдіктердің қоспалары мен сығындылары нешебір дертке дауа болатын емдік қасиетке ие.
• Жусан мен оның тұнбасы: сары ауру, ревматизм, қан аздық секілді және әйелдердің жыныстық ауруларына шипа екендігі бұрыннан мәлім.
• Бронхитпен ауырғанда 100 мл сүтке бір шәй қасық бал мен 30 г абсент қосып ішсе жақсы көмектеседі. Ол үшін аталған ингредиенттерді жақсылап араластырып, астан соң бір-бір қасықпен ішіп отыру керек. Бұл қоспаның тамақты жібітетін және бронханың жоғарғы жақ қақырығын түсіретін әсері бар.
• Буын сырқырағанда 100 мл жылы суға 50 г абсент пен ерітілген қойдың майынан бір шәй қасығын қосып компресс жасаса болады. Пайда болған сұйықтыққа дәкені шылап, сырқыраған буынға қойып тұрып сыртын полиэтиленмен (пакет) және матамен орап 30 минуттай қалдыру керек. Сондай-ақ, мұндай компрессті жарылған табанға да қолдануға болады;
• Абсенттің құрамы өткір, күшті ингридиенттерден тұратындықтан оны антиоксидант ретінде де пайдалануға болады: дененің қанаған не көгерген жеріне немесе жара мен іріңнің бетіне залалсыздандырғыш ретінде қолдануға болатын таптырмас құрал;
• Дене қызуы көтерілгенде және тұмаудың алғашқы белгілері біліне бастағанда жылытылған 30 г абсентті ішіп жіберуге болады.
Абсент зиян:
• Абсент — алкогольдіктен бөлек наркотикалық тәуелділікке тартатын әлемдегі ең қауіпті алкогольді сусындардың бірі;
• Абсент — алғашқы стақанын қабылдағаннан кейін-ақ адамды бірден масаң күйге ұшырата алады.
• Абсенттің құрамындағы «туйон» – кей адамдарда қояншық ұстамасын тудырып, денені құрыстырып, тырыстырып, елестетушілік (галлюцинации) сияқты күйге ендіріп жүйке жүйесінің жұмысын бұзады. Абсентті қабылдағаннан кейінгі «айығу» кезінде де ұйқысыздық, бас айналу, лоқсу, тітіркену, тоқырак мен және психоздың симптомы байқалуы мүмкін.
Жоғарыда аталған симптомдардың кез-келгені байқалған жағдайда бірден дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.
АРАҚ
(ағыл. аrak или araq, араб. عرق [ʕaraq], азерб. araq, арм. Արաղ [ɑɾɑʁ], груз. არაყი [araqi], моңғ. архи, қырғ. арак) – көлемі 30 бен 60тың арасындағы Шығыс, Орталық Азия, Европа, Үндістан мен Шри-Ланка, Ява аралдарында кеңінен танымал алкогольді сусын.Шығу тарихы:
Арақ, қай жерде екендігі нақты белгісіз, осыдан 300 жыл бұрын шығарылған. Көптеген Шығыс елдері оны өзінің ұлттық сусыны деп таниды.
Арақтың дүниеге келуінің алғышарты – «жүзімді» қалдықсыз тұтыну боп табылады. Бастапқы кезде арақты тек жүзімнің жомына қантты қосып, түрлі иістендіргіш заттармен қайнатып жасайтын болған.
Ал, қазір, өңірлік ерекшеліктерге байланысты арақты — күріштен, інжірден, құрмадан, сірнеден, алша және басқа да жемістерден жасай береді.
Жақсы бапталған арақтың түсі алтын сары түске ие.
Әдетте арақты қолданар алдында оны азғантай көлемдегі сумен араластырып ішеді. Нәтижесінде арақтың түсі ақшыл сүтті түске өзгереді. Өткірлік қасиеті мен түсіне қарай Ливида арақты «арыстан суы» деп атайды.
Шри-Ланка мен Үндістан, Бангладеш елдерінде арақ ұлттық сусын болып табылады. Алайда, бұл елдерде оны кокос шырыны мен пальма шәрбатынан жасайды. Шри-Ланка — әлемдегі ең көп көлемде «кокос арағын» өндіруші ел.
Моңғол мен түрк елдері арақты — ашытылған бие немесе сиырдың сүтінен жасайды. Сірә, дәл осы арақ әлемдегі күштілігі төмен ең әйгілі сусын болса керек. Арақты көбіне астың алдында аперитив (тәбет ашар) және астан кейінгі дижестив (ас қорытқыш) ретінде кішкене кофе қосып тұтынылады.
Арақ пайдалы:
• Арақтың адам ағзасына пайдалылығы оны жасауда пайдалынылған шикізатқа байланысты келеді. Орталық Азияда әніс пен оның тұнбасынан жасалатын арақты шәйға қосып тұтынғанда жоғарғы тыныс жолдарына, асқазан ауырғанда және бұзылғанда жақсы көмектеседі. Шығыс елдерінің бірқатары, арақты — еркектің бойына күш бітіретін «сиқырлы» сусын деп біледі.
