Идеясыздық туралы фоторепортаж...

Фоторепортажға идеяны жұма күнге дейін іздедім. Таппадым. Таппағанда, тапқандарым көңілімнен шықпады. Бірі – тым таптаурын. Келесісі – тым қияли. Осылайша, кезекті рет «студенттік синдромнан» жапа шегіп, идеясыздық немесе идея іздеу туралы фоторепортажымды ұсынамын.

Блог - nurbergen_makym: Идеясыздық туралы фоторепортаж...
Әлдебір әнші, концерт немесе әншінің концерті туралы фоторепортаж жасайын деп, мұрағаттағы атыраулық әншілердің 10 жуық жинағын қарадым…

Блог - nurbergen_makym: Идеясыздық туралы фоторепортаж...
… Бірақ, бұл әрекетім еш идеяны «түртпектемеді»!

Блог - nurbergen_makym: Идеясыздық туралы фоторепортаж...
Идеяны бәрібір өнерден іздегім келді. Әсіресе, сурет салу секілді, бекзат өнерден. Бірақ, мен көрген картиналар, неге екенін қайдам, тек Ван Гогпен астаса берді… Бұл идеядан өзім зорға қашып құтылдым.

Блог - nurbergen_makym: Идеясыздық туралы фоторепортаж...
Идеяны даладан іздемекке шықтым. Қас қылғанда, біздегі сәуірдің жаңбыры да мен ұйықтап жатқанда жауып, сәтті кадрлерді "іле" алмадым…

Блог - nurbergen_makym: Идеясыздық туралы фоторепортаж...
Ван Гогтық рухы мықты ма, басыма әпербақан идеялар келе берді, бәрібір…

Блог - nurbergen_makym: Идеясыздық туралы фоторепортаж...
… сол себепті де, өмірге басқа қырынан қарап көрсем дедім. Ол қырынан қарасақ та, ЕШТЕҢЕ көрінбеді…

Блог - nurbergen_makym: Идеясыздық туралы фоторепортаж...
… бар «пәле» мынау әлемде емес, өзімде болар деген күдікпен, миыма оттегіні молынан жіберіп, сол арқылы тың идеяларға каналдар ашуға тырыстыv. Еңбегіңім – еш… Идеялар келмеді емес, келді. Әртүрлі идеялар келді… Тіпті…

Блог - nurbergen_makym: Идеясыздық туралы фоторепортаж...
Бірақ, бәрібір, бір жері кем болып, бір жері жетпей тұрды идеяларымның…

Блог - nurbergen_makym: Идеясыздық туралы фоторепортаж...
Тіпті, түс уақытында «Тамақ ішкен қалай екен?» деген тақырыпқа әлеуметтік сауалнама жүргізіп те көрдім. Нәтижелері көңіл көншітпеді…

Блог - nurbergen_makym: Идеясыздық туралы фоторепортаж...
Осылайша, идеясыздыққа ұшырадық. Тур басталғандағы "өрекпуімізден" көреміз дағы…
Бөлісу:

17 пікір

Zilola
анау ескі диванды алып дивани хикмет 2 жасап жіберу керек еді )
asaubota
маған осы пост қатты ұнады. идеясыздық туралы идеяның өзі керемет сюжет қой! нағыз авто-фотореп. ішінде басқаларға стеб бар, тегке ілу бар, мессадж бар, креатив бар, идеясыз лузерларға да сәлем менмұндалап тұрғандай, имхо
Makos
идеясыздықтан туған идея немесе жоқтан бар жасау деміз бе?! Керемет кадрларды жақсы алыпсыз…
Gastarbaiter
Еріксіз Ленте ханым есіме түсті. Білмеймін, бір үндестік бар сияқты  Фотореп һәм фотосессияңнан біртүрлі өнердегі басты ағымдарға (өзенді «мейнстрим» деп алсақ) сонау көпірдің үстінен (не астынан?) кекесінмен қарағандай болып, әлемдегі андеграунд өнерінің жарқын туындыларынан алатын сиқырлы сезімге ұқсас бір күйді басымнан кешірдім.
Таңдаулыға кетті.
Zhan
Нұрбергеннің жазғандарын бұрын да тұщына оқушы едім, мынаусы тіпті керемет! Жалпы бар ғой, осы блогиада тың идеялар мен серпілістерге жол ашуда. Қызық, кім жеңіп шығар екен? Көбісі мықты, бір-бірінен асып түсіп жатыр…
satibaldi
Қызық, кім жеңіп шығар екен?
Сонша қиын емес криминалистік айла-шарғылар — сен емес екеніне меңзейді
Zhan
Зарблад алдың ба? Қайдан келдің сіңлім?
AKY
Мультфильмге ұқсап қалыпсың
Kelinshek
Идея деп осыны айт. Суреттер күшті түсіріліпті. Фантазияңыз мықты екен!
DinaraNurmoldina
Идея мен шабыт бір келері анық. Фоторепортаж сәтті шыққан!!! Бірақ темекі — денсаулыққа зиян әдет иісі де жағымсыз…
19852407
Снимаю шляпу, князъ!
temir1986
Білмеймін, түсінбеймін. Шамасы шопан шығармын. Дихан болғым келіп жүр. Бірақ бәрібір миы мықты жасайтындарды түсінбеймін.
Marco
Жас журналистерге ылғи айтам «Жаңалық жоқтықтың өзі жаңалық»