Мен Тупакты жақсы көремін

Рэп дейміз, жалпылама хип-хоп дейміз, қалай аталса да оның ең сүйсінуге және тыңдауға тұрарлық өкілі — Тупак Амару Шакур. Тупактың биографиясы аса қызықты емес, сол баяғы оңтүстік пен солтүстік жағалаудың қырқысы, міндетті түрде бір рет оққа ұшырау, көтерілу бар, құлау бар. Бірақ екі нәрсе оны өзгелерден биік тұғырға көтерді. Ол — оның әлеуметтік тақырыптағы мәтіні мен музыкасы әдемі шыққан әндері мен 25 жасында өміден өтуі.
Мен тағы бір факторды қосар едім, ол — Тупактың Шакурдың адам етіндегі тазалығы. Атақты адамдарды тікелей танымасаң да, олардың ішінде жаны таза жақсыларын сезуге болады. Неден? Шынайы күлкісінен, ұялған сәттерінен, сөздерінен. Ол — Майк Тайсон, ол — Салман Кхан, ол — Майкл Джексон. Тупактың интервьюлерінде оның бала-адам екенін көреміз. Білем, оның бүкіл рэперлерге тән ұятсыз, жаман сөзге толы әндері бар. Бірақ мен одан жаман жолға жетелейтіндей әсер көрмеймін.
Керісінше оның Элтон Джонмен айтатын «Ghetto Gospel», «Changes», «Brenda got a baby» сынды әндері жүрекке жетеді, ойға жетелейді, көзге жас әкеледі.
Мен Тупакты жақсы көремін.
Бөлісу:

11 пікір

Marco
Тыңдағым келіп кетті. Бірақ, ағылшын тілді репті оқып түсінбесең, тыңдап түсіну қиын шығар.
Nodar
әрине, түсіну қиын. Мәтінге қарап тыңда
Adiletshu
Кезінде көптің бірі болып өлгеннен кейін ғана атағы шығып кетті деп ойлаймын. Не айтып жатқандарын түсінбеймін, бірақ ритмі, әуені жағынан Снуп догқа жететіні жоқ.
Gastarbaiter
Тупакпен ауырып болғандарданмын. Әйтсе де, рэпте тек музыка мен ритм емес, ақындық та бағаланатын кезеңдер болған.
Жас өлген әншілер көп, бірақ Тупактың өнерінің мойындалуын әндерінің Роулинг Стоунздың жиырмасыншы ғасырдың ең үздік 500 әніне кіргенінен байқауға болады.

Жалпы рэп оқу арқылы адамның көзінен жас ағызатын талант тек Тупакта болды деп ойлайтындарданмын.
Соңғы түзету:
Nodar
Адам ретінде Снуп Дог тартпайды го. Өлгеннен соң емес, баяғы рэперлер жалпы негізінен жастай өлген, өлтірілген
zholantai
рэптерін қазақшалаш, шамаң келгенше,
Nodar
Ерінем, Жолантай. Орысша аудармалары көп ғаламторда.
ken
Музыка жанкүйері емеспін. Сондықтан шығар бірінші рет естіп отырғаным.
Викиден өмір баянын қарағанмын. Мына жері «шешесс...» дегізді:
Тело Тупака было кремировано, а часть праха смешана с марихуаной и выкурена его друзьями