Ақша туралы тіркестер

Жалпы өмірімізде өте маңызды орын алатын болғандықтан, «ақша» туралы түрлі сөз тіркестері, әсіресе, жастар арасында өте жиі айтылады. Көп айтылатыны сонша, тіпті оған өзіміз де мән бермей қаламыз. Кейбірі диалекті, кейбірі әдеби тілде, кейбірі подговор немесе жаргон болса да, сөзіміздің арасында қосарланып жүретіні шындық. Мен сондай сөз тіркестерін тізімдеп, мағыналарын ашып көрсетуге тырыстым. Ендеше кеттік:

Тиын-тебен – аздаған ақшаны айтады

Көк тиын жоқ – ақша қалмағанда айтылады

Бес тиын петак жоқ – ақша жоқ кезде айтылатын сөз (диалект)

Ақшаның артына (к*тіне) от жағып жіберу — тез жұмсап жіберу

Ақша итеру – ақша тасымалдау

Ақша теуіп жіберу – біреуге ақша аударып жіберу (түрме сөзі)

Ақша төгу — өте мол ақша беру, жіберу

Ақшаның құлы болу – дүниеқоңыздық

Құр босқа ақша шашу – ысырап жасау

Ақша тығу — пара беру

Ақшамен матау — пара беріп, үнін өшіру, ақша беріп, өз сөзін сөйлету

Тиын ілу — ақша беруге мәжбүрлеу (мектеп кезіндегі ер балалардың өзінен төменгі сынып ұлдарына жасайтын қысымы)

Екі қойым — бір сом – ештеңеге алаңсыз болу

Ақша айналдыру – бизнес жасау

Ақша істеу – қосымша жұмыс жасап, табыс табу

Ақылды ақша – білім-ғылым арқылы табылған табыс

Ақшаның астында қалу – көп ақша иемдену

Ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда (мәтел) – шалқып өмір сүр

Егер сіздің де қолданысыңызда осындай тіркес болса, жалғастыра отырыңыз...
Бөлісу:

1 пікір