Кардиохирургтың бір күні
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Бұл жазбада психикаға әсер етуі мүмкін материалдар қолданылды.
_____________________________________________________________________
Қазіргі таңда Еліміздің бірқатар емханаларында жоғарғы технологиялық қызмет көрсету мүмкіндіктері бар.
Соның бірі Астана қаласындағы "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі — Орталық).
Орталықтың тарихы 2011 жылдан басталады.
Заман талабына сай кардиология, кардиохирургия және интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын біріктіретін Орталық — Орта Азиядағы медициналық қызмет ету және сервис деңгейі мен сапасы бойынша жетекші кардиохирургиялық мекеме болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеті:
Қазақстан Республикасының тұрғындары мен шетел азаматтарына кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласында сапалы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсету, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, осы салаға заманауи медициналық технологияларды енгізу және тарату.
_________________________________________________________________________________________________________________________________
Елімізге белгілі жоғары білікті кардиохирург, «алтын қолды» маман Ермағамбет Мұқанұлының өмірінің бір күнінен үзінді.
Осы Орталықта қызмет етіп жүрген білікті мамандардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Соның бірі, таныс болыңыздар:
Таяу және Қиыр Шығыс елдерінде: Түркия, Германия, Израйль, Италия, Ресей елінде кардиохирургия бойынша мамандандырылған.
Орталықтағы кардиохирургтардың жұмыс уақыты таңғы 07:30 дан басталып 17:30 да бітуі тиіс. Бұл әрине еңбек шарты бойынша ғана…
Е.М.:
Бүгінгі күнді, таңға жуық 05:00 шамасында, жылаған баламның дауысынан оянып қарсы алдым. Жақында (07 сәуір 2014 жыл) жұбайым маған шекесі торсықтай ұл сыйлады. Әлі тіпті есімін де қойып үлгермедік.
Орталықта барлығы 6 ота жасау залы бар.
10 сәуірге 14 науқасқа ота жасау жоспарланған.
Ота жасау — алдын ала тыңғылықты дайындалуы, науқастың күй-жағдайын толық зерттеп, сараптап барып шешім қабылдауды талап етеді.
Мен де жуынып-тазаланып, талапқа сай киімімді ауыстырып алдым.
Перфузиолог дәрігер барлық болып жатқан жағдайларды қағазға тіркеп отырады.
Ота жасау сәтті өтті.
Е.М. өз командасына алғысын білдіріп, өз жұмысын ары қарай жалғастыруға кетті.
Бірақ Е.М.-ның жұмысы өте, өте… тығыз еді. Әр секунды санаулы екен деген әсерде қалдым.
Бөлім басшысы болғандықтан, Е.М.-ның тығыз графигімен арпалысып жүріп, Орталықтың басқа қызметкері өздерінің құжаттарына әртүрлі жерлерле, алуын түрлі жағдайларда қол қойдырып алуға тырысады.
Күрделілігіне байланысты кезекті ота жасаудан бұрынғы командалық кеңесу.
Ота залында тиісінше видеокамералар орнатылған.
Барлық жасалған әрекеттер, шығындар, уақыт, науқастан байқалған барлық реакциялар міндетті түрде хаттама ретінде толтырылып отырылады.
Қуанышқа орай бұл ота да өте сәтті өтті.
Барлық қызметкерлердің еңбегі ақталды. Команда бір-бірін құттықтасып жатты. Тағы да бір «жүрек» өмір сүретін болды…
Мен, жалпы медицина саласында мектеп бітіргелі жүрмін. Оқу оқып жүргенде де көмекші ассистент боп талай оталарға қатыстым. Ұйқы мен демалыстың қажеттілігі бар әрине. Бірақ, Құдай бойыма бір қуат беріп қойғандай. Мен үшін 2-3 сағатқа созылатын ұзақ ота жасаулар 1 минутта өтіп кеткен сияқты болады. Тіпті, шаршау дегенді білмеймін. деп жауап берді.
Біз ота залынан шыққанда Е.М. маған өзінің ұялы телефонын көрсетті.
Бас аяғы 48 жауап берілмеген қоңырау келіп түсіпті…
Олардың арасында: Шет елден, басшылықтан, үйден келген қоңыраулар болды. Оларға да уақыт тауып бәріне қайта қоңырау шалып шығу керек.
Е.М. ота барысын баяндап, оның сәтті болғанын болғанын айтып, алаңдаудың қажеттілігі жоқ еткенін түсіндіріп Ананың көңілін бір серпілтіп тастады.
Ал, мына кісі Е.М.-н таңғы 09:00 ден бері кабинетінің жанында күтіп отырғандығын айтты.
Ертеңгі күні ота жасалатын қызының тағдырына алаңдаулы…
Күні бойына Е.М.-ң қолы қойылатынмынаншама құжаттар жиналып қалыпты. Оның барлығымен танысып, қолын қойып шықты.