• Қымыздан жасалған арақтың да пайдасы өте көп. Ашыту кезінде оның құрамында түрлі пайдалы дәрумендер, мысалы: антибиотикалық заттар, мен аминқышқылы және ДНҚ мен РНҚ түзуші триптофан, лизин, метионин түзіледі. Өт қабы жұмысы бұзылған, гипертония, атеросклерозбен ауырған бар адамдарға жақсы көмектесе алады.
• Жүйкесі тозып шаршаған адамдарға 30 г арақ жақсы дәрі. Тұмау, бронхиттің алдында иммунитетті жоғарылататын дәрі ретінде де қолданылады. Ол үшін 30 г араққа жылы су қосып ішіледі немесе ингаляции жасалады.
• Кокос арағының да шипалық қасиеті көп. Аз мөлшерде қолдангылған кокос арағы адамның қан қысымын түсіруге, қантамырлардың созылмауына, ондағы майлардың азаюына, қан айналымның жақсаруына көмектеседі.
• Ас қорыту жүйесін жақсарту мақсатында арақты апта бойы күніне 3 рет ас қасықпен ішіліп отырса көмегі зор. Арақпен бетперде жасау да беттің жасаруына зор ықпалын тигізеді. Оны дайындау үшін 100 мл сүт пен 50 мл арақты араластырып, оны дәкемен малып ап бетке 20 минуттай бастырып қояды. Уақыты өтіп дәкені алып тастағаннан соң теріні құрғақ мақта тампонымен сүртіп, крем жағып қою керек. Бірнеше рет осылай қайталап жасалғанда терінің түсі, құрамы жақсарып табиғи, әдемі қалыпқа келмек.
Арақ зиян:
• Арақтың күштілігін жоғарылату үшін қолданылатын «метанол» элементінің 10 мл – адамды соқыр қылатын, ал оның 100 мл – өлім жағдайға дейін алып келетін зардабы бар.
• Асқазан-ішек жолдарының ауруы асқынған жағдайында, төзгісіз аурулар кезінде, жүктілік және бала емізу кезінде арақты қолдануға қатаң тыйым салынады.
БРЕНДИ
Пайда болу тарихы бұлыңғыр. Мәлім болғаны, шамамен XII ғасырда пайда болған. Танымалдылыққа -XIVғасырда голландиялық саудагерлердің шараптың ұзақ жолда құртылып кетпесі үшін оны дистилдеп тазартуының арқасында ие болған. Осы жерден оның тарихи атауы «brandvine» (голл. -күйдірілген шарап) пайда болған.Бренди атауымен нақты бір сусынды атау қиын, себебі бренди атауы оның дайындалу ерекшелігіне беріледі. Бір сөзбен брендиді «байытылған», «қоюландырылған» шарап деп атаса болады.
Оны тағайындауда жүзім шарабы қолданылады. Әлемге ең танымал жүзім брендиін Францияның Коньяк пен Арманьяк өңірлерінде өнідіріледі. Сондай-ақ Испанияның оңтүстігінде, Грекияда, Америкада, Арменияда, Әзірбайжанда, Молдавияда, Болгарияда өндіріледі. Әр елде брендидің өзіне лайық өзгеше атауы бар.
Сосын брендидің түрлі жеміс-жидектерден: алма, алмұрт, алша, шие, шабдалы, таңқурайдан жасалатын түрлері бар.
Оның сапасын анықтау үшін айрықша классификация қолданылады: С – коньяк, V – өте, S – өте керемет, Х – жоғары, О – ескі, F – керемет, Р – ашық (түс), Е – айрықша.
БРЕНДИ ПАЙДАЛЫ:Брендидің пайдасын атап айтқанға келмес, дегенмен оның ондай қасиеті бар.
• Брендидің басқа алкоголь сусындары секілді сергіткіш қасиеті — стрессті алуға, ауыр жұмыс күнінен кейінгі жүйкені тыныштандырғыш болып табылады. Аперитивтік, дижестивтік те қызмет атқара алады.
• Әдетте, брендиді қыс мезгілінде қолдану ұсынылады. Себебі оның құрамындағытанин – суықта тоңып қалу мен терінің жылуды сақтап тұратын С дәруменінің күшін арттырады.
• Алмадан жасалған бренди антиоксидант қызметін атқара алады.
• Құрамындағы кәріптас пен эллагия қышқылы иммунитетті жоғарылатып, тіннің түзілуі мен қандағы оттегін реттеп, қан қысымын қалыпқа келтіреді.
БРЕНДИ ЗИЯН:
• Әрине, логикаға сай, брендидің зияны, оны кез-келген алкогольді сусын секілді мөлшерден тыс қолданғанда білінеді.
• Қатаң тыйым: жүктілік және бала емізу кезінде, балаларға, жасөспірімдерге, бауыры, бүйрегі ауыратын адамдарға салынады.
• Ұзақ мерзімді және шамадан тыс қолдану түрлі аурулар мен емі жоқ дертке душар етуі мүмкін.
