Ол көктем оралмайды...

Ол маған сенбеді, мен де оны сендіргім келмеді…

— Біз ертең жүретін болдық.
— Қой, мені бала көресің бе…

Үнсіз жымюмен шектелдім… көз алдымда жұмбақ ел, бұлыңғыр болашақ, қиялдан туған өмір арпалыстары, бос қияалымның арасында әрине ол да қол ұстасып бірге жүр, ол болса күнделікті тіршілік соқпағынан сөз шертіп тұра берді, енді ше менің қиялымнан хабары бар дейсің бе?

Бұл көріністі жүрек қылын тербер романтикаға балап тұрған мен ғанамын, сырт көзге романтиканың жұрнағы да байқалмайды, қыздың көзқарасы да сыныптасына жолда жолығып қалған күнделікті тіршілік сұлбасынан басқа дәнеңені де білдірмейтін еді.

Бір жағынан бұл да жөн болды деп ойлап тұрдым, күтілген мерзімнен бұрын аттанудың қажеттілігі өзіме де тосын жай болған еді.

Қысқа әңгімеден кейінгі бас изесуден кейін, өз жолымызға жылжыдық, бірнеше қадамнан кейін жастық көктемімдегі алғаш бүршік жарған гүліме бұрылдым, көктемімнің жаңа ашылған, құлпырған, дер шағындағы қызғалдағыма соңғы рет қарауым еді бұл. Кенет ол да бұрылды. Өміріме жететін, еске алған сайын шөліркеген сезімге таусылмас тамшыдай болатын, бір хикмет сөз күтеді екен жүрек байғұс осындайда.

— Оқуыңды тастағаның өте өкінішті, барған соң оқуға түсетін шығарсың?

«Не ойлап кеттің байғұс ау, есіңді жи» деген сигналды үлкен миым ортаңғы миыма жеткізгендей болды.

— Ол жағын барғасын көреміз ғой.
— Неге осы жолды таңдадың, жап жақсы ақ оқып жатыр едің, тастап барасың.
— Енді бұйрық солай болған шығар.
— Жарайды кетеріңде хабарласуды ұмытпа, деді де өз жолына қарап жүре берді.

Мен де өз жолыма түстім, уәделескен достарыммен жолықтым, біраз отырып үйге түнжарымында қайттым, азанда отбасымызды атажұртқа жеткізетін автобус келді, ел болып жүкті жылдам тиедік. Көрші қолаң, туыс туғанмен қоштасу, 19 ға енді толған балажігіт үшін тым ауыр болмайды екен, қайта жолығатыныңа сенімді болады екенсің, бірақ көре алмай қалам ау деп жүректі қобалжытатын бір жан бар әйтеу ойда.

Автобус қозғалды, кіндік кескен ауылымның топырақ жолында тербеп келеді, сырттағы бізге кері бағытта жылжыған ағаштар мен үйлерге қарап отырыған мені, қым қуыт сезім билеп, жүрегімді қобалжыта түседі, әлде біреудің қарасын соңғы рет көріп қалуға үміттене сыртқа көз сүземін, енді бір жағынан осынау киноға бергісіз сюжетті романтикаға балап жаным рахаттана қалады, шынымен де осыдан кейін дәл осындай балаң да сап сезімді сәттерді бастан кешірген емеспін. Ауылдан ұзап барамыз, үміттер үзілді, көлік ішін үнсіздік жайлады, отбасымыздағы әркімнің де бір қимасы қалғаны даусыз, мүмкін соларды ойлап жатқан болар олар да.

Бұл сапар отбасымызбен ата жұртқа аттану сапарымыз еді, содан бері он неше жыл өтіпті, сол жылдар ішінде туған ауылыма қайтқан бірнеше реткі сапарымда оны кездестірдім, ол кездесулер енді тым әсерлі болмайды екен, көзден кеткен соң көп нәрсе ұмытылады ғой, қиялдап келген аруың сен ойлағандай мәміле көрсете қоймайды екен, бірақ, бірақ жүректе мәңгі сөнбес ұшқын қалады, мәпелеп жіберсе жалын боп қаулайтындай сөнбес ұшқын…

Көктемімде, тек менің ғана көктемімде алғаш бүршігін жарған, құлпыра ашылған қызғалдағымды осылайша мәпелей алмадым, басқаның бақшасына көшірілгелі қашан, сол жерде құлпырып тұра берсе болғаны да.

Бұл өкініш емес еді мен үшін, қайта өмірге ынтықтыратын рухани күш, жан жағың күңгірттеніп күш қайратың азайып қалжырағанда, жаныңа сәуле түсіретін үміт болып қалыптасты.

Өмірде бір келетін жастық көктеміңізде алғаш бүршік ататын қызғалдағыңыз, жүрек түбіңіздегі мөлдір сезіміңізге серік болар сәуле болып, сізді әрдайым алға сүйреп отырады, осынау сезім соғысында жеңіске жетсеңізде жетпесеңізде, өміріңіздегі атқарар ролы ерекше болмақ, ең бастысы сезіміңіз шынай болса болды. Бізді хайуаннан ажырататын осы бір ерекшелікті бергені үшін жаратушыға шүкір деймін.

Қызғалдақтары бүршік жарып құлпыра ашылып жатқан көктем иелерін құттықтаймын, ал ол көктем маған енді оралмайды…

Сурет мына сайттан алынды
Арнайы «Блогиада» үшін жазылды.
02,04,2014


Бөлісу:

9 пікір

zholantai
әріптік қате тым көп,
serjan
Мәселен…
zholantai
жымюмен
-жымию,
арпалстары
-арпалыстары
қ
ияалымның
-қиялымның
жап жақсы ақ
— жап-жақсы — ақ
Көрші қолаң, туыс туғанмен
— Көрші — қолаң, туыс — туғанмен
қалам ау
— қалам-ау
Аавтобус
— Автобус
отырыған
— отырған

әзірге осы, тағы да бар, әріптік, пунктуациялық, оның бәрін теріп, көрсетіп отырғаным үшін маған ешкім тиын төлемейді,
bizbike
Айтпақшы осы
жатырған
деп қолданып жатады ғой, сол қате ғой негізі
жатқан
болу керек. Бірақ соны айтсаң біз «отқан» демейміз, «отырған» деп айтамыз ғой дейді. «Жатырмын, отырмын» деп айтамыз дұрыс, бірақ түбір «жат» және «отыр». Соны тәптіштеп қалай түсіндіріп жіберуге болады екен?
Соңғы түзету:
zholantai
бұ жөнінде dark_nazgul дің айтқаны жөн
zholantai
менің білерім аз тіл ғылым жөнінде
abzalsariyev
Арнайы «Блогиада» үшін!
serjan
Емлелік қате менің басты кемшіліктерімнің бірі, оны мойындаймын, бұған крилицаның грамматикасын дайындық курсында бір жыл ғана оқығаным себеп болар, (әрине көңіл қойған адамға бұл жетерлік уақыт) сосын бір жазған нәрсемді қайта оқығым келмейді, жауапты нәрсе болғандықтан да, зорланып екі рет қарап шыққам, қателіктер үшін кешірім өтінем.