Тегін мұражай немесе уақыт машинасы

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы«Аяғына кірген тікен сүйкімді балақанның мазасын әбден алған сынды. Қабағы шытылып, аузы әнтек ашылып тікенді алып тастауға барынша тырысып отыр. Скульптураға қарап «сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма қадалсын» деп жанұшыратын қамқор анасы қайда екен» деген ой келеді. Бір жағынан, тікен мына өмірде ол жеңуі керек соңғы кедергі емес...»

Анатолий Рыбаковтың «Кроштың демалысы» атты шығармасы осыған ұқсас әфсанамен басталады. Бірақ ол жерде тәмсіл «Кітап ұстаған бала» атты нэцкэ (кішкентай скульптура, бастапқыда қытай, жапондарда қыстырғыш түйменің орнына пайдаланылып, кейін өнер туындысына айналған) туралы. Повестің мазмұны да мектеп оқушысы Кроштың осы бір уникал нэцкэнің соңына түскен коллекционермен жұмыс істеуінің айналасында өрбиді.

«Антиквар дүкені» дегеннің болатынын мен алғаш осы кітаптан білген болатынмын.

"Әр аулада бір мұражай"
Ондай дүкен өзімізде де бар екен. Мекен-жайы — Республика көшесі, 23.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Бір қарағанда сырты көзге қораштау дүкенге адамдар қызығушылық таныта қоймайтын сияқты.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Бірақ ішіне кірсең, құдды бір мұражай дерсің. Тұнған тарих.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Дүкен иесі Дмитрий Семеновтың айтуынша, бұл расында да кішігірім тегін мұражай. Үлкен кісілер немерелерімен келіп, көне заттарды тамашалап, олардың аңызын тыңдайды. «Еуропада қадам бассаң — мұражай, бізде де солай болса дұрыс болар еді» дейді ол.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Дмитрийдің әкесі Валерий ағай бала кезінен сіріңке қораптарын, пошта маркаларын жинаумен айналысқан. Кейін қызығушылығы артып, Гагаринге қатысты барлық бұйымдарды жинаған. 2011 жылы коллекциясының көрмесін өткізген.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Гагарин — XX ғасырдың ең танымал адамы».

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Әке мен баладан бөлек бұл дүкеннің штатында Виктор Акимович бар. Ол да тегін адам емес. Оның коллекциясының тақырыбы – Қытай. Нэцкэні ең алдымен жапондар емес, қытайлар ойлап тапқанын осы кісіден білдім.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Виктор Акимович мені 27 мамырда заманауи өнер мұражайында өтетін көрмесіне шақырды.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Антиквар дүкенінің музейден айырмашылығы – кез-келген экспонатты ұстап көруге болады. Қаласаң сатып та аласың. Әрине қомақты ақшаға.
Мысалы мына бір неміс радиоқабылдағышы (үстіңгісі) Ұлы Отан соғысына дейін шыққан. Атақты «Көктемнің 17 мезеті» фильміндегі эпизодтарда тура осындай радиоқабылдағыш бар. Бағасы шамамен 300 мың теңге.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Әйтсе де бұл дүкендегі ең қымбат зат – 1917 жылғы граммофон. Оның бағасы 600 мың теңгедей. Әрине мұндай бұйымдарды жинаушылар сирек. Дегенмен қандай да бір ретро-интерьер үшін таптырмас аксессуар бола алады. Оның үстіне әлі де жұмыс істеп тұр, пластинка ойнатып, ретро-әндерге елітуге әбден болады.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Астанада, жалпы, Қазақстанда коллекция жинаудан ең көп тарағаны – нумизматика, екінші орында графика, скульптура, сосын түрлі бұйымдар» дейді дүкен иелері.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Бұл дүкендегі тиындардың бағасы 500 теңгеден басталады.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Түпнұсқаны көшірмеден көпжылдық тәжірибе арқасында ажыратамыз» дейді Дмитрий. Дегенмен ерекше қымбат эксклюзив заттарды арнайы экспертизаға жібереді екен. Заттың бағасы – көнелігінен бөлек, сапасы мен тиражына байланысты.