Кабинеттегі барлық жұмыстарды бітіріп, Е.М. енді палаталардағы науқастарды кешкілік айналып шығуға шықты.
Ертеңгі күні ота жасалатын науқастармен әңгімелесті.
Сағат тілі 21:35 тер шамасын көрсеткенде, Ермағамбет Мұқанұлы сүйікті жұмысындағы парызын адал әрі абыроймен атқарып, көтеріңкі көңіл-күйде, өз көлігімен Орталықтың территориясынан шығып бара жатты…
P.S. Ешқашан ауырмаңыздар! Бақытты болыңыздар!!!
Бұл жазбада психикаға әсер етуі мүмкін материалдар қолданылды.
_____________________________________________________________________
Қазіргі таңда Еліміздің бірқатар емханаларында жоғарғы технологиялық қызмет көрсету мүмкіндіктері бар.
Соның бірі Астана қаласындағы "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" Акционерлік Қоғамы (бұдан әрі — Орталық).
Орталықтың тарихы 2011 жылдан басталады.
Заман талабына сай кардиология, кардиохирургия және интервенциялық кардиологияның барлық бағыттарын біріктіретін Орталық — Орта Азиядағы медициналық қызмет ету және сервис деңгейі мен сапасы бойынша жетекші кардиохирургиялық мекеме болып табылады.
Орталықтың негізгі міндеті:
Қазақстан Республикасының тұрғындары мен шетел азаматтарына кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласында сапалы мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек көрсету, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, осы салаға заманауи медициналық технологияларды енгізу және тарату.
_________________________________________________________________________________________________________________________________
Елімізге белгілі жоғары білікті кардиохирург, «алтын қолды» маман Ермағамбет Мұқанұлының өмірінің бір күнінен үзінді.
Осы Орталықта қызмет етіп жүрген білікті мамандардың сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Соның бірі, таныс болыңыздар:
Қуатбаев Ермағамбет Мұқанұлы
Орталықтағы №2 кардиохирургия бөлімінің басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, бірінші категориялы
кардиохирург-дәрігер, европалық кардиоторокалды хирургтар қауымдастығының мүшесі.
Таяу және Қиыр Шығыс елдерінде: Түркия, Германия, Израйль, Италия, Ресей елінде кардиохирургия бойынша мамандандырылған.
Орталықтағы кардиохирургтардың жұмыс уақыты таңғы 07:30 дан басталып 17:30 да бітуі тиіс. Бұл әрине еңбек шарты бойынша ғана…
Е.М.:
Бүгінгі күнді, таңға жуық 05:00 шамасында, жылаған баламның дауысынан оянып қарсы алдым. Жақында (07 сәуір 2014 жыл) жұбайым маған шекесі торсықтай ұл сыйлады. Әлі тіпті есімін де қойып үлгермедік.
07:30 — 08:30
Бөлім басшысының жұмыс күніндегі ең алғашқы жұмыс: таңертеңмен пациенттердің қал-жағдайын білу үшін аралап шығудан басталады.Орталықта барлығы 6 ота жасау залы бар.
10 сәуірге 14 науқасқа ота жасау жоспарланған.
08:30 — 09:00
Ота жасауды бастамас бұрын Орталықтың барлық мамандары жиналып өзара мәжіліс өткізеді.Ота жасау — алдын ала тыңғылықты дайындалуы, науқастың күй-жағдайын толық зерттеп, сараптап барып шешім қабылдауды талап етеді.
09:00 — 09:15
Ота жасауға дайындық толық стерилденген арнайы киім-кешектерді кию, себезгі қабылдау мен қолды антисептикалық тазартудан басталады.Мен де жуынып-тазаланып, талапқа сай киімімді ауыстырып алдым.
09:15 — 11:25
Алғашқы ота (жасау барысы).Командада 12 адам.
Науқас - алғаш рет ота жасатқалы тұрған орта жастағы ер адам.
Ота тақырыбы - жүректің аорта қақпақшасындағы түтікшесін алмастыру (жасанды түтік салу).
Перфузиолог дәрігер барлық болып жатқан жағдайларды қағазға тіркеп отырады.
Ота жасау сәтті өтті.
Е.М. өз командасына алғысын білдіріп, өз жұмысын ары қарай жалғастыруға кетті.
11:15 — 13:45
Бас аяғы 10 минут ішінде қайтадан жуынып шайынған Е.М. келесі ота жасау залына көшіп кетті.Командада - 10 адам.
Науқас - 3 жыл бұрын ота жасалған әйел адам (қайта жасау).
13:45 — 16:00
Түскі демалыс.Бірақ Е.М.-ның жұмысы өте, өте… тығыз еді. Әр секунды санаулы екен деген әсерде қалдым.