ВИСКИ
(кельт. uisge baugh – өмір суы) – өткір, күшті (көлемі 40 пен 60 қа дейін), бидай дәнін арпамен уыта қайнатып тағайындалатын алкогольді сусын.Пайда болған орнын дәл айту, міне көптеген жылдан бері мүмкін емес болып отыр. Әзірге, «Вискидің негізін салушы – Біз» дейтін екі елдің аты анық, олар: Ирландия мен Ұлыбританияның бір бөлігі – Шотландия еді. XVII ғасырда виски халықаралық көлемде кең өндіріске қойылған өнім түрі еді. Нанның қоры бар кез-келген елдімекен виски өнідірсімен айналысқандығы, сол үшін де қымбат салық салынып отырылғандығы белгілі. Алайда бұл жағдай вискидің сапасын одан әрі арттыра түсті. Бас-аяғы вискидің 500 жылдық таризы бар деуге негіз бар.
Әлемде виски өндіретін компаниялар өте көп, ал ең танымалдылары: Jameson, Connemara, Black Velvet, Crown Royal, Auchentoshan, Black & White, Hankey Bannister, Johnnie Walker, Scottish Prince және т.б.
Вискидің пайдасы:
• Күнделікті вискиді қолдану инфаркттің алдын алады. Шотладықтар өз тағамының барлық түріне осы вискиді қосып тұтынатын көрінеді.
• Косметология саласында лосьондар мен бетперде жасауда кеңінен қолданылады.
• Өт айдағыштық, сергіткіштік қасиеттертерге ие.
• Қан қысымын түсіру үшін грек жаңғағы мен вискиді қосып пайдаоану ұсынылады. Ол үшін 100 г уытылған жаңғаққа 500 мл виски құйып, қараңғы ыдыста күн астына 2 аптаға қалдырылады. Күн сайын оны жақсылап шайқап отырады да дайын тұнбаны ас қасықпен күніне 3 реттен тамақтан соң ішіп отырады.
• Дәл осы тұнба бронхаға қарсы шәйге бал қосып қолданса пайдасы бар.
ВИСКИ ЗИЯН:
• Шамадан тыс қолдану ағзаның интоксикацияға ұшырауына, ал ұзақ уақыт жүйелі түрде пайдалану алкоголизмге душар етуі мүмкін.
• Психикалық ауытқушылыға бар, жүктілік және бала емізу кезінде, балаларға қолдануға тыйым салынады.
ДЖИН
– Нидерланды елінен шыққан ағылшын алкогольді сусыны. Джин өндірісі XVII ғасырдың ортасында Нидерландыда бастау алып, «Атақты төңкеріс» кезінде ағылшын жеріне көшірілген.Ғаламат танымалдылыққа Лондонның базарларында төменгі сападағы бидай өнімі саудаға қойылған кезден бастап ие бола бастаған. Сол кездегі үкімет тарапынан ешқандай салық пен тыйымның болмауы, джин өндірісінің XVIII ғасырда қарыштап дамуына алып келді. Соның арқасында қалаларда мыңдаған джин сататын дүкендер ашыла бастаған. Джин өнідірісі сыра өндірісінен 6 есеге дейін озып кеткен.
Басты компоненті болып табылатын – бидай спирті, тұндырма жемістермен қосылып жасалғанда қайталанбас құрғақ дәм береді. Бекітілген халықаралық сусынның көлемі 37 ден кем түспеуі тиіс. Ақылшындық джиннің үш түрі бар: London Dry Gin, Plymouth Gin және Yellow Gin.
Джин пайдалы:
• Пайдасы мен профилактикалық қасиеттері оны аздаған мөлшерде қолданған кезінде білінеді.
• Джин әу баста өт айдағыш дәрі ретінде жасалынған болатын. Оны дәріханаларда аздаған мөлшерде сататын болған.
• Классикалық коктейль «тоникті джин» Үндістанда пайда болған және безгекке қарсы дәрі ретінде кең қолдаста болған.
• Егер 2 ас қасық джинға пияз шырын мен бал қосып пайдаланса бронхаға қарсы әр 3 сағат сайын қолдануға болатын емдік қасиеті бар.
Джин зиян:
• Шамадан тыс қолдану жүрек қантамырлары жүйесінің ауырлауына ықпал етеді.
• Аллергиялық реакция беруі мүмкін.
• Бүйрек ауруы бар және гипертониктерге қолдануға болмайды.
• Сапасы төмен немесе қолдан жасалған джин денсаулыққа орасан зор қауіп әкелуі мүмкін. Сондықтан джиннің атақты брендтерден алған жөн.
• Джин дәмінің тәтті болуы оның сапасы нашар екендігінің белгісі.
Егер жазбамды қызық деп тапсаңыз жалғасы бар...
(Келесі блогымда оқитындарыңыз: Сыра, шарап, коньяк, мартини, ром, сакэ, шампан және т.б.)
Өмірде де сондай, тиянақты, «well -organized» -сың ба?