«Адамдар-ай, адамдар»
Негізінен мұндай дүкеннің клиенттері — коллекционерлер, қала берді дизайнерлер. Жай сыйлық алу үшін бас сұғатындар да жоқ емес.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Алексей Николаевич механикалық сағаттар жинайды. Коллекциясы шамамен 1500 сағатты құрайды. Өзі зейнетке дейін тергеуші болып қызмет атқарған екен.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Бұл сағаттардың бәрі менде бар» дейді ол. Енді «сағаттың жаңа түрі келіп қалды ма екен» деген оймен дүкенге соғып тұрады.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Өткенде теледидардан америкалық Джон деген біреу «1500 сағат жинадым» деп жатыр, оның өзінің жартысы электрлік сағаттар екен, ал менікі — барлығы да механикалық» деп, телефонынан коллекциясын көрсетіп те қойды.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Ал Владимир Родионович ескі фотоаппараттар жинайды. Зейнетке дейінгі кәсібі – етікшілік.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Владимир Родионович дүкендегі фотоаппараттардың жылын, сипатын жатқа соғады. Мына фотоаппарат — алғашқы кеңестік фотоаппараттардың бірі.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Анатолий болса, Ұлы Отан соғысына дейінгі әскери формаларды жинайды. Өзінің қазіргі қызметі де сонымен тікелей байланысты.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Ол Ұлы Отан соғысының «белгісіз солдаттарын» іздеу топтарының әлі де жұмыс істейтінін айтты (охх, А. Рыбаковтың тағы бір шығармасы жылт ете қалды!).

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Жалпы 1 сағаттың ішінде дүкенге келім-кетім кісі аз болмады.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Қайыркен аға – ауған соғысының қатысушысы. Ол медалін жоғалтып алған екен. Осы дүкеннен ұқсасын тауып, сатып алды.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Әсел – мемлекеттік қызметкер. Дүкенге ағасы сыйлаған маркалар коллекциясын бағалату мақсатымен келіпті. Яғни бұл жерге адамдар тек сатып алу үшін емес, сату үшін де келеді. Көне затты лақтырмастан бұрын ойланып көр — мүмкін ол бір жәдігер?

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Бір әжей қаптаған фарфор бұйымдардың арасынан мына бір пластик скульптураны көріп қалып, балаша қуанды.
«18 жасыма дәл осындай бұйымды сыйлыққа алып едім. Жас кезде мән бермеппін, сақтамаппын» деді ол. 10 мың теңгені қымбатсынса да, жастық шағының жаршысындай болған «Тікен»-ді сатып алды.

Коллекция жинаудың бала тәрбиесіне ықпалы зор
Дүкен иелері клиенттерінің бәрін дерлік таниды және оларды жіті бақылап отырады.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
Мақтан тұтып айтатын тағы бір қарлығаштары — 17 жасар нумизмат Уәлихан Бахретдинов. Дүниежүзі тарихы бойынша түрлі олимпиада-жарыстардың жеңімпазы бұл дүкенге алғаш рет 9 жасында келіпті. Баланың коллекция жинауға қызығушылығын байқаған бұлар оған барынша көмектесіп, бағыттап отырған. «Қазір Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетіне түсуге дайындалып жатыр» деп мейіріммен қосып қойды Валерий ағай.

ОҒМ жазбалары: Тегін мұражай немесе уақыт машинасы
«Коллекция жинаушылар әлемі балаларды жоғалтты» дейді өкінішпен Валерий ағай.
"Қазір балалардың бірдеңе жинауы сирек құбылыс. Басты себеп – қаражат. Бұрын екі баланың бірі марка, сіріңке қорабын жинаумен айналысатын, және олар тиын-тебен тұратын. Коллекция жинау – баланың жан-жақты дамып, өресінің кеңеюіне септігін тигізеді. Әлденені жинайтын баланың мектеп бағдарламасын да меңгеруі оңай. Ең бастысы – бұзақылықтан, жаман әдеттен аулақ болады".

Келіспеске болмайды. Эйнштейннің өзі «Марка жинаңыз, ол жұмыстан кейін ойларыңызды жүйелеуге ықпал етеді» деген екен.