Бөлім басшысы болғандықтан, Е.М.-ның тығыз графигімен арпалысып жүріп, Орталықтың басқа қызметкері өздерінің құжаттарына әртүрлі жерлерле, алуын түрлі жағдайларда қол қойдырып алуға тырысады.
Күрделілігіне байланысты кезекті ота жасаудан бұрынғы командалық кеңесу.
16:00 — 19:20
Бүгіндікке №3 ота.Командада - 11 адам.
Науқас - Алғаш Ақтөбеде сәтсіз жасалған отадан кейін қайта жасалғалы отырған 1987 жылғы ер адам.
Ота залында тиісінше видеокамералар орнатылған.
Барлық жасалған әрекеттер, шығындар, уақыт, науқастан байқалған барлық реакциялар міндетті түрде хаттама ретінде толтырылып отырылады.
Қуанышқа орай бұл ота да өте сәтті өтті.
Барлық қызметкерлердің еңбегі ақталды. Команда бір-бірін құттықтасып жатты. Тағы да бір «жүрек» өмір сүретін болды…
Шыны керек, сағат-сағатқа созылатын ота жасау барысын жай ғана бақылап тұрған менің өзімнің мазам қашып, бойымнан шаршау мен ұйқының белгілерін сезе бастадым.Е.М.:
Е.М.-нан «Осы Сіз таңнан бері әлі бір дем алмадыңыз, тіпті жөнді түскі ас та ішпедіңіз. Меніңше мұндай оталарды жасау ғаламат күш пен есепсіз энергияны, жіті қырағылық пен тапжылмайтын табандылықты талап ететін сияқты. Ал, Сіз күні бойы бір жөнді дем алмадыңыз. Мұныңызды қалай түсіндіресіз» дегенімде -
Мен, жалпы медицина саласында мектеп бітіргелі жүрмін. Оқу оқып жүргенде де көмекші ассистент боп талай оталарға қатыстым. Ұйқы мен демалыстың қажеттілігі бар әрине. Бірақ, Құдай бойыма бір қуат беріп қойғандай. Мен үшін 2-3 сағатқа созылатын ұзақ ота жасаулар 1 минутта өтіп кеткен сияқты болады. Тіпті, шаршау дегенді білмеймін. деп жауап берді.
Біз ота залынан шыққанда Е.М. маған өзінің ұялы телефонын көрсетті.
Бас аяғы 48 жауап берілмеген қоңырау келіп түсіпті…
Олардың арасында: Шет елден, басшылықтан, үйден келген қоңыраулар болды. Оларға да уақыт тауып бәріне қайта қоңырау шалып шығу керек.
19:20 — 21:30
Соңғы отаны аяқтап шыға сала есіктің алдында Е.М.-н әлгі жігіттің Анасы күтіп тұр еді.Е.М. ота барысын баяндап, оның сәтті болғанын болғанын айтып, алаңдаудың қажеттілігі жоқ еткенін түсіндіріп Ананың көңілін бір серпілтіп тастады.
Ал, мына кісі Е.М.-н таңғы 09:00 ден бері кабинетінің жанында күтіп отырғандығын айтты.
Ертеңгі күні ота жасалатын қызының тағдырына алаңдаулы…
Күні бойына Е.М.-ң қолы қойылатынмынаншама құжаттар жиналып қалыпты. Оның барлығымен танысып, қолын қойып шықты.
Кабинеттегі барлық жұмыстарды бітіріп, Е.М. енді палаталардағы науқастарды кешкілік айналып шығуға шықты.
Ертеңгі күні ота жасалатын науқастармен әңгімелесті.
Сағат тілі 21:35 тер шамасын көрсеткенде, Ермағамбет Мұқанұлы сүйікті жұмысындағы парызын адал әрі абыроймен атқарып, көтеріңкі көңіл-күйде, өз көлігімен Орталықтың территориясынан шығып бара жатты…
Оларға осы Орталықта ота жасалып, жап-жарық Әлемнің нұрын жүрегімен сезіп жүргендеріне бақытты жандар:
P.S. Ешқашан ауырмаңыздар! Бақытты болыңыздар!!!
Ақ халаттыларға артылған жауапкершіліктің мен ойлағаннан да қиын екенін түсіндім!
— «Жасанды түтік» деп жазу керек деп ойлаймын.
"Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының" ғимаратын сыртынан көріп: "іштегі тіршілігі қалай екен" деп ойлайтын едім.
Көп рахмет, жаза түс,
Жалпы бұл мед.холдингте компютермен отырып мидағы тамырға операция жасайтын жас жігіттер бар.
1987 жылғы баланың жүрегіне ота жасалып жатқандағы суретте апай не ұстап тұр?