АҚША тарихы...
Ақша дегеніміз (экономика ғылымының тілімен айтқанда) – тауарлар мен қызметтердің құнына эквивалент, төлемпаздылығы максималды, айрықшаланған тауар.
Күнделікті өмірде пайдаланылатын кәдуілгі ақшаның пайда болуы, оның қолданыстағы, оның сан алуан түрлілігі — ғасырлармен сүрленіп, мыңжылдықтармен қатталған әр кезеңі түрлі қызыққа әрі шытырмандылыққа өте бай.
Біз білетін бүгінгі замандағы «қағаз ақша» мен «тиын-тебендер» — біздің дәуіріміздегі адамдардың алғыр қабілеттілігінің растамасы, жалпы адамзаттың ойлап тапқан соңғы керемет жетістіктердің бірі һәм дүниелердің ең зоры (деуге болатындай).
Ал, «ақша» түсінігінің пайда болуына ықпал еткен алғашқы ақша айналымына, тарихқа арырақ үңілсек...Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы белгілі. Ақшаның жаратылысындағы басты анық нәрсе ол оның тауардың шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Ал, тауарды — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі десек, осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.
Көптеген елдерде алғашқы ақша құралы ретінде малды қолданғаны мәлім.
Келе-келе, барлық тауардың бағасы эквиваленті түрдегі бір тауарға теңестіріле бастаған.
Міне, осындай тауарлардың бірі: кәдімгі «теңіз айғұлағы» — Қытай, Жапония, Океания, Азия мен Африка секілді көптеген ежелгі мемлекеттерде «ақша» орнына жүрген. Яғни, теңізден алынатын қарапайым«каури айғұлақтарын» ең алғашқы ақша немесе сауда құралы деп санауға болады.
Меланезияда 12 метрлік ақша айналымда болған. Бұл ұзын ақшаның құрамында: айғұлақ пен шошқаның құйрығы және тісінен тұрған.
Месопотамия мен Мысырда ақша ретінде түрлі металлдардың сынығы, ал Италияда қоланың сынығы қолданылған.
Оңай бөлінгіштігі мен аз орын алатын ыңғайлылығына қарай, ақша айналымында металды қолдану тәжірибесінің кең етек алуының нәтижесінде, адамзат тарихында «экономикалық сана» ұғымы қалыптаса бастады.
Әрине, сонымен қатар, ол ақшаларды қолдан жасайтындар да табылып жатты. Ақшаны қолдан жасайтындар метал құйындының ішкі бөлігін бос, қуыс қылып қалдырып құятын болған. Кейінірек, мемлекеттік биліктегілер бұл қулықпен күресті бастап кетті: бұдан былай металдар сынама белгісімен, белгіленген салмақпен сапалы етіп шығарыла бастады.
Міне, осылайең алқашқы тиындар (монеталар) дүниеге келді. Алғашқы тиындарда түрлі символдар, көбіне құдайлардың суреттері белгіленіп шығарылған. Алғашқы тиындар ежелгі Рим, Қытай мен Лидия хандығында б.з.д. VII ғасырда кең қолданыста болған.
Осындай түрлі ақша мен тауардың сан мың айналымы, ежелгі мемлекеттерде «халықаралық сауда» атты жаңа бағытты ашып берді. Бұл кезеңде адамдар өзара ортақ ақша құралын, қандай да бір дара, жасап шығару міндеттемесіне тап болды. Осылайша ежелгі мемлекеттердің дерлігінде «алтын» металы — бірыңғай ортақ ақша ретінде кең танымалдыққа ие бола бастады.
Ал,Ең алғашқы қағаз ақшалар VIII ғасырда Қытайда пайда болған (алғашқы «қағаз» өнімі де б.э.д. 100 жылда осы Қытайда пайда болған). Дәл осы кезеңде «уәде беріп ақшаны қағазбен төлеу идеясы» өмірге келген. Сондықтан көпестер, өсімқорлар, зергерлер алғашқы талаппен ақшаны қайтаруды міндеттейтін жазбаша құжаттар дайындап шығарған. Міне, осы «жазбаша міндеттемелер» қазіргі ақшаның ең ежелгі прототипі, «арғы атасы» болып саналады.
Бір сөзбен, «кез-келген нәрсенің өзіне ғана қатысты міндеттемесі болу» заңдылығына сәйкес, ақшаның да міндеттемелері және айрықшалылығы бар, яғни ақша — құн өлшемі, төлем құралы, қор құралы, болып табылады.
Осы заманға ақшалардың қазіргідей рәсімделуі мен оның қолданысқа енгізу тарихы1440 жылдан бері басталады. Неміс ғалымы Иоганн Гуттенбергтің ойлап тапқан жылдам кітап басып шығару станогын алғаш рет ақша басып шығару үшін қолданылғанынан соң массалық белең ала бастады.

Алғашқы нарықтық қарым-қатынас — айырбас саудасынан басталған. Археологтар — осы айырбас сауданың сонау тас ғасырынан бастау алғандығын айқындайтын дәлелдер тапқан.

Себебі: заманауи талаптарға сай соңғы үлгі мықтырақ бәрібір…