P.S.: Антиквариат дүниелерді алып-сату пайдасы жағынан алмаз бен мұнай бизнесінен кейін үшінші орын алады.
Бөлісу:

42 пікір

zholantai
бірінші пікір тәтті дейд ғо, сонымен бірінші пікір))
Arys_arlany
Жеткізу шеберлігі ұнады. Өткенде досымның машинасын біру соғып кетіп, кастоправ іздегенбіз. Бір гаражға кіріп қалсақ, соғыс уақытында шыққан «Победа» ма, сол сияқты бір машинаны краскілеп, есік, терезелерін реттеп, краскілеп қойыпты. Бағасы 30 мың доллар дейді. Жүріп тұр. Антиквардың бірі. Шеберлігің шыңдала берсін АКУ!
Marco
Еххх, фантик жинаушы едік қой. Оның, әрине, коллекциялық құндылығы ақшамен өлшенбейтін. Бірақ, турбоның ешкімде жоқ фантигі қолыңда болса, бақыттың көкесі еді.
AKY
Лав издің фантиктерін жинағанбыз
SaryQazaQ
Бөтөлкі жинап «жан-жақты дамып, өремізді кеңейтуші» едік бала кезде.
Шашатын едік, бөтелкенің түбіндегі таңбаларға қарап жіберіп қанша тұратын білетінбіз, арасында қымбат шампанның бөтелкесі түссе қуанатын едік, өйткені қарапайым вимпекстен он есе қымбат тұрады
SaryQazaQ
антикварға қатысы жоқ, жай еске түсіп кетті
AKY
Жәрәйд, ақталмаң
Erkekyz
Нэцкэні ең алдымен жапондар емес, қытайлар ойлап тапқанын осы кісіден білдім.

Ал мен нэцкэнің не екенін осы посттан білдім).
AKY
Айтқаның жақсы болды, сілтемемен өтуге ерінетіндер үшін, посттың өзіне де қысқаша анықтамасын қосып қойдым
AidaKali
кідай/кідай АКУ лав стори ғо нау
мяяя маған қатты ұнады  басқа аура, қуаныштымын сен үшін, біз үшінде көп нәрсе білдік)))
қымбат екен бағалануы, сарайдағы заттарымды грузит етіп сен жақ қарай тартып кетсем бе
бір сатып тұрған, өзі онша емес жерде орналасқан, және бықсып аған ағатайға барғам бір жолы проста тегін/ақ ала беріңіз, сатсаңызда, басқа қылсаңызда тек шын ниетпен, керек етіп аған адамға ұстатсаңыздар екен деп едім романтикамның бытЧын шығарып нақ керек болашағы сенің затыңның демесі бар емес пе үнсіз шығып кеттімде онанда жатқан жерінде жата берсін дедім, бірақ былтыр ремонт боғанда айтып едім ғо сестрам лақтырам десе жәмән боламда, сосын бір кісімен келіскем ФБда ап кетіңізЧ деп, мақұл деген жоқ боп кетті(((
мендегі заттар ішінде еуроптан алдырған эксклюзив заттарда бар яяя, барғым кеп кетті, тем более іздегенге сұраған бағалап сатып тұрса иелері
AKY
Рахмет)
Негізі заттардың бағалануы өздері айтқандай тек көнелігіне тәуелді емес, сонымен қатар сапасы мен сиректігіне. Яғни сенікіндей зат әлемнің бұрыш-бұрышында көптеп кездессе, оның коллекционерлік тұрғыдан бағалануы да төмен болады.
Ал сапасы мықты болса, мысалы құрамында бағалы металл болса, онда ол коллекционерлік көзқараспен емес, кәнігі тұтынушылық көзқараспен бағалануы мүмкін. Бағалы затыңды өзің де сатпайсың ғо бірақ, хех)
patick
Мен бір бас сұғып шығар едім
bizbike
Ауылдағы үйдің жартысын сатып жіберуге болады екен. Қайын атамнан бір пысық ескі самаурынды үш ақ мыңға алып кетті жалмауыз.
Adiletshu
Ескі мәшіне жинар едім, қалғанының бәрі түкке тұрғысыз нәрсе сияқты
aikarakoz
Барып көретін жер екен. Күшті
MERmukhanov
Өте көп значок коллекциям болатын…  Қайда қалғанын білмеймін…
AKY
Арамызда да бар екен ғой коллекционер-эрудиттің тірі мысалы
azoakpar
Жарайсың Әйгерім! Маған ұнады
satibaldi
Анау немістің қабылдағышы Telefunken емес пе? Зарблады алғанда міндетті түрде алам!
Adiletshu
Зрбладаңыз 300 мың ба
satibaldi
Зарблады — ол мөлшері жоқ, априори бәріне жететін зат. Зарблады ол — үміттің жазирасы!
sammita
ауылдағы балама әжесі сандалики әперіпті."Қайтесіз ақша шығындап, бар ғой. Айтпақшы пенсияңыз таусылды деп едіңіз ғой" десем. «Пенсия таусылса, келесі пенсия бар емес пе?» дейді. Общым «сен қаззақ емессің бе?» деді
AKY
Қайдан білейін, сіз ғо техника танығыш, telefunken деп, алкотел люсент деп
satibaldi
Антиквар дүниелерді алып-сату пайдасы жағынан алмаз бен мұнай бизнесінен кейін үшінші орын алады.
Диплом саудасы ше?
satibaldi
Анатолий Рыбаковтың «Кроштың демалысы» атты кітабы осыған ұқсас әфсанамен басталады.
Пензесс кітап оқып қоям дейсің ғой
AKY
Құдайға шүкір, біз де бала болғанбыз   Бұл шығарманың киносы бар еще))
Gastarbaiter
Осыншалықты көзі ашық қыздар да бола ма деп көре алмай жатыр, Сатыбалды, еркектік шовинизмінс. Базар жоқ. Нұрберген Мақымның "қыздарский" нұсқасысың ғой)))
AKY
Нұрберген Мақымның "қыздарский" нұсқасысың
Мына кәмплиментке біржола сындым
Gastarbaiter
Боқтап жібергім келді оқып болған соң) Ризалығымды білдіруге әдепті сөзім жетпейді екен.
Gastarbaiter
"Қазір балалардың бірдеңе жинауы сирек құбылыс. Басты себеп – қаражат. Бұрын екі баланың бірі марка, сіріңке қорабын жинаумен айналысатын, және олар тиын-тебен тұратын. Коллекция жинау – баланың жан-жақты дамып, өресінің кеңеюіне септігін тигізеді. Әлденені жинайтын баланың мектеп бағдарламасын да меңгеруі оңай. Ең бастысы – бұзақылықтан, жаман әдеттен аулақ болады".

Валера қыртымасын деп айт, менің ағам бала күнінен марка жинаған коллекциясы әлі бар. Коллекционерлер бір қарағанда ғана әлжуаз көбелектергіш лохтарға ұқсайд, ал ағам күрестен разряды бар, сотқар, атайман төбелесшінің нағыз өзі болды, сабақты да беске оқымады.))))
AKY
Енді, түрлі-түрлі адамдар болады ғой, тентек болса да, ағаң ақылды тентек шығар, сабақты беске оқымаса да кругозоры кең шығар
Gastarbaiter
Кругозорың не, белді хирург Ақтюведе
AKY
Енді не деп тұрсың Валерий ағайға  Ол кісі «алкоголик, тунеядец, наркоман болмайд» деп айтқан.
Бұзақылық — жұмсартып жазғаным ғой, төбелеспейтін бала болушы ма еді.
madlen
Мен ески газеттерди жинайтынмын окушы кезимде. Бирак дымга пайдасы жок болгасын, уйди актаган кезимизде кимай мамага бере салдым. Еденге тосеуге))) Жалко, блин…
AKY
Газет жинаған біртүрлі екен) "Ұлан" газеті жиналған, өзімен-өзі) Қазір қайда қалғанын құдай білсін)
sammita
бұл дүкен бізден қалған
мен тиын жинадым (қазір бірнешеуі ғана бар, жалғастырамын), значоктар жинадық. Папам қатты жинайтын, бәрін жинайтын тіпті. Ауылдағы үйде патефон, Победа көлігі, советтік сувенирлер бар.
Ottegin
Димка Семеновты жеке танимын, «стақандас», табақтас та болғанбыз, мамандығы — археолог, ЕНУ-да Кемал Ақышевтың алдынан дәріс алған, бірақ, кейін мамандығын тастап кетті мен секілді